Абай ауданы — Қарағанды облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. 1973 жылы құрылған. Алғашында "Мичурин ауданы" болып, 1997 жылдан Абай ауданы аталады. Жер аумағы 6,5 мың км². Аудан орталығы – Абай қаласы.
Қазақстан ауданы | |
Абай ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 11 |
Кенттік әкімдіктер саны | 3 |
Қалалық әкімдіктер саны | 1 |
Ауыл саны | 31 |
Қала саны | 1 |
Әкімі | Сәбит Темешұлы Оспанов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, №3 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 49°37′52″ с. е. 72°50′17″ ш. б. / 49.63111° с. е. 72.83806° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°37′52″ с. е. 72°50′17″ ш. б. / 49.63111° с. е. 72.83806° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1973 |
Жер аумағы | 6,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 59 000 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (40,99%), орыстар (39,21%), украиндар (5,07%), татарлар (3,62%), немістер (3,3%), беларустар (1,67%), басқа ұлт өкілдері (6,14%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 100100-100118 |
Автомобиль коды | 09 |
Абай ауданының әкімдігі | |
|
Географиялық орны, жер бедері
Аудан батысында Нұра ауданымен, солтүстігінде Бұқар жырау ауданымен және Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларымен, оңтүстігінде Шет және Ұлытау облысының Жаңаарқа аудандарымен шектеседі.
Аудан Сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Тек Ақшоқы (588 м), Қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. Шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). Кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі.
Тарихы
Абай ауданы 1973 жылы 21 наурызда Мичурин ауданы атауымен құрылды. Орталығы Топар кенті болып, құрамына Абай қалалық кеңесінің Топар, Южный кенттері мен Тельман ауданының Ақбастау, Дзержинский, Ильич, Қарағанды, Көксу, Самар, Топар ауылдық кеңестері енді. Сол жылы Топар ауылдық кеңесі Құлаайғыр ауылдық кеңесі болып өзгертіліп, Мичурин және Құрма ауылдық кеңестері құрылды.
1981 жылы құрылған Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналының құрылысшылар кентіне Изумрудный атауы берілді.
1997 жылы 23 мамырда аудан орталығы Топар кентінен Абай қаласына көшіріліп, Мичурин ауданының атауы Абай ауданы болып өзгертілді.
2016 жылы Бұқар жырау ауданының Дубов ауылдық округі Абай ауданына берілді.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм. Нұра, Шерубайнұра өзендері мен олардың салалары – Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасықкөл, Сопақсор, Сарыбұлақ, Шұбаркөл, Шұбар, Шерубайнұра, Ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. Өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. Суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі.
Өнеркәсібі мен шаруашылығы
Ауданда өнеркәсіп ерте дамыған. 1863 – 1917 жылдары аудан жерінде Орталық Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіп орындарының бірі – Спасск мыс балқыту зауыты жұмыс істеді. 1974 жылдан ауданда "За коммунистический труд" газеті шығарылды. Абай ауданында көмір өндіретін 5 шахта, «Шығыс» кен байыту фабрикасы, темір-бетон бұйымдар зауыттары, құрылыс материалдары мен құралымдар комбинаты, тігін фабрикасы, нан зауыттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, құрылыс және көлік мекемелері; «Испат Кармет» АҚ-ның шикізат базасы, әктас кеніші бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ет, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөніс өндіруге бейімделген. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 611,7 мың га (2006). Оның 48%-ына дәнді дақылдар, 3%-ына картоп пен көкөніс, 49%-ына жемшөп дақылдары егіледі. Мал шаруашылығы саласы бойынша ірі қара, жылқы, құс өсіру мен 8 кәсіпорын, 1 құс фабрикасы, 1 арнайы шаруашылық бірлестігі, агрофирма-техникум шұғылданады. Аудан аумағы арқылы Қарағанды – Шу темір жолы, Астана – Қарағанды – Алматы, Қарағанды – Атасу – Жезқазған автомобиль жолдары өтеді.
Халқы
1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|
32215 | ▲36892 | ▲65306 | ▼53214 | ▲59241 |
Тұрғындары 73 760 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 39,53%, орыстар – 40,20%, украиндар – 5,40%, немістер – 3,38%, татарлар – 3,67%, беларустар – 1,78%, башқұрттар – 0,80%, шешендер – 0,72%, әзербайжандар – 0,75%, корейлер – 0,50%, поляктар – 0,34%, чуваштар – 0,21%, латыштар – 0,27%, молдовандар – 0,27%, өзбектер – 0,39%, мордвалар – 0,17%, гректер – 0,40%, басқа ұлт өкілдері – 1,57%.
Әкімшілік бөлінісі
32 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай қалалық әкімдігі | 25550 | ▲28602 | 111,9 | 12029 | ▲13883 | 115,4 | 13521 | ▲14719 | 108,9 |
Ақбастау ауылдық округі | 579 | ▼481 | 83,1 | 286 | ▼252 | 88,1 | 293 | ▼229 | 78,2 |
Дзержинский ауылдық округі | 1246 | ▼929 | 74,6 | 621 | ▼485 | 78,1 | 625 | ▼444 | 71 |
Дубов ауылдық округі | 3993 | ▼3702 | 92,7 | 1911 | ▼1805 | 94,5 | 2082 | ▼1897 | 91,1 |
Есенгелді ауылдық округі | 1025 | ▼847 | 82,6 | 532 | ▼438 | 82,3 | 493 | ▼409 | 83 |
Ильич ауылдық округі | 1264 | ▼1122 | 88,8 | 639 | ▼582 | 91,1 | 625 | ▼540 | 86,4 |
Көксу ауылдық округі | 1899 | ▲2165 | 114 | 878 | ▲888 | 101,1 | 1021 | ▲1277 | 125,1 |
Қарабас кенттік әкімдігі | 2484 | ▲3122 | 125,7 | 1236 | ▲2006 | 162,3 | 1248 | ▼1116 | 89,4 |
Қарағанды ауылдық округі | 1736 | ▼1690 | 97,4 | 857 | ▲860 | 100,4 | 879 | ▼830 | 94,4 |
Құлаайғыр ауылдық округі | 1668 | ▼1640 | 98,3 | 824 | ▲845 | 102,5 | 844 | ▼795 | 94,2 |
Құрма ауылдық округі | 1507 | ▼1407 | 93,4 | 758 | ▼705 | 93 | 749 | ▼702 | 93,7 |
Мичурин ауылдық округі | 1334 | ▼1188 | 89,1 | 671 | ▼606 | 90,3 | 663 | ▼582 | 87,8 |
Самар ауылдық округі | 1205 | ▼933 | 77,4 | 592 | ▼470 | 79,4 | 613 | ▼463 | 75,5 |
Топар кенттік әкімдігі | 9314 | ▲9329 | 100,2 | 4345 | ▼4340 | 99,9 | 4969 | ▲4989 | 100,4 |
Южный кенттік әкімдігі | 2403 | ▼2084 | 86,7 | 1185 | ▼1023 | 86,3 | 1218 | ▼1061 | 87,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 57207 | ▲59241 | 103,6 | 27364 | ▲29188 | 106,7 | 29843 | ▲30053 | 100,7 |
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.)
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abaj audany Қaragandy oblysynyn ortalyk boligindegi әkimshilik bolinis 1973 zhyly kurylgan Algashynda Michurin audany bolyp 1997 zhyldan Abaj audany atalady Zher aumagy 6 5 myn km Audan ortalygy Abaj kalasy Қazakstan audanyAbaj audanyӘkimshiligiOblysyҚaragandy oblysyAudan ortalygyAbajAuyldyk okrugter sany11Kenttik әkimdikter sany3Қalalyk әkimdikter sany1Auyl sany31Қala sany1ӘkimiSәbit Temeshuly OspanovAudan әkimdiginin mekenzhajyAbaj kalasy Zhenis dangyly 3Tarihy men geografiyasyKoordinattary49 37 52 s e 72 50 17 sh b 49 63111 s e 72 83806 sh b 49 63111 72 83806 G O Ya Koordinattar 49 37 52 s e 72 50 17 sh b 49 63111 s e 72 83806 sh b 49 63111 72 83806 G O Ya Қurylgan uakyty1973Zher aumagy6 5 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny59 000 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 40 99 orystar 39 21 ukraindar 5 07 tatarlar 3 62 nemister 3 3 belarustar 1 67 baska ult okilderi 6 14 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi100100 100118Avtomobil kody09Abaj audanynyn әkimdigi Baska magynalar үshin Abaj audany degen betti karanyz Geografiyalyk orny zher bederiAudan batysynda Nura audanymen soltүstiginde Bukar zhyrau audanymen zhәne Қaragandy Shahtinsk Saran kalalarymen ontүstiginde Shet zhәne Ұlytau oblysynyn Zhanaarka audandarymen shektesedi Audan Saryarkanyn orta tusynda kuan dala beldeminde ornalaskan Batys boligi alasa belesti zhazyk Tek Akshoky 588 m Қoyandy 725 m siyakty alasa shokylar kezdesedi Shygysy usak tobeli ortasha biikt 600 800 m Ken bajlyktarynan tas komir barit әktas t b kurylys materialdary kezdesedi TarihyAbaj audany 1973 zhyly 21 nauryzda Michurin audany atauymen kuryldy Ortalygy Topar kenti bolyp kuramyna Abaj kalalyk kenesinin Topar Yuzhnyj kentteri men Telman audanynyn Akbastau Dzerzhinskij Ilich Қaragandy Koksu Samar Topar auyldyk kenesteri endi Sol zhyly Topar auyldyk kenesi Қulaajgyr auyldyk kenesi bolyp ozgertilip Michurin zhәne Қurma auyldyk kenesteri kuryldy 1981 zhyly kurylgan Ertis Қaragandy Zhezkazgan kanalynyn kurylysshylar kentine Izumrudnyj atauy berildi 1997 zhyly 23 mamyrda audan ortalygy Topar kentinen Abaj kalasyna koshirilip Michurin audanynyn atauy Abaj audany bolyp ozgertildi 2016 zhyly Bukar zhyrau audanynyn Dubov auyldyk okrugi Abaj audanyna berildi Klimaty osimdigi men zhanuarlar dүniesiKlimaty tym kontinenttik kysy suyk kary az zhazy ystyk kurgak Қantarda auanyn ortasha temperaturasy 15 16 S shildede 20 21 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 250 350 mm Nura Sherubajnura ozenderi men olardyn salalary Esen Sokyr osy audan aumagynan otedi Sasykkol Sopaksor Sarybulak Shubarkol Shubar Sherubajnura Yntymak t b kolder men bogender bar Audannyn shygysy kara konyr batysy ashyk konyr sortan topyrakty bolyp keledi Өsimdikterden seleu betege zhusan ozen zhәne tau angarlarynda kyzgylt boz kyrattarda karagan tobylgy t b osedi Zhanuarlardan kaskyr tүlki karsak suyr atzhalman ondatr mekendejdi Sularynda taban monke ongak nәlim alabuga torta shortan akkajran osedi Өnerkәsibi men sharuashylygyAudanda onerkәsip erte damygan 1863 1917 zhyldary audan zherinde Ortalyk Қazakstandagy algashky onerkәsip oryndarynyn biri Spassk mys balkytu zauyty zhumys istedi 1974 zhyldan audanda Za kommunisticheskij trud gazeti shygaryldy Abaj audanynda komir ondiretin 5 shahta Shygys ken bajytu fabrikasy temir beton bujymdar zauyttary kurylys materialdary men kuralymdar kombinaty tigin fabrikasy nan zauyttary turmystyk kyzmet korsetu kombinattary kurylys zhәne kolik mekemeleri Ispat Karmet AҚ nyn shikizat bazasy әktas kenishi bar Auyl sharuashylygy kәsiporyndary et sүt zhumyrtka kartop kokonis ondiruge bejimdelgen Auyl sharuashylygyna pajdalanylatyn zher aumagy 611 7 myn ga 2006 Onyn 48 yna dәndi dakyldar 3 yna kartop pen kokonis 49 yna zhemshop dakyldary egiledi Mal sharuashylygy salasy bojynsha iri kara zhylky kus osiru men 8 kәsiporyn 1 kus fabrikasy 1 arnajy sharuashylyk birlestigi agrofirma tehnikum shugyldanady Audan aumagy arkyly Қaragandy Shu temir zholy Astana Қaragandy Almaty Қaragandy Atasu Zhezkazgan avtomobil zholdary otedi Halky1979 1989 1999 2009 202132215 36892 65306 53214 59241 Turgyndary 73 760 adam 2019 Ұlttyk kuramy kazaktar 39 53 orystar 40 20 ukraindar 5 40 nemister 3 38 tatarlar 3 67 belarustar 1 78 bashkurttar 0 80 sheshender 0 72 әzerbajzhandar 0 75 korejler 0 50 polyaktar 0 34 chuvashtar 0 21 latyshtar 0 27 moldovandar 0 27 ozbekter 0 39 mordvalar 0 17 grekter 0 40 baska ult okilderi 1 57 Әkimshilik bolinisi32 eldi meken 1 kalalyk 3 kenttik әkimdik pen 11 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAbaj kalalyk әkimdigi 25550 28602 111 9 12029 13883 115 4 13521 14719 108 9Akbastau auyldyk okrugi 579 481 83 1 286 252 88 1 293 229 78 2Dzerzhinskij auyldyk okrugi 1246 929 74 6 621 485 78 1 625 444 71Dubov auyldyk okrugi 3993 3702 92 7 1911 1805 94 5 2082 1897 91 1Esengeldi auyldyk okrugi 1025 847 82 6 532 438 82 3 493 409 83Ilich auyldyk okrugi 1264 1122 88 8 639 582 91 1 625 540 86 4Koksu auyldyk okrugi 1899 2165 114 878 888 101 1 1021 1277 125 1Қarabas kenttik әkimdigi 2484 3122 125 7 1236 2006 162 3 1248 1116 89 4Қaragandy auyldyk okrugi 1736 1690 97 4 857 860 100 4 879 830 94 4Қulaajgyr auyldyk okrugi 1668 1640 98 3 824 845 102 5 844 795 94 2Қurma auyldyk okrugi 1507 1407 93 4 758 705 93 749 702 93 7Michurin auyldyk okrugi 1334 1188 89 1 671 606 90 3 663 582 87 8Samar auyldyk okrugi 1205 933 77 4 592 470 79 4 613 463 75 5Topar kenttik әkimdigi 9314 9329 100 2 4345 4340 99 9 4969 4989 100 4Yuzhnyj kenttik әkimdigi 2403 2084 86 7 1185 1023 86 3 1218 1061 87 1ZhALPY SANY 57207 59241 103 6 27364 29188 106 7 29843 30053 100 7DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қaragandy oblysynyn әkimshilik aumaktyk kurylysynyn tarihy bojynsha anyktamalyk 29 shilde 1936 zh 1 kantar 2006 zh Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary