Соболев Леонид Сергеевич (21.7.1898, — 17.2.1971, Мәскеу) — жазушы, Социалистік Еңбек Ері (1968).
1910-17 ж. гимназиясында, , әскери теңіз училищесінде оқыған. 1918-31 ж. соғыс-теңіз флотында қызмет етті. Әскер қатарынан босағаннан кейін (1931) Жазушылар одағының Ленинград бөлімшесінде, журнал редакцияларында, 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында теңіз флотының саяси бас басқармасында жұмыс істеген, “Правда” газетінде әскери тілші болған. Соғыстан кейін Ресей Жазушылар одағы басқармасының басшысы қызметін атқарды ().
Алғашқы әңгімесі “Тиімді дағды” 1926 ж. “Краснофлотец” газетінде жарияланды. 1932 ж. жарық көрген “Күрделі жөндеу” романында 1-дүниежүз. соғыс қарсаңындағы оқиғалар, соғыстың шынайы кейпі шебер бейнеленген. Гардемарин Ю.Левитин атынан баяндай отырып, орыс флотындағы ең үлкен әскери кеменің жайын жазады. Кезінде бұл шығарманы М.Горький, К.Федин жоғары бағалады. “Қызыл тулы Балтық” (1940), “Теңіз жаны” (1942, 1943), “Жасыл шұғыла” (1954) романтикалық повесі, “Жеңіс сәулесі” әскери күнделіктер топтамасы (1968), “Басты бағытта” (1969), “Уақыт желі” (1970), “Достық он жылдықтары” (1971), т.б. еңбектері жарық көрген. 1935 ж. Қазақстанға келіп, Риддер металлургтері, Ульбастрой құрылысшылары, қазақ шопандарының тыныс-тіршілігі, Жамбыл шығармалары туралы жазылған мақалалары мен очерктерін баспасөзде жариялады.
1937 ж. Ғ.Тоғжанов, І.Жансүгіровтермен бірге “Қазақстан” атты мерекелік жинақты шығаруға атсалысты. М.Әуезовтің “Абай” романын (1937-45, 1-т. бірге) орыс тіліне аударды. Әуезовпен бірге “Қазақ әдебиеті тарихының очерктері”, “Қазақ халқының эпосы мен фольклоры” атты зерттеулерді және “Абай” трагедиясының орыс тіліндегі нұсқасын дүниеге әкелді. 1940, 1945 ж. Мәскеуде жарық көрген Абай жинақтарына көлемді кіріспе жазды. Осы жылдары басылып шыққан “Қазақ әдебиеті антологиясының” құрастырушысы әрі редакторы болды.
Жазушы Әуезовке “Талант және дәуір”, “Абайдың рухани інісі” деген зерттеу еңбектерін арнаған. Ол С.Мұқановтың “Сырдария” романын орыс тіліне аударды. “Жасыл шұғыла” (1950), “Үшінші лек” (1964) атты кітаптары қазақ тілінде жарық көрген
Пайдаланылған cілтемелер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sobolev Leonid Sergeevich 21 7 1898 17 2 1971 Mәskeu zhazushy Socialistik Enbek Eri 1968 1910 17 zh gimnaziyasynda әskeri teniz uchilishesinde okygan 1918 31 zh sogys teniz flotynda kyzmet etti Әsker katarynan bosagannan kejin 1931 Zhazushylar odagynyn Leningrad bolimshesinde zhurnal redakciyalarynda 2 dүniezhүzilik sogys zhyldarynda teniz flotynyn sayasi bas baskarmasynda zhumys istegen Pravda gazetinde әskeri tilshi bolgan Sogystan kejin Resej Zhazushylar odagy baskarmasynyn basshysy kyzmetin atkardy Algashky әngimesi Tiimdi dagdy 1926 zh Krasnoflotec gazetinde zhariyalandy 1932 zh zharyk korgen Kүrdeli zhondeu romanynda 1 dүniezhүz sogys karsanyndagy okigalar sogystyn shynajy kejpi sheber bejnelengen Gardemarin Yu Levitin atynan bayandaj otyryp orys flotyndagy en үlken әskeri kemenin zhajyn zhazady Kezinde bul shygarmany M Gorkij K Fedin zhogary bagalady Қyzyl tuly Baltyk 1940 Teniz zhany 1942 1943 Zhasyl shugyla 1954 romantikalyk povesi Zhenis sәulesi әskeri kүndelikter toptamasy 1968 Basty bagytta 1969 Uakyt zheli 1970 Dostyk on zhyldyktary 1971 t b enbekteri zharyk korgen 1935 zh Қazakstanga kelip Ridder metallurgteri Ulbastroj kurylysshylary kazak shopandarynyn tynys tirshiligi Zhambyl shygarmalary turaly zhazylgan makalalary men ocherkterin baspasozde zhariyalady 1937 zh Ғ Togzhanov I Zhansүgirovtermen birge Қazakstan atty merekelik zhinakty shygaruga atsalysty M Әuezovtin Abaj romanyn 1937 45 1 t birge orys tiline audardy Әuezovpen birge Қazak әdebieti tarihynyn ocherkteri Қazak halkynyn eposy men folklory atty zertteulerdi zhәne Abaj tragediyasynyn orys tilindegi nuskasyn dүniege әkeldi 1940 1945 zh Mәskeude zharyk korgen Abaj zhinaktaryna kolemdi kirispe zhazdy Osy zhyldary basylyp shykkan Қazak әdebieti antologiyasynyn kurastyrushysy әri redaktory boldy Zhazushy Әuezovke Talant zhәne dәuir Abajdyn ruhani inisi degen zertteu enbekterin arnagan Ol S Mukanovtyn Syrdariya romanyn orys tiline audardy Zhasyl shugyla 1950 Үshinshi lek 1964 atty kitaptary kazak tilinde zharyk korgenPajdalanylgan ciltemelerҚazak Enciklopediyasy 7 tomBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet