Балбал — ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Қазақ даласының барлық аймақтарында кездеседі.
Балбал - көне түркі сөзі.
Балбал сөзі бал+бал, яғни соғу, қағу, үру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Бірақ бірыңғай мағынаны білдіретін ұғым. Түркологтардың пікірінше,«тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді. Балбалдың этномәдени жөн-жосығы ежелгі түрік дәуірінде (VI-IX ғғ.) айрықша болды. Балбал - аруағына арналған ғұрыптық кешендердің ең семантикалық мәнді компоненттерінің бірі. Ежелгі түркі ғұрыптық кешенінің құрамы арнайы барық-кесенеден, қорғаннан, сандықтастан, мәтін жазылған бітіктастан және оның тұғыртасынан (немесе тасбақасы), сондай-ақ бәдіздер - Балбалдардан тұрды (саны 10-600 данадан астамға дейін барады). Ежелгі түркі ғұрыптық кешендерінің көпшілігі қаған, тегін, тархан, чүр, түдүн сынды және атақты құрметіне арналып жасалды. арналғандарыда бар. Осы кешендерде аза тұту, ас беру немесе аруаққа бағышталған «жоқтау» сияқты этностың тіршілік циклының аса маңызды ғұрыптық жосындары атқарылған . Өліктің аруағына тағзым ету үшін яғни аруағын жөнелтуге және ас беруге қатысқандар өздерінің ел-жерінен әкелген ұзын тастарды сол өлікке арналған арнайы ғұрыптық кешеннің күншығыс бағытына қарай арасын шамамен біркелкі қашықтықта тізбектеп тігінен орнатқан. Аталмыш ғұрыптық кешенді салуға қатысқандардың әрқайсысы өз ру-тайпасының таңбаларын немесе көне түркі бітік жазуымен өз атын, лауазымдық атақтарын жазды. Бұл ежелгі түркілердегі - жоқтау рәсімінің маңызды элементтерінің бірі болған болуы керек . Бәлкім осындай белгі қою арқылы осы рәсімге қатысушылар өздерінің өліктің аруағын құрметтегендігін және оны Тэңірі әлеміне шығарып салғандығын білдіргені депте айтуға болады. Балбал сөзінің «тас тізбек, қадаған тас» деген магынасы қазіргі қазақ тілінде «адам бейнелі mac мүсін» деген ұғымға ауысып кеткен. Сол себептен бәдізді де (тасмүсінді), тік орнатылған тастарды да балбал немесе сынтас деп атаған. X ғ.-дан бастап қазақ даласына ислам дінінің кеңінен таралуына байланысты балбал тастар қашау ісі өз мәнін жоя бастады. Себебі ислам діні адам бейнесін және жануар бейнесін қашауға тыйым салган. Ғалымдардың пайымдауынша, адам бейнесінде қашалған соңғы балбал тастар XII ғ.-ға жатады. Кейін балбал тастарды сагана тастар ауыстырған.Қазақы ортада сынтасты бұрыңғыдан қалған ескінің көзі ретінде бағалады Балбал тас мүсін емес, дұрысында оның жанына тізбектеле қойылатын, сәл ғана өңделген, көбіне өңделмеген кішірек тас бағаналар. Бұларды тұрғызу — өлген адамға құрмет көрсетіп, ескерткіш қоюдың бір түрі. Мысалы: атақты ойшыл әрі шешен Иоллық тегін әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда былай деп жазған: “Әкем Қағанға балбық (балбал) тіктім”. Білге қағанға арнаған тізбегі (Моңғолияда) 3 км, шамамен 750 тас. Балбалдарды , Л.Р. Қызласов, , , , т.б. Қазақстан, ,Моңғолия жерлерінен тауып зерттеген. Әдетте, ол түркі дәуірінің (6 — 9 ғасыр) ғұрыптық тас қоршауларымен бірге орнатылады. Қоршаудың сыртындағы шығыс іргеге өлген адамның бейнесін беретін тас мүсін қойылса, одан әрі шығысқа қарай ондаған, кейде жүздеген Балбалдар тізбегі орнатылады.Зерттеулерге қарағанда, Балбалдар қаза болған батырдың өз бейнесін көрсетпейді. Мұндай қаза болған ардақты батырмен қоштасу рәсімін, оған ас беру салтанатына елдердің таксономиялық орналасу жүйесі бойынша арнайы келіп қатысқан және бір-бірден Балбал тас әкеліп қойған түрлі рулық топтар мен жекелеген адамдардың құрметін көрсететін семантикалық өрісі кең символдар болып табылады. Ә. Марғұланның деректері бойынша, ертеректе Қарқаралы, Баянауыл жерлерінде жалпы саны 300—350-ден астам бағаналардан тұратын Балбал тізбектері кездескен. Бұндай аса үлкен тізбектер өлген адамның қадір-қасиетінің, беделінің тым зор болғанын білдіреді, көбіне Балбалдар тізбегі мұнан әлдеқайда аз болады.
Дереккөздер
- Марғұлан Ә.Х. Ежелгі мәдениет куәлары. Алматы, 1966
- Кызласов Л.Р. О значении термина «балбал» древнетюркских надписей // ТюркС. М., 1966; ДТС. М.-Л, 1969
- Бейсенов А. Балбал // Түркістан. Халықаралық энциклопедия. Алматы, 2000
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және , Қазақстан даму институты, ., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balbal ezhelgi tүrik dәuirinde zhii kezdesetin tastan kashap zhasalgan adam bejnesindegi eskertkish Қazak dalasynyn barlyk ajmaktarynda kezdesedi Balbal Balbal kone tүrki sozi Balbal sozi bal bal yagni sogu kagu үru degendi bildiretin kos sozden turady Birak biryngaj magynany bildiretin ugym Tүrkologtardyn pikirinshe tasty tip tik etip kadap ornatkan belgiler degen magynany bildiredi Balbaldyn etnomәdeni zhon zhosygy ezhelgi tүrik dәuirinde VI IX gg ajryksha boldy Balbal aruagyna arnalgan guryptyk keshenderdin en semantikalyk mәndi komponentterinin biri Ezhelgi tүrki guryptyk kesheninin kuramy arnajy baryk keseneden korgannan sandyktastan mәtin zhazylgan bitiktastan zhәne onyn tugyrtasynan nemese tasbakasy sondaj ak bәdizder Balbaldardan turdy sany 10 600 danadan astamga dejin barady Ezhelgi tүrki guryptyk keshenderinin kopshiligi kagan tegin tarhan chүr tүdүn syndy zhәne atakty kurmetine arnalyp zhasaldy arnalgandaryda bar Osy keshenderde aza tutu as beru nemese aruakka bagyshtalgan zhoktau siyakty etnostyn tirshilik ciklynyn asa manyzdy guryptyk zhosyndary atkarylgan Өliktin aruagyna tagzym etu үshin yagni aruagyn zhoneltuge zhәne as beruge katyskandar ozderinin el zherinen әkelgen uzyn tastardy sol olikke arnalgan arnajy guryptyk keshennin kүnshygys bagytyna karaj arasyn shamamen birkelki kashyktykta tizbektep tiginen ornatkan Atalmysh guryptyk keshendi saluga katyskandardyn әrkajsysy oz ru tajpasynyn tanbalaryn nemese kone tүrki bitik zhazuymen oz atyn lauazymdyk ataktaryn zhazdy Bul ezhelgi tүrkilerdegi zhoktau rәsiminin manyzdy elementterinin biri bolgan boluy kerek Bәlkim osyndaj belgi koyu arkyly osy rәsimge katysushylar ozderinin oliktin aruagyn kurmettegendigin zhәne ony Teniri әlemine shygaryp salgandygyn bildirgeni depte ajtuga bolady Balbal sozinin tas tizbek kadagan tas degen magynasy kazirgi kazak tilinde adam bejneli mac mүsin degen ugymga auysyp ketken Sol sebepten bәdizdi de tasmүsindi tik ornatylgan tastardy da balbal nemese syntas dep atagan X g dan bastap kazak dalasyna islam dininin keninen taraluyna bajlanysty balbal tastar kashau isi oz mәnin zhoya bastady Sebebi islam dini adam bejnesin zhәne zhanuar bejnesin kashauga tyjym salgan Ғalymdardyn pajymdauynsha adam bejnesinde kashalgan songy balbal tastar XII g ga zhatady Kejin balbal tastardy sagana tastar auystyrgan Қazaky ortada syntasty buryngydan kalgan eskinin kozi retinde bagalady Balbal tas mүsin emes durysynda onyn zhanyna tizbektele kojylatyn sәl gana ondelgen kobine ondelmegen kishirek tas baganalar Bulardy turgyzu olgen adamga kurmet korsetip eskertkish koyudyn bir tүri Mysaly atakty ojshyl әri sheshen Iollyk tegin әkesi Bilge kaganga eskertkish ornatkanda bylaj dep zhazgan Әkem Қaganga balbyk balbal tiktim Bilge kaganga arnagan tizbegi Mongoliyada 3 km shamamen 750 tas Balbaldardy L R Қyzlasov t b Қazakstan Mongoliya zherlerinen tauyp zerttegen Әdette ol tүrki dәuirinin 6 9 gasyr guryptyk tas korshaularymen birge ornatylady Қorshaudyn syrtyndagy shygys irgege olgen adamnyn bejnesin beretin tas mүsin kojylsa odan әri shygyska karaj ondagan kejde zhүzdegen Balbaldar tizbegi ornatylady Zertteulerge karaganda Balbaldar kaza bolgan batyrdyn oz bejnesin korsetpejdi Mundaj kaza bolgan ardakty batyrmen koshtasu rәsimin ogan as beru saltanatyna elderdin taksonomiyalyk ornalasu zhүjesi bojynsha arnajy kelip katyskan zhәne bir birden Balbal tas әkelip kojgan tүrli rulyk toptar men zhekelegen adamdardyn kurmetin korsetetin semantikalyk orisi ken simvoldar bolyp tabylady Ә Margulannyn derekteri bojynsha erterekte Қarkaraly Bayanauyl zherlerinde zhalpy sany 300 350 den astam baganalardan turatyn Balbal tizbekteri kezdesken Bundaj asa үlken tizbekter olgen adamnyn kadir kasietinin bedelinin tym zor bolganyn bildiredi kobine Balbaldar tizbegi munan әldekajda az bolady DerekkozderMargulan Ә H Ezhelgi mәdeniet kuәlary Almaty 1966 Kyzlasov L R O znachenii termina balbal drevnetyurkskih nadpisej TyurkS M 1966 DTS M L 1969 Bejsenov A Balbal Tүrkistan Halykaralyk enciklopediya Almaty 2000 Қazak tili Enciklopediya Almaty Қazakstan Respublikasy Bilim mәdeniet zhәne Қazakstan damu instituty 509 bet ISBN 5 7667 2616 3 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet