Ғұрып - ежелден орныққан әдеттік ұстанымдар мен нормалардың, ырымдар мен тыйымдардың социумдық қажеттілікке байланысты дағдылы қалыппен және ретпен атқарылатын ұжымдык іс-әрекет арқылы көрініс беруі. Әдеттік ұстанымдар мен нормаларды өз кезегінде дәстүрлі дүниетанымның ілкімді принциптері мен тәсілдерінің, әсіресе, наным-сенімнің категориялары мен ұғымдарының «қолданбалы» (іс-әрекеттік) модельдері деуге болады. Яғни іс жүзінде әлеуметтік мәнді мәселелерге байланысты ру-қауым мүшелерінің іс- әрекеті мен мінез-құлкының ұстанымдары, принциптері мен нормалары болып табылады. Ғұрыптың социумның барлық салаларына қатысы бар. Оның құрылымдық және функционалдық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі сондықтан. Осыған орай мал шаруашылығына қатысты ғұрыптарды, кәсіпшіліктің ұсталық, зергерлік, ершілік, емшілік және т.б. сияқты салаларына байланысты ғұрыптарды, сондай-ақ дәстүрлі календарлық және метеорологиялық ғұрыптарды айтуға болады. Дегенмен этностың тіршілік цикліне байланысты, яғни нәрестенің дүниеге келуіне, келін түсіруге, қыз ұзатуға, өлікті жөнелтуге қатысты ғұрыптарды сонымен бірге отбасында атқарылатын циклдік және ахуалдық ғұрыптар тобын көшпелі этномәдени ортадағы ғұрыптар жүйесінің ядросы ретінде қарастыру қажет. Әрбір ғұрыптың ежелден орныққан өзіндік ұйымдастырылу және атқарылу реті қалыптасты. Мысал ретінде көшпелілердің тіршілік циклі ғұрыптарының ішіндегі ең көрнектісі әрі ауқымдысы ас беру ғұрпының дәстүрлі ұйымдастырылу және атқарылу ретін айтуға болады. Қазақ даласының барлық өңірлерінде ас беру үрдісі жалпы этникалық тәртіппен атқарылып отырғандығын тарихи этнографиялық мәліметтердің барлық категориялары айғақтайды. Ғұрып атаулының негізгі функциясы - қоғамдық қатынастардың ежелден орныққан құрылымдық және функционалдық ритмін қамтамасыз ету. Яғни «ата-баба жолының» ілкімді принциптерінің, нормаларының және ұстанымдарының қалыпты қызметін символдық (ғұрыптық) тәсілмен реттеп отыру болып табылады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғuryp ezhelden ornykkan әdettik ustanymdar men normalardyn yrymdar men tyjymdardyn sociumdyk kazhettilikke bajlanysty dagdyly kalyppen zhәne retpen atkarylatyn uzhymdyk is әreket arkyly korinis berui Әdettik ustanymdar men normalardy oz kezeginde dәstүrli dүnietanymnyn ilkimdi principteri men tәsilderinin әsirese nanym senimnin kategoriyalary men ugymdarynyn koldanbaly is әrekettik modelderi deuge bolady Yagni is zhүzinde әleumettik mәndi mәselelerge bajlanysty ru kauym mүshelerinin is әreketi men minez kulkynyn ustanymdary principteri men normalary bolyp tabylady Ғuryptyn sociumnyn barlyk salalaryna katysy bar Onyn kurylymdyk zhәne funkcionaldyk zhagynan aluan tүrli bolyp keletindigi sondyktan Osygan oraj mal sharuashylygyna katysty guryptardy kәsipshiliktin ustalyk zergerlik ershilik emshilik zhәne t b siyakty salalaryna bajlanysty guryptardy sondaj ak dәstүrli kalendarlyk zhәne meteorologiyalyk guryptardy ajtuga bolady Degenmen etnostyn tirshilik cikline bajlanysty yagni nәrestenin dүniege keluine kelin tүsiruge kyz uzatuga olikti zhoneltuge katysty guryptardy sonymen birge otbasynda atkarylatyn cikldik zhәne ahualdyk guryptar tobyn koshpeli etnomәdeni ortadagy guryptar zhүjesinin yadrosy retinde karastyru kazhet Әrbir guryptyn ezhelden ornykkan ozindik ujymdastyrylu zhәne atkarylu reti kalyptasty Mysal retinde koshpelilerdin tirshilik cikli guryptarynyn ishindegi en kornektisi әri aukymdysy as beru gurpynyn dәstүrli ujymdastyrylu zhәne atkarylu retin ajtuga bolady Қazak dalasynyn barlyk onirlerinde as beru үrdisi zhalpy etnikalyk tәrtippen atkarylyp otyrgandygyn tarihi etnografiyalyk mәlimetterdin barlyk kategoriyalary ajgaktajdy Ғuryp ataulynyn negizgi funkciyasy kogamdyk katynastardyn ezhelden ornykkan kurylymdyk zhәne funkcionaldyk ritmin kamtamasyz etu Yagni ata baba zholynyn ilkimdi principterinin normalarynyn zhәne ustanymdarynyn kalypty kyzmetin simvoldyk guryptyk tәsilmen rettep otyru bolyp tabylady DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet