Шабанбай Қалқаманұлы (1754, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы — 1839, сонда) — би, Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.
Қаракесектің немересі Майқы, Майқының немересі Өтеміс. Шабанбай сол Өтемістің немерелерінің бірі Қалқаманның баласы. Замандастарының бағалауынша Шабанбай аса қарапайым, мейірімді адам болған. Зерек, зерделі, көкірегі қазына, ақылға бай, ойы терең, толғауы кең, топшылауы жүйрік, алғыр да тапқыр әділ би атанған. Зираты қазіргі Шет ауданының Кеншоқы өңірінде (қазірігі Нұра), Ақтоғай — Қарағанды тас жолының 103 км тұсында, өзен жағасында орналасқан. Ақтоғай ауданында Шабанбай би ауылы бар. Ата-тегі Арғын - Қаракесек, одан берегіректе Майқы, оның бір немересі Өтеміс, Өтемістен бірер атадан соң Шабанбайдың әкесі Қалқаман ұрпақтары таралады.
Шабандай би Сарыарқаның Қараменде (1707-1797), Сеңкібай (1709-1786), Жидебай (1726-1826), Боранбай (1709-1801), Жанғұтты (1810-1873) сияқты атақты айтулы би-шешендерімен замандас, қатарлас, пікірлес, қызметтес, ағайын-жекжат боп араласып жүрген.
Ел жадында Шабанбай би айтыпты дейтін жүйелі шешендік билік сөздер көп. Соның бірсыпырасын 1993 жылдың жаз айында Сеңкібай бидің Қарқаралы ауданында өткен ұлан-асыр асында кездескен ақсақалдар айтқан деректердің кейбіреуіне келейік:
Қасқырмен болған оқиға
Бір жолы Шабанбай би Қарқаралы еліндегі бір жесір дауына билік айтып, қайтарында Талды өзенінің бойында отырған бір байдың үйіне қоныпты. Түнде байдың қорасына қасқыр түсіп, екі қойын жеп кетеді. Таңертең тұрған бай:
- - Шабанбайға сені би, қасиетті әулие, оның жүрген жеріне ешбір пәле жуымайды деуші еді ел. Құтсыз қонақ болдың. Сен үйіме қонған түні қорама қасқыр түсіп екі қойымнан айырылдым, - депті. Сонда Шабанбай би:
- -Е, е, байеке, қапа болмаңыз, қасқыр да кетпес ұзаққа, ол да түсер тұзаққа, ізіне түсіп біреуің шығыңдаршы қыр жаққа, - депті де аттанып жүріп кетіпті. Шабанбайды аттандырған соң бай жалшысын ертіп ауылының сыртындағы қырқаға карай шықса, анадай жерде бір топ қарағанның түбінде әлгі қасқыр жатады. Қараса, аңшының кақпанына түсіпті, әбден тойған қасқыр, кақпанмен алыса-алыса қарағанға шырмалып қыңсылап қалжырап қапты. Екеуі аттан түсіп, қасқырды соғып терісін алып қайтады. Үйіне келген соң әлгі бай:
- - Япырым-ай, мынау Шабанбай тегін адам емес екен ғой. Нала болмаңыз, қасқыр кетпес ұзаққа, ол, да түсер тұзаққа деп еді, айтқаны айнымай келгенін қарашы! - деп жағасын ұстапты.
Шабанбайдың батасы
Жанқұттының әкесі Ботанбай бай ауылының бір ақсақалына:
- -Мына баламды Шабанбай шешенге ертіп барып, батасын алып қайт. Сойысқа деп мына тайды босағасына байла, - деп бір тай жетектетіп жіберіпті. Ол ақсақал Жанқұттыны 2-3 жолдасымен ертіп жолға шығыпты, олар кештетіп, бір ауыл сыртындағы желі басына барыпты. Бие саудырып жүрген сұңғақ бойлы кісіге сәлем беріп, жөн сұрайды:
- - Шабанбай бидің ауылы осы ма?
- - Иә, осы.
- - Ол кісі ауылда ма екен?
- - Ауылда.
- - Үйі қайсы?
- - Анау тұрған боз үй.
Ақсақал жігіттерді ертіп, үй алдындағы кермеге барып аттарын байлайды. Үйге кіріп жайғасады. Дастарқан жайылады, сары қымыз сапырылады. Әне-міне дегенде әлгі желі басында жүрген кісі де келеді. Жігіттер бір-біріне сыбырлап:
- - Мына келген желі басында бізге жөн айтқан кісі ғой, - деседі. Оны Шабекең естіп кояды да:
- - Иә, іздеп келген Шабанбайың мен боламын, кәне, шаруаларыңды айта отырыңдар...
- - Шабеке, кешіріңіз, - дейді, жігіттерді ертіп келген қария, - сізді танымай қалдық. Осы ауылдың жылқышысы шығар деп едік.
Сонда Шабанбай би:
- - Иә, өз үйімде елеусіз жылқышымын. Өзге елде елеулі бір кісімін, - деп бір қояды. Келесі бір сөзінде дәу зерен қымызды дем алмай сіміріп тастапты да:
- - Құлша істеп, бише ішу керек, - дейді. Мұнысы: конақтарына сый көрсетіп, қымызды тартынбай ала отырыңдар дегені екен. Сол жолы Шабанбай шешен әңгіменің дүкенін қыздырып, не бір асыл сөздердің тиегін ағытып, Жанқұтты шәкіртіне ықыласымен ақ батасын беріпті дейді.
Сондағы Шабанбай шешеннің өзінің болашақ ізбасар шәкірті Жанқұттыға берген батасы мынау екен:
- - Аллаға жағамын десең, азанды бол, Халыққа жағам десең, қазанды бол, Судай таза бол, Жердей көтерімді бол, - деп бата берген екен.
Жанқұтты мен оның қасына еріп барған өзі тұстас жастар бұл батаны қомсыныңқырап кайтыпты. Ауылына келген соң батаны естіген ел жақсысы Ботанбай қатты риза болып: "Қабыл болсын, әумин!" - депті. Ботанбай батаның мәнін өзінше тұспалдап, бағалаған екен. Біздіңше оның мәні мынандай болса керек:
- - Аллаға жағу дегені - мұсылмандықты берік ұстау: намаз, оразаны қате етпеу, исламның бес парызын калт жібермей орындап отыру, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
Халыққа жағу үшін қазанды болу дегені - кеңпейілділік, қайырымдылық, байға да, кедейге де, ұлыққа да, кішікке де, үлкенге де, кішіге де арнаулы конаққа таныс емес, ауылдасқа да, жолаушыға да, ғарыпке де, жетім мен жесірге де есік ашық, төрі жазық, дастарқаны жаюлы, асы әзір болу. Су тазартпайтын лас жоқ. Судан таза зат жоқ. Жер көтермейтін ауырлық жоқ. Тауды да, тасты да, өзенді де, көлді де, теңізді де мүхитты да, орманды да көтеріп тұратын - Жер. Адал да, арам да, өлі де, тірі де, данышпан да, ақымақ та, ақылды да, арамза да, мансапқорлар мен баққұмарлар да, өтірікші - өсекші де, алаяқ саудагер де, маскүнемдер мен нашақорлар да, зинақорлар мен жезөкшелер де, ұрылар мен қарақшылар да, арсыздықпен байып жүрген жылпостар да, он сегіз мың ғалам жердің мойнында. Соның бәріне қисайып жаткан жер жоқ. Шабанбай бидің аузының дуалы екендігін Жанқұттыға түгелдей қабыл болуынан байқауға болады. Шынымен қабыл болып, Жақсы Жанқұтты атанды. Жақсы атануы халыққа жаққандығы. Аллаға жаққандығы - қажылыққа екінші рет барып, Мекке-Мединеде, пайғамбарымыз Мұхаммедтің жанында бақилық болғаны.
Шабанбай би аз сөйлеп көп ұғындыратын адам болыпты, аса даулы мәселелерді талкылап шешерде Шабекең деу отырады екен. Билер дауласып, әркайсысы өз үкімін біреуі келісіп, біреуі келіспей әркім өз билігін жактап отырғанда Шабанбай өз билігін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізеді, осыған келіседі екен. Шабанбай бидің ұзақ жылдар билік құрған, шешімдер; бәсі осындай болыпты. Жидебай батырдың:
- - Шаппай жүйрік болған Шабаным ^ .
- Сөйлемей шешен болған Шабаным, -
деуі осыдан болса керек. Шабекеңді кейінгі ұрпақ әулие тұтып, осы уақытқа дейін, медет тілеп түнеп жүреді. Шабанбайдың өзінен туған бес баласы: Байша батыр, Бияш, Тойғұл молда, Қожа - бәрі де өз заманында бай болған. Шабанбай беріп, бөлек шығарғанда Балапан деген баласына берген еншісін маңайындағы замандастары азсынып: "Шабеке, неге аздау бердіңіз?" - деп сұрайды. Сонда Шабекең:
- "Ол үйдегі келінім көгені мен желісін өзі бөктере келген, өлі-ақ көрерсіңдер", - депті.
Осы келіні Ұмсынгүл кейінде Қарабәйбіше атанған дөулетті келін, қасиетті адам болыпты. Балапан мен Ұмсынгүлдің дөулеті дарынан артық болмаса кем болмаған. Осы Қарабәйбіше әулие адам ретінде сақталған. Шабекең ұрпағының көбірек тұрған жері - Ақтоғай ауданы "Қаратал" совхозы. Қазір Ә. Бөкейханов атындағы ұжымдық Ақтоғай аудандық Кеңесі 1992 жылғы мамыр айында мақұлдай отырып, осы кеңшардың орталығын Шабанбай ауылы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Шабекеңнің ниеті дұрыс адам. Ұрпағы өсіп-өнген. Толықтар бойынша казір Шабекеңнің өз кіндігінен тарап, жеке түтін түтетіп отырған ер балалар отбасы 160-тан асады. Олар Тоқырауын аудандарында, Қарағанды, Жезқазған, Балқашта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп жүр. "Жақсы атаның шапағаты баласына" деген Шабекеңнің ХІХ ғасырдың аяқ көзі мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ұрпақтарының ішінде 27 жыл (9 сайлау) үзбей болыс болған Шоңбай осы Шабанбай әулетінен, Шабекең ұрпағынан Бекпенбеттің Ахметжаны 1905 жылы қазаққа сайлау құқын беруді талап етіп, Ресей патшасына Қарқаралы дуанынан жіберілген 42 өкілдің бірі болған. Сол себеп болып қазақ халқы сайлауға дауыс беру құқын алады. Сөйтіп, бірінші Мемлекеттік думага Ә. Бөкейханов депутат болып сайланғанда, ол үшін Семей губерниясының дауыс берген 274 сайлаушы елубасылардың біреуі тағы да Шабекеңнің бесінші ұрпағы Емесбек Байсеркин болған. Шабекең ұрпақтарының бірі Садуақас Әбділдин 20-25 жасында Әлихан Бөкейхановпен, Әлімхан Ермековпен сырлас - пікірлес, ниеттес болған адам. 1922 жылдың қазан айында Тоқырауын бойындағы Желтауда Ә.Бөкейханов тұтқынға алынады. Сонда Әлиханмен соңғы рет қош айтысып қалған азғантай зиялылардың бірі сол кезде 28 жастағы осы Сәдуақас Әбділдин болған. Шабанбай би 85 жасында дүниеден кайтқан. Зираты Шет ауданының "Кеңшоқы" совхозының жерінде, Ақтоғай - Қарағанды тас жолының 103-ші шақырымы тұсында, күнбатыста, өзен жағасында тұр. Бұл өзенді Ә. Бөкейханов өзінің 1905 жылы жазған шежіресінде Жарас өзені деп көрсетіпті.
Дереккөздер
- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shabanbaj Қalkamanuly 1754 kazirgi Қaragandy oblysy Aktogaj audany 1839 sonda bi Argyn tajpasy Қarakesek ruynyn Sarym butagynan shykkan Қarakesektin nemeresi Majky Majkynyn nemeresi Өtemis Shabanbaj sol Өtemistin nemerelerinin biri Қalkamannyn balasy Zamandastarynyn bagalauynsha Shabanbaj asa karapajym mejirimdi adam bolgan Zerek zerdeli kokiregi kazyna akylga baj ojy teren tolgauy ken topshylauy zhүjrik algyr da tapkyr әdil bi atangan Ziraty kazirgi Shet audanynyn Kenshoky onirinde kazirigi Nura Aktogaj Қaragandy tas zholynyn 103 km tusynda ozen zhagasynda ornalaskan Aktogaj audanynda Shabanbaj bi auyly bar Ata tegi Argyn Қarakesek odan beregirekte Majky onyn bir nemeresi Өtemis Өtemisten birer atadan son Shabanbajdyn әkesi Қalkaman urpaktary taralady Shabandaj bi Saryarkanyn Қaramende 1707 1797 Senkibaj 1709 1786 Zhidebaj 1726 1826 Boranbaj 1709 1801 Zhangutty 1810 1873 siyakty atakty ajtuly bi sheshenderimen zamandas katarlas pikirles kyzmettes agajyn zhekzhat bop aralasyp zhүrgen El zhadynda Shabanbaj bi ajtypty dejtin zhүjeli sheshendik bilik sozder kop Sonyn birsypyrasyn 1993 zhyldyn zhaz ajynda Senkibaj bidin Қarkaraly audanynda otken ulan asyr asynda kezdesken aksakaldar ajtkan derekterdin kejbireuine kelejik Қaskyrmen bolgan okigaBir zholy Shabanbaj bi Қarkaraly elindegi bir zhesir dauyna bilik ajtyp kajtarynda Taldy ozeninin bojynda otyrgan bir bajdyn үjine konypty Tүnde bajdyn korasyna kaskyr tүsip eki kojyn zhep ketedi Tanerten turgan baj Shabanbajga seni bi kasietti әulie onyn zhүrgen zherine eshbir pәle zhuymajdy deushi edi el Қutsyz konak boldyn Sen үjime kongan tүni korama kaskyr tүsip eki kojymnan ajyryldym depti Sonda Shabanbaj bi E e bajeke kapa bolmanyz kaskyr da ketpes uzakka ol da tүser tuzakka izine tүsip bireuin shygyndarshy kyr zhakka depti de attanyp zhүrip ketipti Shabanbajdy attandyrgan son baj zhalshysyn ertip auylynyn syrtyndagy kyrkaga karaj shyksa anadaj zherde bir top karagannyn tүbinde әlgi kaskyr zhatady Қarasa anshynyn kakpanyna tүsipti әbden tojgan kaskyr kakpanmen alysa alysa karaganga shyrmalyp kynsylap kalzhyrap kapty Ekeui attan tүsip kaskyrdy sogyp terisin alyp kajtady Үjine kelgen son әlgi baj Yapyrym aj mynau Shabanbaj tegin adam emes eken goj Nala bolmanyz kaskyr ketpes uzakka ol da tүser tuzakka dep edi ajtkany ajnymaj kelgenin karashy dep zhagasyn ustapty Shabanbajdyn batasyZhankuttynyn әkesi Botanbaj baj auylynyn bir aksakalyna Myna balamdy Shabanbaj sheshenge ertip baryp batasyn alyp kajt Sojyska dep myna tajdy bosagasyna bajla dep bir taj zhetektetip zhiberipti Ol aksakal Zhankuttyny 2 3 zholdasymen ertip zholga shygypty olar keshtetip bir auyl syrtyndagy zheli basyna barypty Bie saudyryp zhүrgen sungak bojly kisige sәlem berip zhon surajdy Shabanbaj bidin auyly osy ma Iә osy Ol kisi auylda ma eken Auylda Үji kajsy Anau turgan boz үj Aksakal zhigitterdi ertip үj aldyndagy kermege baryp attaryn bajlajdy Үjge kirip zhajgasady Dastarkan zhajylady sary kymyz sapyrylady Әne mine degende әlgi zheli basynda zhүrgen kisi de keledi Zhigitter bir birine sybyrlap Myna kelgen zheli basynda bizge zhon ajtkan kisi goj desedi Ony Shabeken estip koyady da Iә izdep kelgen Shabanbajyn men bolamyn kәne sharualaryndy ajta otyryndar Shabeke keshiriniz dejdi zhigitterdi ertip kelgen kariya sizdi tanymaj kaldyk Osy auyldyn zhylkyshysy shygar dep edik Sonda Shabanbaj bi Iә oz үjimde eleusiz zhylkyshymyn Өzge elde eleuli bir kisimin dep bir koyady Kelesi bir sozinde dәu zeren kymyzdy dem almaj simirip tastapty da Қulsha istep bishe ishu kerek dejdi Munysy konaktaryna syj korsetip kymyzdy tartynbaj ala otyryndar degeni eken Sol zholy Shabanbaj sheshen әngimenin dүkenin kyzdyryp ne bir asyl sozderdin tiegin agytyp Zhankutty shәkirtine ykylasymen ak batasyn beripti dejdi Sondagy Shabanbaj sheshennin ozinin bolashak izbasar shәkirti Zhankuttyga bergen batasy mynau eken Allaga zhagamyn desen azandy bol Halykka zhagam desen kazandy bol Sudaj taza bol Zherdej koterimdi bol dep bata bergen eken Zhankutty men onyn kasyna erip bargan ozi tustas zhastar bul batany komsynynkyrap kajtypty Auylyna kelgen son batany estigen el zhaksysy Botanbaj katty riza bolyp Қabyl bolsyn әumin depti Botanbaj batanyn mәnin ozinshe tuspaldap bagalagan eken Bizdinshe onyn mәni mynandaj bolsa kerek Allaga zhagu degeni musylmandykty berik ustau namaz orazany kate etpeu islamnyn bes paryzyn kalt zhibermej oryndap otyru imandylyk inabattylyk үlkenge kurmet kishige izet korsetu Halykka zhagu үshin kazandy bolu degeni kenpejildilik kajyrymdylyk bajga da kedejge de ulykka da kishikke de үlkenge de kishige de arnauly konakka tanys emes auyldaska da zholaushyga da garypke de zhetim men zhesirge de esik ashyk tori zhazyk dastarkany zhayuly asy әzir bolu Su tazartpajtyn las zhok Sudan taza zat zhok Zher kotermejtin auyrlyk zhok Taudy da tasty da ozendi de koldi de tenizdi de mүhitty da ormandy da koterip turatyn Zher Adal da aram da oli de tiri de danyshpan da akymak ta akyldy da aramza da mansapkorlar men bakkumarlar da otirikshi osekshi de alayak saudager de maskүnemder men nashakorlar da zinakorlar men zhezoksheler de urylar men karakshylar da arsyzdykpen bajyp zhүrgen zhylpostar da on segiz myn galam zherdin mojnynda Sonyn bәrine kisajyp zhatkan zher zhok Shabanbaj bidin auzynyn dualy ekendigin Zhankuttyga tүgeldej kabyl boluynan bajkauga bolady Shynymen kabyl bolyp Zhaksy Zhankutty atandy Zhaksy atanuy halykka zhakkandygy Allaga zhakkandygy kazhylykka ekinshi ret baryp Mekke Medinede pajgambarymyz Muhammedtin zhanynda bakilyk bolgany Shabanbaj bi az sojlep kop ugyndyratyn adam bolypty asa dauly mәselelerdi talkylap shesherde Shabeken deu otyrady eken Biler daulasyp әrkajsysy oz үkimin bireui kelisip bireui kelispej әrkim oz biligin zhaktap otyrganda Shabanbaj oz biligin bir ak auyz sozben zhetkizedi osygan kelisedi eken Shabanbaj bidin uzak zhyldar bilik kurgan sheshimder bәsi osyndaj bolypty Zhidebaj batyrdyn Shappaj zhүjrik bolgan Shabanym Sojlemej sheshen bolgan Shabanym deui osydan bolsa kerek Shabekendi kejingi urpak әulie tutyp osy uakytka dejin medet tilep tүnep zhүredi Shabanbajdyn ozinen tugan bes balasy Bajsha batyr Biyash Tojgul molda Қozha bәri de oz zamanynda baj bolgan Shabanbaj berip bolek shygarganda Balapan degen balasyna bergen enshisin manajyndagy zamandastary azsynyp Shabeke nege azdau berdiniz dep surajdy Sonda Shabeken Ol үjdegi kelinim kogeni men zhelisin ozi boktere kelgen oli ak korersinder depti Osy kelini Ұmsyngүl kejinde Қarabәjbishe atangan douletti kelin kasietti adam bolypty Balapan men Ұmsyngүldin douleti darynan artyk bolmasa kem bolmagan Osy Қarabәjbishe әulie adam retinde saktalgan Shabeken urpagynyn kobirek turgan zheri Aktogaj audany Қaratal sovhozy Қazir Ә Bokejhanov atyndagy uzhymdyk Aktogaj audandyk Kenesi 1992 zhylgy mamyr ajynda makuldaj otyryp osy kenshardyn ortalygyn Shabanbaj auyly dep atau zhoninde sheshim kabyldady Shabekennin nieti durys adam Ұrpagy osip ongen Tolyktar bojynsha kazir Shabekennin oz kindiginen tarap zheke tүtin tүtetip otyrgan er balalar otbasy 160 tan asady Olar Tokyrauyn audandarynda Қaragandy Zhezkazgan Balkashta omir sүrip әr salada enbek etip zhүr Zhaksy atanyn shapagaty balasyna degen Shabekennin HIH gasyrdyn ayak kozi men XX gasyrdyn bas kezinde omir sүrgen urpaktarynyn ishinde 27 zhyl 9 sajlau үzbej bolys bolgan Shonbaj osy Shabanbaj әuletinen Shabeken urpagynan Bekpenbettin Ahmetzhany 1905 zhyly kazakka sajlau kukyn berudi talap etip Resej patshasyna Қarkaraly duanynan zhiberilgen 42 okildin biri bolgan Sol sebep bolyp kazak halky sajlauga dauys beru kukyn alady Sojtip birinshi Memlekettik dumaga Ә Bokejhanov deputat bolyp sajlanganda ol үshin Semej guberniyasynyn dauys bergen 274 sajlaushy elubasylardyn bireui tagy da Shabekennin besinshi urpagy Emesbek Bajserkin bolgan Shabeken urpaktarynyn biri Saduakas Әbdildin 20 25 zhasynda Әlihan Bokejhanovpen Әlimhan Ermekovpen syrlas pikirles niettes bolgan adam 1922 zhyldyn kazan ajynda Tokyrauyn bojyndagy Zheltauda Ә Bokejhanov tutkynga alynady Sonda Әlihanmen songy ret kosh ajtysyp kalgan azgantaj ziyalylardyn biri sol kezde 28 zhastagy osy Sәduakas Әbdildin bolgan Shabanbaj bi 85 zhasynda dүnieden kajtkan Ziraty Shet audanynyn Kenshoky sovhozynyn zherinde Aktogaj Қaragandy tas zholynyn 103 shi shakyrymy tusynda kүnbatysta ozen zhagasynda tur Bul ozendi Ә Bokejhanov ozinin 1905 zhyly zhazgan shezhiresinde Zharas ozeni dep korsetipti Derekkozder Қarakesek shezhiresi ekinshi tom Pavlodar EKO ZhShS baspahanasy T A Ensebaev Kitaptyn taralymy 500 dana 2017 Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5Bul zhana makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz