Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тілінде Атил, лат. Attila, гр. Ἀττήλας, 400 жыл – 453 жыл) — батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, өзіндік орны бар тарихи тұлға.
Еділ (Аттила) қаған лат. Attila гр. Ἀττήλας | ||
фрескасы | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
434 жыл — 453 жыл | ||
Бірігіп басқарушы | Бледа (445 жылға дейін) | |
Ізашары | Руғила (Руа, Роас) | |
Ізбасары | ұлдары | |
Өмірбаяны | ||
Діні | тәңіршілдік | |
Қайтыс болуы | 453 Паннония | |
Жерленді | белгісіз | |
Әкесі | Мұнзық | |
Жұбайы | Ильдико, Крека және т.б. | |
Балалары | Эллак, Эмнетзур, Ултзиндур, Эрнак, Денгизик, Чаба және т.б.. | |
Еділ (Аттила) қаған Ортаққорда | ||
өңдеу |
Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.
Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды.
Тарихнамасы және дереккөздер
Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.
Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.
Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагалар арқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.
Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.
Атилла есімі
Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).
Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).
Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).
«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.
Көсемнің бейнесі
Тарихшы Иордан Присктің сөздеріне сүйене отырып, Еділдің бір ерекше тұлға болғаны туралы айтады.
Бойы шағын ғана, кеудесі енді, көзі кішкентай, жыпсық. Үлкен басында сирек енді ақ түскен сақалы бар, мұрны кішкене жалпайған, көздері кішкентай. Осы түріне қарамай көсем өз асқақ жүрісімен, ауыр көзқарасымен өзінің құдыретті тұлға екенін білдіріп ғиззат сезімін тудыратын. Соғыс - кәсібі болса да, ашушаң емес, өте ақылды, мейірімді кісі тұғын.
Бұл сипаттама азиялық немесе келеді.
448 жылы Присктің берген мінездемесіне сәйкес ол қарапайым, кішпейіл адам болғанға ұқсайды. Қарапайым киімді ұнататын, ағаш ыдыстан тамақ жейтін, қаруын алтынмен әшекейлемеген қолбасшы. Жалпы Приск Еділді шығыстан шыққан көшпенділердің көсемі сияқты емес, германдық орта ғасырлық король сияқты сипаттаған.
Әйелдері мен балалары
Еділ қағанның некесі де көп болған, балалары да көп болған. Балаларының арасында Эллак есімді үлкен ұлының аты шыққан. Осы ұлын көсем көзі тірі кезінде ізбасары деп жариялаған. Әйелдерінің арасында тарихта қалған Ильдико атты ең соңғы әйелі. Осы әйелінің қасында алғашқы неке түнінде Еділ қаған осы күнге дейін белгісіз себептен қайтыс болған..
Ататегі және билікке келуі
Еділдің туған жылы мен туған жері осы күнге дейін белгісіз. Көсемді көзімен көрген Приск Паний 448 жылы сақалына енді ақ түскен адам деп сипаттаған. Сол жылдары Еділ үлкен ұлын акацирларға басшылық етуге жіберген. Бүгінгі күнге белгілі мәліметтерді талдаған кезде Еділ қаған жобамен V ғасырдың бірінші онжылдығында туған деп айтуға болады.
Еділдің әкесі Мұнзық ғұндардың патша тегінен шыққан, өзі билік жүргізбесе де оның ағалары Ақтар (немесе Оптар) және Руғила (Роас, Руа) ғұндардың атақты көсемдері болған. Басқа Мұнзық туралы еш мәлімет жоқ, тарихта бұл тұлғаның аты Аттила мен Бледаның әкесі ретінде сақталған.
Ғұндардың қоғамы жауынгерлер қоғамы болғандықтан Еділ қаған жас кезінен сол кездегі басқа ғұндардың ұрпақтары сияқты атпен шабу мен садақ атуды үйреніп өскен. Сонымен бірге ғұндардың басқа да жасөспірімдері сияқты өз еркіндігімен басын бинттермен таңғызып, бас сүйегініне деформация жасаған.
434 жылы Руғила дүниеден өткенде империя билігі оның інілерінің баласы Бледа мен Еділдің қолына көшеді. «452 жылдың Галл хроникасы» бойынша, Бледаны Руғиланың мұрагері деп жариялайды, соған қарағанда Бледа Еділден жасы үлкен болған. Бірақ көп ұзамай Еділ немере туысы Ақтардың баласы Бледаны өлтіріп, билікке өзі жеке дара ие болады. Осыдан кейін ол бұрын білікті қолбасшы ретінде төңірегіне мәлім болса, енді үлкен саясаткер, көреген көсем ретінде көзге түседі. «Әділ билеуші» атанады. Оның есімі қарсыластары арасында үрей туғызады. Оны «Құдайдың қамшысы» деп атай бастайды.
Еуропаға жорық
420 жылдары ғұндар Панноний жерлерін (қазіргі Венгрия) мекендеген.Дунай мен Рейн аралығында билік жасап, варвар тайпаларын бодан қылып жүрген ғұндар Батыс және Шығыс Рим империяларына да қауіп төндірген. Осы текетіресте германдық тайпалар Еділдің жағында болған.
Византияға алғашқы жорығы (441–442)
Еділ мен Бледаның Еуропаға алғашқы жорығы қазіргі Сербия аумағында орналасқан византиялық Иллирик провинциясынан басталды. Дәл сол кезеңде римдіктер бір жағынан вандалдармен Сицилияда, екінші жағынан парсылармен шайқасып жатқаны жорықтың сәттілігіне қосымша себеп болған.
Оқиғаның куәгері Присктің мәліметі бойынша алғашқы әскери ұрыстары қазіргі Белград қаласы аумағында орналасқан сауда жәрменкесінде ғұндардың римдіктерге кенет шабуылынан басталған. Шабуылдың себебі Марг қаласының епископы ғұндардың асыл қазынасын (яғни патшалардың мазарын) тонауы түрткі болған Маргтан кейін Сингидунум (қазіргі Белград) және Виминаций (қазіргі ) жақын орналасқан Дунайдағы ірі қалалар алынды.
Әрі қарай ғұндардың әскери әрекеттері Дунайдың шығыс жағына, яғни Ратиария жаққа қарай (қазіргі Арчар болгар селосы) және оңтүстіктегі Морава өзенінен Наисс (қазіргі Сербияның Ниш қаласы) жаққа қарай бағытталған.
Присктің айтуы бойынша 442 жылға таяу шайқастар тоқтап, ғұндар қазіргі Сербияның аумағындағы Дунайдың оңтүстігіне қарай «бес күндік жол» алатын кең алқапты басып алады.
Византияға екінші жорығы (447)
Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.
Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды. Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 жыл немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады». Еділ бастаған ғұн әскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.
Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448–450)
II Феодосий жеңілгенін мойындап өз әскери магистрі Анатолийді ғұндармен келіссөзді жүргізуге жібереді. Бұл бітімшарттың талаптары 444 жылғы алғашқы бірінші жорығынан кейін бекітілген талаптарына қарағанда көп есе қатаң болып табылды. Алғашқы келісімді бұзғаны үшін жаза ретінде 6000-нан астам римдік фунт алтынды беруді императорға мақұлдатты. Одан басқа талаптары да күшейтілген: жыл сайынғы салық 700 кг римдік фунт алтынынан 3 есе, яғни 2100 кг болды. Әр тұтқындалған рим сарбазының төлеп босату құны 12 солидке дейін барды.
Белгіленген алым-салығы қанағаттандырылғаннан кейін ғұндар өз жерлеріне қайтып оралды.
445 жылдар шамасында Бледа қайтыс болды. Еділ ғұндардың жалғыз басқарушысы болып қалып 448 жылы Қара теңіздің солтүстігін мекендеген акацирларды үлкен ұлы Эллактың қарамағына берді.
450 жылдың шілдесінде император II Феодосий аттан құлап қайтыс болады. Орнына келген әскербасы болып қызмет еткен бітімшартта айтылған мөлшерінде салық төлеуден бас тартады. Еділге тек қана өзі дұрыс деп санаған сыйлықтарды беріп, ал егер де көнбесе соғыс бастайтынын хабарлайды.
451 жылдың ерте көктемінде ғұндар және оларға тәуелді басқа тайпалардың әскерлері Галлияға басып кіреді.
Батыс Рим империясымен соғыс (451—454)
Галлияға жорық (451)
451 жылы Еділ қаған бастаған жауынгерлер әскері ерте көктемде Галлияға шабуылды бастайды. Ғұндар сарбаздарының саны белгісіз, бірақ сол кезеңнің ырғағына қарағанда шабуыл қозғалысы баяу болған деп баға берілген.
451 жылдың 7 сәуірінде ғұндар бірінші Мец қаласын, сосын Трир, Кёльн, Реймс, Тонгерен, қалаларын бірден басып алды. Сол жылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы қаласын қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскербасы Флавий Аэцийдің және вестготтардың королі біріктірілген әскері Орлеандықтарға көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.
Еділ қаған әскерін Каталаун даласына қайтарып, Сена өзенінің оң жағалауында (Труа қаласының төңірегінде болса керек) тоқтайды. Каталаун шайқасының нақты болған күні мен жері туралы мәліметтер сақталмаған, бірақ тарихшыларының болжамы бойынша ұрыс маусымның соңы шілденің басында Труа қаласының солтүстігінде, қазіргі провинциясының аймағында болған. Бұл ірі ұрыс нәтижесінде екі жақ бірдей шығынға ұшыраған. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды. Король І Теодорих шайқас алаңында қаза тапты. Келесі күні Еділ қағанның әскері өздері орнатқан бекініске тығылып, ал гот-римдік коалиция бастаманы өз қолына алады.
Дегенмен, І Теодорихтың орнына келген везегооардың жаңа королі Торисмунд өз әскерін ұрыс алаңынан Тулузаға бірінші болып алып кетеді. Содан кейін Еділ қаған өзінің аман қалған сарбаздарын Дунайдың арғы жағына орналастырады. Келесі 452 жылы ғұндар Италияның солтүстігіне шабуыл жасайды.
Италияға жорық (452)
452 жылғы жазда (О. Д. Менхен-Хельфен (O. Maenchen-Helfen) рим папасы Лео Император Валентиннің арасында 452 жылы жазысқан хаттарын саралағанда, бұл жорықтың басы 452 жылдың маусым айында басталған) Еділ қаған басқарған жауынгерлер топтары Паннония жағынан Альпінің кең жазығынан шабуыл бастады. Бұл жорықтың алғашқы соққысы Венетта провинциясының Аквелия қаласында (Аквелия сол кездегі жағалауындағы ең ірі қала) болды. Венеттаның басқа қалаларын да басып алғаннан кейін ғұндар солтүстік Италияның батыс жағына қарай бет бұрды.
Италияны ойрандап, ғұндар шетінен Медиоланум (қазіргі Милан) және Тицинум (қазіргі Павия) қалаларын алады. Медиоланумда (V ғ. басында Медиоланум қаласы Рим империясының астанасы болған) Еділ император сарайына кіріп келгенде сарай қабарғаларында рим императорлардың суреттерін көреді. Суреттерде тақта отырған рим императорлардың аяқ жағында скиф жауынгерлердің өліктері жатқаны бейнеленгенін байқайды. Еділ өз адамдарына сол суретшіні таптырып, оған басқа сурет салғызады. Бұл жаңа суретте Еділ қаған тақта отырғанын, ал рим императорлары оның аяқ астына қаптардан алтын төгіп жатқанын бейнелеткізеді.
Қаланың тұрғындарының көбісі қашып құтылды, олардың үйлері және шіркеулері тоналып, өртеліп бітті.
Бұл маңызы аса зор оқиғалардан кейін рим папасы І Лео қасына текті римдіктер Авиена мен Тригетияны ертіп алып ғұндардың көсемімен кездесуге барады. Бұл кездесу Мантуя қаласының маңындағы Амбулея жазығында болады. Кездесу нәтижесінде Рим салық төлейтін болып құтылады, ал ғұндар Римге бармай Дунайдың жағалауларына қайта оралады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этцельбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады. Ғұн империясының иелігіне айналады.
453 жылғы Галлияға шабуыл
Италиядан жеңіспен қайтқан ғұндар көп ұзамай Галлиядан өш алғысы келеді. Ескі қарыздарды еске алып (қайтыс болған ІІ Феодосиймен бегітілген келісімшарт бойынша алым-салықтар төнебегенін) Еділ Галлияға қауып төндіре бастайды. ІІ Феодосийдің орнына келген император Маркиан көсемге әр түрлі сыйлықтарды жіберіп, көсемнің бір кешірімін алғысы келеді.
Рақымшылықты көрсетпеген ғұндар 453 жылы Галлияның орталығындағы Луара өзенінің жағалауын мекендеген аландарға шабуыл жасайды. Бұл жылғы шабуыл туралы Иорданның Гетикасындағы қысқа мәліметтен басқа еш дерек жоқ. Тек вестготтардың королі Торисмунд аландарға көмекке келгені белгілі. Сонымен қоса ғұндардың кері қарай Паннония мен Дакияға шегінгені белгілі.
Өлімі және ғұн империясының ыдырауы
Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.
Қайтыс болуына мұрыннан кеткен қанмен тұншығу себеп болуы мүмкін деген дерек бар. Жерленген орны әлі күнге дейін белгісіз. 2014 жылы наурыз айында Будапештте Дунай үстінен көпір салынған кезде Еділдің жерленген жері табылды, ол Еділ қағанның моласы болуы мүмкін деген хабар берілді.
Еділдің көптеген ұлдары әкесінен қалған империяны бөлісе бастайды. Еділ өзінің көзі тірісінде үлкен ұлы Эллақты мұрагері етіп белгілеген болатын. Бірақ варварлар тайпаларының көсемдері Эллақты да Еділдің басқа ұлдарына да мойынсынғысы келмейді. Бірінші болып гепидтардың королі Ардарих герман тайпаларын көтеріліске үгіттеп жаңа басшыларға бағынбаған жаугерлер 454 жылы Недао (қазіргі Паннонияның өзені, Саваның тармағы) төңірегінде соғыса бастайды. Осы ұрыста Эллақ қайтыс болады. Осы ұрыстан кейін Ғұн империясы ыдырай бастайды. Еділдің кіші ұлы Эрнак тайпасының бір бөлігімен Добруждада орналасады, қалған ғұндарды варварлар тайпалары Дунайдың шығыс жағына ысырып тастайды.
Еділдің ғұндары туралы соңғы мәлімет 469 жылы Марцелиннің хроникаларында табылады. Мәліметтерде «ғұндардың королі Еділдің ұлы Денгизирихтың [Denzicis] басы Константинопольге жеткізілді» деп айтылған.
Ғұндардың қалдықтары басқа көшпенді тайпалармен шатысып «ғұн» деген этноним VI ғасырдың авторларының лексионында жалпы көшпенді елдерді белгілеп қолданылған. (Ғұндар деп , аварларды, , мажарларды атай берген)
Тарихи зерде
Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерімен қатар атайды.
Германдардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы V ғасыр тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 жылы жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.
Нумизматикада Еділдің бейнесі
2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкісі «Ұлы қолбасшылар» топтамасының ішінде «Аттила» монетін шығарған. Номиналы 100 теңгеге тең монет 13 000 дана болып шығарылған. 925 сынамалы күміс монеттің салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм. Бет жағында (аверсте) ат үстінде шауып бара жатқан жауынгер, арт жағында (реверсте) Аттиланың бейнесі. Төменгі бөлімде үш атты сарбаз бейнеленген, ал үстіндегі секторда ағылшын тілінде Еділ қаған (ағылш. «ATTILA THE HUN») және «406—453» деп жазылған. Санкт-Петербургте өткен «Монет шоқжұлдызы-2010» (орыс. «Монетное созвездие-2010») Халықаралық конкурсында бұл монет «Жыл монеті» (орыс. «Монета года») сыйлығына ие болды. Бәйгеге 24 елден 209 монет қойылған.
Еділдің аңыздардағы бейнесі
Еділ қаған «Нибелунгтар туралы жыр» атты белгілі германдық эпосының басты кейіпкері.
Еділдің әдебиеттегі бейнесі
- «Ғажайып комедия», Алигьери Данте, 1321
- Құдайдың қамшысы, Бувье-Ажан М.
- Аттила - ғұндардың қолбасшысы, Эдвард Хаттон, 2005. (Nomen est omen).
- Christopher Kelly. «Attila the Hun: Barbarian Terror and the Fall of the Roman Empire», Bodley Head, 2008 [3].
- Blockley, R.C.: The Fragmentary Classicising Historians of the Later Roman Empire, vol. II ISBN 0-905205-15-4
- Gordon, C.D.: The Age of Attila: Fifth-century Byzantium and the Barbarians. Míchigan: University of Michigan Press, 1960.
- Maenchen-Helfen, Otto (ed. Max Knight): The World of the Huns: Studies in Their History and Culture. Berkeley: University of California Press, 1973.
- Thompson, E.A.: A History of Attila and the Huns. Londres: Oxford University Press, 1999. ISBN 0-631-21443-7
Еділдің музыкадағы бейнесі
- «Аттила» (1846) — италиялық композитор Джузеппе Вердидің белгілі операсы;
- «Attila» (2004) — Iced Earth атты америкалық хэви-метал тобының «The Glorious Burden» альбомының ішіндегі әні;
- «Attila» (2011) — қазақстандық «Алдаспан» хэви-метал тобының алғашқы альбомы;
- «Attila» (2005–) — Атлантадан шыққан дэткор-тобы.
Еділдің кинематографиядағы бейнесі
- IMDB-дегі «Аттила» (Attila, 1954);Attila
- «Аттила-басқыншы» сериалы (2001). Басты ролде — Джерард Батлер.
- Этцель (Аттила) — 1924 жылы түсірілген Фрица Лангың «Нибелунги» және 1967 жылы ГФР-да түсірілген «Нибелунги» атты фильмдердің бас кейіпкері.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Иорданның «Гетика» жазбаларында аттары аталған
- Homant Balint. Szekly\'liler. // Bulleten, 20. Ist. S. 601
- Dictionary of Medieval Heroes: Characters in Medieval Narrative Traditions ... - Willem Pieter Gerritsen, Anthony G. Van Melle, Tanis M. Guest
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Г. Дёрфер («О языке гуннов», 1973)
- Иордан, «Гетика», 183
- Wolfram Herwig The Roman Empire and its Germanic Peoples — 1st. — University of California Press, 1997. — P. 143. — ISBN 978-0-520-08511-4.
- Jordanès, XLIX
- Priscus of Panium: fragments from the Embassy to Attila Мұрағатталған 11 желтоқсанның 2003 жылы.
- Jordanès, XXXV
- Иордан (Гетика, 180)
- Сократ Схоластик, «Шіркеу тарихы», 7.30
- Bóna,2002,p 30
- Bóna,2002,p 26
- Escher Lebedynsky,2007,p 62
- орталық Еуропадағы аймақ, рим провинциясы
- J. B. Bury, History of the Later Roman Empire, ch. 7.3
- Марцеллин Комит (441 ж): Hunnorum reges numerosis suorum cum millibus in Illyricum irruerunt: Naisum, Singidinum, aliasque civitates, oppidaque Illyrici plurima exciderunt.
- Феодорит, V.37; Марц. Комит, 441 г.; ІІ Феодосийдің новеллалары, 26 шілде 441, V.1
- Марг (Μάργος), (Сербиядағы өзен) Дунайға құйылатын жерде орналасқан қала
- Приск, Дестунистің аударымында дін қызметкерлерінің мазарларды тонауы сол кезде жиі кездесетін жағдай болған.
- Cawthorne Nigel Military Commanders — Enchanted Lion Books. — P. 41.
- Приск, Дестунистің аудармасында, фр.3
- , г. 447
- Nov. Theodos. XXVI, 1
- Haas, Christopher Embassy to Attila: Priscus of Panium. Villanova University. Тексерілді, мамыр 18, 2014.
- Құрамында ғұндардан басқа германдық вассалдар (гепидтер), остготтар, швабтар, алемандар, тюрингтер, франктар, бургунддар, аландар, сарматтар және т.б. варвар тайпалары болған
- Escher et Lebedynsky 2011, p. 22-24 беттер
- Орлеан қаласынан шығыс жаққа қарай 200 км-дей қашықтықта
- Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет».
- , mu, 405 (Mediolanon)
- Проспер Аквитан, рим папасы І Леоның хатшысының тарихи хроникасы
- Kirsch, Johann Peter (1910). "Pope St. Leo I (the Great)". The Catholic Encyclopedia vol. 9. New York: Robert Appleton Company. Retrieved мамыр 19, 2014
- Иордан, «Гетика», 225
- Иордан, «Гетика», 254—258
- Hungary: Archeologists Discover Tomb of Attila the Hun Мұрағатталған 4 сәуірдің 2016 жылы.
- Иордан, «Гетика», 266
- [1].
- [2] Мұрағатталған 28 ақпанның 2012 жылы..
- Aldaspan тобының дискографиясы Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2014 жылы.
- Attila — Atlanta, GA
Бұл мақала қазақша Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне енеді. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Edil kagan nemese Attila kone tүrki tilinde Atil lat Attila gr Ἀtthlas 400 zhyl 453 zhyl batys gun tajpalar odagynyn aty anyzga ajnalgan kosemi Rejnnen Қara tenizdin soltүstigine dejin varvar tajpalaryna oz biligin zhүrgizgen ozindik orny bar tarihi tulga Edil Attila kagan lat Attila gr ἈtthlasfreskasyLauazymyҒun tajpalarynyn kosemi434 zhyl 453 zhylBirigip baskarushy Bleda 445 zhylga dejin Izashary Rugila Rua Roas Izbasary uldaryӨmirbayanyDini tәnirshildikҚajtys boluy 453 0453 PannoniyaZherlendi belgisizӘkesi MunzykZhubajy Ildiko Kreka zhәne t b Balalary Ellak Emnetzur Ultzindur Ernak Dengizik Chaba zhәne t b Edil Attila kagan Ortakkordaondeu Sol kezennin okigalary turaly tarihi shygarmalarda zhylnamalarda zhәne epikalyk tuyndylarda mәlimetter kezdesedi Sonymen katar germandyktardyn batyrlar zhyrynyn 18 shygarmasynda gundar men onyn patshasynyn uly isteri korinis tapkan Edildin tusynda imperiya ozinin sharyktau biigine koteriledi Shygysta Kavkazga batysta Rejnge teristikte daniyalyk araldarga kүngejinde Dunaj ozeninne on zhagalauyn kosa dejingi zherlerdi Ғundarga bagyndyrdy 444 zhyldan 453 zhyly kajtys bolgan kүnine dejin Edil zhalgyz ozi Ғundar memleketin baskardy Tarihnamasy zhәne derekkozderTarihshylar Edil kagandy tulga retinde sipattaganda koptegen kiyndyktarga tap bolady Sebebi zhazba tүrinde bizdin zamanymyzga dejin zhetken derekter kobine grek nemese latyn tilinde zhazylgan Kosem turaly en kop mәlimet bergen rimdik tarihshy әri diplomat Prisk Panij Prisk 449 zhyly II Feodosidin kasyna erip tarihi kezdesuge katysyp sol kezdegi bolyp zhatkan okigalardyn kuәgeri bolgan 434 zhyldan 452 zhyldardyn shezhiresin 8 tomdyk shygarmaga zhazgan Prisk zhalgyz ozi gana Edil kagannyn syrtky korinisin bejnelegen Prisktin koptomdy shygarmasynan baska bizge dejin zhazba tүrinde Prokopij zhәne Iordan atty altynshy gasyrdyn tarihshylarynyn mәlimeti zhetken Olarda kobine Prisktin enbegine sүjene otyryp mәlimet kaldyrgan Vizantiyalyk tarihshy Marcelin Komit zhәne kancler Yustianin azdap fragment retinde oz zhumystarynda gundardyn kosemi turaly derekter zhazgan Tagy bir derekkozder ol VI XII gasyrlardagy shirkeu shygarmalary Bular tarihtyn agynymen gundardyn karsylastary zhagynda bolgan Sol sebepti kobine zhagymsyz zhagynan negativti sipattagan Ғundardyn ozi kosemdi kaһarman retinde auyzba auyz ozderinin anyzdarynda zhyrlagan Olardyn үzindileri bizge dejin skandinavtardyn zhәne nemisterdin sagalar arkyly epos tүrinde zhetken XII gasyrda mazhar zhazushylary gundardy oz babalary dep koptegen shygarmalarynda kurmettep ulttyn batyry retinde pir tutkan Uakyt ote Edil kagandy varvarlyktyn nyshany retinde sipattap batys orkenietine kauip tondirgen adam retinde karalgan Atilla esimiҚazirgi zamannyn gylymdarynda Atilla esiminin etimologiyasy turaly birneshe bolzham bar Edildi Europa tarihshylary Atyra Attila Atyl Attyly Etcel Etli dep te atajdy Attila Etcel esimi uakyt ote kele pajda bolgan lingvistikalyk ozgeristerge karamastan orta gasyrlardan beri Germaniya toponimikasynda saktalgan Mysaly Hetzelistal Hetzelinstall atauynyn sozbe soz audarmasy Etcel dalasy bul Offenburg zherinde sonymen katar Hetzelhof Etzelhof Atzelhof Etcel aulasy Gejdelbergte Atzelbach Etcel bulagy Ottenhefende Attlisberg Attli tauy Koptegen baska da gun esimderi siyakty Attila esiminin tүpnuskasy tүrki tilderinen alyngan degen de bolzham bar atta ata әke el il el olke Tagy bir bolzham bojynsha Attila esimi Edil Hazar tilinde Edil ozenin atauynan alyngan Attil Atil Atel Atal Attila esimi kazir tүrki tektes halyktarda kazaksha Edil ken taragan Kosemnin bejnesi Tarihshy Iordan Prisktin sozderine sүjene otyryp Edildin bir erekshe tulga bolgany turaly ajtady Bojy shagyn gana keudesi endi kozi kishkentaj zhypsyk Үlken basynda sirek endi ak tүsken sakaly bar murny kishkene zhalpajgan kozderi kishkentaj Osy tүrine karamaj kosem oz askak zhүrisimen auyr kozkarasymen ozinin kudyretti tulga ekenin bildirip gizzat sezimin tudyratyn Sogys kәsibi bolsa da ashushan emes ote akyldy mejirimdi kisi tugyn Bul sipattama aziyalyk nemese keledi 448 zhyly Prisktin bergen minezdemesine sәjkes ol karapajym kishpejil adam bolganga uksajdy Қarapajym kiimdi unatatyn agash ydystan tamak zhejtin karuyn altynmen әshekejlemegen kolbasshy Zhalpy Prisk Edildi shygystan shykkan koshpendilerdin kosemi siyakty emes germandyk orta gasyrlyk korol siyakty sipattagan Әjelderi men balalary Edil kagannyn nekesi de kop bolgan balalary da kop bolgan Balalarynyn arasynda Ellak esimdi үlken ulynyn aty shykkan Osy ulyn kosem kozi tiri kezinde izbasary dep zhariyalagan Әjelderinin arasynda tarihta kalgan Ildiko atty en songy әjeli Osy әjelinin kasynda algashky neke tүninde Edil kagan osy kүnge dejin belgisiz sebepten kajtys bolgan Atategi zhәne bilikke keluiEdildin tugan zhyly men tugan zheri osy kүnge dejin belgisiz Kosemdi kozimen korgen Prisk Panij 448 zhyly sakalyna endi ak tүsken adam dep sipattagan Sol zhyldary Edil үlken ulyn akacirlarga basshylyk etuge zhibergen Bүgingi kүnge belgili mәlimetterdi taldagan kezde Edil kagan zhobamen V gasyrdyn birinshi onzhyldygynda tugan dep ajtuga bolady Edildin әkesi Munzyk gundardyn patsha teginen shykkan ozi bilik zhүrgizbese de onyn agalary Aktar nemese Optar zhәne Rugila Roas Rua gundardyn atakty kosemderi bolgan Baska Munzyk turaly esh mәlimet zhok tarihta bul tulganyn aty Attila men Bledanyn әkesi retinde saktalgan Bleda men Attila Ғundardyn kogamy zhauyngerler kogamy bolgandyktan Edil kagan zhas kezinen sol kezdegi baska gundardyn urpaktary siyakty atpen shabu men sadak atudy үjrenip osken Sonymen birge gundardyn baska da zhasospirimderi siyakty oz erkindigimen basyn binttermen tangyzyp bas sүjeginine deformaciya zhasagan 434 zhyly Rugila dүnieden otkende imperiya biligi onyn inilerinin balasy Bleda men Edildin kolyna koshedi 452 zhyldyn Gall hronikasy bojynsha Bledany Rugilanyn murageri dep zhariyalajdy sogan karaganda Bleda Edilden zhasy үlken bolgan Birak kop uzamaj Edil nemere tuysy Aktardyn balasy Bledany oltirip bilikke ozi zheke dara ie bolady Osydan kejin ol buryn bilikti kolbasshy retinde toniregine mәlim bolsa endi үlken sayasatker koregen kosem retinde kozge tүsedi Әdil bileushi atanady Onyn esimi karsylastary arasynda үrej tugyzady Ony Қudajdyn kamshysy dep ataj bastajdy Europaga zhoryk420 zhyldary gundar Pannonij zherlerin kazirgi Vengriya mekendegen Dunaj men Rejn aralygynda bilik zhasap varvar tajpalaryn bodan kylyp zhүrgen gundar Batys zhәne Shygys Rim imperiyalaryna da kauip tondirgen Osy teketireste germandyk tajpalar Edildin zhagynda bolgan Vizantiyaga algashky zhorygy 441 442 Italiyaga zhoryk Edil men Bledanyn Europaga algashky zhorygy kazirgi Serbiya aumagynda ornalaskan vizantiyalyk Illirik provinciyasynan bastaldy Dәl sol kezende rimdikter bir zhagynan vandaldarmen Siciliyada ekinshi zhagynan parsylarmen shajkasyp zhatkany zhoryktyn sәttiligine kosymsha sebep bolgan Okiganyn kuәgeri Prisktin mәlimeti bojynsha algashky әskeri urystary kazirgi Belgrad kalasy aumagynda ornalaskan sauda zhәrmenkesinde gundardyn rimdikterge kenet shabuylynan bastalgan Shabuyldyn sebebi Marg kalasynyn episkopy gundardyn asyl kazynasyn yagni patshalardyn mazaryn tonauy tүrtki bolgan Margtan kejin Singidunum kazirgi Belgrad zhәne Viminacij kazirgi zhakyn ornalaskan Dunajdagy iri kalalar alyndy Әri karaj gundardyn әskeri әreketteri Dunajdyn shygys zhagyna yagni Ratiariya zhakka karaj kazirgi Archar bolgar selosy zhәne ontүstiktegi Morava ozeninen Naiss kazirgi Serbiyanyn Nish kalasy zhakka karaj bagyttalgan Prisktin ajtuy bojynsha 442 zhylga tayau shajkastar toktap gundar kazirgi Serbiyanyn aumagyndagy Dunajdyn ontүstigine karaj bes kүndik zhol alatyn ken alkapty basyp alady Vizantiyaga ekinshi zhorygy 447 Ғun imperiyasy Birinshi men ekinshi zhoryktardyn arasynda Bleda kajtys bolyp 444 zhyldan bastap Edil gun imperiyasyn zhalgyz ozi baskardy Vizantiyaga zhoryktardyn hronologiyasyn tarihshy O D Menhen Helfen Ғundar kauymy atty zhumysynda anyk ajkyndagan Algashky zhoryktan kejin Attila gundardyn zhalgyz kosemi retinde Vizantiyadan alym salyk toleudi zhәne zhau zhagyna otip ketken kashkyndardy kajtarudy talap etedi Bul ultimatumga II Feodosij imperatory imperiyany korlajtyn usynyss dep kabyldap usynyska karsy bolyp sogys zhariyalajdy Nәtizhesinde Attila Ratiariyany basyp alyp 446 zhyl nemese 447 zhyldyn basynda Vizantiyanyn Balkandagy ajmaktaryna shabuyl zhasaj bastajdy Vizantiyalyk tarihshy Marcellin Komit oz zhazbalarynda 447 zhyldy sipattagan kezde mynandaj sozderdi zhazypty Birinshi sogyska karaganda kop eses auyrlau bolgan bul sumdyk sogysta Attila bүkil Europany үgip untaktap tastady Edil bastagan gun әskeri 447 zhyly Frakiya men Illiriyany talkandap Fermopila men Konstantinopol irgesine dejin zhetedi Shygys Rim imperiyasy Vizantiya Edilge tәueldi ekenin mojyndap alym salyk tolej bastajdy Ғundar men Vizantiyanyn arasyndagy bitim sharty 448 450 Edildin tojlauy On zhagynda vizantiyalyk diplomat zhәne tarihshy Prisk Panij Mor Tan 1870 II Feodosij zhenilgenin mojyndap oz әskeri magistri Anatolijdi gundarmen kelissozdi zhүrgizuge zhiberedi Bul bitimsharttyn talaptary 444 zhylgy algashky birinshi zhorygynan kejin bekitilgen talaptaryna karaganda kop ese katan bolyp tabyldy Algashky kelisimdi buzgany үshin zhaza retinde 6000 nan astam rimdik funt altyndy berudi imperatorga makuldatty Odan baska talaptary da kүshejtilgen zhyl sajyngy salyk 700 kg rimdik funt altynynan 3 ese yagni 2100 kg boldy Әr tutkyndalgan rim sarbazynyn tolep bosatu kuny 12 solidke dejin bardy Belgilengen alym salygy kanagattandyrylgannan kejin gundar oz zherlerine kajtyp oraldy 445 zhyldar shamasynda Bleda kajtys boldy Edil gundardyn zhalgyz baskarushysy bolyp kalyp 448 zhyly Қara tenizdin soltүstigin mekendegen akacirlardy үlken uly Ellaktyn karamagyna berdi 450 zhyldyn shildesinde imperator II Feodosij attan kulap kajtys bolady Ornyna kelgen әskerbasy bolyp kyzmet etken bitimshartta ajtylgan molsherinde salyk toleuden bas tartady Edilge tek kana ozi durys dep sanagan syjlyktardy berip al eger de konbese sogys bastajtynyn habarlajdy 451 zhyldyn erte kokteminde gundar zhәne olarga tәueldi baska tajpalardyn әskerleri Galliyaga basyp kiredi Batys Rim imperiyasymen sogys 451 454 Galliyaga zhoryk 451 Tolyk makalasy Katalaun shajkasy Ғundardyn Galliyada kozgalu bagytary 451 zhyly Edil kagan bastagan zhauyngerler әskeri erte koktemde Galliyaga shabuyldy bastajdy Ғundar sarbazdarynyn sany belgisiz birak sol kezennin yrgagyna karaganda shabuyl kozgalysy bayau bolgan dep baga berilgen 451 zhyldyn 7 sәuirinde gundar birinshi Mec kalasyn sosyn Trir Kyoln Rejms Tongeren kalalaryn birden basyp aldy Sol zhyldyn 14 shildesinde Rimdik Galliyanyn ortalygy kalasyn korshauga alyp urysty bastajdy Қala kamaldaryn tarandarmen tese bastagan kezde rimdik әskerbasy Flavij Aecijdin zhәne vestgottardyn koroli biriktirilgen әskeri Orleandyktarga komekke keledi Munyn ayagy tarihta buryn bolmagan үlken kyrgyn әjgili Katalaun shajkasyna әkeledi Tarihshylar osy shajkasta majdan dalasynda 165 myn zhauyngerdin oligi kaldy degendi ajtady Edil kagan әskerin Katalaun dalasyna kajtaryp Sena ozeninin on zhagalauynda Trua kalasynyn tonireginde bolsa kerek toktajdy Katalaun shajkasynyn nakty bolgan kүni men zheri turaly mәlimetter saktalmagan birak tarihshylarynyn bolzhamy bojynsha urys mausymnyn sony shildenin basynda Trua kalasynyn soltүstiginde kazirgi provinciyasynyn ajmagynda bolgan Bul iri urys nәtizhesinde eki zhak birdej shygynga ushyragan Prosper Tiro zhazgandaj Katalaun dalasyndagy shajkasta birde bir zhak zheniske zhetken zhok Өlim sany sheksiz boldy Korol I Teodorih shajkas alanynda kaza tapty Kelesi kүni Edil kagannyn әskeri ozderi ornatkan bekiniske tygylyp al got rimdik koaliciya bastamany oz kolyna alady Degenmen I Teodorihtyn ornyna kelgen vezegooardyn zhana koroli Torismund oz әskerin urys alanynan Tuluzaga birinshi bolyp alyp ketedi Sodan kejin Edil kagan ozinin aman kalgan sarbazdaryn Dunajdyn argy zhagyna ornalastyrady Kelesi 452 zhyly gundar Italiyanyn soltүstigine shabuyl zhasajdy Italiyaga zhoryk 452 Edil kagannyn Italiyagy zhorygy freska Ferdinan Viktor Ezhen Delakrua 1840 zhyl 452 zhylgy zhazda O D Menhen Helfen O Maenchen Helfen rim papasy Leo Imperator Valentinnin arasynda 452 zhyly zhazyskan hattaryn saralaganda bul zhoryktyn basy 452 zhyldyn mausym ajynda bastalgan Edil kagan baskargan zhauyngerler toptary Pannoniya zhagynan Alpinin ken zhazygynan shabuyl bastady Bul zhoryktyn algashky sokkysy Venetta provinciyasynyn Akveliya kalasynda Akveliya sol kezdegi zhagalauyndagy en iri kala boldy Venettanyn baska kalalaryn da basyp algannan kejin gundar soltүstik Italiyanyn batys zhagyna karaj bet burdy Italiyany ojrandap gundar shetinen Mediolanum kazirgi Milan zhәne Ticinum kazirgi Paviya kalalaryn alady Mediolanumda V g basynda Mediolanum kalasy Rim imperiyasynyn astanasy bolgan Edil imperator sarajyna kirip kelgende saraj kabargalarynda rim imperatorlardyn suretterin koredi Suretterde takta otyrgan rim imperatorlardyn ayak zhagynda skif zhauyngerlerdin olikteri zhatkany bejnelengenin bajkajdy Edil oz adamdaryna sol suretshini taptyryp ogan baska suret salgyzady Bul zhana surette Edil kagan takta otyrganyn al rim imperatorlary onyn ayak astyna kaptardan altyn togip zhatkanyn bejneletkizedi Rim papasy I Leonyn Attilamen kezdesui freska Rafael Vatikan 1514 zhyl Қalanyn turgyndarynyn kobisi kashyp kutyldy olardyn үjleri zhәne shirkeuleri tonalyp ortelip bitti Bul manyzy asa zor okigalardan kejin rim papasy I Leo kasyna tekti rimdikter Aviena men Trigetiyany ertip alyp gundardyn kosemimen kezdesuge barady Bul kezdesu Mantuya kalasynyn manyndagy Ambuleya zhazygynda bolady Kezdesu nәtizhesinde Rim salyk tolejtin bolyp kutylady al gundar Rimge barmaj Dunajdyn zhagalaularyna kajta oralady Sojtip ol osynau uly zhoryktan Dunaj bojyndagy memleketinin astanasy Edilkalaga Etcelburgke үlken zhenispen saltanatpen oralady Ғun imperiyasynyn ieligine ajnalady 453 zhylgy Galliyaga shabuyl Italiyadan zhenispen kajtkan gundar kop uzamaj Galliyadan osh algysy keledi Eski karyzdardy eske alyp kajtys bolgan II Feodosijmen begitilgen kelisimshart bojynsha alym salyktar tonebegenin Edil Galliyaga kauyp tondire bastajdy II Feodosijdin ornyna kelgen imperator Markian kosemge әr tүrli syjlyktardy zhiberip kosemnin bir keshirimin algysy keledi Rakymshylykty korsetpegen gundar 453 zhyly Galliyanyn ortalygyndagy Luara ozeninin zhagalauyn mekendegen alandarga shabuyl zhasajdy Bul zhylgy shabuyl turaly Iordannyn Getikasyndagy kyska mәlimetten baska esh derek zhok Tek vestgottardyn koroli Torismund alandarga komekke kelgeni belgili Sonymen kosa gundardyn keri karaj Pannoniya men Dakiyaga shegingeni belgili Өlimi zhәne gun imperiyasynyn ydyrauyAttilanyn olimi Ferens Pashka Edil german tajpalaryn bagyndyrgan kezde Burgundiya hanshajymy Ildionaga Hildikaga gashyk bolyp kalgan edi 453 zhyly elinde үlken toj zhasap osy hanshajymga үjlenedi Birak algashky neke tүninde belgisiz zhagdajda kenetten kajtys bolady Қajtys boluyna murynnan ketken kanmen tunshygu sebep boluy mүmkin degen derek bar Zherlengen orny әli kүnge dejin belgisiz 2014 zhyly nauryz ajynda Budapeshtte Dunaj үstinen kopir salyngan kezde Edildin zherlengen zheri tabyldy ol Edil kagannyn molasy boluy mүmkin degen habar berildi Edildin koptegen uldary әkesinen kalgan imperiyany bolise bastajdy Edil ozinin kozi tirisinde үlken uly Ellakty murageri etip belgilegen bolatyn Birak varvarlar tajpalarynyn kosemderi Ellakty da Edildin baska uldaryna da mojynsyngysy kelmejdi Birinshi bolyp gepidtardyn koroli Ardarih german tajpalaryn koteriliske үgittep zhana basshylarga bagynbagan zhaugerler 454 zhyly Nedao kazirgi Pannoniyanyn ozeni Savanyn tarmagy tonireginde sogysa bastajdy Osy urysta Ellak kajtys bolady Osy urystan kejin Ғun imperiyasy ydyraj bastajdy Edildin kishi uly Ernak tajpasynyn bir boligimen Dobruzhdada ornalasady kalgan gundardy varvarlar tajpalary Dunajdyn shygys zhagyna ysyryp tastajdy Edildin gundary turaly songy mәlimet 469 zhyly Marcelinnin hronikalarynda tabylady Mәlimetterde gundardyn koroli Edildin uly Dengizirihtyn Denzicis basy Konstantinopolge zhetkizildi dep ajtylgan Ғundardyn kaldyktary baska koshpendi tajpalarmen shatysyp gun degen etnonim VI gasyrdyn avtorlarynyn leksionynda zhalpy koshpendi elderdi belgilep koldanylgan Ғundar dep avarlardy mazharlardy ataj bergen Tarihi zerdeEdil bilik basynda bolgan on togyz zhyl ishinde aumagyn birneshe esege үlkejtedi Iri imperiya kura algandygy үshin Edil kagan shygystyn uly zhauynger uldarynyn biri retinde tarihka endi Sodan da bolar batystyn tarihshylary onyn esimin adamzat tarihyndagy uly adamdar Eskendir Zulkarnajyn pen Yulij Cezar esimderimen katar atajdy Germandardyn belgili epikalyk shygarmasy bolyp tabylatyn Nibelungtar turaly zhyrda zhәne ozge de german eposynyn shygarmalarynda skandinav sagalarynda Attila Etcel Atli Rim imperiyasynyn kol astyndagy halyktardy azat etushi retinde sipattalady Vizantiyanyn atakty zhylnamashysy V gasyr tarihshysy zhәne mәmilegeri gun patshasyna 448 zhyly zhiberilgen Vizantiya elshiliginin mүshesi grek Prisk Panios zheke korinister tүrinde saktalgan ozinin Vizantiya tarihynda atty enbeginde Edil kagan memleketin Rimnin kauipti baktalasy retinde surettej otyryp shyndykty bejnelegen Numizmatikada Edildin bejnesi 2009 zhyly Қazakstan Ұlttyk Bankisi Ұly kolbasshylar toptamasynyn ishinde Attila monetin shygargan Nominaly 100 tengege ten monet 13 000 dana bolyp shygarylgan 925 synamaly kүmis monettin salmagy 31 1 g diametri 38 61 mm Bet zhagynda averste at үstinde shauyp bara zhatkan zhauynger art zhagynda reverste Attilanyn bejnesi Tomengi bolimde үsh atty sarbaz bejnelengen al үstindegi sektorda agylshyn tilinde Edil kagan agylsh ATTILA THE HUN zhәne 406 453 dep zhazylgan Sankt Peterburgte otken Monet shokzhuldyzy 2010 orys Monetnoe sozvezdie 2010 Halykaralyk konkursynda bul monet Zhyl moneti orys Moneta goda syjlygyna ie boldy Bәjgege 24 elden 209 monet kojylgan Edildin anyzdardagy bejnesi Edil kagan Nibelungtar turaly zhyr atty belgili germandyk eposynyn basty kejipkeri Edildin әdebiettegi bejnesi Ғazhajyp komediya Aligeri Dante 1321 Қudajdyn kamshysy Buve Azhan M Attila gundardyn kolbasshysy Edvard Hatton 2005 Nomen est omen Christopher Kelly Attila the Hun Barbarian Terror and the Fall of the Roman Empire Bodley Head 2008 3 Blockley R C The Fragmentary Classicising Historians of the Later Roman Empire vol II ISBN 0 905205 15 4 Gordon C D The Age of Attila Fifth century Byzantium and the Barbarians Michigan University of Michigan Press 1960 Maenchen Helfen Otto ed Max Knight The World of the Huns Studies in Their History and Culture Berkeley University of California Press 1973 Thompson E A A History of Attila and the Huns Londres Oxford University Press 1999 ISBN 0 631 21443 7Edildin muzykadagy bejnesi Attila 1846 italiyalyk kompozitor Dzhuzeppe Verdidin belgili operasy Attila 2004 Iced Earth atty amerikalyk hevi metal tobynyn The Glorious Burden albomynyn ishindegi әni Attila 2011 kazakstandyk Aldaspan hevi metal tobynyn algashky albomy Attila 2005 Atlantadan shykkan detkor toby Edildin kinematografiyadagy bejnesi IMDB degi Attila Attila 1954 Attila Attila baskynshy serialy 2001 Basty rolde Dzherard Batler Etcel Attila 1924 zhyly tүsirilgen Frica Langyn Nibelungi zhәne 1967 zhyly GFR da tүsirilgen Nibelungi atty filmderdin bas kejipkeri Tagy karanyzҒundar Ғundar memleketiDerekkozderIordannyn Getika zhazbalarynda attary atalgan Homant Balint Szekly liler Bulleten 20 Ist S 601 Dictionary of Medieval Heroes Characters in Medieval Narrative Traditions Willem Pieter Gerritsen Anthony G Van Melle Tanis M Guest Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H G Dyorfer O yazyke gunnov 1973 Iordan Getika 183 Wolfram Herwig The Roman Empire and its Germanic Peoples 1st University of California Press 1997 P 143 ISBN 978 0 520 08511 4 Jordanes XLIX Priscus of Panium fragments from the Embassy to Attila Muragattalgan 11 zheltoksannyn 2003 zhyly Jordanes XXXV Iordan Getika 180 Sokrat Sholastik Shirkeu tarihy 7 30 Bona 2002 p 30 Bona 2002 p 26 Escher Lebedynsky 2007 p 62 ortalyk Europadagy ajmak rim provinciyasy J B Bury History of the Later Roman Empire ch 7 3 Marcellin Komit 441 zh Hunnorum reges numerosis suorum cum millibus in Illyricum irruerunt Naisum Singidinum aliasque civitates oppidaque Illyrici plurima exciderunt Feodorit V 37 Marc Komit 441 g II Feodosijdin novellalary 26 shilde 441 V 1 Marg Margos Serbiyadagy ozen Dunajga kujylatyn zherde ornalaskan kala Prisk Destunistin audarymynda din kyzmetkerlerinin mazarlardy tonauy sol kezde zhii kezdesetin zhagdaj bolgan Cawthorne Nigel Military Commanders Enchanted Lion Books P 41 Prisk Destunistin audarmasynda fr 3 g 447 Nov Theodos XXVI 1 Haas Christopher Embassy to Attila Priscus of Panium Villanova University Tekserildi mamyr 18 2014 Қuramynda gundardan baska germandyk vassaldar gepidter ostgottar shvabtar alemandar tyuringter franktar burgunddar alandar sarmattar zhәne t b varvar tajpalary bolgan Escher et Lebedynsky 2011 p 22 24 better Orlean kalasynan shygys zhakka karaj 200 km dej kashyktykta Iordan zhazyp ketkendej eshkim mundaj keremet okigalardy basynan otkermegen bul okigalardy zhan zhakty zhetkizu үshin keremettin tikelej kuәgeri bolu kazhet mu 405 Mediolanon Prosper Akvitan rim papasy I Leonyn hatshysynyn tarihi hronikasy Kirsch Johann Peter 1910 Pope St Leo I the Great The Catholic Encyclopedia vol 9 New York Robert Appleton Company Retrieved mamyr 19 2014 Iordan Getika 225 Iordan Getika 254 258 Hungary Archeologists Discover Tomb of Attila the Hun Muragattalgan 4 sәuirdin 2016 zhyly Iordan Getika 266 1 2 Muragattalgan 28 akpannyn 2012 zhyly Aldaspan tobynyn diskografiyasy Muragattalgan 1 kyrkүjektin 2014 zhyly Attila Atlanta GA Bul makala kazaksha Uikipediyanyn zhaksy makalalar tizimine enedi