Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.
Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.
Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының . өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.
Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері
Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді.Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті . құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді.. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды.. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.
1917 жылғы 9 наурызда «Семей облыстық атқару комитетінің бюллетені», уездік атқару комитеттері — Зайсанда, Павлодарда, Көкпектіде Уақытша үкіметтін жергілікті ұйымдары ұйымдастырылғаны туралы хабарлады. Жекелеген қалаларда (Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата) алғашқы қырғыз (қазақ) және мұсылман комитеттері құрылды. Оларды ұйымдастырудың бастамашылары Ә.Н. Бокейханов бастаған қазақ интеллигенциясының либералдық-демократиялық көсемдерімен тығыз байланыста болды. Ақпан революциясы жеңісінің хабары жеткен бойда тыл жұмысшыларының тағдырын шешу үшін қазақ жұртшылығы жіберген, бұл кезде Минскіде тұрған 15 адам Қазақстандағы өз жақтастарына үндеу хат жіберді. Бұл үндеуге Ә. Бокейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Н. Тореқұлов, Т. Жаманмұрынов және басқалар . қол койып, оны М.Тынышбаев (Черняев к.), А. Тұрлыбаев (Омбы қ.), А. Сәтбаев (Павлодар к.), Р. Мәрсеков пен Т. Ибрагимов (Семей к.), С. Жылкайдаров (Атбасар қ.), X. Досмұхамедов (Ойыл қ.), Т. Шонанов (Ырғыз қ.), К. Қожықов (Әндіжан к.), ағайынды Тұрысбековтер (Қапал қ.), Б. Каралдин, О. Алмасов (Торғай қ.) және басқалардың аттарына (барлығы 25 мекенжай бойынша) жіберілген болатын. Бұл үндеуде былай деп жазылды: «Қазақтарға, жанарған Ресейдің еркін азаматтарына!
Ресейдің барлық халықтары үшін еркіндіктің, теңдік пен туысқандықтың таңы атты. Жаңа құрылыс пен жаңа үкіметке қолдау көрсету үшін қазақтар ұйымдасуы қажет. Жаңа құрылысты қолдайтын барлық ұлттар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қазақтар Құрылтай жиналысына дайындалуға және оған лайықты кандидаттар таңдауға тиіс. Сіздерді бұрынғы қазақішілік дау-дамайды, отбасы, ошақ қасылық ұрыс-керісті тастауға, халықты бірігу мен әділдіктің ұранын көтеруге шақырамыз!
Жер мәселесін тездетіп талқыға салыңыздар. Біздің ұранымыз - «демократиялы республика», жер одан өнім өндіретін малшылар мен егіншілерге тиесілі. Құдайдан басқа ештеңеден де қорықпаңыздар! Әділдікпен қимыл жасаңдар, жаңа үкіметті қолдаңдар. Азық-түлікпен майдандағы біздің жұмысшылар мәселесі бойынша өкілетті министрлікке қолдау көрсетіндер. Халықтың пікірін жария етіп отырыңдар...»..
Үндеу қызметтің негізгі үш бағыты бойынша арнайы мақсат қойғанын аңдау қиын емес. Олар:
- саясаттағы басты орын жалпыресейлік мәселелерді және бірінші кезекте билік пен елдің болашақ құрылысы туралы мәселені қамтуға тиіс (жаңа үкіметке қолдау көрсету, ұран - «демократиялық республика»);
- отырықшылар мен көшпелі елдің мүдделерін есепке ала отырып, жер мәселесі кешенін тездетіп күн тәртібіне қою қажет;
- құрылтай жиналысының сайлауына, халықты бір тудың астына топтасуға, бұрынғы бағыныштылық пен қараңғылықты жоюға мыктап әзірлену талап етіледі («Ешкімнен қорықпаңыздар...»).
Жергілікті жерлерде қазақ және мұсылман халықтары комитеттерінің жүйесін құру мәселесі бойынша едәуір белсенді жұмыстар жүргізілді. Наурыз бен сәуірдің бірінші жартысы аралығында бұл комитеттер іс жүзінде бүкіл Қазақстан аумағын қамтыды және съездер өткізіп, онда жоғарыда аталған 15 қазақ қайраткерлерінің үндеуіне түсінік беретін құжаттар қаралды.
Қазақ комитеттері Уақытша үкіметке халықтың өзекті жалпы ұлттық мүдделерін ұсынуға және оларды табандылықпен қорғауға тырысатын демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдар екенін көрсетті. Үндеу авторларының бір бөлігі Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А. Ахтямовтың шақыруымен Петроградқа мұсылмандар кеңесіне келді. Оған Қазақстаннан Н. Құрбанғалиев, Ә.Н. Бөкейханов, А. Кенжин, Ж. Сейдалин, М. Дулатов және М. Боштаевтар қатысты. Пікір алысудан кейін мұсылман ұйымын үйлестіретін орталық мұсылман бюросын құру және Бүкілресейлік мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты..
Кеңеске қатысушылардың басым көпшілігі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бірден туған өлкелеріне жүріп кетті. Ә. Н. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның VII съезінің (25-28 наурыз, 1917 жыл) делегаты ретінде Петроградта аялдап қалды. Бұл партияның саяси бағыты Уақытша үкіметті толығымен қолдауды, «жауды толық және түпкілікті жеңіп шыққанша соғысты жалғастыра беруді», Құрылтай жиналысының тұғырнамасында аграрлық және Ұлттық мәселелерді шешуді анықтап берді.
Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс
Қазақ халқына ұсынылған либералдық ұлттық-демократиялық көзғалыс бағдарламасының салыстырмалы түрде ұстамды болуы және осы қозғалыс көсемінің кадеттер партиясының басшыларымен бұрыннан келе жатқан байланыстары Бөкейхановты кадеттер партиясы ОК-нің құрамына кіруін қамтамасыз етті, ал бұл сөл кездегі жағдайда қажетті билік тетігіне ұлттық қозғалыс басшылығының қол жеткізуіне бірден жол ашты, жаңа жағдайда өзін көрсетуге мүмкіндік туғызды. Көп кешікпей Ә.Н. Бокейханов Торғай облысы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Сәл кейінірек М. Тынышбаев, одан соң Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Асфендияр Кенжин, Әзімхан Кенесарин және қазақ халқының кейбір басқа да өкілдері Қазақстан мен Түркістанның бірқатар уездері мен қалаларындағы уақытша үкіметтің атқарушы органдарының құрамына кірді. Осыдан кейін қозғалыстың кадеттермен жақындығы идеологиялық жағынан ғана күш алып қоймай, өздерінің саяси бағытын іске асыруына да қолайлы жағдай туғызды, қазақтың ұлттық қозғалыс көсемдері Кеңестерге оның идеялық-саяси бағыты мен іс-қимылына басқаша қарай бастады. Алайда бұл кейін Қазақстанның ұлттық-демократиялық қозғалысын аса күрделі жағдайға тап қылды, өйткені ол Кеңестердің айналасына шоғырланған төңкерістік- демократиялық топтардан іргесін дереу аулақ салған болатын, оның үстіне белгілі мөлшерде олармен пікір қақтығысына барып қалған еді.
Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі Уақытша үкіметтің сенімді тірегі қазақ комитеттері және бай татар мен ұйғыр көпестері еді. Ал елдегі екінші билік негізінен орыс және басқа да славян халықтарының өкілдерінен, сондай-ақ В.И. Лениннің берген анықтамасы бойынша орталық мемлекеттік өкімет шығарған заңға емес, төменгі қалың көпшіліктің қолдауымен билікті төңкеріс арқылы тартып алуға сүйенген жұмысшылар мен шаруалардың, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері болды..
Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестердін Қазақстанда пайдаболуы мен қызметінің сипаты көбіне-көп оның орталықта пайда болу құбылысымен ұқсас болып келеді. Сонымен бірге бұл процестін көптеген өзіндік ерекшеліктері де болды. Алғашқы Кеңестер Қазақстанда монархияны құлатқан бетте пайда бола бастағанымен, ол өлкенің әр өңірінде уақыт жағынан да, оған қатысқан саяси күштердің арасалмағы бойынша да түрліше қалыптасты.
Мәселен, Петропавл гарнизонында алғашқы Кеңестер 1916 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір әскери-социалистік одақ өкілдерінен РСДЖП мүшелерінің ұйымдастыруымен құрылды. 2-4 наурыз аралығында жұмысшылар Кеңесі мен солдат депутаттары Кеңесінің сайлауы өтті. 14 наурызда олар өзара бірікті. Кеңестер белгілі бір кешеуілдермен Семейде және Верныйда (9 наурыз), Қостанайда (18 наурыз), Түркістанда (22 наурыз), Павлодарда (19 сәуір) құрылған болатын.
Наурыз-сәуір ішінде жұмысшы депутаттарының Кеңестері Әулие-атада, Перовскіде, Доссорда, Қазалыда, Черняевте, Ақтөбеде, Павлодарда, Өскеменде, Риддерде, Қарқаралыда және өлкенің басқа да көптеген қалаларында пайда болды.
Ал Оралға келетін болсақ, онда Атқару комитетінің құрамына Мемлекеттік Думаның, Орал қазақ әскерінің, гарнизонның жұмысшы, солдат, офицерлерінің, сондай-ақ қазақ жұртшылығының өкілдері кірді. Наурыздың ортасында бұл Атқару комитетінің құрамында 200 адам болды. Мұнда жұмысшы депутаттары Кеңесінің қызметін жұмысшы топ, ал солдаттар депутаттары Кеңесінің ісін әскери комитет жүргізді.
Большевик А.Н. Морозов басшылық еткен Черняевтен (Шымкенттен) және РСДЖП жергілікті ұйымының басшысы A.M. Поволоцкий (меньшевик-интернационалист) басқарған Петропавлдан басқа Қазақстандағы қалған Кеңестердің барлығына дерлік социалист-революционерлер (ЭСЭР) партиясының мүшелері билік етті. Кеңестерді Семейде 1902 жылдан, яғни әсер партиясының негізі қаланған күннен бастап осы партияда болған П.C. Юдин, Верныйда Домашев, Қазалыда Н. Эйдельман басқарды.
Жер-жерде жұмысшы депутаттарының Кеңестерімен бір мезгілде солдат депутаттарының Кеңестері құрыла бастады. 1917 жылғы 4 наурызда Көкшетау жергілікті гарнизонының солдаттары полиция мен жергілікті құраманы қарусыздандырып, қазақ жүздіктерімен бірге солдат және қазақ депутаттарының атқару комитетін сайлады. 1917 жылы 16 сәуірде Зайсан қаласында (Семей облысы) жергілікті гарнизонный солдаттары солдат депутаттарының Кеңесін ұйымдастырды. Оны Петроград солдат депутаттарының Кеңесі қолдап, одан өз тапсырыстары мен жұмыс бағдарламасын жіберуді сұрады. 17 наурызда Әулиеата гарнизонының солдаттары мен офицерлері депутаттарының Комитеті құрылып, комитеттің президиумы сайланды.
Қазақстанда жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің құрылу процесі негізінен 1917 жылы сәуір-мамырда аяқталды.
Қазақстанның жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері бір-бірімен, сондай-ақ Петроград Кеңесімен, Ташкент, Орынбор, Омбы, Саратов, Астрахан Кеңестерімен, сонымен бірге Қазақстанның жекелеген облыстарының әкімшілік орталығы болып табылатын немесе өлкенің көптеген қалаларымен дәстүрлі саяси-экономикалық байланысы бар басқа да қалаларындағы Кеңестерімен едәуір тығыз байланыс орнатты.
Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының қалыптасуы және Кеңестердің кең ауқымды жүйесінің ұйымдасуы кезеңінде (наурыз-сәуірдің басы) олардың арасында белгілі мөлшерде өзара түсіністік орнады, алайда оны одан әрі нығайту барысында келіспеушіліктер де байқалды.
Атқару комитеттері мен Кеңестер патшалық әкімшілік жүйені жою мақсатымен бірлескен жұмыстар жүргізді, жер-жердегі саяси тұтқындарды босатты, әлеуметтік бағыттағы және қаланы жабдықтау, салық жинау тәрізді кезек күттірмейтін мәселелерді шешумен шұғылданды, 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қашқындарды Қытайдан кері қайтару шараларын іске асырды. Кеңестер мен Атқару комитеттерінің осындай бірқатар түсіністікпен атқарған іс-әрекеттері көңіл қуантты. Сәуірдін басында «Гурьевский вестник» газетінде Доссор Атқару комитетінің «Бүкіл әлем Ресей халықтары мен таптарының ұйымшылдығын, табандылығын, бірлігін көрді... Соғыстың жеңіспен аяқталары да алыс емес...» . деген үндеуі жарияланды. Алайда тура осы күні, газет редакторы В. Старцев аталған үндеуді теруге берген күні большевиктердің он жылдық эмиграциядан енді ғана оралған көсемі В.И. Ленин Петроградта: «Ресейде, таптардың бірлігі болган емес және болмайды да, буржуазия халықты көпе-көрінеу алдап отыр. Ұранымыз былай болуға тиіс: «Уақытша үкіметке ешқандай қолдау болмасын,... бүкіл елде төменнен жоғарыға дейін жұмысшы, батрақ және шаруа депутаттары Кеңестерінің республикасы... Барлық помешиктік жерлер тәркіленсін. Елдегі бүкіл жер мемлекет меншігіне берілсін» . деп мәлімдеді. Көп кешікпей большевиктердің сәуір (VII) конференциясында бұл ережелер: «Ресейдің құрамына кіретін барлық ұлттар үшін ерікті түрде бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға құқы бар екені мойындалуға тиіс»" деген талаптармен толықтырылды.
Большевиктер көсемі өз партиясының ұстанған бағыты «буржуазиялық-демократиялық төңкерісті социалистік төңкеріске ұластыру керек» деп атап көрсетіп, төңкерістің жаңа бағытының «барлық билік Кеңестерге берілсін» деген ұранын анықтап берді. Оны жүзеге асыру қосөкіметтілікті жойып, бірыңғай Кеңестерді орнатуға алып келуге тиіс болды. В.И. Лениннің ұраны бірден қолдау тапты, себебі елде соғыс тудырған қиындықтар — аштық, қымбатшылық, жаппай күйзеліс, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі - бәрі де етек жайып, шегіне жетіп тұрған еді.
Уақытша үкіметті қолдау немесе оған қарсы болу, Кеңестерді қолдау немесе оған қарсы болу. Күн тәртібіндегі мәселе негізінен осылай нақты қойылды. Бұл бүкіл елді, сонымен бірге Қазақстанды да негізгі үш - оншыл, орта (центристер), солшыл саяси лагерьге бөлді. Егер 1917 жылға дейін осы лагерьлердің әрқайсысы монархист (оншыл), либерал (центристер), социалист (солшыл) ұғымын білдіріп келсе, енді айтарлықтай алмастырулар жүрді. Сырттай, саяси аренадан кетерде, монархистер либералдармен жақындасты, ал олар негізінен өздерінің идеялық ұстанымдарында қалғанмен, оқиғаның барысында саяси қозғалыстың оң канатына айналды. Социалистердің арасы екіге жарылды: көптеген Кеңестердің тізгінін ұстап отырған және либералдық партиялармен, бірінші кезекте кадеттермен тығыз байланыс орнатқан өздеріне біршама сенімді элементтер орталықты құрады. Социалистердің бағдарламалық құжаттарында жерді мемлекет меншігіне алып, помещиктердін жерін шаруаларға беру, фабрикаларды, зауыттарды, қалалық шаруашылықтарды әлеуметтендіру (яғни қоғамдастыру), адамдардың еңбегін қорғау туралы жиі айтылды, бұл социалистерді солға ауытқытып, Ленинге, большевиктерге жақындатты. Істің барысы - Кеңестер мен Уақытша үкіметтің блогы, ең болмағанда қол жеткізілгендерді (саяси бостандықты, билік құрылымдарына қатысу) жүзеге асыруға талпыну - либералдармен одақтасуға мәжбүр етті.
Сол қанатта большевиктер партиясы, солшыл әсерлер және солшыл меньшевиктердің аздаған бөлігі (интернационалистер) болды. Оларға сондай-ақ анархистер мен ұлттық-демократиялық бағыттағы солшыл элементтер қосылды.
Қазақстандағы саяси топтасу көп ұлтты құрамда болуына орай елеулі өзіндік ерекшелікке ие болды. Мұнда оң қанат, орталық секілді, табансыздық танытып, олар көбінесе бір-бірімен қосылып кетіп жатты. Оң қанатта Уақытша үкіметтің жергілікті әкімшілігі – Атқару комитеттерінің басшылары, облыстық және уездік комиссарлар болды. Олардың саяси тіректері ретінде кадеттер партиясының, халықтық социалистердің ұйымдары мен топтары, қазақтың ұлттық комитеттері, оралдық, орынборлық, сібірлік және жетісулық қазақтардың басшылары, «Шура-ислами» партиясының комитеттері (Әулиеата, Черняев, Түркістан, Қазалы, Перовск) қызмет етті, соңғылары әсерлермен одақ құра отырып, орта (центриста) саясатты ұстанды. Қазақстандық центристер бүкіл көктем мен жазда әжептәуір сенім артарлық деңгейде көрінді. Онда Черняев Кеңесінен басқа Кеңестердің бәрін өз қолына алған әсерлер үстем жағдайда болды. Меньшевиктерге келетін болсақ, олар аса белсенділік көрсеткен жоқ, олардың басты назары РСДЖП-ның біріккен ұйымдарындағы большевиктермен жүргізілетін күреске ауды. Сол қанат ақпан жеңісінен кейінгі алғашқы айларда өте әлсіз болды. Большевиктер тек Шымкент жұмысшы депутаттарының кеңесін ғана бақылады, Петропавл, Перовск, Қазалы Кеңестерінде бір-бірден депутаттары ғана болды. Уақытша үкіметпен ымыраға келмеу бағытын анықтап берген және революциялық күштердің либералдармен арадағы одағын қатаң сынға алған Лениннің Сәуір тезистері баспасөзге жарияланғаннан кейін оң қанат та, орталық та большевиктерге ашық түрде қарсы шықты.
Әсерлер 27 маусымда Петропавл қалалық Кеңесінің мәжілісінде Ленин мен оның жақтастарының іс-қимылын «барып тұрған зиянды әрі жол беруге болмайтын әрекет» деп бағалаған қарар қабылдады. Олар «Лениннің жұрт алдында сөйлеуіне және онын Сібір орталықтарына келуіне қарсы» наразылық білдірді..
Ақтобе Кеңесі басшылары депутаттар құрамынан большевик В.Ф. Зенченконы шығарып тастауға қол жеткізген большевиктік-үгіт насихатты «жол беруге болмайтын әрекет» деп жариялады. Қазақ ұлттық-демократиялық қозғалысы аса қайшылықты жағдайға тап болды. Ол 1917 жылы сәуір-мамыр айларында жалпы халықтық талқыға салыну керек деп есептелген мәселелерді қарау үшін бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және уездік съездер өткізді.. Ақмола облыстық қазақ ұйымындағы съезде А. Тұрлыбаев, Е. Итбаев және М. Дулатовтардың басшылығымен 150 делегат халыққа білім беру, қаржы, дін, әйел, земство қызметі мәселелеріне тоқталды. Семейде съезге дайындық жасау мен өткізу ісін Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, X. Ғаббасов, Р. Мәрсековтер қолға алды. Қазақ коғамындағы әйелдер тағдыры туралы мәселені қатаң түрде қойған Н.С. Құлжанованың жан даусы қалаларда, облыстарда, тіпті Батыс Сібірде естіліп жатты. Барлық съездер Уақытша үкіметті қолдау және соғысты «жеңіспен аяқтағанға дейін жеткізу керек» деп мәлімдеді. Оралда, Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте делегаттар жер бағдарламасын тиянақтылықпен әзірлеу, ұлт мәселесін шешу туралы сөз етті. Бірақ та олардың партияны басқаратын одақтастары (кадеттер), сондай-ақ билікке қол жеткізуге ұмтылып келе жатқан социалист-революционерлер қазақ халқының ұлттық мүдде-зарын естуге таскерең еді. Орал облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары Т. Бизянов өзінің халыққа жасаған үндеуінде самодержавие арқылы ауыл еңбеккерлерінен алынып қойылғандардың ешқайсысы кері қайтарылмайтынын жеткізді. «Қазақтардың жерге, өзен, көл және т.б. иелік ету құқықтарына келетін болсақ, Уақытша үкімет бұл құқықтар тарихи жолмен қалыптасқанын, оған ешкім де қол сұға алмайтынын қолдайды» . деп мәлімдеді.
Әсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезінің құжаттарынан да суық леп есе бастады. Бұл өңірдің жергілікті тұрғындарына автономия беру туралы мәселе бойынша делегаттар қабылдаған қарарда былай деп атап көрсетті: өлке халқы мәдени-экономикалық дамуы жағынан артта қалған. Патша үкіметі кез келтен оркениетті бастамаларды тежеп отырды. Түркістанды әскери жолмен басқару қандай да бір өзгеріске ұмтылуды тұншықтырумен болды. Өңір халқының бірде-бір өз интеллигенциясы жоқ. «Сол себепті съезд өлкеге автономиялық еркіндік және жалпы мемлекеттік, қалалық басқару ұйымдарының кең көлемді жүйесін құру мүмкіндігін беру қажет деп есептейді».. Басқасының барлығы Ресейге тиесілі болуы керек. Ал ол - саясат, экономика, қаржы, әскери іс, полиция, сот және т.б. Батыс Сібір әсерлерінің конференциясы да қазақ халқының ұлттық мүдде-зарын мүлде елемеді..
Тұтастай алғанда, Уақытша үкімет те, оның жергілікті ұйымдары да қазақ халкының ұлттық мәселелеріне таскерең күйінде қалды.
Дереккөздер
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3
Дереккөздер
- Қазақ комитеттерінің ұйымдасуы мен олардың нақты қызметтері туралы дәлірек білгіңіз келсе, К. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда...» атты еңбегін қараңыз. 92—114-беттер
- Қазіргі зерттеушілерге толык емес мәлімет бойынша «Алаш» партиясынын 350-400-дей мүшесінің және онын жактастарынын аты белгілі
- K. Тоғысовтың арнаулы зандык білімі болмаса да 1905 жылдан бастап Семей облысының Зайсан уезінде адвокаттық жұмыспен айналысты. Ленин В.И. Поли. собр. соч., т. 31, 135-6.
- В огне революции. Сб. воспоминаний. А., 1957, 154-6.
- Казахстан в огне гражданской войны. Воспоминания. А., 1960, 192-6.
- Омский вестник, 1917, 2 маусым.
- Сибирская речь, 1917, 22 маусым; КР ОММ, 992-к., 1-т., 11-іс, 2-п.
- Нурпеисов К. Становление Советов в Казахстане. А., 1987, 111—112-6.
- Сонда: Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты, 188 -к., 2 т., 12-іс, 19-п.
- Казахстан в огне гражданской войны. А., 1960, 200-6.
- Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. А., 1992, 116, 117, 188-6.
- Туркестан в начале XX века: К истории истоков..., 22-6.
- Сонда, 24-6.
- Сейфуллин С. Тернистый путь. А., 1975, 100-6.
- Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. Алматы: Атамұра, 1998, 152, 150-6.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet 1917 zhylgy eki revolyuciya kezenindegi Қazakstan 1917 zhylgy akpanda patsha okimetin kulatu Resej men onyn ulttyk shet ajmaktaryndagy sayasi kүshterdin ornalasuyn tүbirimen ozgertti Akpan revolyuciyasynyn nәtizhesinde kosokimet kalyptasty bir zhagynda burzhuaziya men burzhuaziyalangan pomeshikterdin Uakytsha үkimeti pajda bolsa ekinshi zhagynda zhumysshy zhәne soldat deputattarynyn mүddesin kozdejtin Kenester kuryldy Қosokimettin mәni mynadaj boldy nakty bilikke ie Uakytsha үkimettin kүshti әleumettik bazasy bolmady al Kenester әleumettik kүshke ie bola turyp nakty bilikke kol zhetkize almady Songysynyn үmiti әleumettik zhagynan tomengilerdin tikelej koldauyna sүjene otyryp bilikti revolyuciya arkyly basyp alu edi Resej men Қazakstannyn sayasi omirinde songy үrdis basymdykka ie boldy Memlekettik Dumanyn Uakytsha komitetinin kuryluy ol komitet arkyly Uakytsha үkimettin dүniege kelui zhumysshy zhәne soldat deputattary Kenesinin kuryluy turaly habar negizinen zhedelhat tүrinde Uakytsha үkimet pen Petrograd Kenesi Prezidiumynyn halykka zholdauy Қazakstanga 1917 zhyly nauryzdyn 2 3 inde kelip zhetti Uakytsha үkimet te Petrograd Kenesi de algashky kezde bir birin zharysa tolyktyrumen boldy Munyn ozinshe kisyndy zhagy bar edi Uakytsha үkimet kazhetti zandy okilettikteri bar zhogargy memlekettik zhalpyhalyktyk sajlangan organnyn erkin bildiretin taza kyzmettik apparat retinde әreket etti Mundaj zhagdaj zhergilikti zherlerde shet ajmakktarda әli de bilikke ie zhazalaushylyk kabiletinen ajyryla kojmagan kone patshalyk byurokratiyalyk baskarudyn karsylygyn birden basty Petrograd Kenesinin Prezidiumy oz kezeginde halyktyn kazhetti koldauyna ie boldy guberniyalar men uezderge tikelej halyktyk үkimet Kenesterdi kuruga shakyrgan zhedel hattar zhiberdi Mundaj әreket revolyuciyanyn zhenisin bekite tүsu үshin kazhet boldy ojtkeni bul akpan zhenisin saktap kaluga zhәne burzhuaziyanyn barlyk bilikterin shekteuge belgili molsherde zhagdaj tugyzatyn edi Petrogradtan taragan nuskaular zher zherde onyn ishinde Қazakstanda da kozgalystyn eristeuine sebepshi boldy Bir zhagynda burzhuaziyadyk elementter әreket etse ekinshi zhagynda revolyuciyalyk demokratiyalyk kүshter kimyl zhasady Olar sogan sәjkes Uakytsha үkimettin zhergilikti kurylymdaryn atkarushy azamattyk komitetter men revolyuciyalyk bilik organdary Kenester kurady Ortalyktagy siyakty zhergilikti zherlerde de Kenes kajratkerlerinin atkaru komitetinin kuramyna nemese kerisinshe atkaru komitetindegilerdin Kenes kuramyna kirgen faktileri zhii kezdesip otyrdy Leninnin bagalauy bojynsha mundaj eki diktaturanyn gazhajyp zhymdasuynyn ozindik sebepteri boluymen katar izinshe shielenisti zhajtka tүrtki boldy sebebi sayasi selbesushilerdin el men Қazakstandy damytu bolashagy turaly tүsinikteri barynsha alshak edi Қazakstandagy kosokimet zhәne onyn erekshelikteriAtkaru komitetterin kuru da Kenesterdi kuru isi de ote tez zhүrdi alajda atkaru komitetteri isti tezirek ujymdastyryp otyrdy sebebi olar kalalyk ujymdardyn zhergilikti ozin ozi baskaru aktivterine kalalyk dumalarga әskeri kәsiporyn komitetterine arka sүjedi Sojtip 4 nauryzdyn keshinde Petropavldagy kalalyk dumanyn mәzhilisinde kogamdyk kauipsizdik koaliniyalyk komiteti kurylyp ol atkaru komitetinin kyzmetimen ajnalysa bastady Onyn kuramyna konstituciyalyk demokratiyalyk partiyanyn zhergilikti ujymdarynyn mүsheleri kadetter iri saudagerler men ondiris ieleri A Cheremisov Kazancev Mazov Nagatkinder kirdi Semej kogamdyk ujymdarynyn oblystyk atkaru komiteti men әskerdi K P Lyashkeevich baskardy kalgan 34 kyzmet ornynyn 16 sy kәsiporyn ieleri men saudagerlerge 8 i oficerlerge 7 eui aukatty sharualarga zhumysshylarga soldattar men kyzmetshilerge tidi Pavlodar uezi Ertis kalasynyn atkaru komiteti 8 nauryzda 12 adamnan 2 kyzmetker 1 saudager 1 zhumysshy 8 aukatty sharuadan kuryldy Basynda kyzmetker M Romanovskij otyrgan hatshylykty horunzhij Domashnev atkargan Oral Atkaru komitetinin kuramy da shamamen osygan uksas boldy 1917 zhylgy 9 nauryzda Semej oblystyk atkaru komitetinin byulleteni uezdik atkaru komitetteri Zajsanda Pavlodarda Kokpektide Uakytsha үkimettin zhergilikti ujymdary ujymdastyrylgany turaly habarlady Zhekelegen kalalarda Oral Vernyj Akmola Semej Әulieata algashky kyrgyz kazak zhәne musylman komitetteri kuryldy Olardy ujymdastyrudyn bastamashylary Ә N Bokejhanov bastagan kazak intelligenciyasynyn liberaldyk demokratiyalyk kosemderimen tygyz bajlanysta boldy Akpan revolyuciyasy zhenisinin habary zhetken bojda tyl zhumysshylarynyn tagdyryn sheshu үshin kazak zhurtshylygy zhibergen bul kezde Minskide turgan 15 adam Қazakstandagy oz zhaktastaryna үndeu hat zhiberdi Bul үndeuge Ә Bokejhanov M Dulatov M Esbolov N Torekulov T Zhamanmurynov zhәne baskalar kol kojyp ony M Tynyshbaev Chernyaev k A Turlybaev Omby k A Sәtbaev Pavlodar k R Mәrsekov pen T Ibragimov Semej k S Zhylkajdarov Atbasar k X Dosmuhamedov Ojyl k T Shonanov Yrgyz k K Қozhykov Әndizhan k agajyndy Turysbekovter Қapal k B Karaldin O Almasov Torgaj k zhәne baskalardyn attaryna barlygy 25 mekenzhaj bojynsha zhiberilgen bolatyn Bul үndeude bylaj dep zhazyldy Қazaktarga zhanargan Resejdin erkin azamattaryna Resejdin barlyk halyktary үshin erkindiktin tendik pen tuyskandyktyn tany atty Zhana kurylys pen zhana үkimetke koldau korsetu үshin kazaktar ujymdasuy kazhet Zhana kurylysty koldajtyn barlyk ulttar tygyz bajlanysta zhumys isteui kerek Қazaktar Қuryltaj zhinalysyna dajyndaluga zhәne ogan lajykty kandidattar tandauga tiis Sizderdi buryngy kazakishilik dau damajdy otbasy oshak kasylyk urys keristi tastauga halykty birigu men әdildiktin uranyn koteruge shakyramyz Zher mәselesin tezdetip talkyga salynyzdar Bizdin uranymyz demokratiyaly respublika zher odan onim ondiretin malshylar men eginshilerge tiesili Қudajdan baska eshteneden de korykpanyzdar Әdildikpen kimyl zhasandar zhana үkimetti koldandar Azyk tүlikpen majdandagy bizdin zhumysshylar mәselesi bojynsha okiletti ministrlikke koldau korsetinder Halyktyn pikirin zhariya etip otyryndar Үndeu kyzmettin negizgi үsh bagyty bojynsha arnajy maksat kojganyn andau kiyn emes Olar sayasattagy basty oryn zhalpyresejlik mәselelerdi zhәne birinshi kezekte bilik pen eldin bolashak kurylysy turaly mәseleni kamtuga tiis zhana үkimetke koldau korsetu uran demokratiyalyk respublika otyrykshylar men koshpeli eldin mүddelerin esepke ala otyryp zher mәselesi keshenin tezdetip kүn tәrtibine koyu kazhet kuryltaj zhinalysynyn sajlauyna halykty bir tudyn astyna toptasuga buryngy bagynyshtylyk pen karangylykty zhoyuga myktap әzirlenu talap etiledi Eshkimnen korykpanyzdar Zhergilikti zherlerde kazak zhәne musylman halyktary komitetterinin zhүjesin kuru mәselesi bojynsha edәuir belsendi zhumystar zhүrgizildi Nauryz ben sәuirdin birinshi zhartysy aralygynda bul komitetter is zhүzinde bүkil Қazakstan aumagyn kamtydy zhәne sezder otkizip onda zhogaryda atalgan 15 kazak kajratkerlerinin үndeuine tүsinik beretin kuzhattar karaldy Қazak komitetteri Uakytsha үkimetke halyktyn ozekti zhalpy ulttyk mүddelerin usynuga zhәne olardy tabandylykpen korgauga tyrysatyn demokratiyalyk bagyttagy kogamdyk ujymdar ekenin korsetti Үndeu avtorlarynyn bir boligi Memlekettik Dumanyn mүshesi I A Ahtyamovtyn shakyruymen Petrogradka musylmandar kenesine keldi Ogan Қazakstannan N Қurbangaliev Ә N Bokejhanov A Kenzhin Zh Sejdalin M Dulatov zhәne M Boshtaevtar katysty Pikir alysudan kejin musylman ujymyn үjlestiretin ortalyk musylman byurosyn kuru zhәne Bүkilresejlik musylmandar sezin shakyru kazhet dep tapty Keneske katysushylardyn basym kopshiligi үgit nasihat zhumystaryn zhүrgizu үshin birden tugan olkelerine zhүrip ketti Ә N Bokejhanov konstituciyalyk demokratiyalyk partiyanyn VII sezinin 25 28 nauryz 1917 zhyl delegaty retinde Petrogradta ayaldap kaldy Bul partiyanyn sayasi bagyty Uakytsha үkimetti tolygymen koldaudy zhaudy tolyk zhәne tүpkilikti zhenip shykkansha sogysty zhalgastyra berudi Қuryltaj zhinalysynyn tugyrnamasynda agrarlyk zhәne Ұlttyk mәselelerdi sheshudi anyktap berdi Қazak halkyna usynylgan liberaldyk ulttyk demokratiyalyk kozgalysҚazak halkyna usynylgan liberaldyk ulttyk demokratiyalyk kozgalys bagdarlamasynyn salystyrmaly tүrde ustamdy boluy zhәne osy kozgalys koseminin kadetter partiyasynyn basshylarymen burynnan kele zhatkan bajlanystary Bokejhanovty kadetter partiyasy OK nin kuramyna kiruin kamtamasyz etti al bul sol kezdegi zhagdajda kazhetti bilik tetigine ulttyk kozgalys basshylygynyn kol zhetkizuine birden zhol ashty zhana zhagdajda ozin korsetuge mүmkindik tugyzdy Kop keshikpej Ә N Bokejhanov Torgaj oblysy bojynsha Uakytsha үkimettin komissary bolyp tagajyndaldy Sәl kejinirek M Tynyshbaev odan son Mustafa Shokaj Uakytsha үkimettin Tүrkistan komitetinin kuramyna engizildi Zhansha Dosmuhamedov Halel Ғabbasov Zhakyp Akbaev Asfendiyar Kenzhin Әzimhan Kenesarin zhәne kazak halkynyn kejbir baska da okilderi Қazakstan men Tүrkistannyn birkatar uezderi men kalalaryndagy uakytsha үkimettin atkarushy organdarynyn kuramyna kirdi Osydan kejin kozgalystyn kadettermen zhakyndygy ideologiyalyk zhagynan gana kүsh alyp kojmaj ozderinin sayasi bagytyn iske asyruyna da kolajly zhagdaj tugyzdy kazaktyn ulttyk kozgalys kosemderi Kenesterge onyn ideyalyk sayasi bagyty men is kimylyna baskasha karaj bastady Alajda bul kejin Қazakstannyn ulttyk demokratiyalyk kozgalysyn asa kүrdeli zhagdajga tap kyldy ojtkeni ol Kenesterdin ajnalasyna shogyrlangan tonkeristik demokratiyalyk toptardan irgesin dereu aulak salgan bolatyn onyn үstine belgili molsherde olarmen pikir kaktygysyna baryp kalgan edi Қazakstannyn oblystary men uezderindegi Uakytsha үkimettin senimdi tiregi kazak komitetteri zhәne baj tatar men ujgyr kopesteri edi Al eldegi ekinshi bilik negizinen orys zhәne baska da slavyan halyktarynyn okilderinen sondaj ak V I Leninnin bergen anyktamasy bojynsha ortalyk memlekettik okimet shygargan zanga emes tomengi kalyn kopshiliktin koldauymen bilikti tonkeris arkyly tartyp aluga sүjengen zhumysshylar men sharualardyn zhumysshy soldat zhәne sharua deputattarynyn Kenesteri boldy Қarastyrylyp otyrgan kezendegi Kenesterdin Қazakstanda pajdaboluy men kyzmetinin sipaty kobine kop onyn ortalykta pajda bolu kubylysymen uksas bolyp keledi Sonymen birge bul procestin koptegen ozindik erekshelikteri de boldy Algashky Kenester Қazakstanda monarhiyany kulatkan bette pajda bola bastaganymen ol olkenin әr onirinde uakyt zhagynan da ogan katyskan sayasi kүshterdin arasalmagy bojynsha da tүrlishe kalyptasty Mәselen Petropavl garnizonynda algashky Kenester 1916 zhylgy zheltoksanda Batys Sibir әskeri socialistik odak okilderinen RSDZhP mүshelerinin ujymdastyruymen kuryldy 2 4 nauryz aralygynda zhumysshylar Kenesi men soldat deputattary Kenesinin sajlauy otti 14 nauryzda olar ozara birikti Kenester belgili bir kesheuildermen Semejde zhәne Vernyjda 9 nauryz Қostanajda 18 nauryz Tүrkistanda 22 nauryz Pavlodarda 19 sәuir kurylgan bolatyn Nauryz sәuir ishinde zhumysshy deputattarynyn Kenesteri Әulie atada Perovskide Dossorda Қazalyda Chernyaevte Aktobede Pavlodarda Өskemende Ridderde Қarkaralyda zhәne olkenin baska da koptegen kalalarynda pajda boldy Al Oralga keletin bolsak onda Atkaru komitetinin kuramyna Memlekettik Dumanyn Oral kazak әskerinin garnizonnyn zhumysshy soldat oficerlerinin sondaj ak kazak zhurtshylygynyn okilderi kirdi Nauryzdyn ortasynda bul Atkaru komitetinin kuramynda 200 adam boldy Munda zhumysshy deputattary Kenesinin kyzmetin zhumysshy top al soldattar deputattary Kenesinin isin әskeri komitet zhүrgizdi Bolshevik A N Morozov basshylyk etken Chernyaevten Shymkentten zhәne RSDZhP zhergilikti ujymynyn basshysy A M Povolockij menshevik internacionalist baskargan Petropavldan baska Қazakstandagy kalgan Kenesterdin barlygyna derlik socialist revolyucionerler ESER partiyasynyn mүsheleri bilik etti Kenesterdi Semejde 1902 zhyldan yagni әser partiyasynyn negizi kalangan kүnnen bastap osy partiyada bolgan P C Yudin Vernyjda Domashev Қazalyda N Ejdelman baskardy Zher zherde zhumysshy deputattarynyn Kenesterimen bir mezgilde soldat deputattarynyn Kenesteri kuryla bastady 1917 zhylgy 4 nauryzda Kokshetau zhergilikti garnizonynyn soldattary policiya men zhergilikti kuramany karusyzdandyryp kazak zhүzdikterimen birge soldat zhәne kazak deputattarynyn atkaru komitetin sajlady 1917 zhyly 16 sәuirde Zajsan kalasynda Semej oblysy zhergilikti garnizonnyj soldattary soldat deputattarynyn Kenesin ujymdastyrdy Ony Petrograd soldat deputattarynyn Kenesi koldap odan oz tapsyrystary men zhumys bagdarlamasyn zhiberudi surady 17 nauryzda Әulieata garnizonynyn soldattary men oficerleri deputattarynyn Komiteti kurylyp komitettin prezidiumy sajlandy Қazakstanda zhumysshy zhәne soldat deputattary Kenesterinin kurylu procesi negizinen 1917 zhyly sәuir mamyrda ayaktaldy Қazakstannyn zhumysshy zhәne soldat deputattarynyn Kenesteri bir birimen sondaj ak Petrograd Kenesimen Tashkent Orynbor Omby Saratov Astrahan Kenesterimen sonymen birge Қazakstannyn zhekelegen oblystarynyn әkimshilik ortalygy bolyp tabylatyn nemese olkenin koptegen kalalarymen dәstүrli sayasi ekonomikalyk bajlanysy bar baska da kalalaryndagy Kenesterimen edәuir tygyz bajlanys ornatty Uakytsha үkimettin zhergilikti organdarynyn kalyptasuy zhәne Kenesterdin ken aukymdy zhүjesinin ujymdasuy kezeninde nauryz sәuirdin basy olardyn arasynda belgili molsherde ozara tүsinistik ornady alajda ony odan әri nygajtu barysynda kelispeushilikter de bajkaldy Atkaru komitetteri men Kenester patshalyk әkimshilik zhүjeni zhoyu maksatymen birlesken zhumystar zhүrgizdi zher zherdegi sayasi tutkyndardy bosatty әleumettik bagyttagy zhәne kalany zhabdyktau salyk zhinau tәrizdi kezek kүttirmejtin mәselelerdi sheshumen shugyldandy 1916 zhyly ult azattyk koteriliske katyskan kashkyndardy Қytajdan keri kajtaru sharalaryn iske asyrdy Kenester men Atkaru komitetterinin osyndaj birkatar tүsinistikpen atkargan is әreketteri konil kuantty Sәuirdin basynda Gurevskij vestnik gazetinde Dossor Atkaru komitetinin Bүkil әlem Resej halyktary men taptarynyn ujymshyldygyn tabandylygyn birligin kordi Sogystyn zhenispen ayaktalary da alys emes degen үndeui zhariyalandy Alajda tura osy kүni gazet redaktory V Starcev atalgan үndeudi teruge bergen kүni bolshevikterdin on zhyldyk emigraciyadan endi gana oralgan kosemi V I Lenin Petrogradta Resejde taptardyn birligi bolgan emes zhәne bolmajdy da burzhuaziya halykty kope korineu aldap otyr Ұranymyz bylaj boluga tiis Uakytsha үkimetke eshkandaj koldau bolmasyn bүkil elde tomennen zhogaryga dejin zhumysshy batrak zhәne sharua deputattary Kenesterinin respublikasy Barlyk pomeshiktik zherler tәrkilensin Eldegi bүkil zher memleket menshigine berilsin dep mәlimdedi Kop keshikpej bolshevikterdin sәuir VII konferenciyasynda bul erezheler Resejdin kuramyna kiretin barlyk ulttar үshin erikti tүrde bolinip shyguga zhәne zheke memleket kuruga kuky bar ekeni mojyndaluga tiis degen talaptarmen tolyktyryldy Bolshevikter kosemi oz partiyasynyn ustangan bagyty burzhuaziyalyk demokratiyalyk tonkeristi socialistik tonkeriske ulastyru kerek dep atap korsetip tonkeristin zhana bagytynyn barlyk bilik Kenesterge berilsin degen uranyn anyktap berdi Ony zhүzege asyru kosokimettilikti zhojyp biryngaj Kenesterdi ornatuga alyp keluge tiis boldy V I Leninnin urany birden koldau tapty sebebi elde sogys tudyrgan kiyndyktar ashtyk kymbatshylyk zhappaj kүjzelis әleumettik zhәne ulttyk ezginin kүsheyui bәri de etek zhajyp shegine zhetip turgan edi Uakytsha үkimetti koldau nemese ogan karsy bolu Kenesterdi koldau nemese ogan karsy bolu Kүn tәrtibindegi mәsele negizinen osylaj nakty kojyldy Bul bүkil eldi sonymen birge Қazakstandy da negizgi үsh onshyl orta centrister solshyl sayasi lagerge boldi Eger 1917 zhylga dejin osy lagerlerdin әrkajsysy monarhist onshyl liberal centrister socialist solshyl ugymyn bildirip kelse endi ajtarlyktaj almastyrular zhүrdi Syrttaj sayasi arenadan keterde monarhister liberaldarmen zhakyndasty al olar negizinen ozderinin ideyalyk ustanymdarynda kalganmen okiganyn barysynda sayasi kozgalystyn on kanatyna ajnaldy Socialisterdin arasy ekige zharyldy koptegen Kenesterdin tizginin ustap otyrgan zhәne liberaldyk partiyalarmen birinshi kezekte kadettermen tygyz bajlanys ornatkan ozderine birshama senimdi elementter ortalykty kurady Socialisterdin bagdarlamalyk kuzhattarynda zherdi memleket menshigine alyp pomeshikterdin zherin sharualarga beru fabrikalardy zauyttardy kalalyk sharuashylyktardy әleumettendiru yagni kogamdastyru adamdardyn enbegin korgau turaly zhii ajtyldy bul socialisterdi solga auytkytyp Leninge bolshevikterge zhakyndatty Istin barysy Kenester men Uakytsha үkimettin blogy en bolmaganda kol zhetkizilgenderdi sayasi bostandykty bilik kurylymdaryna katysu zhүzege asyruga talpynu liberaldarmen odaktasuga mәzhbүr etti Sol kanatta bolshevikter partiyasy solshyl әserler zhәne solshyl menshevikterdin azdagan boligi internacionalister boldy Olarga sondaj ak anarhister men ulttyk demokratiyalyk bagyttagy solshyl elementter kosyldy Қazakstandagy sayasi toptasu kop ultty kuramda boluyna oraj eleuli ozindik erekshelikke ie boldy Munda on kanat ortalyk sekildi tabansyzdyk tanytyp olar kobinese bir birimen kosylyp ketip zhatty On kanatta Uakytsha үkimettin zhergilikti әkimshiligi Atkaru komitetterinin basshylary oblystyk zhәne uezdik komissarlar boldy Olardyn sayasi tirekteri retinde kadetter partiyasynyn halyktyk socialisterdin ujymdary men toptary kazaktyn ulttyk komitetteri oraldyk orynborlyk sibirlik zhәne zhetisulyk kazaktardyn basshylary Shura islami partiyasynyn komitetteri Әulieata Chernyaev Tүrkistan Қazaly Perovsk kyzmet etti songylary әserlermen odak kura otyryp orta centrista sayasatty ustandy Қazakstandyk centrister bүkil koktem men zhazda әzheptәuir senim artarlyk dengejde korindi Onda Chernyaev Kenesinen baska Kenesterdin bәrin oz kolyna algan әserler үstem zhagdajda boldy Menshevikterge keletin bolsak olar asa belsendilik korsetken zhok olardyn basty nazary RSDZhP nyn birikken ujymdaryndagy bolsheviktermen zhүrgiziletin kүreske audy Sol kanat akpan zhenisinen kejingi algashky ajlarda ote әlsiz boldy Bolshevikter tek Shymkent zhumysshy deputattarynyn kenesin gana bakylady Petropavl Perovsk Қazaly Kenesterinde bir birden deputattary gana boldy Uakytsha үkimetpen ymyraga kelmeu bagytyn anyktap bergen zhәne revolyuciyalyk kүshterdin liberaldarmen aradagy odagyn katan synga algan Leninnin Sәuir tezisteri baspasozge zhariyalangannan kejin on kanat ta ortalyk ta bolshevikterge ashyk tүrde karsy shykty Әserler 27 mausymda Petropavl kalalyk Kenesinin mәzhilisinde Lenin men onyn zhaktastarynyn is kimylyn baryp turgan ziyandy әri zhol beruge bolmajtyn әreket dep bagalagan karar kabyldady Olar Leninnin zhurt aldynda sojleuine zhәne onyn Sibir ortalyktaryna keluine karsy narazylyk bildirdi Aktobe Kenesi basshylary deputattar kuramynan bolshevik V F Zenchenkony shygaryp tastauga kol zhetkizgen bolsheviktik үgit nasihatty zhol beruge bolmajtyn әreket dep zhariyalady Қazak ulttyk demokratiyalyk kozgalysy asa kajshylykty zhagdajga tap boldy Ol 1917 zhyly sәuir mamyr ajlarynda zhalpy halyktyk talkyga salynu kerek dep eseptelgen mәselelerdi karau үshin bүkil Қazakstan bojynsha oblystyk zhәne uezdik sezder otkizdi Akmola oblystyk kazak ujymyndagy sezde A Turlybaev E Itbaev zhәne M Dulatovtardyn basshylygymen 150 delegat halykka bilim beru karzhy din әjel zemstvo kyzmeti mәselelerine toktaldy Semejde sezge dajyndyk zhasau men otkizu isin Zh Akbaev Ә Ermekov X Ғabbasov R Mәrsekovter kolga aldy Қazak kogamyndagy әjelder tagdyry turaly mәseleni katan tүrde kojgan N S Қulzhanovanyn zhan dausy kalalarda oblystarda tipti Batys Sibirde estilip zhatty Barlyk sezder Uakytsha үkimetti koldau zhәne sogysty zhenispen ayaktaganga dejin zhetkizu kerek dep mәlimdedi Oralda Orynborda Aktobede Tashkentte delegattar zher bagdarlamasyn tiyanaktylykpen әzirleu ult mәselesin sheshu turaly soz etti Birak ta olardyn partiyany baskaratyn odaktastary kadetter sondaj ak bilikke kol zhetkizuge umtylyp kele zhatkan socialist revolyucionerler kazak halkynyn ulttyk mүdde zaryn estuge taskeren edi Oral oblysyndagy Uakytsha үkimettin komissary T Bizyanov ozinin halykka zhasagan үndeuinde samoderzhavie arkyly auyl enbekkerlerinen alynyp kojylgandardyn eshkajsysy keri kajtarylmajtynyn zhetkizdi Қazaktardyn zherge ozen kol zhәne t b ielik etu kukyktaryna keletin bolsak Uakytsha үkimet bul kukyktar tarihi zholmen kalyptaskanyn ogan eshkim de kol suga almajtynyn koldajdy dep mәlimdedi Әserler partiyasynyn Tүrkistan olkelik sezinin kuzhattarynan da suyk lep ese bastady Bul onirdin zhergilikti turgyndaryna avtonomiya beru turaly mәsele bojynsha delegattar kabyldagan kararda bylaj dep atap korsetti olke halky mәdeni ekonomikalyk damuy zhagynan artta kalgan Patsha үkimeti kez kelten orkenietti bastamalardy tezhep otyrdy Tүrkistandy әskeri zholmen baskaru kandaj da bir ozgeriske umtyludy tunshyktyrumen boldy Өnir halkynyn birde bir oz intelligenciyasy zhok Sol sebepti sezd olkege avtonomiyalyk erkindik zhәne zhalpy memlekettik kalalyk baskaru ujymdarynyn ken kolemdi zhүjesin kuru mүmkindigin beru kazhet dep eseptejdi Baskasynyn barlygy Resejge tiesili boluy kerek Al ol sayasat ekonomika karzhy әskeri is policiya sot zhәne t b Batys Sibir әserlerinin konferenciyasy da kazak halkynyn ulttyk mүdde zaryn mүlde elemedi Tutastaj alganda Uakytsha үkimet te onyn zhergilikti ujymdary da kazak halkynyn ulttyk mәselelerine taskeren kүjinde kaldy DerekkozderҚazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 4 tom Almaty Atamura 2010 752 bet suretti kartaly ISBN 978 601 282 055 3 t 4 ISBN 978 601 282 026 3DerekkozderҚazak komitetterinin ujymdasuy men olardyn nakty kyzmetteri turaly dәlirek bilginiz kelse K Nүrpejisovtin Alash һәm Alashorda atty enbegin karanyz 92 114 better Қazirgi zertteushilerge tolyk emes mәlimet bojynsha Alash partiyasynyn 350 400 dej mүshesinin zhәne onyn zhaktastarynyn aty belgili K Togysovtyn arnauly zandyk bilimi bolmasa da 1905 zhyldan bastap Semej oblysynyn Zajsan uezinde advokattyk zhumyspen ajnalysty Lenin V I Poli sobr soch t 31 135 6 V ogne revolyucii Sb vospominanij A 1957 154 6 Kazahstan v ogne grazhdanskoj vojny Vospominaniya A 1960 192 6 Omskij vestnik 1917 2 mausym Sibirskaya rech 1917 22 mausym KR OMM 992 k 1 t 11 is 2 p Nurpeisov K Stanovlenie Sovetov v Kazahstane A 1987 111 112 6 Sonda Omby oblystyk memlekettik muragaty 188 k 2 t 12 is 19 p Kazahstan v ogne grazhdanskoj vojny A 1960 200 6 Shokaj M Tүrkistannyn kily tagdyry A 1992 116 117 188 6 Turkestan v nachale XX veka K istorii istokov 22 6 Sonda 24 6 Sejfullin S Ternistyj put A 1975 100 6 Қul Muhammed M Alash kajratkerleri sayasi kukyktyk kozkarastarynyn evolyuciyasy Almaty Atamura 1998 152 150 6