Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VІ – VІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ. сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған. Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. V – ХV ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Моңғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік моңғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Моңғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады. Қалада азық-түліктің қоры да таусылады. Аштыққа шыдамай, «соғыс жеңіліспен аяқталады» деген оймен Қаража атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бір бөлігін бастап моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
Отырар қаласы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев былай баяндайды: "Ол жерді қазғанбыз. Сол кезде көптеген мұралар. Сырттан су әкелінген. Құбырлар. Су кірген. Лай суды сыртқа шығарған. Сонан кейін қоқыс төгетін арнайы ұңғымалар болған. Олардың барлығы қаланың тазалығын сақтау үшін, жұқпалы аурулар таралып кетпеуі үшін жасалынған болатын. Сырдария мен Арыс өзендерінің сағасындағы оазисте орналасқан Отырар жұртына географиялық жағдай өте қолайлы еді. Отырардың маңында жер суаратын мелиорациялық жүйе болған. Айнала шексіз дала. Малшыға да, диқанға да ыңғайлы. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділеріне бай." Тарих кітаптарында Қайырхан Шыңғысханның керуендегі көпестерін өлтіртті, бұл Шыңғысханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды деп жазылады. Бұл тақырыпқа тоқталған Әуезхан Шашаев сөзін былай жалғады:
«Осы Отырарға қатысты дау Шыңғысхан есімінен туындайды. Оны Ибн ал-Асир мен Рашид ад-дин былай суреттейді: “Шыңғысхан өз әскерін киіндіретін мата сатып алу үшін, көп мөлшерде күмістер, құндыздар және тағы басқа заттардан қор жасап беріп, Мавереннахр, Самарқанд, Бұқара қалаларына керуен жөнелткен. Олар түркі қалаларының бірі Отырар қаласына кіреді. Керуен келген кезде Отырар билеушісі Хорезмшахқа алтын мен күміс әкелген түркілер туралы хабар береді. Хорезмшахтың бұйрығымен Қайырхан түркілерді өлтіріп, мүліктің барлығын Хорезмшахқа жіберген...”. Деректерге қарап отырсақ таң қаласың. Шыңғысхан неге дәл Отырарға керуен жіберген. Орталық Азия жерінде Отырардан басқа да қалалар бар еді ғой.
Ал, осы моңғолдар келіп, жаңағы елшілерін жіберген кезде, олар елшілерін жібермес бұрын моңғолдардың тәсілі бар. Олар арнайы барлаушылар ретінде саудагерлер жібереді. Олар бір жыл бұрын арнайы келіп, қай жерінен кіруге болады? Онан кейін олардың басшылары кім? Оны қандай топтар қолдайды? Оларды қалай өз жағымызға шығарып аламыз? Немесе басқа бір уәделер беріп, билік беріп осының бәрін Шыңғысхан алдын ала ойластырып барлаушылар арқылы білуге тырысқан. Саудагерлердің миссиясы шынымен де барлаушылық болса онда Қайырханның амалы түсінікті.»
Дереккөздер
- «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Otyrar erteden shygys әlemine tanymal bolgan kala Kejbir derekterge karaganda osydan eki zharym myn zhyl buryn onyn ornynda algashky konystar bolgan VI VIII gasyrlarda Otyrar Syrdariya ozeninin orta agysyndagy sayasi ortalyk boldy Kejin IH HII gg sol ajmaktyn basty kalalarynyn birine ajnalady Otyrar Қazak handygy zamanynda mәdenieti men ekonomikasy zhaksy damygan ortalyktardyn biri bolgan Otyrar kalasynyn gүldenip orta gasyrdagy iri kala ortalygyna ajnaluyna onyn ornalaskan orny үlken әser etti Bul kalanyn tez osuine kolajly zhagdaj zhasagan Ұly Zhibek zholy boldy V HV gg Otyrar kalasy Aral bojyndagy koshpeli tajpalarmen sauda zhasajtyn ortalykka ajnaldy Iran men Orta Aziyadan Sibirge zhәne Қytajga katynajtyn sauda zholyndagy manyzdy kala boldy Otyrarga zhan zhaktan kopester kelip ketip zhatty Munda medreseler bazarlar ustahanalar tipti konakүjler men meshitter monsha sauda dүkenderi zhumys istegen 1218 zhyly Shyngyshan baskargan Mongoldyn kalyn koly Қazakstannyn Zhetisu onirine attandy Birneshe kala myndagan halyk mal mүlik mongoldardyn olzhasyna ajnaldy Ontүstik Қazakstan kalalary ishindegi Otyrar sol kezdegi en mykty kalalardyn biri sanaldy Onyn bileushisi Қajyrhan esimdi әskerbasy edi Otyrar kalasyn basyp aluga Mongoldar 1219 zhyly 200 mynga zhuyk әskerin attandyrady Otyrarlyktar oz kalasyn kasyk kandary kalgansha korgap berispedi Қatty karsylykka ushyrajmyz dep ojlamagan Shyngyshan ashulanyp kalanyn bekinis ornyn zhermen zheksen etinder degen bujryk beredi Bes aj bojy zhauga berilmej shajkasady Қalada azyk tүliktin kory da tausylady Ashtykka shydamaj sogys zhenilispen ayaktalady degen ojmen Қarazha atty satkyn ozi baskaratyn Otyrar әskerinin 10 myn adamnan turatyn bir boligin bastap mongoldar zhagyna otip ketedi Ol kalanyn darbazasyn zhauga ashyp beredi Sonyn opasyzdygynan kalany 1220 zhyly akpanda mongoldar basyp aldy Anyzdarga karaganda mongoldar Қajyrhannyn tamagyna korgasyn kujyp oltiredi Қalany birneshe kүn bojy tonap kiratady Otyrar kalasy zhoninde tarih gylymdarynyn kandidaty Әuezhan Shashaev bylaj bayandajdy Ol zherdi kazganbyz Sol kezde koptegen muralar Syrttan su әkelingen Қubyrlar Su kirgen Laj sudy syrtka shygargan Sonan kejin kokys togetin arnajy ungymalar bolgan Olardyn barlygy kalanyn tazalygyn saktau үshin zhukpaly aurular taralyp ketpeui үshin zhasalyngan bolatyn Syrdariya men Arys ozenderinin sagasyndagy oaziste ornalaskan Otyrar zhurtyna geografiyalyk zhagdaj ote kolajly edi Otyrardyn manynda zher suaratyn melioraciyalyk zhүje bolgan Ajnala sheksiz dala Malshyga da dikanga da yngajly Өzen angary shalgyndy shopterge itmuryn osindilerine baj Tarih kitaptarynda Қajyrhan Shyngyshannyn keruendegi kopesterin oltirtti bul Shyngyshannyn Orta Aziyaga shapkynshylyk zhasauyna syltau boldy dep zhazylady Bul takyrypka toktalgan Әuezhan Shashaev sozin bylaj zhalgady Osy Otyrarga katysty dau Shyngyshan esiminen tuyndajdy Ony Ibn al Asir men Rashid ad din bylaj surettejdi Shyngyshan oz әskerin kiindiretin mata satyp alu үshin kop molsherde kүmister kundyzdar zhәne tagy baska zattardan kor zhasap berip Maverennahr Samarkand Bukara kalalaryna keruen zhoneltken Olar tүrki kalalarynyn biri Otyrar kalasyna kiredi Keruen kelgen kezde Otyrar bileushisi Horezmshahka altyn men kүmis әkelgen tүrkiler turaly habar beredi Horezmshahtyn bujrygymen Қajyrhan tүrkilerdi oltirip mүliktin barlygyn Horezmshahka zhibergen Derekterge karap otyrsak tan kalasyn Shyngyshan nege dәl Otyrarga keruen zhibergen Ortalyk Aziya zherinde Otyrardan baska da kalalar bar edi goj Al osy mongoldar kelip zhanagy elshilerin zhibergen kezde olar elshilerin zhibermes buryn mongoldardyn tәsili bar Olar arnajy barlaushylar retinde saudagerler zhiberedi Olar bir zhyl buryn arnajy kelip kaj zherinen kiruge bolady Onan kejin olardyn basshylary kim Ony kandaj toptar koldajdy Olardy kalaj oz zhagymyzga shygaryp alamyz Nemese baska bir uәdeler berip bilik berip osynyn bәrin Shyngyshan aldyn ala ojlastyryp barlaushylar arkyly biluge tyryskan Saudagerlerdin missiyasy shynymen de barlaushylyk bolsa onda Қajyrhannyn amaly tүsinikti Derekkozder Sen bilesin be enciklopediyasy Қurast Қ Zh Rajymbekov Қ T Bajgabylova Almaty Aruna baspasy 700 bet ISBN 9965 26 407 4