Даналық – сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі түсінік, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті, тұлғаның тиімді анализбен, адамдар өміріндегі күнделікті және ғылыми оқиғаны алдын-ала жобалауы мен және бағалауымен байланысты интеллектуалдық дамуының ең жоғары деңгейі, табиғи (құраушы) бір жағы. Ол болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты өңдеу мен бейімделуге тікелей байланысты. Сонымен бірге даналық интеллектуалдық жетілудің ерекше жағдайы ретінде танылады.
Толығырақ
Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан философиялық ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің шығармаларында ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.
Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді философияляқ ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол.
Қазақ ойшылы Абай Құнанбаев «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді.
Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді.
Абай үшін даналық өлшемі
Абай үшін даналық өлшемі - адам мен уақыт, енер мен қабілет - кесіп мүмкіндігі, түсінік пен іс-әрекет бірлестігі. Даналық жекеден жалпыны тапты, жалпыдан жалқыны танытты, жалқының ортақ және ерекше себептерін көрсетті. Ол халық шығармашылығымен сабақтас. Абайдың да, қазақ халқының да даналығы табиғаттанудағы, адамтанудағы, енер табудағы, ағартушылықты жетілдірудегі ойшылдықтан, талпыныстан құралды, тірлік пен рухқа сүйенерлік сенімде жалғасын тапты. Табиғаттану Абай шығармасында үлкен орын алады. Абай үшін туған жер мен туған ел ұқсас ұғымдар. Осы мекен ортаны адам мақсатына сай түсіну, талқылау және бағалау қабілетінен даналық қалыптасты. Табиғаттағы бірлестік пен әр түрліліктің үйлесімін таба білгендер, олардың мазмұны мен мағынасын түсіндіре алғандар, табиғат көрінісімен жарасымды қатынаста болғандар және оның қорын дұрыс пайдаланып үйренгендер даналықтың әр түрлі салалары мен сәттерін қалыптастырды. Туған жерді қадірлей білген тәнтілік, ысырапқа ұшыратпаған шаруалық қашанда болмасын өрелі де, өтімді еді. Осы қажеттілікпен шұғылдану немесе адамды жақсы бастаманың ыңғайына орай тәрбиелеу - табиғаттанудың басты проблемасы. Табиғаттану - сезімді бейімдеу және тәжірибелік қабылдау, бастысы, табиғи құбылыстың түп тамырын табу, салыстыру арқылы оны тірлікке тірек ете білу. Табиғат ғажабына сай әрекет жасай білу - адамның дайындығын лайықты ескерту деген сөз. Табиғаттану мен адамтану арасындағы қатынас Д-тың мазмұнын қалыптастырады, адам тұлғасында өзіне сену, адал іске және төзімдік қабілетке арқа сүйеуі артады. Абай «берекелі болса ел - жағасы жайлау ол бір көл» деп, көңілде түйген тұжырым әлденеше жетістікке ұйытқы болатынына кәміл сенді. Тіпті «жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен?» (23-сөз) деген күдігіне «тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса» деп уәжін айтады.
Даналық - адамгершілікті танудағы құрал
Даналық - адамгершілікті танудағы, табудағы, табыстырудағы құбылыс, қасиет, құрал. Даналықтың тәні «талап, еңбек, терең ой, ар-намыс, ынсап, сабыр ғой», жаны - туралық пен әділетте, сезімі - рух, ыстық жүрек, өң-шырайда, тегі - ынсап пен рахаттану да, адалдық үшін күресте. Соңдықтан Абай адамтану тағылымы, біріншіден, тән, жан, сезім, тектілік үйлесімділігінде, екіншіден, шындық пен адамгершіліктен үйрене білуде және осы құнды мұраны әр дәуірде жетілдіретін, әрбір адамға жеткізетін өтімді іс-әрекетте, үшіншіден, халықты алауыздықтан, алалаудан, ал адамды шектеуден сақтауда - дейді. Оның жетілу жолдары: кеп нәрсені есітіп білу, көкейтесті мәселені көңілде түюге дайындық және соны үйрете алу, үлкен үміт , есеппен адамдық құндылықты, халықтық мұраны бағалай білу, оларды жөн-жобасымен қолдандыратын бағыт пен дәстүрден ауытқымау; шығармашылық ізденіс пен істің қайтарымында адам мүддесі мен халық үмітін ақтау. Адамтану - есі барлық жанға олжа, басқа сая, ер қорғаны, сонымен қатар теңсіздіктің тетігі мен түбірін табу. Одан «ары бар, ұяты бар, ақылы бар» демекші, әркімнің езі іздеген құндылық табылар. Өйткені адам «дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайық», өзін ақыл-парасат, иман-ғибадат арқылы тануды және солардың пайдасын көрерлік сәт мүмкіндікті іздестіреді (27-28-сөз).
Даналықтың тарихи бастауы
Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ой-толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- Қазақ Энциклопедиясы
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Danalyk san gasyrlyk tanym procesi men omir tәzhiribesi nәtizhesinde zhinaktalgan ruhani ilim bilimdi igerip ony urpaktan urpakka ulagatty oj pikir onegeli tүsinik izgilikti is әreket tүrinde zhetkize biletin adam kasieti tulganyn tiimdi analizben adamdar omirindegi kүndelikti zhәne gylymi okigany aldyn ala zhobalauy men zhәne bagalauymen bajlanysty intellektualdyk damuynyn en zhogary dengeji tabigi kuraushy bir zhagy Ol bolyp zhatkan okigalar turaly akparatty ondeu men bejimdeluge tikelej bajlanysty Sonymen birge danalyk intellektualdyk zhetiludin erekshe zhagdajy retinde tanylady TolygyrakDanalyk aukymy ken kүrdeli kubylys ogan bir zhakty kesimdi anyktama beru mүmkin emes Ol әdette nadandykka karsy mәnde koldanylady Danalyktyn mәn zhajyn algash zerttep ashyp beruge filosofiya talpyngan Өjtkeni filosofiya degen sozdin ozi grekshe danalykty sүyu magynasyn bildiredi Danalyk mazmunynyn terendigi men pishiminin aluan kyrlylygy zhagynan filosofiyalyk ugym bolyp tabylganymen ogan filosofiyanyn koptegen funkciyalarynyn gylym tanym teoriyasy logika metodologiya ideologiya t b biri retinde karauga bolmajdy Filosofiya gylymsyz da omir sүre alady mys Nicshenin shygarmalarynda gylym zhok danalykka toly filosofiya gana bar Al danalyktan kol үzse filosofiya aty gana kalyp zaty mәni mazmuny zhogalady Danalyk filosofiya negizi bolmysynyn kepili basty sharty Baska gylym tүrleri tәrizdi filosofiyalyak ilimder de danalyktan bastau alady Sokrattyn Menin biletinim ozimnin eshtene bilmejtindigim ozgeler ony da bilmejdi deuinde үlken mәn bar Bilmejtinin bilip tүsinuge әlem akikatyn tanyp oj tүyuge umtylu adamdy ruhani kemeldikke danyshpandykka bastajtyn zhol Қazak ojshyly Abaj Қunanbaev Atymdy Adam kojgan son kajtyp nadan bolajyn dep tolgajdy eshteneni bilip tanuga umtylmajtyn karny tojyp kulkyny toyat tapkanyna mәz has nadandykty tonmojyn togysharlykty mansuk etedi Қazak halkynda Өzin bilme bilgennin tilin alma degen soz kargystyn en zhamany sanalady Dүnienin omirdin zhәne oz tabigatynyn syryn tanyp bilu үshin adam balasy oku bilimge umtylady gylymga den kojyp logikaga metodologiyaga sүjenedi Danalyktyn kobinese bilimdilikpen okymystylykpen shendestirile karalatyny sondyktan Birak danalyk bilim ayasynda shektelip kalmajdy onyn negizgi olshemi tүsinik Әr nәrseni bilu bir baska da tүsinu baska yagni bilim okumen kelse tүsinik okygandy kokejge tokumen oz erkimen zhaksylykka umtylyp oj korytumen igilikti kam kareketpen kalyptasady Bilim atauly kashannan nakty bolady әri zhekeni kamtumen shekteledi al danalyk zhalpyny tutas kubylystardy dүnieni omirdi dәuirdi tarihty kamtidy Bilim otkinshi uakytsha salystyrmaly danalyk yaki tүsinik zhүjesi mәngilik nәrse Bilimdiler kaj zamanda da kop bolgan kazirgi kezde de zhetip artylady al dana adamdar danyshpandar buryn da kazir de az Geraklit Kop bilgennen dana bolmajsyn dep osy shyndykty menzegen Ұly Abaj da Әrbir galym hakim emes әrbir hakim galym dejdi Abaj үshin danalyk olshemiAbaj үshin danalyk olshemi adam men uakyt ener men kabilet kesip mүmkindigi tүsinik pen is әreket birlestigi Danalyk zhekeden zhalpyny tapty zhalpydan zhalkyny tanytty zhalkynyn ortak zhәne erekshe sebepterin korsetti Ol halyk shygarmashylygymen sabaktas Abajdyn da kazak halkynyn da danalygy tabigattanudagy adamtanudagy ener tabudagy agartushylykty zhetildirudegi ojshyldyktan talpynystan kuraldy tirlik pen ruhka sүjenerlik senimde zhalgasyn tapty Tabigattanu Abaj shygarmasynda үlken oryn alady Abaj үshin tugan zher men tugan el uksas ugymdar Osy meken ortany adam maksatyna saj tүsinu talkylau zhәne bagalau kabiletinen danalyk kalyptasty Tabigattagy birlestik pen әr tүrliliktin үjlesimin taba bilgender olardyn mazmuny men magynasyn tүsindire algandar tabigat korinisimen zharasymdy katynasta bolgandar zhәne onyn koryn durys pajdalanyp үjrengender danalyktyn әr tүrli salalary men sәtterin kalyptastyrdy Tugan zherdi kadirlej bilgen tәntilik ysyrapka ushyratpagan sharualyk kashanda bolmasyn oreli de otimdi edi Osy kazhettilikpen shugyldanu nemese adamdy zhaksy bastamanyn yngajyna oraj tәrbieleu tabigattanudyn basty problemasy Tabigattanu sezimdi bejimdeu zhәne tәzhiribelik kabyldau bastysy tabigi kubylystyn tүp tamyryn tabu salystyru arkyly ony tirlikke tirek ete bilu Tabigat gazhabyna saj әreket zhasaj bilu adamnyn dajyndygyn lajykty eskertu degen soz Tabigattanu men adamtanu arasyndagy katynas D tyn mazmunyn kalyptastyrady adam tulgasynda ozine senu adal iske zhәne tozimdik kabiletke arka sүjeui artady Abaj berekeli bolsa el zhagasy zhajlau ol bir kol dep konilde tүjgen tuzhyrym әldeneshe zhetistikke ujytky bolatynyna kәmil sendi Tipti zher bilmegen kop adam adasyp zhүrse bir zher biletugyn kisinin keregi zhok pa eken 23 soz degen kүdigine tirshiliktin nesi sәn terenge bet kojmasa dep uәzhin ajtady Danalyk adamgershilikti tanudagy kuralDanalyk adamgershilikti tanudagy tabudagy tabystyrudagy kubylys kasiet kural Danalyktyn tәni talap enbek teren oj ar namys ynsap sabyr goj zhany turalyk pen әdilette sezimi ruh ystyk zhүrek on shyrajda tegi ynsap pen rahattanu da adaldyk үshin kүreste Sondyktan Abaj adamtanu tagylymy birinshiden tәn zhan sezim tektilik үjlesimdiliginde ekinshiden shyndyk pen adamgershilikten үjrene bilude zhәne osy kundy murany әr dәuirde zhetildiretin әrbir adamga zhetkizetin otimdi is әrekette үshinshiden halykty alauyzdyktan alalaudan al adamdy shekteuden saktauda dejdi Onyn zhetilu zholdary kep nәrseni esitip bilu kokejtesti mәseleni konilde tүyuge dajyndyk zhәne sony үjrete alu үlken үmit eseppen adamdyk kundylykty halyktyk murany bagalaj bilu olardy zhon zhobasymen koldandyratyn bagyt pen dәstүrden auytkymau shygarmashylyk izdenis pen istin kajtarymynda adam mүddesi men halyk үmitin aktau Adamtanu esi barlyk zhanga olzha baska saya er korgany sonymen katar tensizdiktin tetigi men tүbirin tabu Odan ary bar uyaty bar akyly bar demekshi әrkimnin ezi izdegen kundylyk tabylar Өjtkeni adam dүnieni tegis kormekke tegis teksermekke lajyk ozin akyl parasat iman gibadat arkyly tanudy zhәne solardyn pajdasyn korerlik sәt mүmkindikti izdestiredi 27 28 soz Danalyktyn tarihi bastauyDanalyktyn tarihi bastauy auyz әdebieti nuskalarynda miftik anyzdar men dini әpsanalardyn zhelilerinde oner tuyndylary men әdebi filos shygarmalarda zhatyr Қorkyt ata Asan Қajgy Tolagaj sondaj ak Prometej Sizif t b miftik tulgalardyn oj tolgam is әreketterinde omirdin otkinshiligine karsy kүres mәngilik orine Danalyk tәlimine talpynys bar Dүnie kudym seni zhalykpaj ak Ұstatpajsyn sudagy balyktaj ak Korsetip birde aldyndy birde artyndy Қojdyn goj didaryndy tanytpaj ak degen kazaktyn kara oleninde halyktyk pәlsapanyn ozin korshagan әlemdi omirdi dүniedegi ozinin ornyn tanuga kushtarlyktyn ekzistencialdyk tүsiniktin saryny zhatyr Zhalpy dәstүrli kazaky dүnietanymnyn ozi danalykka Ғ Қarash ajtkandaj omir pәlsapasyna izgi tүsinikke ruhani kemeldik ansaryna negizdelgen DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Pedagogika O 74 Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 482 b ISBN 9965 808 85 6 Қazak Enciklopediyasy Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz