Итеш Кішкейұлы (1825-1905) - қазіргі Семей облысы, туып-өскен от ауызды, орақ тілді шешен. Итеш Керей руының Көсе тармағынан шыққан. Итеш бұрынғы Ақшәулі болысына қарасты тоғыз старшын ауылды басқарған би екен.
Сөз сайыс билік-тартыста Итеш ешбір биге дес бермейтін бопты. Ол әсіресе, Үржар ауылының төресі Тайлақпен жиі кездесіп, екеуі ұзақ айтысып қатысады. Екеуінің шешендік сөз сайысын жұрт әдейі іздеп барып тыңдайды.
- - Ол айтыс, шешендік әңгімелер бүгінде есте қалмады ғой, - дейді Итеш жөнінде сөйлеп отырған Нұрахмет ақсақал. Сексен екінші жылы Аякөз ауданының орталығында кездесіп әңгімелескенімізде Арықмолдаұлы Нұрахмет жетпіс бес жаста болатын. сәл ойланып отырды да, әңгімесін әрмен жалғады:
- -Итеш шешен мен Тайлақ төренің екеуінің де билігі қолдан кетіп, кедейленіп, қартайған шақтары. Тайлақ төреде аяқ артар жалғыз ат. Итеште сары байтал ғана қалған. Үржар маңында өтпекші болыс-билердің сиязына екеуі алдын ала бармақшы боп, келісіп қойған екен. Келісілген уақыт таяғанда байталының арқасы жауыр болып, Итештің сиязға барудан айнып отырған кезінде, оны ерте кетпек болған Тайлақ төре келеді. Ол үйге түссе, Итеш байталын әкелуге кеткен екен. Тайлақ төренің үйде отырғанын сырттағы атынан танып, байталын белдеуге байлап жатқан Итеш:
- - Сары байталдың арқасы жауыр болды,
- Сиязға бармасыма тәуір болды,
- дегенде, Тайлақ төре үйде отырып:
- Жас күніңде сүйегің жеңіл еді,
- Қартайғанда қырсық басып ауыр болды, -
деп іліп әкетеді. Үйге кіріп келген Итеш:
- Жасымда көрмеп едім байтал мініп,
- Жөніңмен жауабынды қайтар біліп.
- Бұл күнде сен де кедей, мен де кедей,
- Адамға дос бола ма жиған мүлік.
- Сиязға тез бара ғой, Тайлақ төре,
- Шығыпсың жалғыз атты сайлап төре.
- "Жетпейді жоққа жүйрік" дегендейін,
- Жоқшылық қолымды тұр байлап, төре, -
деп өлеңдетеді.
Тайлақ төре сөзден де тосылып құрдасының сиязға бармаймын деген ниетіне қосылған екен.
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Itesh Kishkejuly 1825 1905 kazirgi Semej oblysy tuyp osken ot auyzdy orak tildi sheshen Itesh Kerej ruynyn Kose tarmagynan shykkan Itesh buryngy Akshәuli bolysyna karasty togyz starshyn auyldy baskargan bi eken Soz sajys bilik tartysta Itesh eshbir bige des bermejtin bopty Ol әsirese Үrzhar auylynyn toresi Tajlakpen zhii kezdesip ekeui uzak ajtysyp katysady Ekeuinin sheshendik soz sajysyn zhurt әdeji izdep baryp tyndajdy Ol ajtys sheshendik әngimeler bүginde este kalmady goj dejdi Itesh zhoninde sojlep otyrgan Nurahmet aksakal Seksen ekinshi zhyly Ayakoz audanynyn ortalygynda kezdesip әngimeleskenimizde Arykmoldauly Nurahmet zhetpis bes zhasta bolatyn sәl ojlanyp otyrdy da әngimesin әrmen zhalgady Itesh sheshen men Tajlak torenin ekeuinin de biligi koldan ketip kedejlenip kartajgan shaktary Tajlak torede ayak artar zhalgyz at Iteshte sary bajtal gana kalgan Үrzhar manynda otpekshi bolys bilerdin siyazyna ekeui aldyn ala barmakshy bop kelisip kojgan eken Kelisilgen uakyt tayaganda bajtalynyn arkasy zhauyr bolyp Iteshtin siyazga barudan ajnyp otyrgan kezinde ony erte ketpek bolgan Tajlak tore keledi Ol үjge tүsse Itesh bajtalyn әkeluge ketken eken Tajlak torenin үjde otyrganyn syrttagy atynan tanyp bajtalyn beldeuge bajlap zhatkan Itesh Sary bajtaldyn arkasy zhauyr boldy Siyazga barmasyma tәuir boldy dd degende Tajlak tore үjde otyryp Zhas kүninde sүjegin zhenil edi Қartajganda kyrsyk basyp auyr boldy dd dep ilip әketedi Үjge kirip kelgen Itesh Zhasymda kormep edim bajtal minip Zhoninmen zhauabyndy kajtar bilip Bul kүnde sen de kedej men de kedej Adamga dos bola ma zhigan mүlik Siyazga tez bara goj Tajlak tore Shygypsyn zhalgyz atty sajlap tore Zhetpejdi zhokka zhүjrik degendejin Zhokshylyk kolymdy tur bajlap tore dd dep olendetedi Tajlak tore sozden de tosylyp kurdasynyn siyazga barmajmyn degen nietine kosylgan eken DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet