Атырау облысында аймақ экономикасының басым және аса мән беріліп жатырған бағыттарының бірі туризм саласын дамыту. Әлемнің 50-ден астам елінен 1000 астам шетелдік және бірлескен компаниялары қызмет етуі Іскерлік туризмінің қарқынды дамуына ықпал етуде.
Атырауда туризм саласын дамыту үшін қолайлы аудан ретінде толық қарастыруға мүмкіндік бар. Болашақта емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, спорттық, экологияық, экстрималдық түрлерін дамытуға мүмкіндіктер бар. Спорттық туризмді дамытуда балық аулаудың өзіндік үлгісін ұсына аламыз.
2019 жылы ІІІ тоқсанда ішкі туризм бойынша 130 685 келушіге (2018 жылғы деңгейге 29 312 адамнан астам), келу туризмі бойынша — 57 251 келушіге (2018 жылғы деңгейге 7 837 адамнан астам) қызмет көрсетілді.
Облыста мәдени-танымдық туризм (өлке тарихымен, оның салт-дәстүрімен танысу), спорттық-әуесқойлық (аң аулау және балық аулау), этнографиялық, экологиялық және сауықтыру туризмі дамытыла бастады.
Туризмді қалыптастыру
Атырау облысының бірегей табиғи және мәдени әлеуетіне, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне туризмнің икемді ықпалдасуына, жер бедерінің және табиғатының әркелкілігіне негізделген, туристердің кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабілетті қазіргі заманғы туристік индустрия неғұрлым серпінді дамып келе жатқан және салаға салынған капиталдың қайтарымы бойынша тиімді табиғи жүйе құраушы факторы болып табылады.
Атырау қаласы бойынша
Қазіргі кезде Атырау қаласында шолу экскурсиясы бағдарламасы әзірленген және жұмыс істейді, онда көптеген қызықты тарихи, мәдени көрнекті жерлердің, ескерткіштер мен ойын-сауық нысандарының, сондай-ақ өңірде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың ас мәзірлерін қамтыған мейрамханлар мен дәмханалар қамтылған. Сонымен қоса, туристер шығармашылық орталыққа бара алады, онда апта сайын қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетіледі.
Сондай-ақ жаз мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін Атырау қаласының дәл орталығынан ағып өтетін және қаланы екі құрлыққа: Еуропа мен Азияға бөлетін Жайық өзені бойынша экскурсиялық теплоходпен серуендеу мүмкіндігі қарастырылған.
Жазғы кезеңде қала қонақтары «құзға шығу», «жылқы мен түйемен серуендеу» түрінде ойын-сауық қызметтері ұсынылатын, Жайық өзенінің жағалауындағы турбазаларға бара алады.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Каспий теңізінің жағалауында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың бірегей түрлері бар және мұнда әуесқойлық спорттық балық аулауға рұқсат етілген, бұл туристер үшін аса қызығушылық тудырады.
Аудандар бойынша
Өңірде Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген 7 тарихи ескерткіш бар (Махамбет ауданы: «Сарайшық» мемориалдық кешені; Жылыой ауданы: Ақмешіт қорымы, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорғаны, Иманқара кешені, Ұшқан ата қорымы; Индер ауданы: Махамбет Өтемісұлы мазары).
Облыс қонақтары мен келушілері агроөнеркәсіптік сектор объектілеріне, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да фермаларға қызығушылық танытады. Облыстың туристік компаниялары ішкі және сырттан келу туризмін дамыту мақсатында маршруттарды белсенді әзірлеуді жалғастыруда.
Құрманғазы ауданы демалыс орындарында Қиғаш өзеніндегі балық аулау және аң аулау жұмыстарының жолға қойылғанымен ерекше. Қиғаш өзені жағалауының әдемі табиғи орны мен таза ауасы экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Мұндағы «Сексен кесік, сегіз арал» деп аталатын су қойнаулары аң-құсқа толы. Сонымен қатар бұл аймақта әлемде сирек кездесетін лотос гүлдері өседі. Қос өзен бойындағы тамаша табиғат көріністері ішкі туризмді дамытуға мол мүмкіндік бере бастады. 5 мың гектар аумақты алып жатқан лотос гүлдерінің алқабы Каспий теңізінің інжу-маржаны саналады. Теңіз жағалауы мен Қиғаш-Шора өзендерінің айдыны қазір масатыдай құлпырған кілем іспеттес. Лотос – әсем гүлді көпжылдық су өсімдігі. Ескі замандағы Мысыр және Үндістан жұрты қатты құрметтеген. Аңызға сенсек, бұл гүлдің тұқымын Ұлы Жібек жолы заманында саудагерлер алып келуі мүмкін немесе жыл құстары арқылы таралған деген тәмсіл бар.
Индер ауданында тұзды көлдің болуы осы жерде сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік береді. Өткен жылы облыс ғалымдары Индер тұзды көлінің балшығы мен тұзын емдеу мақсатында пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді және әртүрлі аурулар кезінде олардың бағалығына байланысты оң нәтиже алды. Тұзды көлді тиімді пайдалану мақсатында «НефтеСтройСервис» ЖШС мүдделі инвесторға Индер тұзды көлінің жағасынан 50 га жер ұсынылды. Қазіргі уақытта аталған мекеме топографиялық түсірілім мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. «НефтеСтройСервис» ЖШС деректері бойынша жоба бірнеше кезең бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ жеке инвестор есебінен Атырау қаласында Этноауыл салу жоспарлануда. Қазіргі таңда инвесторларға «Атырау» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «Нұрлы тау» ЖШС құрылды және жарғылық капиталы анықталды, сондай-ақ сараптамадан өтіп жатқан жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.
«Сарайшық» мемориалдық кешені
Өңірдің ең перспективалыі туристік нысандарының бірі — Ұлы Жібек жолының солтүстік бөлігіндегі ежелгі «Сарайшық» қалашығы. Туристер мен саяхаттаушылар әдетте осы нысанға аса қызығушылық танытады.
Жыл сайын «Сарайшық» мемориалдық кешеніне келушілер саны 12-ден 15 мың адамға дейін құрайды. Нысанның тарихи маңыздылығын ескере отырып, «Ортағасырлық Сарайшық» кешенінің құрылысы жобасының жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда ежелгі қала жобасының макеті мен ғылыми негіздемесі әзірленді. «Ортағасырлық Сарайшық» туристік нысаны құрылысының бірінші кезеңі — Визит-орталығының салынуы. 2017 жылы Визит-орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 43,6 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Дереккөздер
- Д.Жайлаубаева, Атырау облысында туризмді дамытудың маңыздылығы. "Географиялық білім беруді жетілдірудің кейбір өзекті мәселелері» Конференция материалдар жинағы. Атырау 2006, ISBN 9965-741-95-6
- http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V04T0001852 Атырау облысында туризм саласын дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы
- https://khabar.kz/kk/news/item/114868-atyrau-oblysyny-ekologiyaly-turizmi-rkendep-keledi Атырау облысының экологиялық туризмі өркендеп келеді
- https://egemen.kz/article/222550-turizm-atyrau-oblysynda-dgeti-kieli-dger-ornalasqan Туризм: Атырау облысында жеті киелі жер орналасқан
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atyrau oblysynda ajmak ekonomikasynyn basym zhәne asa mәn berilip zhatyrgan bagyttarynyn biri turizm salasyn damytu Әlemnin 50 den astam elinen 1000 astam sheteldik zhәne birlesken kompaniyalary kyzmet etui Iskerlik turizminin karkyndy damuyna ykpal etude Atyrauda turizm salasyn damytu үshin kolajly audan retinde tolyk karastyruga mүmkindik bar Bolashakta emdik sauyktyru mәdeni tanymdyk sporttyk ekologiyayk ekstrimaldyk tүrlerin damytuga mүmkindikter bar Sporttyk turizmdi damytuda balyk aulaudyn ozindik үlgisin usyna alamyz 2019 zhyly III toksanda ishki turizm bojynsha 130 685 kelushige 2018 zhylgy dengejge 29 312 adamnan astam kelu turizmi bojynsha 57 251 kelushige 2018 zhylgy dengejge 7 837 adamnan astam kyzmet korsetildi Oblysta mәdeni tanymdyk turizm olke tarihymen onyn salt dәstүrimen tanysu sporttyk әueskojlyk an aulau zhәne balyk aulau etnografiyalyk ekologiyalyk zhәne sauyktyru turizmi damytyla bastady Turizmdi kalyptastyruAtyrau oblysynyn biregej tabigi zhәne mәdeni әleuetine әlemdik sharuashylyk bajlanystar zhүjesine turizmnin ikemdi ykpaldasuyna zher bederinin zhәne tabigatynyn әrkelkiligine negizdelgen turisterdin kez kelgen suranymyn kanagattandyruga kabiletti kazirgi zamangy turistik industriya negurlym serpindi damyp kele zhatkan zhәne salaga salyngan kapitaldyn kajtarymy bojynsha tiimdi tabigi zhүje kuraushy faktory bolyp tabylady Atyrau kalasy bojynshaҚazirgi kezde Atyrau kalasynda sholu ekskursiyasy bagdarlamasy әzirlengen zhәne zhumys istejdi onda koptegen kyzykty tarihi mәdeni kornekti zherlerdin eskertkishter men ojyn sauyk nysandarynyn sondaj ak onirde omir sүrip zhatkan tүrli halyktardyn as mәzirlerin kamtygan mejramhanlar men dәmhanalar kamtylgan Sonymen kosa turister shygarmashylyk ortalykka bara alady onda apta sajyn kazak halkynyn salt dәstүri korsetiledi Sondaj ak zhaz mezgilinde kala turgyndary men konaktary үshin Atyrau kalasynyn dәl ortalygynan agyp otetin zhәne kalany eki kurlykka Europa men Aziyaga boletin Zhajyk ozeni bojynsha ekskursiyalyk teplohodpen seruendeu mүmkindigi karastyrylgan Zhazgy kezende kala konaktary kuzga shygu zhylky men tүjemen seruendeu tүrinde ojyn sauyk kyzmetteri usynylatyn Zhajyk ozeninin zhagalauyndagy turbazalarga bara alady Akzhajyk memlekettik tabigi rezervatynyn aumagynda Kaspij tenizinin zhagalauynda Қyzyl kitapka engizilgen sirek kezdesetin kustardyn biregej tүrleri bar zhәne munda әueskojlyk sporttyk balyk aulauga ruksat etilgen bul turister үshin asa kyzygushylyk tudyrady Audandar bojynshaӨnirde Қazakstannyn kieli zherlerinin tizimine engen 7 tarihi eskertkish bar Mahambet audany Sarajshyk memorialdyk kesheni Zhylyoj audany Akmeshit korymy Қulshan ata zherasty meshiti Araltobe korgany Imankara kesheni Ұshkan ata korymy Inder audany Mahambet Өtemisuly mazary Oblys konaktary men kelushileri agroonerkәsiptik sektor obektilerine atap ajtkanda tүje zhylky zhәne baska da fermalarga kyzygushylyk tanytady Oblystyn turistik kompaniyalary ishki zhәne syrttan kelu turizmin damytu maksatynda marshruttardy belsendi әzirleudi zhalgastyruda Қurmangazy audany demalys oryndarynda Қigash ozenindegi balyk aulau zhәne an aulau zhumystarynyn zholga kojylganymen erekshe Қigash ozeni zhagalauynyn әdemi tabigi orny men taza auasy ekologiyalyk turizmdi damytu үshin үlken әleuetke ie Mundagy Seksen kesik segiz aral dep atalatyn su kojnaulary an kuska toly Sonymen katar bul ajmakta әlemde sirek kezdesetin lotos gүlderi osedi Қos ozen bojyndagy tamasha tabigat korinisteri ishki turizmdi damytuga mol mүmkindik bere bastady 5 myn gektar aumakty alyp zhatkan lotos gүlderinin alkaby Kaspij tenizinin inzhu marzhany sanalady Teniz zhagalauy men Қigash Shora ozenderinin ajdyny kazir masatydaj kulpyrgan kilem ispettes Lotos әsem gүldi kopzhyldyk su osimdigi Eski zamandagy Mysyr zhәne Үndistan zhurty katty kurmettegen Anyzga sensek bul gүldin tukymyn Ұly Zhibek zholy zamanynda saudagerler alyp kelui mүmkin nemese zhyl kustary arkyly taralgan degen tәmsil bar Inder audanynda tuzdy koldin boluy osy zherde sauyktyru turizmin damytuga mүmkindik beredi Өtken zhyly oblys galymdary Inder tuzdy kolinin balshygy men tuzyn emdeu maksatynda pajdalanu bojynsha gylymi zertteu zhumystaryn zhүrgizdi zhәne әrtүrli aurular kezinde olardyn bagalygyna bajlanysty on nәtizhe aldy Tuzdy koldi tiimdi pajdalanu maksatynda NefteStrojServis ZhShS mүddeli investorga Inder tuzdy kolinin zhagasynan 50 ga zher usynyldy Қazirgi uakytta atalgan mekeme topografiyalyk tүsirilim men zhobalau smetalyk kuzhattamany әzirleude NefteStrojServis ZhShS derekteri bojynsha zhoba birneshe kezen bojynsha zhүrgiziledi Sondaj ak zheke investor esebinen Atyrau kalasynda Etnoauyl salu zhosparlanuda Қazirgi tanda investorlarga Atyrau ӘKK AҚ men birlesip Nurly tau ZhShS kuryldy zhәne zhargylyk kapitaly anyktaldy sondaj ak saraptamadan otip zhatkan zhobalau smetalyk kuzhattama dajyndaldy Sarajshyk memorialdyk kesheniӨnirdin en perspektivalyi turistik nysandarynyn biri Ұly Zhibek zholynyn soltүstik boligindegi ezhelgi Sarajshyk kalashygy Turister men sayahattaushylar әdette osy nysanga asa kyzygushylyk tanytady Zhyl sajyn Sarajshyk memorialdyk keshenine kelushiler sany 12 den 15 myn adamga dejin kurajdy Nysannyn tarihi manyzdylygyn eskere otyryp Ortagasyrlyk Sarajshyk kesheninin kurylysy zhobasynyn zhospary әzirlendi Bүgingi tanda ezhelgi kala zhobasynyn maketi men gylymi negizdemesi әzirlendi Ortagasyrlyk Sarajshyk turistik nysany kurylysynyn birinshi kezeni Vizit ortalygynyn salynuy 2017 zhyly Vizit ortalyktyn zhobalyk smetalyk kuzhattamasyn әzirleuge zhergilikti byudzhetten 43 6 mln tenge bolindi Bүgingi tanda zhobalyk smetalyk kuzhattama әzirlenip zhatyr DerekkozderD Zhajlaubaeva Atyrau oblysynda turizmdi damytudyn manyzdylygy Geografiyalyk bilim berudi zhetildirudin kejbir ozekti mәseleleri Konferenciya materialdar zhinagy Atyrau 2006 ISBN 9965 741 95 6 http adilet zan kz kaz docs V04T0001852 Atyrau oblysynda turizm salasyn damytudyn 2004 2005 zhyldarga arnalgan Bagdarlamasyn bekitu turaly https khabar kz kk news item 114868 atyrau oblysyny ekologiyaly turizmi rkendep keledi Atyrau oblysynyn ekologiyalyk turizmi orkendep keledi https egemen kz article 222550 turizm atyrau oblysynda dgeti kieli dger ornalasqan Turizm Atyrau oblysynda zheti kieli zher ornalaskan