Қаратау ванадийлі алабы - Түркістан облысында, Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі ванадийлі кендері шоғырланған өңір. Мұнда алғашқы бақылау жұмыстары 1941 жылы, ал зерттеулер 1943-1951 жылдары жүргізілген.
Геологиялық құрылымы, сипаты
Қаратау ванадийлі алабының барлық кендері кембрийдің кремнийлі-ванадийлі формациясында шоғырланған. 100 км-ге созылған ванадий кентасы бар қабатта Баласауысқандық және Қорамсақ сияқты ірі, Талдық, Жоғары Ран және Қоскөл-Жанжек сияқты кіші кен алаңдары орналасқан. Баласауысқандық кенді алаңында шамасы мен тереңдігі бойынша әр түрлі ванадийлі будалар бар. Синклинальдік және антиклинальдік қатпарлардың кезектесе орналасуы, ванадийлі буданың қатпар қанаттарында 14 рет жер бетіне шығуына әкелген. Қатпарлардың қанаттары күрт еңіс, оңтүстік-батысқа қарай 50-85°, ал солтүстік-шығысқа 80-81°. Алаңда бойлық, көлденең лықсыма және бастырма типті жарылымдар дамыған. Қорамсақ кенді алаңы Баласауысқандық алаңының оңтүстік-шығысқа қарай тікелей жалғасы болып табылады. Қорамсақ тобы қатты сығылған бес синклинальден тұрады, олар антиклиналь қатпарларымен бөлінген. Қатпарлар осы солтүстік-батыс бағытында созылып, параллель орналасқан, қанаттарының еңістігі 70-80°. Мұнда да бастырма, лықсыма және лықсыма-ығыспа типті жарылымдар дамыған. Кремнийлі, көмірлі-кремнийлі, сазды-көмірлі-кремнийлі, сазды-серицитті тақтатастардан құралған төм. кембрийдің қорамсақ свитасында ванадий мөлшері біршама көп. Қалыңдығы 0,2-3 м-дей ванадий кентасты горизонт будалар мен шағын қабатшалардан тұрады. Қалыңдығы біршама тұрақты болып келетін ванадийлі горизонттардың қатпарлануы және түрлі метаморфтық өзгерістерге ұшырауы ванадий кентастарының шөгінді тау жыныстармен бір мезгілде түзілгендігін көрсетеді.
Минералдары, құрамы
Бастапқы кентастарда антраксолит, роскоэлит, сульванит, ал тотыққан кентастарда узбекит, хьюэттит, коловратит, корамсакит минералдары бар. Кентастағы ванадий (V) оксидінің (V2O5) мөлшері 0,96-1,0% шамасында. Қоспа ретінде мыс (0,03%), қорғасын (0,001%), мырыш (0,5%), күміс, молибден, никель, кобальт, т.б. элементтер бар.
Дереккөздер
- “Тараз энциклопедиясы”
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaratau vanadijli alaby Tүrkistan oblysynda Қaratau zhotasynyn soltүstik batys boligindegi vanadijli kenderi shogyrlangan onir Munda algashky bakylau zhumystary 1941 zhyly al zertteuler 1943 1951 zhyldary zhүrgizilgen Geologiyalyk kurylymy sipatyҚaratau vanadijli alabynyn barlyk kenderi kembrijdin kremnijli vanadijli formaciyasynda shogyrlangan 100 km ge sozylgan vanadij kentasy bar kabatta Balasauyskandyk zhәne Қoramsak siyakty iri Taldyk Zhogary Ran zhәne Қoskol Zhanzhek siyakty kishi ken alandary ornalaskan Balasauyskandyk kendi alanynda shamasy men terendigi bojynsha әr tүrli vanadijli budalar bar Sinklinaldik zhәne antiklinaldik katparlardyn kezektese ornalasuy vanadijli budanyn katpar kanattarynda 14 ret zher betine shyguyna әkelgen Қatparlardyn kanattary kүrt enis ontүstik batyska karaj 50 85 al soltүstik shygyska 80 81 Alanda bojlyk koldenen lyksyma zhәne bastyrma tipti zharylymdar damygan Қoramsak kendi alany Balasauyskandyk alanynyn ontүstik shygyska karaj tikelej zhalgasy bolyp tabylady Қoramsak toby katty sygylgan bes sinklinalden turady olar antiklinal katparlarymen bolingen Қatparlar osy soltүstik batys bagytynda sozylyp parallel ornalaskan kanattarynyn enistigi 70 80 Munda da bastyrma lyksyma zhәne lyksyma ygyspa tipti zharylymdar damygan Kremnijli komirli kremnijli sazdy komirli kremnijli sazdy sericitti taktatastardan kuralgan tom kembrijdin koramsak svitasynda vanadij molsheri birshama kop Қalyndygy 0 2 3 m dej vanadij kentasty gorizont budalar men shagyn kabatshalardan turady Қalyndygy birshama turakty bolyp keletin vanadijli gorizonttardyn katparlanuy zhәne tүrli metamorftyk ozgeristerge ushyrauy vanadij kentastarynyn shogindi tau zhynystarmen bir mezgilde tүzilgendigin korsetedi Mineraldary kuramyBastapky kentastarda antraksolit roskoelit sulvanit al totykkan kentastarda uzbekit hyuettit kolovratit koramsakit mineraldary bar Kentastagy vanadij V oksidinin V2O5 molsheri 0 96 1 0 shamasynda Қospa retinde mys 0 03 korgasyn 0 001 myrysh 0 5 kүmis molibden nikel kobalt t b elementter bar Derekkozder Taraz enciklopediyasy