Елекшөптер тұқымдасы (лат. Juncaceae) – дара жарнақты өсімдіктерге жататын көп жылдық немесе бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Екі жарты шардың қоңыржай және салқын белдеулерінде, тропиктік аймақтардағы биік тау беткейлерінде кездесетін 10 туысы, 400-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда өзен, көл, бұлақ маңында, ылғалды жерлерде, таудың альпілік, субальпілік белдеулерінде өседі. Сабағы жұмыр, кейде қабысыңқы, іші қуыс, сырты жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары жалпақ немесе жұмыр. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, көкшіл, сарғыш, қоңырқай түсті, 6 желектен тұрады. Аталығы 6, кейде 3, аналығы – біреу. Гүлшоғыры шашақ немесе шатырша тәрізді. Жел арқылы айқас тозаңданады. Жемісі – қорапша, бір немесе үш ұялы. Ірі үш тұқымды немесе ұсақ көп тұқымды. Қазақстанда екі туысқа бірігетін 30 түрінің 24 түрі елекшөп (Juncus) туысына, 6 түрі жалтыршөп (Lusula) туысына жатады. Көбірек тарағаны — қызғылт елекшөп (Juncus erythropodus). Барлық аймақта кездеседі. Биікт. 10 — 30 см, көп сабақты, түбінен бастап бұтақтанады. Жапырағы өте жіңішке, бүктемелі келеді, сабағынан 2 еседей қысқа, түп жағы қызыл не қызғылт сары түсті. Гүлі қоңыр кейде жасыл болады. Гүлшоғыры — бұтақтанған сыпыртқы. Маусым — шілде айларында жемістенеді. Жемісі — қауашақ. Қызғылт елекшөптің құрамында 6,4 — 10,3% протеин бар. Оны мал сүйсініп жейді.
Елекшөптер | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||
L. | ||||||||||
Тектері | ||||||||||
|
Дереккөздер
- Қазақ энцклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Elekshopter tukymdasy lat Juncaceae dara zharnakty osimdikterge zhatatyn kop zhyldyk nemese bir zhyldyk shoptesin osimdikter Eki zharty shardyn konyrzhaj zhәne salkyn beldeulerinde tropiktik ajmaktardagy biik tau betkejlerinde kezdesetin 10 tuysy 400 ge zhuyk tүri belgili Қazakstanda ozen kol bulak manynda ylgaldy zherlerde taudyn alpilik subalpilik beldeulerinde osedi Sabagy zhumyr kejde kabysynky ishi kuys syrty zhapyrakty kejde zhapyraksyz Zhapyraktary zhalpak nemese zhumyr Gүlderi kos zhynysty usak kokshil sargysh konyrkaj tүsti 6 zhelekten turady Atalygy 6 kejde 3 analygy bireu Gүlshogyry shashak nemese shatyrsha tәrizdi Zhel arkyly ajkas tozandanady Zhemisi korapsha bir nemese үsh uyaly Iri үsh tukymdy nemese usak kop tukymdy Қazakstanda eki tuyska birigetin 30 tүrinin 24 tүri elekshop Juncus tuysyna 6 tүri zhaltyrshop Lusula tuysyna zhatady Kobirek taragany kyzgylt elekshop Juncus erythropodus Barlyk ajmakta kezdesedi Biikt 10 30 sm kop sabakty tүbinen bastap butaktanady Zhapyragy ote zhinishke bүktemeli keledi sabagynan 2 esedej kyska tүp zhagy kyzyl ne kyzgylt sary tүsti Gүli konyr kejde zhasyl bolady Gүlshogyry butaktangan sypyrtky Mausym shilde ajlarynda zhemistenedi Zhemisi kauashak Қyzgylt elekshoptin kuramynda 6 4 10 3 protein bar Ony mal sүjsinip zhejdi ElekshopterDүniesi Өsimdikter unranked Dara zharnaktylar unranked Saby Tukymdasy JuncaceaeL Tekteri Rush WoodrushDerekkozderҚazak encklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet