Альпілік белдеу – субальпілік белдеуден жоғары, нивальдік белдеуден төмен орналасқан, биік таудағы табиғи белдеу. Белдеудің қандай биіктікте орналасуы географиялық ендікке, таулардың ылғалды жағдайына және беткей экспозициясына байланысты. Альпілік белдеу Альпі тау жүйесі мен Кавказ тауының батысында 2200 м-ден 3000 м, Гималайдың оңтүстік беткейлерінде 3600 – 5000 м, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында 2800 – 3500 м, Алтайда 2500 – 3000 м биіктікте орналасқан. Альпілік белдеуде таулық мұздықтар кең таралған. Климаты суық, қысы ұзақ, 8 – 10 айға созылады. Қары қалың, желі қатты, өсімдіктің өсіп-өну мерзімі қысқа. Қаңтар айының орташа температурасы 15°С, шілдеде 14°С-дан аспайды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ге жетеді. Белдеуде қар көшкіні жиі болып тұрады. Альпілік белдеулерде альпілік шалғын мен аласа келген бөртпе бұталар өседі. Арқар, тауешкі, , қодас мекендейді. Қазақстанның биік тауларындағы Альпілік белдеулер жазда мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Альпі белдеуі - ландшафтысы, негізінен, ылғалды болып келетін қоңыржай және субтропиктік ендіктердегі тауларға төн табиғи биікгік белдеуі. Субальпі белдеуінен жоғары орналасады, едеуір биік тауларда нивальді белдеумен ауысады. Альпы белдеуінің биіктік орны географиялық ендікпен, беткейлердің экспозициясымен, климаттың континенттік дәрежесімен анықталады.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alpilik beldeu subalpilik beldeuden zhogary nivaldik beldeuden tomen ornalaskan biik taudagy tabigi beldeu Beldeudin kandaj biiktikte ornalasuy geografiyalyk endikke taulardyn ylgaldy zhagdajyna zhәne betkej ekspoziciyasyna bajlanysty Alpilik beldeu Alpi tau zhүjesi men Kavkaz tauynyn batysynda 2200 m den 3000 m Gimalajdyn ontүstik betkejlerinde 3600 5000 m Ile Alatauy men Zhetisu Alatauynda 2800 3500 m Altajda 2500 3000 m biiktikte ornalaskan Alpilik beldeude taulyk muzdyktar ken taralgan Klimaty suyk kysy uzak 8 10 ajga sozylady Қary kalyn zheli katty osimdiktin osip onu merzimi kyska Қantar ajynyn ortasha temperaturasy 15 S shildede 14 S dan aspajdy Zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 1000 mm ge zhetedi Beldeude kar koshkini zhii bolyp turady Alpilik beldeulerde alpilik shalgyn men alasa kelgen bortpe butalar osedi Arkar taueshki kodas mekendejdi Қazakstannyn biik taularyndagy Alpilik beldeuler zhazda mal zhajylymy retinde pajdalanylady Alpi beldeui landshaftysy negizinen ylgaldy bolyp keletin konyrzhaj zhәne subtropiktik endikterdegi taularga ton tabigi biikgik beldeui Subalpi beldeuinen zhogary ornalasady edeuir biik taularda nivaldi beldeumen auysady Alpy beldeuinin biiktik orny geografiyalyk endikpen betkejlerdin ekspoziciyasymen klimattyn kontinenttik dәrezhesimen anyktalady DerekkozderҚazakstan Respublikasynyn tabigaty 7 tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 zhyl 264 bet ISBN 9965 36 367 6Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet