Теледидар — телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің, радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс , бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.
Кинескоп
Кинескоп' - телевизиялық қабылдағыш түтік – телевизиялық кескін көрсетуге арналған электронды-сәулелік түтік. Ақ-қара түсті кинескоп та электронды сәуле люминесценциялық экранға түсіп, оны беріліп жатқан кескін сигналына байланысты жолма-жол және кадр бойынша жарықтандырады. Түрлі түсті Кинескопта бұл мақсат үшін 3 электронды сәулені пайдаланады. Олар мозаикалық немесе штрихтық экранның люминофорын бір түспен – қызыл, жасыл немесе көк түспен жарықтандырады. Біртүсті 3 кескінді беттестіру нәтижесінде қорытынды түрлі түс алынады. Тұрмыстағы теледидарларда әдетте, өлшемі 16-дан 72 см-ге дейінгі Кинескоп қолданылады (Кинескоп тереңдігі диогональ өлшемімен шамалас). 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап тереңдігі аз, беті жалпақ кинескоп құрастыру қолға алынды.
Телевизорды жөндеу
Телевизорға ондаған электрондық лампалар және жартылай өткізгіш приборлар, жүздеген резисторлар, конденсаторлар, , трансформаторлар, айырып-қосқыштар, панелдер т. б. орнатылған. Сондықтан телевизорларды жөндеу, әсіресе ақауларды іздеп табу тек арнайы маман адамның немесе жеткілікті дайындығы бар радиоәуесқойлардың ғана қолынан келеді. Бірақ негізінен телевизорлардың кейбір электрондық лампаларының қорғағыштарының немесе басқадай детальдарының істен шығып қалуының салдарынан болатын қарапайым ақауларды телевизор иелерінің өздері-ақ телевизор нұсқауы мен көпшілік оқырмандарға арналған кеңестері бойынша өндеп алуларына болады. Ақауы бар кинескоп тек кепілдік талоны (телевизор паспортының ішінде болады) болған жағдайда және онда көрсетілген кепілдік мерзім аралығында ғана тегін түрде жаңасымен алмастырылады. Телевизордан бөлек түрде жеке сатып алынған кинескоп істен шыққан жағдайда, кепілдік мерзім ішінде оны сатқан магазин тегін алмастырып береді.
Кейбір қалаларда істен шығып қалған кинескоптарды қайта қалпына келтіру шеберханалары бар. немесе тек телевизиалық орталықтың немесе ретрансляциялық станцияның хабарларын сенімді түрде қабылдау аймағында орналасқан телевизорларға ғана қызмет көрсетеді. Телевизорларды жергілікті ерекшеліктерге сәйкес пайдалануға байланысты ауық-ауық жүргізілетін жөндеулер мен басқа да жұмыстарды телеательеден несиеге алатын талондар бойынша іске асыру — қызмет көрсетудің қолайлы түрі болып табылады. Егер сіз өзіңіздің бұрыннан пайдаланылып келе жатқан телевизорыңызды осы заманғы жаңа модельді телевизормен ауыстырғыңыз келсе, ескі телевизорыңызды белгіленген баға бойынша жаңа телевизордың құны есебінде тапсыруыңызға болады. Бұлайша алмастырудың тәртібін жақын жердегі білуге болады. Телевизорды пайдалану. Ток желісіне қосылып жұмыс істеп тұрған телевизорды бақылаусыз қалдыруға болмайды, себебі бұдан , кинескоп т. б. детальдар мерзімінен бұрын тозады және уақытысында байқалмаған ақаулық кейіннен елеулі ақауларды тудыруы ықтимал. Қолдан жасалған токқағарды пайдалануға болмайды және ток кернеуі номиналь кернеуден 5%-тен артық болған жағдайда телевизорды желіге қоспау керек. Бұдан детальдардың изоляциясы бүлінеді, лампалар әдеттегіден ертерек тозады.
Телевизордың ішіндегі шаң-тозаңдарды тазартқанда ылғал шүберекпен сүртуге болмайды — бұл электрлік изоляцияның және детальдардың бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін. жылына 1—2 рет шаңсорғышпен және жұмсақ қыл щеткамен, құс қауырсынымен немесе бензинге матырылған жұмсақ шүберекпен тазарту қажет. Күйге келтіру тұтқаларын күштен бұрамау керек, дұрыс тұтқалар жеңіл әрі бірқалыпты бұралуға тиіс. Күйге келтіру винттерін және де контур өзегін бұрауға болмайды, себебі бұларды бұрағаннан телевизор бұзылуы және бүлінуі мүмкін. Жұмыс істеп тұрған телевизордың артқы қақпағын салфеткамен, жапқышпен жауып қоюға болмайды, себебі бұдан оның детальдары қызып бүлінуі мүмкін. Найзағай жарқылда ған кездері телевизорды жұмыс істетпеген жөн; ол кезде сыртқы антеннаны жермен қосып тастау қажет. Хабар біткен соң тек телевизорды ғана емес, кернеу тұрақтандырғышты (стабилизаторды) да немесе кернеу реттеуішті де (егер бұлар пайдаланылған болса) ток желісінен ажыратып тастау керек.
Телевизордан нені және қалай көру керек
КСРО Орталық телевизиясы Мәскеуден 10 бойынша хабар таратады, мұның алтауы еліміздің шалғай аудандарына арналған (тәуліктік орташа көлемі 80 сағат). КСРО Орталық телевизиясы «Интервизия» және «Евровизия» жүйелері арқылы Еуропаның көптеген елдерімен телехабарлар алмасады және осы елдерден тікелей телерепортаждар ұйымдастырады. КСРО Орталық телевизиясының хабарлары советтік «Марс» ретрансляциялық космостық байланыс станциялары және «Молния—2» байланыс спутниктері арқылы Америка және Азия құрылықтарына тікелей таратылады. КСРО-тың ұлт республикалары мен облыстары халықтарына қолайлы болу үшін бірқатар телевизиялық орталықтар телехабарларды екі тілде бірдей таратады. қосымша арнайы құрылғы арқылы хабарлы өзі қалаған тілде тыңдай алады.
Телевизиялық хабардарлық арнайы ерекшеліктерінің (информацияның жан-жақтылығы, және көрнекілігі, кез келген шалғай қашықтан хабар көрсетуі, уақиғаға «араласып кетуі» әсерінің және көріністің өзгеруі) болуы әсіресе организмі мен жеке басы әлі қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге және балаларға сезімдік және психологиялық үлкен әсер етеді. Егер телевизиялық хабарларды талғамастан немесе бәрін түгелдей (кейбіреулер көп жағдайда осылай істейді), отбасы мүшелерінің құрамын, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, денсаулық жағдайын, сонымен бірге отбасыныңның пәтер жағдайын еекермей көре бергеннің пайдасынан гөрі зияны көп, оқуға және өз бетінше кітап оқуға кедергі жасайды, спортпен шұғылдану және таза ауада болу уақытын азайтады, тынығу уақытын кемітеді және адамның нерв жүйесіне өте көп күш түсіреді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиалық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз 2 сағаттан артық көрмегені жөн. Телевизорды жұмыс және режимдерін бұзбай, отбасы мүшелерінің ұнататын және талап-тілегіне сай келетін, олардың барлығына пайдасы бар хабарларды алдын-ала таңдап алып, дұрыс пайдалану қажет. Апталық бюллетендерде, орталық және жергілікті газеттерде жарияланатын телевизиалық хабардар программасын пайдалана отырып өз отбасыңыздың көретін телевизиялық жоспарларын жоспарлап, белгілен қойғандарыңыз жөн. Телевизиялық хабарларды ала көлеңке жарақта көрген дұрыс, себебі кескіннің айқындылығы мен бөлменің қараңғылығының арасындағы айырмашылық алшақ болғанда көз тез талады. Экраны үлкен телевизорды 2—3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс, себебі бұдан жақын отырған кезде экраннан көрінетін кескіннің айқындылығы нашарлап, көз талады. Телевизор экранының ортасы отырған адамның көз деңгейінің биіктігіндей болуы қажет. Телевизорды жатып көруге болмайды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,, 8-том
- Қазақ энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Teledidar telehabar bagdarlamalaryndagy bejne men dybystyk sүjemeldeudin radio signaldaryn kүshejtu men tүrlendiruge arnalgan tele radiokabyldagysh teledidar tүrli tүsti akalasykara keskindi stacionarly zhәne tasymaldy bolyp azhyratylady Teledidardyn negizgi ereksheligi bejne men sүjemeldeushi dybys bir uakytta kүshejtu zhәne tүrlendiruezi teledidar әdette supergeterodindi sulba bojynsha kurastyrylady Onyn nuskalary sүjemeldeushi kүshejtu zhәne bolu әdisteri bojynsha bolinedi 20 gasyrdyn sonynda erteden koldanylyp kelgen teledidarlardyn ornyn sujyk kristaldy plazmaly teledidarlar basty Sujyk kristaldy teledidarlar keskin ajkyndylygynyn sapasynyn zhogarylygy bojynsha koldanystagy teledidarlardyn en ozyk tүri bolyp sanalady KineskopKineskop televiziyalyk kabyldagysh tүtik televiziyalyk keskin korsetuge arnalgan elektrondy sәulelik tүtik Ak kara tүsti kineskop ta elektrondy sәule lyuminescenciyalyk ekranga tүsip ony berilip zhatkan keskin signalyna bajlanysty zholma zhol zhәne kadr bojynsha zharyktandyrady Tүrli tүsti Kineskopta bul maksat үshin 3 elektrondy sәuleni pajdalanady Olar mozaikalyk nemese shtrihtyk ekrannyn lyuminoforyn bir tүspen kyzyl zhasyl nemese kok tүspen zharyktandyrady Birtүsti 3 keskindi bettestiru nәtizhesinde korytyndy tүrli tүs alynady Turmystagy teledidarlarda әdette olshemi 16 dan 72 sm ge dejingi Kineskop koldanylady Kineskop terendigi diogonal olshemimen shamalas 20 g dyn 80 zhyldarynan bastap terendigi az beti zhalpak kineskop kurastyru kolga alyndy Televizordy zhondeuTelevizorga ondagan elektrondyk lampalar zhәne zhartylaj otkizgish priborlar zhүzdegen rezistorlar kondensatorlar transformatorlar ajyryp koskyshtar panelder t b ornatylgan Sondyktan televizorlardy zhondeu әsirese akaulardy izdep tabu tek arnajy maman adamnyn nemese zhetkilikti dajyndygy bar radioәueskojlardyn gana kolynan keledi Birak negizinen televizorlardyn kejbir elektrondyk lampalarynyn korgagyshtarynyn nemese baskadaj detaldarynyn isten shygyp kaluynyn saldarynan bolatyn karapajym akaulardy televizor ielerinin ozderi ak televizor nuskauy men kopshilik okyrmandarga arnalgan kenesteri bojynsha ondep alularyna bolady Akauy bar kineskop tek kepildik talony televizor pasportynyn ishinde bolady bolgan zhagdajda zhәne onda korsetilgen kepildik merzim aralygynda gana tegin tүrde zhanasymen almastyrylady Televizordan bolek tүrde zheke satyp alyngan kineskop isten shykkan zhagdajda kepildik merzim ishinde ony satkan magazin tegin almastyryp beredi Kejbir kalalarda isten shygyp kalgan kineskoptardy kajta kalpyna keltiru sheberhanalary bar nemese tek televizialyk ortalyktyn nemese retranslyaciyalyk stanciyanyn habarlaryn senimdi tүrde kabyldau ajmagynda ornalaskan televizorlarga gana kyzmet korsetedi Televizorlardy zhergilikti erekshelikterge sәjkes pajdalanuga bajlanysty auyk auyk zhүrgiziletin zhondeuler men baska da zhumystardy teleateleden nesiege alatyn talondar bojynsha iske asyru kyzmet korsetudin kolajly tүri bolyp tabylady Eger siz ozinizdin burynnan pajdalanylyp kele zhatkan televizorynyzdy osy zamangy zhana modeldi televizormen auystyrgynyz kelse eski televizorynyzdy belgilengen baga bojynsha zhana televizordyn kuny esebinde tapsyruynyzga bolady Bulajsha almastyrudyn tәrtibin zhakyn zherdegi biluge bolady Televizordy pajdalanu Tok zhelisine kosylyp zhumys istep turgan televizordy bakylausyz kaldyruga bolmajdy sebebi budan kineskop t b detaldar merziminen buryn tozady zhәne uakytysynda bajkalmagan akaulyk kejinnen eleuli akaulardy tudyruy yktimal Қoldan zhasalgan tokkagardy pajdalanuga bolmajdy zhәne tok kerneui nominal kerneuden 5 ten artyk bolgan zhagdajda televizordy zhelige kospau kerek Budan detaldardyn izolyaciyasy bүlinedi lampalar әdettegiden erterek tozady Televizordyn ishindegi shan tozandardy tazartkanda ylgal shүberekpen sүrtuge bolmajdy bul elektrlik izolyaciyanyn zhәne detaldardyn bүlinuine әkep soktyruy mүmkin zhylyna 1 2 ret shansorgyshpen zhәne zhumsak kyl shetkamen kus kauyrsynymen nemese benzinge matyrylgan zhumsak shүberekpen tazartu kazhet Kүjge keltiru tutkalaryn kүshten buramau kerek durys tutkalar zhenil әri birkalypty buraluga tiis Kүjge keltiru vintterin zhәne de kontur ozegin burauga bolmajdy sebebi bulardy buragannan televizor buzyluy zhәne bүlinui mүmkin Zhumys istep turgan televizordyn artky kakpagyn salfetkamen zhapkyshpen zhauyp koyuga bolmajdy sebebi budan onyn detaldary kyzyp bүlinui mүmkin Najzagaj zharkylda gan kezderi televizordy zhumys istetpegen zhon ol kezde syrtky antennany zhermen kosyp tastau kazhet Habar bitken son tek televizordy gana emes kerneu turaktandyrgyshty stabilizatordy da nemese kerneu retteuishti de eger bular pajdalanylgan bolsa tok zhelisinen azhyratyp tastau kerek Televizordan neni zhәne kalaj koru kerekKSRO Ortalyk televiziyasy Mәskeuden 10 bojynsha habar taratady munyn altauy elimizdin shalgaj audandaryna arnalgan tәuliktik ortasha kolemi 80 sagat KSRO Ortalyk televiziyasy Interviziya zhәne Evroviziya zhүjeleri arkyly Europanyn koptegen elderimen telehabarlar almasady zhәne osy elderden tikelej telereportazhdar ujymdastyrady KSRO Ortalyk televiziyasynyn habarlary sovettik Mars retranslyaciyalyk kosmostyk bajlanys stanciyalary zhәne Molniya 2 bajlanys sputnikteri arkyly Amerika zhәne Aziya kurylyktaryna tikelej taratylady KSRO tyn ult respublikalary men oblystary halyktaryna kolajly bolu үshin birkatar televiziyalyk ortalyktar telehabarlardy eki tilde birdej taratady kosymsha arnajy kurylgy arkyly habarly ozi kalagan tilde tyndaj alady Televiziyalyk habardarlyk arnajy erekshelikterinin informaciyanyn zhan zhaktylygy zhәne kornekiligi kez kelgen shalgaj kashyktan habar korsetui uakigaga aralasyp ketui әserinin zhәne korinistin ozgerui boluy әsirese organizmi men zheke basy әli kalyptasyp bitpegen zhasospirimderge zhәne balalarga sezimdik zhәne psihologiyalyk үlken әser etedi Eger televiziyalyk habarlardy talgamastan nemese bәrin tүgeldej kejbireuler kop zhagdajda osylaj istejdi otbasy mүshelerinin kuramyn zhas erekshelikterin bilim dәrezhesin densaulyk zhagdajyn sonymen birge otbasynynnyn pәter zhagdajyn eekermej kore bergennin pajdasynan gori ziyany kop okuga zhәne oz betinshe kitap okuga kedergi zhasajdy sportpen shugyldanu zhәne taza auada bolu uakytyn azajtady tynygu uakytyn kemitedi zhәne adamnyn nerv zhүjesine ote kop kүsh tүsiredi Balalarga erekshe televiziyalyk rezhim ornatu kerek Dәrigerlerdin zhүrgizgen arnajy zertteuleri14 zhaska tolmagan okushylardyn kүnine koretin televizialyk habarlarynyn uzaktygy 1 sagattan aspauy kerek ekenin korsetedi Eresek okushylar habarlardy үzilissiz 2 sagattan artyk kormegeni zhon Televizordy zhumys zhәne rezhimderin buzbaj otbasy mүshelerinin unatatyn zhәne talap tilegine saj keletin olardyn barlygyna pajdasy bar habarlardy aldyn ala tandap alyp durys pajdalanu kazhet Aptalyk byulletenderde ortalyk zhәne zhergilikti gazetterde zhariyalanatyn televizialyk habardar programmasyn pajdalana otyryp oz otbasynyzdyn koretin televiziyalyk zhosparlaryn zhosparlap belgilen kojgandarynyz zhon Televiziyalyk habarlardy ala kolenke zharakta korgen durys sebebi keskinnin ajkyndylygy men bolmenin karangylygynyn arasyndagy ajyrmashylyk alshak bolganda koz tez talady Ekrany үlken televizordy 2 3 metrdej kashyktykta otyryp korgen durys sebebi budan zhakyn otyrgan kezde ekrannan korinetin keskinnin ajkyndylygy nasharlap koz talady Televizor ekranynyn ortasy otyrgan adamnyn koz dengejinin biiktigindej boluy kazhet Televizordy zhatyp koruge bolmajdy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 8 tom Қazak enciklopediyasy Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet