Абай кесенесі — 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Пьедестал биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ені 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 метр болатын "Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы" мұражай орны, келіп-кетушілерге арналған , амфитеатр, сондай-ақ, мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала түрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде, қазақ халқының космогониялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге Абай кесенесінен Самарқандағы Гүр-Әмір, Аградағы Тәж Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кешен композициясында бастан-аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарында, негізінен, Маңғыстаудың қолданылған.
Осы кешенді салуға республикалық байқау жүргізілді. Байқауға алты архитектура тобы қатысты. 1991 жылы 19 наурызда республикалық жабық конкурстың комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен жобаларды қарап, жеңімпаздарды анықтады. Олар халықаралық конкурстардың лауреаты архитектур басшылық ететін авторлық топ болып шықты.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Абай — Шәкәрім кесенесі Мұрағатталған 13 қыркүйектің 2014 жылы.
Сілтемелер
- Абай-Шәкәрім кесенесі қалай салынды?(қолжетпейтін сілтеме) — «Астана Ақшамы» 25.02.2020
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Abaj kesenesi 1996 zhyly salyngan sәulet oneri eskertkishi Shygys Қazakstan oblysy Abaj audany Zhidebaj konysynda uly akynnyn tuganyna 150 zhyl tolgan tojy karsanynda ornatyldy Pedestal biiktigi 5 m uzyndygy 200 m eni 60 m Biik 2 munaranyn birinshisi Abaj munarasy biiktigi 38 5 metr ekinshisi Shәkәrim munarasy 35 metr Keshennin tort buryshynda tort kүmbez bar Bularga kosa diametri 36 metr bolatyn Ortalyk Aziyadagy zhazba mәdeniet tarihy murazhaj orny kelip ketushilerge arnalgan amfiteatr sondaj ak meshit salyndy Buryn osy orynga zherlengen Abaj Ospan Shәkәrim Ahat bejitterin kozgamaj solardyn bәrin ishine ala tүrgyzylgan kesene kurylysy koshpeliler mәdenietinin үrdisinde kazak halkynyn kosmogoniyalyk tanymyn bejnelejdi Sonymen birge Abaj kesenesinen Samarkandagy Gүr Әmir Agradagy Tәzh Mahal kesenelerinin әseri de bajkalady Keshen kompoziciyasynda bastan ayak tutastyk saktalgan Onyn barlyk gimarattary birin biri tolyktyryp dalanyn kendigimen үjlesim tapkan Қurylys zhumystarynda negizinen Mangystaudyn koldanylgan Osy keshendi saluga respublikalyk bajkau zhүrgizildi Bajkauga alty arhitektura toby katysty 1991 zhyly 19 nauryzda respublikalyk zhabyk konkurstyn komissiyasy ozinin mәzhilisinde kelip tүsken zhobalardy karap zhenimpazdardy anyktady Olar halykaralyk konkurstardyn laureaty arhitektur basshylyk etetin avtorlyk top bolyp shykty DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Abaj Shәkәrim kesenesi Muragattalgan 13 kyrkүjektin 2014 zhyly SiltemelerAbaj Shәkәrim kesenesi kalaj salyndy kolzhetpejtin silteme Astana Akshamy 25 02 2020Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz