Талдықорған облысы – Қазақ КСР (1944-1959, 1967-1991) мен Қазақстан Республикасының (1991-1997) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы - Талдықорған.
Облыс | |
Талдықорған облысы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді | |
Енеді | 12 аудан |
Әкімшілік орталығы | |
Партияның облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы | Тұрсынов Сағынбек Тоқабайұлы (1990—1991) |
Әкім | Өзбеков Өмірзақ Өзбекұлы (1996—1997) |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Таратылған уақыты | |
Жер аумағы | 118 500 км² |
Ірі қалалары | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 720 870 адам (1989) |
|
Географиясы
Талдықорған облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауданы 118,5 мың км². Шығыста Қытаймен шектесіп жатты. Ең биік жері Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы – шыңы (4622 м).
Тарихы
Талдықорған облысы (Көкшетау облысымен бірге) 1944 жылы 16 наурызда Алматы облысының солтүстік бөлігінен Қазақ КСР-нің құрамында құрылды. Оған Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрілітөбе, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы, Дзержин, Қапал, Қаратал, Октябрь, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары кірді.
1956 жылы 27 желтоқсанда Октябрь ауданы Панфилов ауданына қосылды.
1957 жылы 5 қарашада Дзержин ауданы Андреев ауданына қосылды.
1959 жылы 6 маусымда облыс жойылып, аумағы Алматы облысына енгізілді. 1967 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысының солтүстік бөлігінен қайта құрылды. Облысқа сол аумақ кірді, бірақ әкімшілік бөлінісі өзгеше болды: Ақсу, Алакөл, Андреев, Гвардия, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары.
1970 жылы 4 желтоқсанда Қапал ауданы құрылды.
1972 жылы 10 наурызда Бөрілітөбе ауданы құрылды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 5 наурыздағы жарлығымен Талдықорған облысы Ленин орденімен марапатталды.
1973 жылы орталығы Сарыөзек кентінде болған Кербұлақ ауданы құрылды.
1988 жылдың 9 шілдесіндегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Гвардия ауданы жойылып, аумағы орталығы Сарыөзек кенті болған Кербұлақ ауданына берілді. Біріккен аудан Гвардия ауданы деп аталды. Бірақ бір жылдан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 13 қазандағы №4177 жарлығымен орталығы Сарыөзек кентінде болатын Кербұлақ ауданы қайта құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының құрамында.
1993 жылы 4 мамырда Андреев ауданы Үйгентас ауданы болып өзгертілді.
1997 жылы 22 сәуірде облыс таратылып, оның бүкіл аумағы Алматы облысының құрамына кірді.
2022 жылы 8 маусымда бұрынғы Талдықорған облысының аумағында Жетісу облысы құрылды.
Әкімшілік бөлінісі
1989 жылы Талдықорған облысының құрамына 2 облыстық бағынысты қала және 11 аудан кірді:
№ | Аудан (қалалық кеңес) | Орталығы | Тұрғыны (1989), адам |
---|---|---|---|
1 | Талдықорған қалалық кеңесі | Талдықорған | 129 920 |
2 | Текелі қалалық кеңесі | Текелі | 33 187 |
3 | Ақсу | Жансүгіров | 36 690 |
4 | Алакөл | Үшарал | 51 619 |
5 | Андреев | Андреевка | 38 931 |
6 | Бөрілітөбе | Лепсі | 20 171 |
7 | Гвардия | Сарыөзек | 61 365 |
8 | Қапал | Қапал | 28 377 |
9 | Қаратал | Үштөбе | 54 655 |
10 | Киров | Киров | 44 897 |
11 | Панфилов | Панфилов | 106 423 |
12 | Сарқан | Сарқан | 52 703 |
13 | Талдықорған | Қарабұлақ | 61 932 |
Тұрғындары
Облыс аумағын негізінен қазақтар, одан басқа орыстар, неміс, корей, ұйғыр, украин, татар, т.б. ұлт өкілдері мекендеген.
Шаруашылығы
Облыс аумағында ауыл шаруашылығына жарамды 9,4 млн. га жері болып, оның экономикасының негізін аграрлық сала құраған. 1990 жылдың ортасында, Талдықорған облысы республика аумағында өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің 6%-ға жуығын беріп, сол кездегі 19 облыстың ішінде 7-8 орындарды бөліскен.1996 жылы облыс аумағында 300 мың т-дан астам астық, 135 мың т картоп, 35 мың т-ға жуық көкөніс пен бау-бақша өнімдері жиналып, 90 мың т ет, 225 мың т сүт, 7 мың т жүн, 40 млн. дана жұмыртқа өндірілген. Облыста 300 мың бас ірі қара, 2 млн-ға жуық қой мен ешкі, 44 мың шошқа, 90 мың түйе мен жылқы болған. Өнеркәсіп саласында: 230 млн. кВт·сағ. электр қуаты, 30 мың м³-ден астам темір-бетон бұйымдары, 35 мың т қант, 3 млн. дана трикотаж бұйымдар, 35 млн. теңгенің жиһаздары, т.б. өндірілген.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Taldykorgan oblysy Қazak KSR 1944 1959 1967 1991 men Қazakstan Respublikasynyn 1991 1997 әkimshilik birligi Әkimshilik ortalygy Taldykorgan OblysTaldykorgan oblysyӘkimshiligiKirediҚazak KSR ҚazakstanEnedi12 audanӘkimshilik ortalygyTaldykorganPartiyanyn oblystyk komitetinin birinshi hatshysyTursynov Sagynbek Tokabajuly 1990 1991 ӘkimӨzbekov Өmirzak Өzbekuly 1996 1997 Tarihy men geografiyasyҚurylgan uakyty16 nauryz 1944Taratylgan uakyty22 sәuir 1997Zher aumagy118 500 km Iri kalalaryTaldykorgan TekeliTurgyndaryTurgyny720 870 adam 1989 GeografiyasyTaldykorgan oblysy Қazakstannyn ontүstik shygysynda ornalaskan Audany 118 5 myn km Shygysta Қytajmen shektesip zhatty En biik zheri Zhetisu Zhongar Alatauyndagy shyny 4622 m TarihyTaldykorgan oblysy Kokshetau oblysymen birge 1944 zhyly 16 nauryzda Almaty oblysynyn soltүstik boliginen Қazak KSR nin kuramynda kuryldy Ogan Aksu Alakol Andreev Borilitobe 28 gvardiyashy panfilovshylar atyndagy Dzerzhin Қapal Қaratal Oktyabr Panfilov Sarkan Taldykorgan audandary kirdi 1956 zhyly 27 zheltoksanda Oktyabr audany Panfilov audanyna kosyldy 1957 zhyly 5 karashada Dzerzhin audany Andreev audanyna kosyldy 1959 zhyly 6 mausymda oblys zhojylyp aumagy Almaty oblysyna engizildi 1967 zhyly 23 zheltoksanda Almaty oblysynyn soltүstik boliginen kajta kuryldy Oblyska sol aumak kirdi birak әkimshilik bolinisi ozgeshe boldy Aksu Alakol Andreev Gvardiya Қaratal Panfilov Sarkan Taldykorgan audandary 1970 zhyly 4 zheltoksanda Қapal audany kuryldy 1972 zhyly 10 nauryzda Borilitobe audany kuryldy KSRO Zhogargy Kenesi Prezidiumynyn 1973 zhylgy 5 nauryzdagy zharlygymen Taldykorgan oblysy Lenin ordenimen marapattaldy 1973 zhyly ortalygy Saryozek kentinde bolgan Kerbulak audany kuryldy 1988 zhyldyn 9 shildesindegi Қazak KSR Zhogargy Kenesi Prezidiumynyn Zharlygymen Gvardiya audany zhojylyp aumagy ortalygy Saryozek kenti bolgan Kerbulak audanyna berildi Birikken audan Gvardiya audany dep ataldy Birak bir zhyldan kejin Қazak KSR Zhogargy Kenesi Prezidiumynyn 1989 zhylgy 13 kazandagy 4177 zharlygymen ortalygy Saryozek kentinde bolatyn Kerbulak audany kajta kuryldy 1991 zhyldyn 16 zheltoksanynan bastap Қazakstan Respublikasynyn kuramynda 1993 zhyly 4 mamyrda Andreev audany Үjgentas audany bolyp ozgertildi 1997 zhyly 22 sәuirde oblys taratylyp onyn bүkil aumagy Almaty oblysynyn kuramyna kirdi 2022 zhyly 8 mausymda buryngy Taldykorgan oblysynyn aumagynda Zhetisu oblysy kuryldy Әkimshilik bolinisi1989 zhyly Taldykorgan oblysynyn kuramyna 2 oblystyk bagynysty kala zhәne 11 audan kirdi Audan kalalyk kenes Ortalygy Turgyny 1989 adam1 Taldykorgan kalalyk kenesi Taldykorgan 129 9202 Tekeli kalalyk kenesi Tekeli 33 1873 Aksu Zhansүgirov 36 6904 Alakol Үsharal 51 6195 Andreev Andreevka 38 9316 Borilitobe Lepsi 20 1717 Gvardiya Saryozek 61 3658 Қapal Қapal 28 3779 Қaratal Үshtobe 54 65510 Kirov Kirov 44 89711 Panfilov Panfilov 106 42312 Sarkan Sarkan 52 70313 Taldykorgan Қarabulak 61 932TurgyndaryOblys aumagyn negizinen kazaktar odan baska orystar nemis korej ujgyr ukrain tatar t b ult okilderi mekendegen SharuashylygyOblys aumagynda auyl sharuashylygyna zharamdy 9 4 mln ga zheri bolyp onyn ekonomikasynyn negizin agrarlyk sala kuragan 1990 zhyldyn ortasynda Taldykorgan oblysy respublika aumagynda ondirilgen auyl sharuashylyk onimderinin 6 ga zhuygyn berip sol kezdegi 19 oblystyn ishinde 7 8 oryndardy bolisken 1996 zhyly oblys aumagynda 300 myn t dan astam astyk 135 myn t kartop 35 myn t ga zhuyk kokonis pen bau baksha onimderi zhinalyp 90 myn t et 225 myn t sүt 7 myn t zhүn 40 mln dana zhumyrtka ondirilgen Oblysta 300 myn bas iri kara 2 mln ga zhuyk koj men eshki 44 myn shoshka 90 myn tүje men zhylky bolgan Өnerkәsip salasynda 230 mln kVt sag elektr kuaty 30 myn m den astam temir beton bujymdary 35 myn t kant 3 mln dana trikotazh bujymdar 35 mln tengenin zhiһazdary t b ondirilgen DerekkozderҚazak enciklopediyasy