Пиролюзит (грек. pyr — от, luo — жуамын), полианит — тотықтар класының минералы. Химиялық формуласы: MnO2 (Mn мөлш. 55 — 63%). Іоспалары: SіO2, BaO, H2O, т.б. П. тетрагондық сингонияда кристалданып, ине, таяқша типтес кристалдар түзеді. Түсі қара, сұр, жартылай металдық жылтыры бар, жымдастығы бір бағытта жақсы жетілген; қаттылығы 6 — 6,5; тығыздығы 4,7 — 4,8 г/см3, морт, жартылай өткізгіш. Жаратылысы шөгінділік. Пиролюзит таяз сулардың химиялық шөгіндісінен, марганецті минералдар мен тау жыныстарының химиялық үгілуінен түзіледі. Қазақстанда , Жезді, Мыржық, Жақсы, тағы басқа кен орындарында өндіріледі.
Кристалдық құрылысы рутилдің структурасына ұқсас. Кристалдары тек қуыстарда ғана сирек кездеседі. Олардың бейнесі инелі немесе таяқ тәрізді. Әдетте пиролюзит тұтас кристалдық немесе жасырынды кристалдық , көбінесе ұнтақ күйе тәрізді массалар түрінде болады. Кейде псиломеланның бүйрек тәрізді агрегаттарының формасында псевдоморфоздарда және конкреция (қабарма ) түрінде кездеседі. Тусі қара сұр, қара , сызық дағы қара , жылтырлығы шала металл тәріздес.
Жаратылысы. Пиролюзит гидротермалық кендерде, тотықтану жағдайда едәуір сирек кездеседі. Көбінесе ол басқа марганец минералдарынан табиғи өзгеру зонасында пайда болады, көпшілігінде шөгінді тау жыныстарының арасында, конкреция, жалбыршақ, және оолиттер түрінде псиломеланмен бірге кездеседі. КСРО-дегі айқын белгіленген кендердің пиролюзиті теңіздің тұнбасынан пайда болган. Пиролюзиттен марганец металы өндіріледі. Марганец темір мен шойын қорыту үшін, шыныны тазарту үшін, бояу, құрғақ. электр батареясын жасау үшін керек. Марганецтен медицинада химиялық препараттар жасалады.
Пиролюзит кендері. Ол біздің елімізде Закавказьеде (Чиатурск кені), Украинада (Никопольск кені), Қазақстанда (Жезді кені) кездеседі. Пиролюзит кені шет елдерде Үндістанда, Золотой Берегте (Батыс Африкада), Бразилияда, Богемияда (Чехословакия) бар.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pirolyuzit grek pyr ot luo zhuamyn polianit totyktar klasynyn mineraly Himiyalyk formulasy MnO2 Mn molsh 55 63 Iospalary SiO2 BaO H2O t b P tetragondyk singoniyada kristaldanyp ine tayaksha tiptes kristaldar tүzedi Tүsi kara sur zhartylaj metaldyk zhyltyry bar zhymdastygy bir bagytta zhaksy zhetilgen kattylygy 6 6 5 tygyzdygy 4 7 4 8 g sm3 mort zhartylaj otkizgish Zharatylysy shogindilik Pirolyuzit tayaz sulardyn himiyalyk shogindisinen marganecti mineraldar men tau zhynystarynyn himiyalyk үgiluinen tүziledi Қazakstanda Zhezdi Myrzhyk Zhaksy tagy baska ken oryndarynda ondiriledi Kristaldyk kurylysy rutildin strukturasyna uksas Kristaldary tek kuystarda gana sirek kezdesedi Olardyn bejnesi ineli nemese tayak tәrizdi Әdette pirolyuzit tutas kristaldyk nemese zhasyryndy kristaldyk kobinese untak kүje tәrizdi massalar tүrinde bolady Kejde psilomelannyn bүjrek tәrizdi agregattarynyn formasynda psevdomorfozdarda zhәne konkreciya kabarma tүrinde kezdesedi Tusi kara sur kara syzyk dagy kara zhyltyrlygy shala metall tәrizdes Zharatylysy Pirolyuzit gidrotermalyk kenderde totyktanu zhagdajda edәuir sirek kezdesedi Kobinese ol baska marganec mineraldarynan tabigi ozgeru zonasynda pajda bolady kopshiliginde shogindi tau zhynystarynyn arasynda konkreciya zhalbyrshak zhәne oolitter tүrinde psilomelanmen birge kezdesedi KSRO degi ajkyn belgilengen kenderdin pirolyuziti tenizdin tunbasynan pajda bolgan Pirolyuzitten marganec metaly ondiriledi Marganec temir men shojyn korytu үshin shynyny tazartu үshin boyau kurgak elektr batareyasyn zhasau үshin kerek Marganecten medicinada himiyalyk preparattar zhasalady Pirolyuzit kenderi Ol bizdin elimizde Zakavkazede Chiatursk keni Ukrainada Nikopolsk keni Қazakstanda Zhezdi keni kezdesedi Pirolyuzit keni shet elderde Үndistanda Zolotoj Beregte Batys Afrikada Braziliyada Bogemiyada Chehoslovakiya bar Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tom Kristallografiya mineralogiya petrografiya Bul kitap Abaj atyndagy Қazaktyn memlekettik pedagogty institutynyn geografiya fakultetinde okylgan lekciyalardyn negizinde zhazyldy 1990 ISBN 2 9 3 254 69Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet