Ертіс жазығы – Ертіс өзенінің екі жағын және Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан жазық.
Ертіс жазығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | ~ 80-250 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | ~ 550-600 км |
Өзендер | Өлеңті, Сілеті, Шідерті өзені |
Көлдер | , , Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қызылқақ |
Орналасуы | |
54°07′19″ с. е. 75°41′24″ ш. б. / 54.121866° с. е. 75.689958° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 54°07′19″ с. е. 75°41′24″ ш. б. / 54.121866° с. е. 75.689958° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Қазақстан Ресей |
Аймақтар | Абай облысы, Павлодар облысы, Омбы облысы, Түмен облысы |
Географиялық орны
Қазақстанның Абай, Павлодар облыстары және Ресейдің Омбы, Түмен облыстары аумағын қамтиды.
Жер бедері
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 550-600 км-ге созылып жатыр. Ені 80 км-ден 250 км-ге дейін кеңейеді. Шығысында Барабы жазығы және Құлынды далаларымен, оңтүстік-батысында Сарыарқамен, батысында Солтүстік Қазақстан жазығымен ұласады. Жер беті оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай біртіндеп еңістене отырып, 200 м-ден 100 м-ге дейін төмендейді.
Геологиялық құрамы
Жазық палеозойлық іргетасты жауып жатқан мезозой мен палеогеннің құмды-сазды және көлді-аллювийлі шөгінділерінен тұрады. Жазықты Ертіс аңғары екіге бөледі. Соған байланысты оның сол жағалауы Ертіс бойы деп, оң жағалауы Ертіс сырты деп аталады.
Су торабы
Ертіс жазығында өзен торы сирек. Ертіс алабындағы кішігірім өзендер (Шідерті, Өлеңті және Сілеті) көлдерге құяды. Көлдердің көбі тұзды және кермек татиды. Тұз байланатын ірі көлдері – , , Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қызылқақ, т.б.. Маралды көлінің суы шипалы.
Климаты
Жазықтың климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы және ұзақ. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –17 – 20°С, кейде – 48 – 53°С-қа дейін төмендейді. Қар жамылғысының қалыңдығы 30-35 см. Жазы қоңыржай жылы. Шілдеде ауаның орташа температурасы 19-22°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері оңтүстіктен солтүстікке қарай 200 мм-ден 350 мм-ге дейін көбейеді.
Өсімдіктері
Ертіс жазығының солтүстік және орталық бөліктері астық тұқымдас әр түрлі шөп аралас қау, селеу және бетеге өскен қара топырақты, оңтүстік-шығыс бөлігі селеулі-бетегелі қызғылт қоңыр топырақты. Өзен бойында қарағайлы ормандар, ойпаң жерлерде батпақты шалғындар, тұзды көлдер, жағалауларында алабота, сораң шөптер тараған.
Жануарлары
Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, елік; құстардан қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, шағала; орманды жерлерде бүркіт, кезқұйрық, күйкентай және т.б. мекендейді. Ертіс жазығын астық, көкөніс, көп жылдық мал азықтық шөптер және мал өсіруге пайдаланылады. Алқабында Павлодар облысының көптеген қалалары, кенттері мен ауылдық елді мекендері орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ertis zhazygy Ertis ozeninin eki zhagyn zhәne Batys Sibir ojpatynyn ontүstik shygys boligin alyp zhatkan zhazyk Ertis zhazygySipattamasySoltүstikten ontүstikke dejingi kashyktyk 80 250 kmBatystan shygyska dejingi kashyktyk 550 600 kmӨzenderӨlenti Sileti Shiderti ozeniKolder Teke Үlken Қaraoj Kishi Қaraoj ҚyzylkakOrnalasuy54 07 19 s e 75 41 24 sh b 54 121866 s e 75 689958 sh b 54 121866 75 689958 G O Ya Koordinattar 54 07 19 s e 75 41 24 sh b 54 121866 s e 75 689958 sh b 54 121866 75 689958 G O Ya T Elder Қazakstan ResejAjmaktarAbaj oblysy Pavlodar oblysy Omby oblysy Tүmen oblysyErtis zhazygyErtis zhazygyGeografiyalyk ornyҚazakstannyn Abaj Pavlodar oblystary zhәne Resejdin Omby Tүmen oblystary aumagyn kamtidy Zher bederiOntүstik shygystan soltүstik batyska karaj 550 600 km ge sozylyp zhatyr Eni 80 km den 250 km ge dejin kenejedi Shygysynda Baraby zhazygy zhәne Қulyndy dalalarymen ontүstik batysynda Saryarkamen batysynda Soltүstik Қazakstan zhazygymen ulasady Zher beti ontүstik shygystan soltүstik batyska karaj birtindep enistene otyryp 200 m den 100 m ge dejin tomendejdi Geologiyalyk kuramyZhazyk paleozojlyk irgetasty zhauyp zhatkan mezozoj men paleogennin kumdy sazdy zhәne koldi allyuvijli shogindilerinen turady Zhazykty Ertis angary ekige boledi Sogan bajlanysty onyn sol zhagalauy Ertis bojy dep on zhagalauy Ertis syrty dep atalady Su torabyErtis zhazygynda ozen tory sirek Ertis alabyndagy kishigirim ozender Shiderti Өlenti zhәne Sileti kolderge kuyady Kolderdin kobi tuzdy zhәne kermek tatidy Tuz bajlanatyn iri kolderi Teke Үlken Қaraoj Kishi Қaraoj Қyzylkak t b Maraldy kolinin suy shipaly KlimatyZhazyktyn klimaty tym kontinenttik Қysy suyk yzgarly zhәne uzak Қantardagy ortasha aua temperaturasy 17 20 S kejde 48 53 S ka dejin tomendejdi Қar zhamylgysynyn kalyndygy 30 35 sm Zhazy konyrzhaj zhyly Shildede auanyn ortasha temperaturasy 19 22 S Zhyldyk zhauyn shashynnyn ortasha molsheri ontүstikten soltүstikke karaj 200 mm den 350 mm ge dejin kobejedi ӨsimdikteriErtis zhazygynyn soltүstik zhәne ortalyk bolikteri astyk tukymdas әr tүrli shop aralas kau seleu zhәne betege osken kara topyrakty ontүstik shygys boligi seleuli betegeli kyzgylt konyr topyrakty Өzen bojynda karagajly ormandar ojpan zherlerde batpakty shalgyndar tuzdy kolder zhagalaularynda alabota soran shopter taragan ZhanuarlaryZhanuarlardan kaskyr tүlki koyan saryshunak suyr kosayak elik kustardan kaz үjrek akku tyrna kyzgysh shagala ormandy zherlerde bүrkit kezkujryk kүjkentaj zhәne t b mekendejdi Ertis zhazygyn astyk kokonis kop zhyldyk mal azyktyk shopter zhәne mal osiruge pajdalanylady Alkabynda Pavlodar oblysynyn koptegen kalalary kentteri men auyldyk eldi mekenderi ornalaskan DerekkozderҚazak enciklopediyasy III tom 12 tarau ATAMEKEN Geografiyalyk enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 648 bet ISBN 9965 893 70 5