Юстиниан І (Justіnіanos І) (482/83, Таурисий, Жоғары Солтүстік Македония – 14.11.565, Константинополь) — Византия императоры (527 – 565). Шаруа отбасынан шыққан. Өзінің үлкен ағасы император Юстин І-нің (518 – 527) көмегімен император сарайына жақын болып, мемлекеттік істерге үлкен ықпал етті. Таққа отырған соң империяның бұрынғы шекараларын қайта қалпына келтіруге тырысты. Жер иеленушілер мен құлиеленушілерге сүйенді, православие дінінен қолдау іздеп, сенаторлардың қарсылығын шектеуге тырысты. Мемлекеттік саясатта императордың әйелі Феодора үлкен рөл атқарды. Юстиниан І кезінде рим құқықтары толықтай қалпына келтіріліп, заң шығарушылық қызмет императордың шексіз билігін орнатуға, құл иеленушілікті нығайтуға бағытталды. Оның 536–538 ж. жүргізген реформалары мемлекетті орталықтандыруға жағдай жасады. Әкімшілік округтер үлкейтіліп, мемлекеттік аппарат пен армия күшейтілді. Қолөнер мен саудаға мемлекет бақылауы қойылды. Юстиниан І-нің кезінде салықтар көбейіп, еретиктер қатаң қудаланды. Ол алып құрылыстар жүргізуге (варварлардың баса-көктеп кіруінен қорғану үшін әскери бекіністер, қалалар, сарайлар мен ғибадатханалар салуға) үнемі қолдау жасап отырды. Кең көлемді жаулап алу саясатын жүргізді: варварлар басып алған Батыс Рим империясының жерлері (533–534 ж. Солтүстік Африка, Сардиния, Корсика, 535–555 ж. — Апеннин түбегі мен Сицилия, 554 ж. – Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігі) қайтадан тартып алынып, бұл жерлердегі құлиеленушілік тәртіптер қалпына келтірілді. Шығыста Иранмен (527–532, 540–561), солтүстікте славяндармен соғыс жүргізілді. Византияға қосылған жерлерде император билігіне қарсы жиі-жиі халық көтерілістері болып тұрды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 10-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Yustinian I Justinianos I 482 83 Taurisij Zhogary Soltүstik Makedoniya 14 11 565 Konstantinopol Vizantiya imperatory 527 565 Sharua otbasynan shykkan Өzinin үlken agasy imperator Yustin I nin 518 527 komegimen imperator sarajyna zhakyn bolyp memlekettik isterge үlken ykpal etti Takka otyrgan son imperiyanyn buryngy shekaralaryn kajta kalpyna keltiruge tyrysty Zher ielenushiler men kulielenushilerge sүjendi pravoslavie dininen koldau izdep senatorlardyn karsylygyn shekteuge tyrysty Memlekettik sayasatta imperatordyn әjeli Feodora үlken rol atkardy Yustinian I kezinde rim kukyktary tolyktaj kalpyna keltirilip zan shygarushylyk kyzmet imperatordyn sheksiz biligin ornatuga kul ielenushilikti nygajtuga bagyttaldy Onyn 536 538 zh zhүrgizgen reformalary memleketti ortalyktandyruga zhagdaj zhasady Әkimshilik okrugter үlkejtilip memlekettik apparat pen armiya kүshejtildi Қoloner men saudaga memleket bakylauy kojyldy Yustinian I nin kezinde salyktar kobejip eretikter katan kudalandy Ol alyp kurylystar zhүrgizuge varvarlardyn basa koktep kiruinen korganu үshin әskeri bekinister kalalar sarajlar men gibadathanalar saluga үnemi koldau zhasap otyrdy Ken kolemdi zhaulap alu sayasatyn zhүrgizdi varvarlar basyp algan Batys Rim imperiyasynyn zherleri 533 534 zh Soltүstik Afrika Sardiniya Korsika 535 555 zh Apennin tүbegi men Siciliya 554 zh Pirenej tүbeginin ontүstik shygys boligi kajtadan tartyp alynyp bul zherlerdegi kulielenushilik tәrtipter kalpyna keltirildi Shygysta Iranmen 527 532 540 561 soltүstikte slavyandarmen sogys zhүrgizildi Vizantiyaga kosylgan zherlerde imperator biligine karsy zhii zhii halyk koterilisteri bolyp turdy Yustinian IDerekkozderҚazak enciklopediyasy 10 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet