Омар ибн Абд әл-Ғазиз (682 — ақпан 720, араб.: عمر بن عبد العزيز) — Умәйя әулетінің 717—720 жылдары билік құрған халифі. Өзінің ізбасары Сүлеймен ибн Абд әл-Мәліктің немере інісі, халифа Абд әл-Мәліктің інісі Абд әл-Ғазиздің ұлы. Омар ибн Абд әл-Ғазиз халықты Құран мен Мұхаммед пайғамбардың сүннетіне негізделіп билік жасайтындығына сендіріп, мұсылмандар тарапынан аса ықыласқа ие болып, Әділетті халифа атағына ие болады.
Омар ибн Абд әл-Ғазиз عمر بن عبد العزيز | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
22 қыркүйек 717 — 4 ақпан 720 | ||
Ізашары | Сүлеймен ибн Абд әл-Мәлік | |
Ізбасары | II Йазид | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 2 қараша 682 Медине, Сауд Арабиясы | |
Қайтыс болуы | 4 ақпан 720 (37 жас) Алеппо, Сирия | |
Династия | Умәйя әулеті | |
Омар ибн Абд әл-Ғазиз Ортаққорда | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Омар ибн Абд әл-Ғазиз 682 жылы Мединеде дүниеге келген. Ол сол кездері халифат басындағы умәйядтардың құрайыштар тегінен еді. Бала кезінен атақты ғұламалардан білім алады. Омардың 40 мың динар көлемінде (180 кг таза алтын) жылдық табыс алатындығына қарамастан ол өте қарапайым және діндар адам еді. 26 жасында Медине, Мекке және Таиф қалаларының наменгері атанады. 6 жыл ішінде Омар жол салу, ташнау салу және ауылшаруашылық жұмыстарына қажет құдық салу сияқты үлкен істер атқарады.
Халифалығы
Наменгерлікті тастап, Омар халифат әскерінің қатарында Византиямен арадағы соғысқа аттанады. Риуаят бойынша Омар өзінің ағасы оған билікті тапсыратыны жайлы білмейтін, сондықтан бұл жайлы білгенде қарсы болып халифалықтан бас тартады, алайда бірауыздан шешілген шешім нәтижесінде Омар халиф атанады.
Сөйтіп кенеттен Омар құрамына Арабия түбегі, Мысыр, Солтүстік Африка, қазіргі Пәкістан, Ауғанстан, Орта Азия, Иран, Ирак, Күнгей Кавказ, Испания сияқты жерлер кіретін орасан зор державаның билеушісі атанды.
Омар халифа болысымен Константинопольдегі әскерді кері қайтарып алып, ішіне реформа жасауға тырысты. Ол араб емес мұсылмандардан әділетсіз түрде алынатын харадж салығын алып тастады, одан бұрынғы умәйядтар халифалары заманындағы басқа халықтар арасында араб ұлтының ерекше құқықтылығы Омар ибн Абд әл-Ғазиз заманында алынып тасталды. Осының нәтижесінде ислам дінін қабылдаушылардың саны артты. Ол уәлаяттардағы уәлилерді ауыстырып, олардың орнына әділдігімен, тақуалығымен аты шыққан азаматтарды тағайындайды. Бұрыңғы Умәйя әулетінің халифалары тұсындағы Әли ибн Әбу Талибке айталытан балағат сөздер мен қарғыстар тоқтатылып, Әһли байттың (Мұхаммед пайғамбардың әулеті) құқықтары ескерілді. Осылайша халифат территориясында тыныштық сақталды. Харижиліктердің үздіксіз көтерілісі де басылды.
Сонымен қатар Омар халифа болысымен бар мүлкінен бас тартып, халифат қазынасына салады және умәйядтар сарайын тастып шығады. Халифтің зайыбы Фатима да оның артынан еріп бар әшекейлерін қазынаға өткізеді. Халифтің табыс көзі жылына 200 динар кіріс алып келетін жалғыз жер болды. Алайда халифтің аталған іс-әрекеті Умәйя ақсүйектеріне ұнамады. Себебі әулет мүшелерінің халифат қазынасына қол жеткізу мүмкін болмады.
Омардың аскетизммен айналасуына атақты ғалым және аскет Хасан әл-Басри ықпал еткен.
Халифаға Қағбаны жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін қомақты ақша бөлінетіндігі жайлы айтқанда, Омар:
Ашыққан мұсылмандардың мұқтаждығы Қағбаның мұқтаждығынан артығырақ |
деген екен. Халифат тұрғындары Омарды жуас мінезі мен әділетті билігі үшін жақсы көретін.
Бірде Хорасан билеушісі халықты түзету үшін тек семсер мен қамшы қажет деп тұрғындарға күш көрсеткелі жатқан кезде, ашуланған халиф:
Сен жалған сөйлеп тұрсың. Оларды тек әділеттілік пен ақиқат қана түзете алады. Аллаһ жүгенсізді өлімге душар ететіндігін ұмытпағайсың! |
– деп қарс айырғандығы айтылады.
Өзінің әділетті билігінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Омар кенеттен 40 жасында қайтыс болады. БІр мәліметтер бойынша халифаны өзінің жақын туыстары астыртын у беріп өлтіргендігі жазылады.
Халиф Омар ибн Абд әл-Ғазиз Шам қаласында хижра жыл санауы бойынша 101 жылдың раджаб айында, Григориан күнтізбесі бойынша 720 жылдың 4 ақпанында қайтыс болды.
Өлім алдында халиф өз туысқандарының жиналғандығын сұрайды. Дұға оқып, тәубешілік еткеннен кейін ол бір нүктеге қарап отырып қалады. Жанында жиналғандар «Уа, билеушім, неге жүзің қаһарлы?» деп сұраған кезде, халиф: «Мен жанымдағыларды көріп тұрмын, алайда олар адам да емес, жын да емес», – деген сөздермен көз жұмған деседі.
Дереккөздер
- Ханников А. А. Ислам.
« бұл тұлғаға қатысты шежіре бар: II Омар |
- Беляев Е. А. Ерте ортағасырлардағы арабтар, ислам және Араб халифаты. М., 1965.
- http://crimean.org/islam/meshur.asp?id=16 Мұрағатталған 17 наурыздың 2011 жылы.
II Омар Туған күні: 2 қараша 682 Қайтыс болған күні: 4 ақпан 720 | ||
Ізашары: Сүлеймен ибн Абд әл-Мәлік | Ислам халифатының халифі Умәйядтар халифаты 22 қыркүйек 717 – 4 ақпан 720 | Ізбасары: II Йазид |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Omar ibn Abd әl Ғaziz 682 akpan 720 arab عمر بن عبد العزيز Umәjya әuletinin 717 720 zhyldary bilik kurgan halifi Өzinin izbasary Sүlejmen ibn Abd әl Mәliktin nemere inisi halifa Abd әl Mәliktin inisi Abd әl Ғazizdin uly Omar ibn Abd әl Ғaziz halykty Қuran men Muhammed pajgambardyn sүnnetine negizdelip bilik zhasajtyndygyna sendirip musylmandar tarapynan asa ykylaska ie bolyp Әdiletti halifa atagyna ie bolady Omar ibn Abd әl Ғaziz عمر بن عبد العزيزLauazymyUmәjyadtar halifatynyn 8 halifi22 kyrkүjek 717 4 akpan 720Izashary Sүlejmen ibn Abd әl MәlikIzbasary II JazidӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui 2 karasha 682 0682 11 02 Medine Saud ArabiyasyҚajtys boluy 4 akpan 720 0720 02 04 37 zhas Aleppo SiriyaDinastiya Umәjya әuletiOmar ibn Abd әl Ғaziz Ortakkordaondeu ӨmirbayanyOmar ibn Abd әl Ғaziz 682 zhyly Medinede dүniege kelgen Ol sol kezderi halifat basyndagy umәjyadtardyn kurajyshtar teginen edi Bala kezinen atakty gulamalardan bilim alady Omardyn 40 myn dinar koleminde 180 kg taza altyn zhyldyk tabys alatyndygyna karamastan ol ote karapajym zhәne dindar adam edi 26 zhasynda Medine Mekke zhәne Taif kalalarynyn namengeri atanady 6 zhyl ishinde Omar zhol salu tashnau salu zhәne auylsharuashylyk zhumystaryna kazhet kudyk salu siyakty үlken ister atkarady Halifalygy Namengerlikti tastap Omar halifat әskerinin katarynda Vizantiyamen aradagy sogyska attanady Riuayat bojynsha Omar ozinin agasy ogan bilikti tapsyratyny zhajly bilmejtin sondyktan bul zhajly bilgende karsy bolyp halifalyktan bas tartady alajda birauyzdan sheshilgen sheshim nәtizhesinde Omar halif atanady Sojtip kenetten Omar kuramyna Arabiya tүbegi Mysyr Soltүstik Afrika kazirgi Pәkistan Auganstan Orta Aziya Iran Irak Kүngej Kavkaz Ispaniya siyakty zherler kiretin orasan zor derzhavanyn bileushisi atandy Omar halifa bolysymen Konstantinopoldegi әskerdi keri kajtaryp alyp ishine reforma zhasauga tyrysty Ol arab emes musylmandardan әdiletsiz tүrde alynatyn haradzh salygyn alyp tastady odan buryngy umәjyadtar halifalary zamanyndagy baska halyktar arasynda arab ultynyn erekshe kukyktylygy Omar ibn Abd әl Ғaziz zamanynda alynyp tastaldy Osynyn nәtizhesinde islam dinin kabyldaushylardyn sany artty Ol uәlayattardagy uәlilerdi auystyryp olardyn ornyna әdildigimen takualygymen aty shykkan azamattardy tagajyndajdy Buryngy Umәjya әuletinin halifalary tusyndagy Әli ibn Әbu Talibke ajtalytan balagat sozder men kargystar toktatylyp Әһli bajttyn Muhammed pajgambardyn әuleti kukyktary eskerildi Osylajsha halifat territoriyasynda tynyshtyk saktaldy Harizhilikterdin үzdiksiz koterilisi de basyldy Sonymen katar Omar halifa bolysymen bar mүlkinen bas tartyp halifat kazynasyna salady zhәne umәjyadtar sarajyn tastyp shygady Haliftin zajyby Fatima da onyn artynan erip bar әshekejlerin kazynaga otkizedi Haliftin tabys kozi zhylyna 200 dinar kiris alyp keletin zhalgyz zher boldy Alajda haliftin atalgan is әreketi Umәjya aksүjekterine unamady Sebebi әulet mүshelerinin halifat kazynasyna kol zhetkizu mүmkin bolmady Omardyn asketizmmen ajnalasuyna atakty galym zhәne asket Hasan әl Basri ykpal etken Halifaga Қagbany zhondeu zhumystarynan otkizu үshin komakty aksha bolinetindigi zhajly ajtkanda Omar Ashykkan musylmandardyn muktazhdygy Қagbanyn muktazhdygynan artygyrak degen eken Halifat turgyndary Omardy zhuas minezi men әdiletti biligi үshin zhaksy koretin Birde Horasan bileushisi halykty tүzetu үshin tek semser men kamshy kazhet dep turgyndarga kүsh korsetkeli zhatkan kezde ashulangan halif Sen zhalgan sojlep tursyn Olardy tek әdilettilik pen akikat kana tүzete alady Allaһ zhүgensizdi olimge dushar etetindigin umytpagajsyn dep kars ajyrgandygy ajtylady Өzinin әdiletti biliginin arkasynda halyktyn ykylasyna bolengen Omar kenetten 40 zhasynda kajtys bolady BIr mәlimetter bojynsha halifany ozinin zhakyn tuystary astyrtyn u berip oltirgendigi zhazylady Halif Omar ibn Abd әl Ғaziz Sham kalasynda hizhra zhyl sanauy bojynsha 101 zhyldyn radzhab ajynda Grigorian kүntizbesi bojynsha 720 zhyldyn 4 akpanynda kajtys boldy Өlim aldynda halif oz tuyskandarynyn zhinalgandygyn surajdy Duga okyp tәubeshilik etkennen kejin ol bir nүktege karap otyryp kalady Zhanynda zhinalgandar Ua bileushim nege zhүzin kaһarly dep suragan kezde halif Men zhanymdagylardy korip turmyn alajda olar adam da emes zhyn da emes degen sozdermen koz zhumgan desedi DerekkozderHannikov A A Islam bul tulgaga katysty shezhire bar II OmarBelyaev E A Erte ortagasyrlardagy arabtar islam zhәne Arab halifaty M 1965 http crimean org islam meshur asp id 16 Muragattalgan 17 nauryzdyn 2011 zhyly II OmarUmәjya әuletiTugan kүni 2 karasha 682 Қajtys bolgan kүni 4 akpan 720Izashary Sүlejmen ibn Abd әl Mәlik Islam halifatynyn halifi Umәjyadtar halifaty 22 kyrkүjek 717 4 akpan 720 Izbasary II Jazid