Әли Бен-Насер (араб. علي بن ناصر; фр. Ali Bennaceur, 2 наурыз 1944) — тунистік футбол төрешісі. 1984, 1986 жылдары Африка Ұлттары кубогына төреші ретінде барды. Сондай-ақ, 1985 жылы КСРО-да өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты ойындарына да қазылық жасады.
Әли Бен-Насер | |
علي بن ناصر Ali Bennaceur | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы |
|
Қызметі | футбол төрешісі |
1986 жылғы әлем чемпионаты
1986 жылғы әлем чемпионатына төрелік ететін арбитрлердің қатарына қосылды. Турнирде Португалия - Польша (топтық) және Аргентина - Англия (1/4 финал) кездесулерін басқарды.
Аргентина - Англия матчының 51-минутында Марадонаның қолмен соққан голын есептеп жібереді де, басы дауға қалады. «Кезекті шабуылдың бірінде Марадона өзгелерден оқшауланып доптың соңынан жетіп барды. «Ойыннан тыс қалмады ма екен?» деп қапталдағы көмекшіме қарадым. Жоқ, ол тәртіп бұзылғанын мәлімдейтіндей белгі танытпады. Допқа қайта қарағанымда қақпада тулап жатты. Ә дегенде ағылшын футболшыларының маған неге өршелене шағымданғанын түсіне қоймадым. Голдан соң олай шағымдану футболда жиі болып жатады. Ал, төреші деген ешқашан шешімінен айнымау керек» деді өзі бұл жайлы.
Марадонаның «менің қолым емес, Құдайдың қолы» деп сөз тауып кететін голы осы болатын.
Осы ойыннан соң қайтадан әлем чемпионаты ойындарына қазылық жасаған жоқ.
2015 жылы 17 тамыз күні Марадона баяғы қолмен соққан голды есептеп жіберетін төреші Әли Бен-Насерге арнайы жолығып, өзің қолтаңбасы қойылған футбол жейдесін сыйға тартты да, төрешіні өзінің мәңгілік досы деп атады.
Дереккөздер
- http://english.alarabiya.net/en/sports/2015/08/18/Soccer-Hugged-by-the-hands-of-God-infamous-ref-meets-Maradona.html
Сілтемелер
- Профилі
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әli Ben Naser arab علي بن ناصر fr Ali Bennaceur 2 nauryz 1944 tunistik futbol toreshisi 1984 1986 zhyldary Afrika Ұlttary kubogyna toreshi retinde bardy Sondaj ak 1985 zhyly KSRO da otken zhastar arasyndagy әlem chempionaty ojyndaryna da kazylyk zhasady Әli Ben Naserعلي بن ناصر Ali BennaceurTugan kүni2 nauryz 1944 1944 03 02 80 zhas Tugan zheriTunisAzamattygyҚyzmetifutbol toreshisi1986 zhylgy әlem chempionaty1986 zhylgy әlem chempionatyna torelik etetin arbitrlerdin kataryna kosyldy Turnirde Portugaliya Polsha toptyk zhәne Argentina Angliya 1 4 final kezdesulerin baskardy Argentina Angliya matchynyn 51 minutynda Maradonanyn kolmen sokkan golyn eseptep zhiberedi de basy dauga kalady Kezekti shabuyldyn birinde Maradona ozgelerden okshaulanyp doptyn sonynan zhetip bardy Ojynnan tys kalmady ma eken dep kaptaldagy komekshime karadym Zhok ol tәrtip buzylganyn mәlimdejtindej belgi tanytpady Dopka kajta karaganymda kakpada tulap zhatty Ә degende agylshyn futbolshylarynyn magan nege orshelene shagymdanganyn tүsine kojmadym Goldan son olaj shagymdanu futbolda zhii bolyp zhatady Al toreshi degen eshkashan sheshiminen ajnymau kerek dedi ozi bul zhajly Maradonanyn menin kolym emes Қudajdyn koly dep soz tauyp ketetin goly osy bolatyn Osy ojynnan son kajtadan әlem chempionaty ojyndaryna kazylyk zhasagan zhok 2015 zhyly 17 tamyz kүni Maradona bayagy kolmen sokkan goldy eseptep zhiberetin toreshi Әli Ben Naserge arnajy zholygyp ozin koltanbasy kojylgan futbol zhejdesin syjga tartty da toreshini ozinin mәngilik dosy dep atady Derekkozderhttp english alarabiya net en sports 2015 08 18 Soccer Hugged by the hands of God infamous ref meets Maradona htmlSiltemelerProfili