Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қаласы – 29.10. 1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының немересі. Әкесі Ахмет Кенесарының бәйбішесі Күнімжаннан туған кіші ұлы.
Өмірбаяны
1897 жылы Шымкентте қалалық училищені бітіріп, Әулиеата уездің басқармасында хатшы болып қызмет етті.
1905 жылы Әулиеата уездің қазақтары атынан Ресей империясы Министрлер Кеңесінің төрағасы – С.Ю. Витте атына петиция жазуға қатысты.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайға сай Әулиеата уездің қазақтарының саяси белсенділігін арттыру жолында қоғамдық өмірге қызу араласты. Жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған Әулиеата уездің Ұлттық кеңесіне төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Әулиеата уездінде сайлауға түсті. Оның ұйымдастыруымен 1917 жылы 12 қарашада Әулиеата уездің қазақтарының съезі болып өтті. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезіне Сырдария облысы қазақтары атынан қатысып, онда съездің төрағасының орынбасары болды. Түркістан (Қоқан) автономиясына ізгі ниеттілік танытып, оны кеңес өкіметінің әскери күшпен талқандауына наразылық білдірді.
1921 жылдан Сырдария революция комитетінің хатшысы, уездік атқару к-тінде жер бөлімінің меңгерушісі, гидротехник болып қызмет етті.
1930 жылы кеңес өкіметі тарапынан «ұлтшыл» деп айыпталып, тұтқынға алынды. Одан көп ұзамай босатылды.
1937 жылы тамызда қайтадан тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1956 жылы Түркістан әскери округі трибуналының шешімі бойынша Кенесарин есімі ақталды.
Тараз қаласында Кенесарин тұрған үй әлі бар, ол өзбек орталау мектебінің ғимараты ретінде пайдаланылды.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әzimhan Ahmetuly Kenesarin 1878 Shymkent kalasy 29 10 1937 Alash kozgalysynyn kajratkeri kazaktyn songy hany Kenesary Қasymulynyn nemeresi Әkesi Ahmet Kenesarynyn bәjbishesi Kүnimzhannan tugan kishi uly Өmirbayany1897 zhyly Shymkentte kalalyk uchilisheni bitirip Әulieata uezdin baskarmasynda hatshy bolyp kyzmet etti 1905 zhyly Әulieata uezdin kazaktary atynan Resej imperiyasy Ministrler Kenesinin toragasy S Yu Vitte atyna peticiya zhazuga katysty 1917 zhyly Akpan tonkerisinen kejin kalyptaskan zhagdajga saj Әulieata uezdin kazaktarynyn sayasi belsendiligin arttyru zholynda kogamdyk omirge kyzu aralasty Zhergilikti halyktyn mүddesin korgau maksatynda kurylgan Әulieata uezdin Ұlttyk kenesine toragalyk etti Birinshi zhalpykazak sezinde Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna deputattykka kandidat retinde usynyldy Bүkilresejlik Қuryltaj zhinalysyna Әulieata uezdinde sajlauga tүsti Onyn ujymdastyruymen 1917 zhyly 12 karashada Әulieata uezdin kazaktarynyn sezi bolyp otti 1917 zhyly zheltoksanda otken ekinshi zhalpykazak sezine Syrdariya oblysy kazaktary atynan katysyp onda sezdin toragasynyn orynbasary boldy Tүrkistan Қokan avtonomiyasyna izgi niettilik tanytyp ony kenes okimetinin әskeri kүshpen talkandauyna narazylyk bildirdi 1921 zhyldan Syrdariya revolyuciya komitetinin hatshysy uezdik atkaru k tinde zher boliminin mengerushisi gidrotehnik bolyp kyzmet etti 1930 zhyly kenes okimeti tarapynan ultshyl dep ajyptalyp tutkynga alyndy Odan kop uzamaj bosatyldy 1937 zhyly tamyzda kajtadan tutkyndalyp atu zhazasyna kesildi 1956 zhyly Tүrkistan әskeri okrugi tribunalynyn sheshimi bojynsha Kenesarin esimi aktaldy Taraz kalasynda Kenesarin turgan үj әli bar ol ozbek ortalau mektebinin gimaraty retinde pajdalanyldy DerekkozderBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet