Әділ Абылайұлы (туған жылы белгісіз - 1815, Ташкент қаласының түбінде) — сұлтан. Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үшінші ұлы.
Әкесінің тұсында Жетісудағы Ұлы жүз руларының біраз бөлігіне билік жүргізді. 1773 жылы Пекинде Еженханның қабылдауында (15 адам) болды. Қытайға аманат ретінде де жіберілді. Елге қайтып келген соң жергілікті ақсақалдардың тілегімен Жетісуға тұрақтап, ел басқарады. Абылай 1779 жылы қырғыздармен болған ұрыста жеңіске жеткеннен кейін Талас өзені бойында Әділге үй салып беріп, осы жерге егіншілікпен айналысу үшін бірнеше қарақалпақ отбасыларын қоныстандырды. 18 ғасырдың 80-жылдары Әділ оларға қоса Дулат руының жаныс, сиқым, ботбай және шанышқылы тармақтарын Әбілмәмбет ханның баласы Болатпен бірге биледі. Олардың жалпы саны 40 мың отбасы шамалас, ал қоныстары Талас, , өзенінің бойында, Шыңғыс, Шаған т-ның төңірегінде болған. Ресми түрде таққа отырғаны жөнінде мәлімет кездеспейді, бірақ 19 ғасырдың бас кезіндегі кейбір материалдарда Әділ өзіне қарасты руларды "хан" деген атақпен басқарған. Қытай тарапынан алған "уан" ("ван") атағы болған. Әділдің Нұралы деген баласынан Жетісу өңіріне аға сұлтан болған атақты Тезек төре (1821-1879) туған.
Дереккөздер
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әdil Abylajuly tugan zhyly belgisiz 1815 Tashkent kalasynyn tүbinde sultan Abylaj hannyn ekinshi әjeli karakalpak Sajman hanymnan tugan үshinshi uly Әkesinin tusynda Zhetisudagy Ұly zhүz rularynyn biraz boligine bilik zhүrgizdi 1773 zhyly Pekinde Ezhenhannyn kabyldauynda 15 adam boldy Қytajga amanat retinde de zhiberildi Elge kajtyp kelgen son zhergilikti aksakaldardyn tilegimen Zhetisuga turaktap el baskarady Abylaj 1779 zhyly kyrgyzdarmen bolgan urysta zheniske zhetkennen kejin Talas ozeni bojynda Әdilge үj salyp berip osy zherge eginshilikpen ajnalysu үshin birneshe karakalpak otbasylaryn konystandyrdy 18 gasyrdyn 80 zhyldary Әdil olarga kosa Dulat ruynyn zhanys sikym botbaj zhәne shanyshkyly tarmaktaryn Әbilmәmbet hannyn balasy Bolatpen birge biledi Olardyn zhalpy sany 40 myn otbasy shamalas al konystary Talas ozeninin bojynda Shyngys Shagan t nyn tonireginde bolgan Resmi tүrde takka otyrgany zhoninde mәlimet kezdespejdi birak 19 gasyrdyn bas kezindegi kejbir materialdarda Әdil ozine karasty rulardy han degen atakpen baskargan Қytaj tarapynan algan uan van atagy bolgan Әdildin Nuraly degen balasynan Zhetisu onirine aga sultan bolgan atakty Tezek tore 1821 1879 tugan DerekkozderZhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz