Есімов Қайыпқали (1789 — шамамен 1857) — Бөкей ордасының сұлтаны, Кіші жүз ханы (1830 — 50). Есімнің Қарақошақ ханымнан туған үшінші ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 9 жасында шешесімен, бауырларымен бірге туысқан ағасы Бөкей сұлтанның қамқорлығында болады. Кейін Бөкей ордасының бір руын басқарып, 1826 жылы Жәңгір ханмен бірге император таққа отыру рәсіміне Мәскеуге барады. 1827 жылы өзінің қарамағындағы старшындарды Жайықтың солтүстік жағына көшіріп, хандық билікті өз қолына алуға күш салады. 1829 жылы 4 наурызда Орал казак әскерлерінің атаманы Д.Ш. Бородин оны тұтқынға алып, Орынбор түрмесіне қамайды. 1830 жылы 10 наурызда түрмеден қашып шығып, көп ұзамай Кіші жүз құрамындағы бірқатар рулардың старшындары оны хан көтереді. 1831 — 37 жылы ол адай, табынның шөмішті руына, шекті руына, 1836 жылдан Кіші жүз құрамындағы ысық, есентемір, кете, т.б. руларға билік жүргізеді. 1836 жылы Хиуа ханы Аллақұлдың шақыруымен Хиуада болып, “батыс қазақтарының ханы” деген лауазым алады. 1837 жылы Хиуадан оралғаннан кейін өзінің қарамағындағы қазақтарға Хиуа қазынасына зекет төлетеді. 1837 — 38 жылы Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісші отрядына қолдау көрсетеді. 1838 жылы көтеріліс талқандалғаннан кейін Хиуаға қашады. 1840 жылы Хиуаның жаңа ханы Рахымқұлдан “батыс қазақтарының ханы” лауазымын қайтадан алып, оның көмегімен Кіші жүздің ықпалды руларының старшындарын Жайық маңынан Хиуа шекарасына көшіріп алып, Хиуа ханының бодандығын қабылдамақ болады. Оның бұл мақсаты айтарлықтай нәтижелі болмайды. 1855 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Амин Есімовті өзінің “үмітін ақтамағаны” үшін хандық лауазымы мен дүние-мүлкінен айырып, Хиуа шенеуніктерінің қатаң бақылауында қамауда ұстайды. Есімов Хиуада қайтыс болып, сонда жерленген. Екінші ұлы Қожамжар мен үлкен ұлы Бекжанның балалары 1844 жылы әкімшілігінің рұқсатымен Жайық өңіріне қайтып оралады.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Esimov Қajypkali 1789 shamamen 1857 Bokej ordasynyn sultany Kishi zhүz hany 1830 50 Esimnin Қarakoshak hanymnan tugan үshinshi uly Әkesi kajtys bolgannan kejin 9 zhasynda sheshesimen bauyrlarymen birge tuyskan agasy Bokej sultannyn kamkorlygynda bolady Kejin Bokej ordasynyn bir ruyn baskaryp 1826 zhyly Zhәngir hanmen birge imperator takka otyru rәsimine Mәskeuge barady 1827 zhyly ozinin karamagyndagy starshyndardy Zhajyktyn soltүstik zhagyna koshirip handyk bilikti oz kolyna aluga kүsh salady 1829 zhyly 4 nauryzda Oral kazak әskerlerinin atamany D Sh Borodin ony tutkynga alyp Orynbor tүrmesine kamajdy 1830 zhyly 10 nauryzda tүrmeden kashyp shygyp kop uzamaj Kishi zhүz kuramyndagy birkatar rulardyn starshyndary ony han koteredi 1831 37 zhyly ol adaj tabynnyn shomishti ruyna shekti ruyna 1836 zhyldan Kishi zhүz kuramyndagy ysyk esentemir kete t b rularga bilik zhүrgizedi 1836 zhyly Hiua hany Allakuldyn shakyruymen Hiuada bolyp batys kazaktarynyn hany degen lauazym alady 1837 zhyly Hiuadan oralgannan kejin ozinin karamagyndagy kazaktarga Hiua kazynasyna zeket toletedi 1837 38 zhyly Bokej ordasyndagy Isataj Tajmanuly men Mahambet Өtemisuly bastagan kazaktardyn koterilisshi otryadyna koldau korsetedi 1838 zhyly koterilis talkandalgannan kejin Hiuaga kashady 1840 zhyly Hiuanyn zhana hany Rahymkuldan batys kazaktarynyn hany lauazymyn kajtadan alyp onyn komegimen Kishi zhүzdin ykpaldy rularynyn starshyndaryn Zhajyk manynan Hiua shekarasyna koshirip alyp Hiua hanynyn bodandygyn kabyldamak bolady Onyn bul maksaty ajtarlyktaj nәtizheli bolmajdy 1855 zhyly Hiua hany Muhammed Amin Esimovti ozinin үmitin aktamagany үshin handyk lauazymy men dүnie mүlkinen ajyryp Hiua sheneunikterinin katan bakylauynda kamauda ustajdy Esimov Hiuada kajtys bolyp sonda zherlengen Ekinshi uly Қozhamzhar men үlken uly Bekzhannyn balalary 1844 zhyly әkimshiliginin ruksatymen Zhajyk onirine kajtyp oralady Siltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 III tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet