Ғарыштану немесе ғарышқа ұшу – ғарыш кеңістігіне ұшу; Жерден басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Оған ұшу теориясы, траекторияны есептеу, т.б. ғылыми-техникалық мәселелер – ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастыру; медициналық-биологиялық мәселелер; ғарыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.
- Ғарыштық дәуір 1957 жылдың 4-қазанында, бұрынғы КСРО-да дүние жүзінде алғаш рет Жердің жасанды серігінің ұшырылуымен байланысты басталды.
- Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12-сәуірде адам баласының (Юрий Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы;
- ал космонавтиканың үшінші тарихи оқиғасы — 1969 ж. шілде айының 16 – 24-і күндері аралығында адамның Айға сапары (, , Майкл Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.
- 1957 жылдың 4-қазаны мен 2000 жылдың 9-ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар ұшырылды. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген. Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды. Космонавтика ұйтқушы күштің әсерін ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті.
Ракеталық-ғарыштық кешенді жасау – күрделі ғылыми-техникалық мәселе. Үлкен ракета тасығыштардың ұшу алдындағы массасы 3000 тоннаға дейін, ұзындығы 100 м-ден астам болады. Оған қажетті отынды (толық массасының 90%-ы) орналастыру үшін ракета құрылымы өте жеңіл болуы тиіс. Сондықтан ғарышқа ұшыру кезінде көп сатылы ракета пайдаланылады (отыны жанып босаған бактар ажыратылады). Қазіргі ракета тасығыш күрделі құрылғылардың жиынтығынан тұрады. Ракета тасығыштың қозғалтқыш қондырғысының қуаты ондаған ГВт-қа дейін жетеді. Ол бір-бірімен үйлесе жұмыс істейтін бірнеше қозғалтқыштардан тұрады. Қозғалысты бақылау жүйесі, әдетте, автономды болып келеді.Ғарыштық аппаратты орбитаға шығару оған бірінші ғарыштық жылдамдықтан (шамасы 7,91 км/с) артық жылдамдыққа, ал Ай, Марс не Шолпанға ұшатын ғарыштық аппараттардың жылдамдығын екінші ғарыштық жылдамдыққа (11,19 км/с) жеткізгенде ғана мүмкіндік туады. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: температураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядролық энергия, Жермен тұрақты байланыс, Жерден басқару жүйелерімен жабдықталады. Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар – ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады. Бұл аспаптар мен жүйелер борттық басқару кешені жүйесімен бірігіп, ортақ жұмысты қалыптастырады. Космонавтиканың жақын келешектегі мақсаты: әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан (2.10.1991 ж.) бастап, ғарыштық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Космонавтика саласында қазақтың екі ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинауға мол үлес қосты.
Астрономия аспан денелері туралы ғылым
Табиғат туралы көне ғылымдардың бірі.Астрономия - ғарыш кеңістігінде жекелеген денелердің немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жататындар: галактикалар,жұлдыздар,ғаламшарлар,серіктер,кометалар,метеорлар,метеориттер және т.б. Біздің галактика "Құс жолы" деп аталады.Ол әлемнің бір кішкентай бөлшегі.
Астрономия ғылымының салалары
Космонавтика - әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді Космогония - аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зертейді. Космология - Әлем және оның алпы қасиеттерін зерттейді.
Дереккөздер
- “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғaryshtanu nemese garyshka ushu garysh kenistigine ushu Zherden baskarylyp ushatyn әr tүrli garyshtyk apparattardy pajdalanyp garyshtyk kenistikti igerudi kamtamasyz etetin gylym men tehnika salalarynyn zhiyntygy Ogan ushu teoriyasy traektoriyany esepteu t b gylymi tehnikalyk mәseleler raketa tasygyshtardy raketalyk kozgaltkyshtardy t b kurastyru medicinalyk biologiyalyk mәseleler garyshtyk kenistikti igerudin halykaralyk kukyktyk mәselelerin retteu zhatady Ғaryshtyk dәuir 1957 zhyldyn 4 kazanynda buryngy KSRO da dүnie zhүzinde algash ret Zherdin zhasandy seriginin ushyryluymen bajlanysty bastaldy Ekinshi manyzdy garysh dәuiri 1961 zh 12 sәuirde adam balasynyn Yurij Gagarin tungysh ret garyshka ushuy Zherdin birinshi zhasandy seriginin maketiYurij Gagarin al kosmonavtikanyn үshinshi tarihi okigasy 1969 zh shilde ajynyn 16 24 i kүnderi aralygynda adamnyn Ajga sapary Majkl Kollinz boldy Қazir raketa tasygyshtar men garyshtyk apparattar birsypyra elderde KSRO da 1957 zhyldan AҚSh ta 1958 zhyldan Franciyada 1965 zhyldan Zhaponiya men Қytajda 1970 zhyldan Ұlybritaniyada 1971 zhyldan Үndistanda 1980 zhyldan zhasalyp pajdalanylyp keledi 1957 zhyldyn 4 kazany men 2000 zhyldyn 9 akpany aralygynda Қazakstan aumagynda ornalaskan Bajkonyr garysh alanynan 1147 raketa tasygyshtar 1186 garyshtyk apparattar ushyryldy Қazirgi garyshka ushu teoriyasy aspan mehanikasy men ushu apparattaryn baskaru teoriyasyna negizdelgen Kejin garyshka ushu dinamikasyn zerttejtin astrodinamika dep atalatyn klassikalyk aspan mehanikasynyn zhana tarauy pajda boldy Kosmonavtika ujtkushy kүshtin әserin eskere otyryp garyshtyk ushu apparattarynyn tiimdi traektoriyasyn esepteudi talap etti Mәskeudegi Vostok raketasynyn maketi Raketalyk garyshtyk keshendi zhasau kүrdeli gylymi tehnikalyk mәsele Үlken raketa tasygyshtardyn ushu aldyndagy massasy 3000 tonnaga dejin uzyndygy 100 m den astam bolady Ogan kazhetti otyndy tolyk massasynyn 90 y ornalastyru үshin raketa kurylymy ote zhenil boluy tiis Sondyktan garyshka ushyru kezinde kop satyly raketa pajdalanylady otyny zhanyp bosagan baktar azhyratylady Қazirgi raketa tasygysh kүrdeli kurylgylardyn zhiyntygynan turady Raketa tasygyshtyn kozgaltkysh kondyrgysynyn kuaty ondagan GVt ka dejin zhetedi Ol bir birimen үjlese zhumys istejtin birneshe kozgaltkyshtardan turady Қozgalysty bakylau zhүjesi әdette avtonomdy bolyp keledi Ғaryshtyk apparatty orbitaga shygaru ogan birinshi garyshtyk zhyldamdyktan shamasy 7 91 km s artyk zhyldamdykka al Aj Mars ne Sholpanga ushatyn garyshtyk apparattardyn zhyldamdygyn ekinshi garyshtyk zhyldamdykka 11 19 km s zhetkizgende gana mүmkindik tuady Orbitaga shygarylgan garyshtyk apparat raketa tasygyshtan bolinedi de aspan mehanikasynyn inerciya zandylygy bojynsha ozinin ushuyn odan әri zhalgastyrady Ғaryshka shygarylgan apparattar garysh kenistiginin katan shartyna saj uzak uakyt ozdiginen ushuga kabiletti boluy tiis Bul үshin olardyn borty birneshe zhүjelermen temperaturany turakty ustajtyn zhүje energiya kory Kүn sәulesin energiyaga ajnaldyratyn batareyalar nemese yadrolyk energiya Zhermen turakty bajlanys Zherden baskaru zhүjelerimen zhabdyktalady Sonymen katar garysh apparaty bortyna әr tүrli bagyttagy gylymi apparaturalar garysh kenistiginin fizikalyk kasietterin zerttejtin aspaptardan bastap alyp teleskoptarga dejin ornalastyrylady Bul aspaptar men zhүjeler borttyk baskaru kesheni zhүjesimen birigip ortak zhumysty kalyptastyrady Kosmonavtikanyn zhakyn keleshektegi maksaty әr tүrli garyshtyk apparattar komegimen Ajdy Kүn zhүjesindegi planetalardy tolyk zertteu Zherden tys orkenietti izdeu Қazakstan galymdary da birinshi kazak garyshkeri Toktar Әubәkirovtin garyshka saparynan 2 10 1991 zh bastap garyshtyk biotehnologiyany pajdalanyp auyl sharuashylyk dakyldarynyn zhana tүrlerin shygaruda birshama tәzhiribe zhinady Kosmonavtika salasynda kazaktyn eki garyshkeri Toktar Әubәkirov pen Talgat Musabaev Қazakstan gylymyna kazhetti kundy derekter koryn zhinauga mol үles kosty Astronomiya aspan deneleri turaly gylymTabigat turaly kone gylymdardyn biri Astronomiya garysh kenistiginde zhekelegen denelerdin nemese deneler zhүjesinde bolyp zhatkan kubylystardy zerttejdi Aspan denelerine zhatatyndar galaktikalar zhuldyzdar galamsharlar serikter kometalar meteorlar meteoritter zhәne t b Bizdin galaktika Қus zholy dep atalady Ol әlemnin bir kishkentaj bolshegi Astronomiya gylymynyn salalaryKosmonavtika әlem kenistigindegi garysh apparattarynyn kozgalysyn taldap zerttejdi Kosmogoniya aspan denelerinin pajda boluyn zhәne damuyn zertejdi Kosmologiya Әlem zhәne onyn alpy kasietterin zerttejdi Derekkozder Balalar Enciklopediyasy V tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet