Мерке түрік ордасы - Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында Мерке елді мекенінен 37 км қашықтықта орналасқан 43° с. е. 73° ш. б. / 43° с. е. 73° ш. б. (G) (O) (Я) орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жеткен, бай мәдени-тарихи мұра. 170-тен астам ескерткіштер 250 км2 аймағында Қырғыз Алатауының таулы жерінде 3000 м биіктікте орналасқан. Мерке түрік ордасы Қазақстан территориясында орналасқан әйгілі ескерткіштер ретінде ұсынылған..
Жалпы сипаттамасы
Мерке түрік ордасы – ортағасырлық түркілердің мәдени-ғұрыптық кешені. Бұл аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен рулық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды.
Мерке ғибадатханасына бірнеше жылдардан бері жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижесі мұндағы тас мүсіндері бар ғұрыптық ескерткіштер негізінен мүсіндердің иконографиялық түріне жақындығын көрсетті. Ғибадатханадағы мүсіндерде жеке тұрған әйел немесе ер адам бейнесі бейнеленген. Меркелік тас мүсіндерде қолдарына ыдыс ұстаған әйел мүсіндері барынша мәнермен өңделген. Егер мүсінде егде әйел бейнесі сомдалса кимешегі, келіншек бейнесі сомдалса сәукелесі, әшекейлері анық көрсетілген. Мүсіндердегі бас киімдер мен көкірегіне тағылған әшекейлеріне қарап, әйел адамның жасын және қоғамдағы әлеуметтік статусын ажыратуға боладыМерке ғибадатханасындағы әйел адамдарына арналған тас мүсіндердің орналасуы, бейнелену ерекшеліктері көшпелі түрік қоғамында әйелдің ерлермен теңдей дәрежеде болғандығын аңғартады. Сонымен бірге мұнда түркілердің еркектік бастаумен бірге, Ананы — ұрпақ жалғастырушы ретінде тану сияқты, терең тамырлы көшпелілердің идеологиясы жатыр.
Түркілер мәдениетінің ерекше бір түріне руникалық жазба ескерткіштер жатады. Түркілердің құпия жазбаларының ашылуы орта ғасырдағы көшпенді түріктердің дүниетанымын тануға мүмкіндік береді. Көне түріктік ойма жазулар соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия территориясынан көптеп табылып отыр. Қазақстан жерінен табылған (Ертіс, Талас, Шу өзенінің аңғарлары) руникалық жазба ескерткіштерді Мерке ғибадатханасынан табылған қойтастардағы ойма жазулар толықтырады. Бұл руникалық жазулар түркі мемлекеттерінің өмір сүру дәуірімен тікелей байланысты.
Мерке өңірінен бүгінгі таңда үш ойма жазу табылып отыр. 2000 жылы шілде айында табылған бірінші ойма жазу – “Мұң тарқатар жазу” көне түрік кезеңіне жатады. Бес руникалық таңбадан тұратын бұл көне түрік жазуын профессор А.Аманжолов түрікше “бұ қыл йас” деп оқыды. Қазақша баламасы “Мұңым-күйзеліс” (күйреу), екінші баламасы “Мұңымды тарқат”, “Шерімді жаз!” деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл қойтастағы жазудың хронологиялық уақытын көне түркі заманының соңғы ширегі деп болжайды.
“Көне түріктердің көк тәңірге тасқа ойып жазған тілегі” 2004 жылы тамыз айында табылды. Ғажайып таңбалары бар қойтастың ұзындығы 4 м, ені 2 м. Жазудың өзі тасқа терең етіп ойылған ерекше үш таңбадан тұрады. Әр таңбаның биіктігінің өзі жарты метр шамасында. Таңбаларды зерттеу нәтижесінде түрік жазуының оңнан солға қарай оқылатыны анықталған. Бір ғажабы, жазу жоғарыдан, яғни көк аспаннан оқуға арналған тәрізді. Мұндағы жазу “абыну” немесе “абынғу” деп оқылды. Ол уану, жұбану деген мағына береді. Бұл сөздің түбірі – көне түрік етістігі абын-қазақ тілінде уан түрінде осы күнге дейін сақталған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл қойтастағы көне руникалық жазу көк тәңірге арналған. Қойтастың жоғарғы жағындағы ойықтар мен тастың үлкендігін ескере отырып, бұл аймақты ғалымдар, осы өңірді мекен еткен көне түрік тайпаларының құрбандық шалуға арналған айрықша қасиетті де, киелі орны деп отыр. Қазақстан жеріндегі Шу өзені алқабындағы Мерке өңірінен табылған келесі жаңалық 2005 жылы болды. Қойтасқа ойып жазылған үшінші руникалық жазу екі таңбадан тұрады. Оның көне түрікше оқылуы ық “ық жер” дегенді білдіреді. Бұл көне руникалық жазуды оқыған профессор А.Аманжоловтың айтуы бойынша, қойтастағы жазу жайлаудағы ызғар желден, жауын-шашыннан пана болатын жерді белгілеп, көрсетіп тұрғандай.
Батыс Түрік қағанатының астанасы маңынан тек руникалық жазулар ғана емес, қалашықтан бастап қоныс орындары, обалар, тас мүсінді культтік құрылыстар, стелалар, петроглифтер, алтарьлар, таңбалар табылып отыр. Бұлардың барлығы да бүгінгі таңда мемлекет бақылауына алынуда және зерттелу үстінде.
“Мәдени мұра” тізіміне ұсынылған келесі бір тамаша ескерткіш – Мерке ғибадатханасының солтүстік жағындағы Жайсан ғибадатханасы. Бұл ортағасырлық түріктерден қалған мәдени – ғұрыптық кешен. Ғибадатханадағы ескерткіштерді зерттеу және сақтау жұмыстары 2001 жылдан бастап қолға алынды. Мұнда ескерткіштердің негізгі бөлігі орналасуына қарай бір заңдылыққа негізделген. Яғни, жерлеу құрылыстары кешеннің батыс бөлігінде орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек сирек жағдайда ғана қоршаулар қорғандардың ортасында немесе культтік кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік батысына жақын аралыққа шоғырланған. Мұндай өнер туындыларына тас мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық таңбалар, петроглифтер т.б. жатады.
Ғибадатханаға жүргізілген барлау жұмыстары кезінде басқа да көптеген құнды заттар табылды. Бір айта кететін жайт, археолог Айман Досымбаеваның пайымдауынша, ғибадатхананың ескерткіштерінде кездесетін ромб үлгісіндегі таңба әшекейліктен басқа бойтұмар ретінде қызмет атқаратын киелі сипатқа ие болған. Қазақ этнографиясында қазіргі күнге дейін ромб түріндегі таңбаны еске түсіретін тұмар тағу сақталған. Жартастарда салынған ромб түріндегі тұмар-таңбалар функционалдық мағынада Жайсан ғибадатханасының киелі жерінің шекарасын белгілеу үшін қызмет еткен болса керек.
Ғибадатхананың тас мүсіндерінде, сондай-ақ жартастарында кездесетін дөңгелек үлгідегі таңбалардың семантикасын археолог Айман Досымбаева күн культімен байланысты деген болжам айтады. Тас мүсіндер мен жартастарда суреттелген дөңгелек таңбаларды Ұлы жүздегі Дулат тайпасының рулық белгісімен салыстыру өте нәтижелі болып отыр.
Өзінің әлеуметтік-саяси құрылымы бойынша қоснегізді этнографиялық тұрмысы, яғни Орталық Азияның көптеген түрік тайпаларын құрамына енгізген Шығыс және Батыс бөліктері екі түрік әлемін – Шығыс және Батыс ареал тайпаларының мәдени арқатынасын көрсетеді. Тағдырдың жазуымен қасиетті Батыс Түрік қағанатының орталығында екі түрлі түрік әлемінің мәдениеті қосылған және Мерке ғибадатханасы ұрпаққа мұра ретінде қалды.
Дереккөздер
- Turkic sanctuary of Merke - UNESCO World Heritage Centre
- Н.Кәдірімбетова, Б.Есбергенова, Түркілердің қасиетті ескерткіштері Шу өңірінен табылдыucoz.ru/blog/2008-09-27-25(қолжетпейтін сілтеме)
Сыртқы сілтемелер
- Turkic sanctuary of Merke - UNESCO World Heritage Centre Accessed 2009-02-27.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Merke tүrik ordasy Қazakstannyn ontүstigindegi Zhambyl oblysy Shu ozeninin angarynda Merke eldi mekeninen 37 km kashyktykta ornalaskan 43 s e 73 sh b 43 s e 73 sh b 43 73 G O Ya ortalyktary bolgan tүrki dәuirinen bizge zhet ken baj mәdeni ta rihi mura 170 ten astam eskertkishter 250 km2 ajmagynda Қyrgyz Alatauynyn tauly zherinde 3000 m biiktikte ornalaskan Merke tүrik ordasy Қazakstan terri toriyasynda orna laskan әjgili eskertkishter retinde usynylgan Tolyk makalasy Қazakstandagy YuNESKO Әlemdik mura nysandar tizimiZhalpy sipattamasyMerke tүrik ordasy ortagasyrlyk tүrkilerdin mәdeni guryptyk kesheni Bul ajmaktagy keshendi eskertkishter tobyn zherleu oryndary korgandar korgandardyn manynda kezdesetin guryptyk korshaular tas mүsinder balbal tastar zhartastardagy suretter men ru lyk tanbalar zhәne kojtastarda kezdesetin ojma zhazular kurajdy Merke gibadathanasyna birneshe zhyldardan beri zhүrgizilgen arheologiyalyk zhumystardyn nәtizhesi mundagy tas mүsinderi bar guryptyk es kertkishter negizinen mүsinderdin ikonografiya lyk tүrine zhakyndygyn korsetti Ғibadathana dagy mүsinderde zheke turgan әjel nemese er adam bejnesi bejnelengen Merkelik tas mүsinderde koldaryna ydys ustagan әjel mүsinderi baryn sha mәnermen ondelgen Eger mүsinde egde әjel bejnesi somdalsa kimeshegi kelinshek bejnesi somdalsa sәukelesi әshekejleri anyk korsetilgen Mүsinderdegi bas kiimder men kokiregine tagylgan әshekejlerine karap әjel adamnyn zhasyn zhәne kogamdagy әleumettik statusyn azhyratuga boladyMerke gibadathanasyndagy әjel adamdaryna arnalgan tas mүsinderdin ornalasuy bejnelenu erekshelikteri koshpeli tүrik kogamynda әjeldin erlermen tendej dәrezhede bolgandygyn angar tady Sonymen birge munda tүrkilerdin erkektik bastaumen birge Anany urpak zhalgastyrushy retinde tanu siyakty teren tamyrly koshpeli lerdin ideologiyasy zhatyr Tүrkiler mәdenietinin erekshe bir tүrine runikalyk zhazba eskertkishter zhatady Tүrkiler din kupiya zhazbalarynyn ashyluy orta gasyrdagy koshpendi tүrikterdin dүnietanymyn tanuga mүmkindik beredi Kone tүriktik ojma zhazular songy zhyldary Қazakstan men Orta Aziya terri toriyasynan koptep tabylyp otyr Қazakstan zherinen tabylgan Ertis Talas Shu ozeninin angarlary runikalyk zhazba eskertkishterdi Merke gibadathanasynan tabylgan kojtastardagy ojma zhazular tolyktyrady Bul runikalyk zhazular tүrki memleketterinin omir sүru dәuiri men tikelej bajlanysty Merke onirinen bүgingi tanda үsh ojma zhazu tabylyp otyr 2000 zhyly shilde ajynda tabyl gan birinshi ojma zhazu Mun tarkatar zhazu kone tүrik kezenine zhatady Bes runikalyk tanbadan turatyn bul kone tүrik zhazuyn professor A Amanzholov tүrikshe bu kyl jas dep okydy Қazaksha balamasy Munym kүjzelis kүjreu ekinshi balamasy Munymdy tarkat Sherimdi zhaz degen magynany bildiredi Ғalymdar bul kojtastagy zhazudyn hronologiyalyk uakytyn kone tүrki zamanynyn songy shiregi dep bolzhajdy Kone tүrikterdin kok tәnirge taska ojyp zhazgan tilegi 2004 zhyly tamyz ajynda tabyl dy Ғazhajyp tanbalary bar kojtastyn uzyndy gy 4 m eni 2 m Zhazudyn ozi taska teren etip ojylgan erekshe үsh tanbadan turady Әr tanbanyn biiktiginin ozi zharty metr shamasynda Tanbalardy zertteu nәtizhesinde tүrik zhazuynyn onnan solga karaj okylatyny anyktalgan Bir gazhaby zhazu zhogarydan yagni kok aspannan okuga arnalgan tәrizdi Mundagy zhazu abynu nemese abyngu dep okyldy Ol uanu zhubanu degen magyna beredi Bul sozdin tүbiri kone tүrik etistigi abyn kazak tilinde uan tүrinde osy kүnge dejin saktalgan Ғalymdardyn pajym dauynsha bul kojtastagy kone runikalyk zhazu kok tәnirge arnalgan Қojtastyn zhogargy zhagyndagy ojyktar men tastyn үlkendigin eskere otyryp bul ajmakty galymdar osy onirdi meken etken kone tүrik tajpalarynyn kurbandyk shaluga arnalgan ajryksha kasietti de kieli orny dep otyr Қazakstan zherindegi Shu ozeni alkabyndagy Merke onirinen tabylgan kelesi zhanalyk 2005 zhyly boldy Қojtaska ojyp zhazylgan үshinshi runikalyk zhazu eki tanbadan turady Onyn kone tүrikshe okyluy yk yk zher degendi bildiredi Bul kone runikalyk zhazudy okygan professor A Amanzholovtyn ajtuy bojynsha kojtastagy zhazu zhajlaudagy yzgar zhelden zhauyn shashyn nan pana bolatyn zherdi belgilep korsetip turgandaj Batys Tүrik kaganatynyn astanasy manynan tek runikalyk zhazular gana emes kalashyktan bastap konys oryndary obalar tas mүsindi kulttik kurylystar stelalar petroglifter altarlar tanbalar tabylyp otyr Bulardyn barlygy da bүgingi tanda memleket bakylauyna alynuda zhәne zerttelu үstinde Mәdeni mura tizimine usynylgan kelesi bir tamasha eskertkish Merke gibadathanasynyn soltүstik zhagyndagy Zhajsan gibadathanasy Bul ortagasyrlyk tүrikterden kalgan mәdeni guryptyk keshen Ғibadathanadagy eskertkish terdi zertteu zhәne saktau zhumystary 2001 zhyldan bastap kolga alyndy Munda eskert kishterdin negizgi boligi ornalasuyna karaj bir zandylykka negizdelgen Yagni zherleu kury lystary keshennin batys boliginde ornalassa guryptyk kurylymdar keshennin shygys boligine shogyrlangan Tek sirek zhagdajda gana korshau lar korgandardyn ortasynda nemese kulttik keshenderdin batys boliginde ornalaskan Zhajsan gibadathanasynyn kuramdas boligi bolyp tabylatyn tүrikterdin oner tuyndylary memorialdyn ontүstik batysyna zhakyn ara lykka shogyrlangan Mundaj oner tuyndy laryna tas mүsinderde zhәne stelalarda sondaj ak zhartastarda kezdesetin rulyk tanbalar petroglifter t b zhatady Ғibadathanaga zhүrgizilgen barlau zhumystary kezinde baska da koptegen kundy zattar tabyldy Bir ajta ketetin zhajt arheolog Ajman Dosym baevanyn pajymdauynsha gibadathananyn eskertkishterinde kezdesetin romb үlgisindegi tanba әshekejlikten baska bojtumar retinde kyzmet atkaratyn kieli sipatka ie bolgan Қazak etnografiyasynda kazirgi kүnge dejin romb tүrin degi tanbany eske tүsiretin tumar tagu saktalgan Zhartastarda salyngan romb tүrindegi tumar tanbalar funkcionaldyk magynada Zhajsan gibadathanasynyn kieli zherinin shekarasyn belgileu үshin kyzmet etken bolsa kerek Ғibadathananyn tas mүsinderinde sondaj ak zhartastarynda kezdesetin dongelek үlgidegi tanbalardyn semantikasyn arheolog Ajman Dosymbaeva kүn kultimen bajlanysty degen bolzham ajtady Tas mүsinder men zhartastarda surettelgen dongelek tanbalardy Ұly zhүzdegi Dulat tajpasynyn rulyk belgisimen salystyru ote nәtizheli bolyp otyr Өzinin әleu mettik sayasi kurylymy bojynsha kosnegizdi etnografiyalyk turmysy yagni Ortalyk Aziya nyn koptegen tүrik tajpalaryn kuramyna engiz gen Shygys zhәne Batys bolikteri eki tүrik әlemin Shygys zhәne Batys areal tajpa larynyn mәdeni arkatynasyn korsetedi Tag dyr dyn zhazuymen kasietti Batys Tүrik kaga natynyn ortalygynda eki tүrli tүrik әleminin mәdenieti kosylgan zhәne Merke gibadathanasy urpakka mura retinde kaldy DerekkozderTurkic sanctuary of Merke UNESCO World Heritage Centre N Kәdirimbetova B Esbergenova Tүrkilerdin kasietti eskertkishteri Shu onirinen tabyldyucoz ru blog 2008 09 27 25 kolzhetpejtin silteme Syrtky siltemelerTurkic sanctuary of Merke UNESCO World Heritage Centre Accessed 2009 02 27