Жандарбек Мәлібекұлы (24 наурыз 1942 жыл, Қызылорда облысы, Екпінді ауылы) — сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Барыс орденінің иегері.
Өмірбаяны
1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында теміржолшылар отбасында дүниеге келді. Жандарбектің төрт жасында анасы дүниеден өтеді. 15 жасқа толған кезде әкесінен айырылады. Найман тайпасы Садыр руы Тоң бөлімінен шыққан.
1959 жылы мектеп бітіреді. Одаққа таралатын «Пионерская правда» газетінен П.Беньков атындағы көркемөнер училищесінің шәкіртақы, тамақ және жатақханамен қамтамасыз ететіні туралы оқып, сол училищеге оқуға дайындалады. Жолға қажетті қаражат болмағандықтан, ауылдағы бір кісіге 1 сомнан 10 000 кірпіш дайындап қажетті қаражатты жинады. Құжат тапсыруға дайындалып жүргенде құжат қабылдау аяқталып қойған еді. Ташкентке келер жолда танысқан жігіттердің айтуымен Ташкент политехникалық институтына құжат тапсырып, институттың орыс тобына қабылданады.
3 курста оқып жүргенде В.Архангелскийдің жетекшілігімен қала құрылысына арналған еңбек жазады. Бұл жұмыс Өзбекстанда І орынды және Кубада өткен «Алтын тапқан» қала құрылысының тұжырымдамасы халықаралық байқауында І орынды иеленеді.
сәулет өнері факультетін бітірген. Қырық жыл бойы бір мекемеде «Өзбекстанның мемлекеттік құрылысында» қатардағы қызметкерден жобаның бас сәулетшісі, Өзбекстанның өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі қызметіне дейін көтеріледі.
Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберқанасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. Бірінші болып Самарқанда 9 балдық жер сілкінісіне төтеп беретін биік ғимарат тұрғызды. Өзбекстан қалалары мен басқа да облыстарда 100 шақты нысан салынды. Оның арасында тұрғын-үй кешендері, жатақхана, сауда орталықтары, әуежай бар. Самарқандағы музыкалық драма театрының құрылысы – Жанбарбек Мәлібековтың төл туындысы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға жұмыс тобы құрылғандығы және елтаңба, ту, әнұран жобаларына байқау жарияланғаны туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж.Мәлібеков те болды.
Ол кезде Самарқандағы халықаралық қордың Әмір Темір цитаделі жобасына жарияланған байқауға қатысып жатыр едім. «Лениншіл жас» газеті қолыма тиді. Онда Қазақстан рәміздеріне байқау жарияланғаны жазылыпты. Сол уақытта тарихи археологиялық кітаптарды оқып, терең ойдың жетегінде жүрген болатынмын. Содан барлық қосымша жобаларды жиып қойып, Елтаңбаның сызбасын сызуға кірістім. Оның идеясы бір ай ішінде ойыма келді. Ақиқатында қасиетті Отаныма, туған жеріме деген перзенттік парызым мені алға жетеледі. Сөйтіп өзге елдердің елтаңбаларын қарадым, зерттедім. Біздің мөрімізде халқымыздың ата-бабалары – сақ, ғұн, түрік, қыпшақтан бастау алатын қанша мың жылдан аса тарихы мен мәдениетін көрсетуді көздедім. Осы мақсат миымның бір түкпірінен орын алып, шықпай қойғанда қазақтың күнделікті тұрмыста айтылатын «Шаңырағың биік, босағаң берік, керегең кең болсын!» деген тілектер санамда қайта жаңғырды. Осылайша мемлекетіміздің Елтаңбасында халқымыздың ең киелі ұғымы шаңырақты бейнелеуге белді бекем байладым. Өзбек мемлекеттік қала құрылысы мекемесіндегі негізгі жұмысыммен қатар байқаудың талаптарына сай Елтаңбаның макетін жасап, 1992 жылғы сәуір айының соңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің кеңсесіне апарып тапсырдым. Мен жұмысымды 173-ші болып өткіздім. Сөйтсем байқауға 293 жоба тапсырылыпты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған, қоғам қайраткерлерінен, ХІІ шақырылымның депутаттарынан тұратын әділ қазылар жұмыстарды қатаң қарады».
1992 жылғы сәуір айының соңында ол өз жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кеңсесіне тапсырады. Байқауға түскен 293 елтаңба нұсқаларынан Ж. Мәлібековтің жобасы жеңіп шықты.
Диаметрі 2 метр болатын Елтаңба ұшаққа да, пойызға да сыймады. Сондықтан амалсыз Шымкенттен жүк көлігін жалдап, Елтаңбаны Алматыға «КамАЗ»-бен жеткіздік. Комиссияның бірнеше отырысынан кейін, анығырақ айтқанда 1992 жылы 4 маусымда тарихи сәт те таяды. Әуелі таңертеңгі сағат 10-да Мемлекеттік Елтаңбаны талқылау басталды. 5-6 сағаттық қызу талқылаудан кейін, шамамен 17.00-де 293 жобаның ішінен 10 жоба іріктелді. Сол ондықтан менің жобам дараланып шықты.
Елтаңбадағы пырақтың мүйізіндегі жеті сақина жеті атасын білген қазақ халқының тектілігін білдіреді.Ал, пырақтың үш үлкен және үш кішкентай қанаты – көнедегі үш жүздің халқы мен қазіргі ұрпақтың сабақтастығын аңғартады. Автордың айтуынша, бекітілмей тұрып бұл Елтаңбадағы жұлдыздың орнында Күн мен Ай болған екен. Жұлдыз белгісі тәуелсіз мемлекеттің жарық жұлдызы болсын деген ниетпен тұңғыш президент Н.Назарбаев ұсынған.
Байқасаңыз, тұлпарда мүйіз ғана емес, қанат та бар. «Ер қанаты – ат» дейтін қазақ үшін тұлпардың қаншалықты қасиетті, киелі екені белгілі. Ал Елтаңбадағы тұлпар – қажымас қайрат пен жасымас жігердің, тәуелсіздікке, еркіндікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар қазақ мифологиясы мен фольклорында кең тараған. Бұл – ұшқыр арманның, биікке самғаған жасампаздықтың, алға өрлеудің, талмас талап пен асыл мұраттың белгісі. Қанатты жылқылар «Есік» қорғанынан табылған, бұдан 2,5 мың жыл бұрынғы сақ ханзадасы – «Алтын адамның» бас киімінде бейнеленген. Ал мүйіз қайдан алынды? 1969 жылы Жамбыл облысындағы Билікөлдің оң жағалауынан үш мүйізді бас киім киген адамның тасқа қашалып жасалған бейнесі табылған. Түркі дүниесіндегі әпсаналар бойынша мүйіз – батырлық, байлық, ырыс, дәулет, өсіп-өнудің символы, сондай-ақ биліктің, көсемдік пен өжеттіктің көрінісі. Шын мәнінде, бәрі тарихтан бастау алған. Бар ойым киіз үй пайда болғаннан бергі қазақтың болмыс-бітімін, терең тарихын, тегін көрсеткім келді. Ойымдағыны өнермен бейнелегенде бұл қарашаңырақты қоршаған, қазақ халқының өткені мен бүгінін, болашағын қанатына байлап, тұрақтылықтың таңбасындай ерге бекінген текті тұлпардың тұрпаты болып шықты. Елтаңбадағы тұлпардың мүйізінде 7 сақина бар. Бұл мүйізді бөліп тұрған жоқ, керісінше біріктіреді. Сол 7 сақина – тектіліктің таңбасы. Қазақ – 7 атасын білген, 7 атаға дейін қыз алыспаған текті халық. Этнографтардың айтуынша, осы игі дәстүрді ұстанатын өзге ұлт жер бетінде жоқ. Аттың алып қанаты астындағы кіші, ортаншы және үлкен қауырсындар – ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзді білдіреді. Арасындағы «Белестер белгісі» – қожа, сунақ, төрелер. Олар руға жатпағанымен, қазақтардың қатарына қосылып кеткен. Ал енді осының бәрі барып, жылқыдағы жота іспеттес омыртқаға бірігеді. Түбі бір қазақ дегеннің мағынасы осы. Қошқар мүйізбен босағаның екі тұсындағы желбауды бекітіп қойдым, «Босағаң берік болсын!» деген осы.
Елтаңбаның алғашқы үлгісі пенопластан дайындалған. 1992 жылы 4 маусымда бекітілген жоба 5 жылдан соң, тарихи шешім кезінде қоладан құйылып, 32 килолық үлгіні жаңа астанамыз – Елордаға құрметті күзет сарбаздары жеткізді. 2004 жылы Елтаңба Астанада гипстен жасап шығарылды. Бірақ бұл үлгі технологиялық жағынан дамымаған еді. 2006 жылы мен Елтаңба элементтеріне ғылыми атаулар берумен айналысуға арнадым. Ондағы әр бөлшектің өлшемдерін анықтап, тарихи сипаттама, 41 атауға түсінік бердім. 2007-2014 жылдары CorelDRAW бағдарламасында компьютерлік сызба өлшемдерін жасадым. Ал оның 3D модельдік өлшемдерін құрастыру екі жылға созылды. Сол уақыт аралығында менің авторлық нұсқауыммен электронды жүйесі қалыпқа сәйкес қайта жасалып, оның үлгілері гипстен, силиконнан әзірленді.
2015 жылы сонау 2008 жылы бастаған маңызды жұмысымды соңына жеткізіп, Қазақстан мемлекеттік Стандарттау және метрология комитетінің мамандарымен, «Мекен KZ» компаниясының өндірістік ұжымымен бірге жаңа стандарт үлгісін жасап шықтым. Тұңғыш рет цифрлы компьютерлік жаңа технологияның нәтижесінде Мемлекеттік Елтаңбаға пропорциялық өлшемдердің автоматты өндірістік жасау тәсілі енгізілді. Авторлық талаптарым, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңнама толық сақталды. Осы 7 жылдық жұмыстың жемісі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық шарттары туралы жаңа стандарт бойынша (ҚР. СТ 989-2014) мемлекеттік рәміздің стандартты үлгісі өндіріске енгізілді. Бұл стандарт түрлі ауытқушылықтармен дайындалып, сатумен айналысқан мекемелердің ісіне және өзге де келеңсіздіктерге тосқауыл болды. Өйткені енді Елтаңба жасаушылар дизайнды электронды түрде орындауы тиіс. Сондай-ақ мұндай өндіріс орындары Елтаңбаны жасаудың әдістемелік нұсқаулығын қоса алуы керек.
2019 жылғы 1 қарашадан бастап Елтаңба еліміздегі тағы бір тарихи шешімнің көшбасшысына айналды. Біз өз әліпбиімізге қайта келдік. Президенттің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес Елтаңбаға өзгеріс енгізілді. Ондағы еліміздің атауы латын қарпімен жазылды.
Негізгі шығармашылық жұмыстары
- Әндіжан қаласындағы әуежай,
- Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі,
- Ферғанадағы Облыстық пошта,
- Самарқандтағы Облыстық әкімшілік үйі,
- Драма театры мен
- Орталық кітапхана ғимараттарын,
- , Ферғана және Самарқан қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы.
Марапаттары
- «Құрмет» орденінің иегері
- Өзбекстанға еңбегі сіңірген сәулетші.
- «I дәрежелі «Барыс»» ордені (2022)
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы Елтаңбасы авторының өмір жолы (қаз.) (2 шілде 2015).
- [ https://egemen.kz/article/277124-zhandarbek-malibekuly-eltanhbada-elbasynynh-qol%C2%ADtanh%C2%ADbasy-bar Жандарбек Мәлібекұлы: Елтаңбада Елбасының қолтаңбасы бар]
- «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ Мұрағатталған 22 қаңтардың 2023 жылы.
- Жұлдыздың орнында Күн мен Ай болған - Ж.Мәлібеков
- Президент Токаев наградил ряд казахстанцев. tengrinews.kz
Сыртқы сілтемелер
- Жандарбек Мәлібекұлы берген сұхбаты Мұрағатталған 5 маусымның 2007 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhandarbek Mәlibekuly 24 nauryz 1942 zhyl Қyzylorda oblysy Ekpindi auyly sәuletshi Қazakstan Respublikasy Memlekettik eltanbasynyn avtory Euraziya ulttyk universitetinin professory Barys ordeninin iegeri Өmirbayany1942 zhyly Қyzylorda oblysyndagy Zhanakorgan audanynyn Ekpindi auylynda temirzholshylar otbasynda dүniege keldi Zhandarbektin tort zhasynda anasy dүnieden otedi 15 zhaska tolgan kezde әkesinen ajyrylady Najman tajpasy Sadyr ruy Ton boliminen shykkan 1959 zhyly mektep bitiredi Odakka taralatyn Pionerskaya pravda gazetinen P Benkov atyndagy korkemoner uchilishesinin shәkirtaky tamak zhәne zhatakhanamen kamtamasyz etetini turaly okyp sol uchilishege okuga dajyndalady Zholga kazhetti karazhat bolmagandyktan auyldagy bir kisige 1 somnan 10 000 kirpish dajyndap kazhetti karazhatty zhinady Қuzhat tapsyruga dajyndalyp zhүrgende kuzhat kabyldau ayaktalyp kojgan edi Tashkentke keler zholda tanyskan zhigitterdin ajtuymen Tashkent politehnikalyk institutyna kuzhat tapsyryp instituttyn orys tobyna kabyldanady 3 kursta okyp zhүrgende V Arhangelskijdin zhetekshiligimen kala kurylysyna arnalgan enbek zhazady Bul zhumys Өzbekstanda I oryndy zhәne Kubada otken Altyn tapkan kala kurylysynyn tuzhyrymdamasy halykaralyk bajkauynda I oryndy ielenedi sәulet oneri fakultetin bitirgen Қyryk zhyl bojy bir mekemede Өzbekstannyn memlekettik kurylysynda katardagy kyzmetkerden zhobanyn bas sәuletshisi Өzbekstannyn onerkәsiptik gylymi zertteu institutynyn kala kurylysy sheberhanasynyn zhetekshisi kyzmetine dejin koteriledi Tashkent kalasyndagy gylymi zertteu zhobalau institutynyn kala kurlysy sheberkanasynyn zhetekshisi zhobalar zhonindegi bas sәuletshi bolgan Birinshi bolyp Samarkanda 9 baldyk zher silkinisine totep beretin biik gimarat turgyzdy Өzbekstan kalalary men baska da oblystarda 100 shakty nysan salyndy Onyn arasynda turgyn үj keshenderi zhatakhana sauda ortalyktary әuezhaj bar Samar kan dagy muzy kalyk drama teatry nyn ku rylysy Zhanbarbek Mәlibekovtyn tol tuyn dysy Қazakstan Respublikasynyn Eltanbasy1992 zhyldyn basynda Қazakstan Respublikasynyn zhana memlekettik rәmizderin dajyndauga zhumys toby kurylgandygy zhәne eltanba tu әnuran zhobalaryna bajkau zhariyalangany turaly Zhogargy Kenes Prezidiumynyn Қaulysy shykty Osy bajkauga koptegen talantty akyndar sazgerler suretshiler men sәuletshiler katysty olardyn katarynda Zh Mәlibekov te boldy Ol kezde Samarkandagy halykaralyk kordyn Әmir Temir citadeli zhobasyna zhariyalangan bajkauga katysyp zhatyr edim Leninshil zhas gazeti kolyma tidi Onda Қazakstan rәmizderine bajkau zhariyalangany zhazylypty Sol uakytta tarihi arheologiyalyk kitaptardy okyp teren ojdyn zheteginde zhүrgen bolatynmyn Sodan barlyk kosymsha zhobalardy zhiyp kojyp Eltanbanyn syzbasyn syzuga kiristim Onyn ideyasy bir aj ishinde ojyma keldi Akikatynda kasietti Otanyma tugan zherime degen perzenttik paryzym meni alga zheteledi Sojtip ozge elderdin eltanbalaryn karadym zerttedim Bizdin morimizde halkymyzdyn ata babalary sak gun tүrik kypshaktan bastau alatyn kansha myn zhyldan asa tarihy men mәdenietin korsetudi kozdedim Osy maksat miymnyn bir tүkpirinen oryn alyp shykpaj kojganda kazaktyn kүndelikti turmysta ajtylatyn Shanyragyn biik bosagan berik keregen ken bolsyn degen tilekter sanamda kajta zhangyrdy Osylajsha memleketimizdin Eltanbasynda halkymyzdyn en kieli ugymy shanyrakty bejneleuge beldi bekem bajladym Өzbek memlekettik kala kurylysy mekemesindegi negizgi zhumysymmen katar bajkaudyn talaptaryna saj Eltanbanyn maketin zhasap 1992 zhylgy sәuir ajynyn sonynda Қazakstan Respublikasynyn Zhogargy Kenesinin kensesine aparyp tapsyrdym Men zhumysymdy 173 shi bolyp otkizdim Sojtsem bajkauga 293 zhoba tapsyrylypty Prezident Nursultan Nazarbaev bastagan kogam kajratkerlerinen HII shakyrylymnyn deputattarynan turatyn әdil kazylar zhumystardy katan karady 1992 zhylgy sәuir ajynyn sonynda ol oz zhobasyn Қazakstan Respublikasy Zhogargy Kenesinin kensesine tapsyrady Bajkauga tүsken 293 eltanba nuskalarynan Zh Mәlibekovtin zhobasy zhenip shykty Diametri 2 metr bolatyn Eltanba ushakka da pojyzga da syjmady Sondyktan amalsyz Shymkentten zhүk koligin zhaldap Eltanbany Almatyga KamAZ ben zhetkizdik Komissiyanyn birneshe otyrysynan kejin anygyrak ajtkanda 1992 zhyly 4 mausymda tarihi sәt te tayady Әueli tanertengi sagat 10 da Memlekettik Eltanbany talkylau bastaldy 5 6 sagattyk kyzu talkylaudan kejin shamamen 17 00 de 293 zhobanyn ishinen 10 zhoba irikteldi Sol ondyktan menin zhobam daralanyp shykty Eltanbadagy pyraktyn mүjizindegi zheti sakina zheti atasyn bilgen kazak halkynyn tektiligin bildiredi Al pyraktyn үsh үlken zhәne үsh kishkentaj kanaty konedegi үsh zhүzdin halky men kazirgi urpaktyn sabaktastygyn angartady Avtordyn ajtuynsha bekitilmej turyp bul Eltanbadagy zhuldyzdyn ornynda Kүn men Aj bolgan eken Zhuldyz belgisi tәuelsiz memlekettin zharyk zhuldyzy bolsyn degen nietpen tungysh prezident N Nazarbaev usyngan Bajkasanyz tulparda mүjiz gana emes kanat ta bar Er kanaty at dejtin kazak үshin tulpardyn kanshalykty kasietti kieli ekeni belgili Al Eltan ba dagy tulpar kazhymas kajrat pen zhasymas zhigerdin tәuelsizdikke erkindikke umtylgan kulshynystyn bejnesi Қanatty tulpar kazak mifologiyasy men folklorynda ken taragan Bul ushkyr armannyn biikke samgagan zhasampazdyktyn alga orleudin talmas talap pen asyl murattyn belgisi Қanatty zhylkylar Esik korganynan tabylgan budan 2 5 myn zhyl buryngy sak hanzadasy Altyn adamnyn bas kiiminde bejnelengen Al mүjiz kajdan alyndy 1969 zhyly Zhambyl oblysyndagy Bilikoldin on zhagalauynan үsh mүjizdi bas kiim kigen adamnyn taska kashalyp zhasalgan bejnesi tabylgan Tүrki dүniesindegi әpsanalar bojynsha mүjiz batyrlyk bajlyk yrys dәulet osip onudin simvoly sondaj ak biliktin kosemdik pen ozhettiktin korinisi Shyn mәninde bәri tarihtan bastau algan Bar ojym kiiz үj pajda bolgannan bergi kazaktyn bolmys bitimin teren tarihyn tegin korsetkim keldi Ojymdagyny onermen bejnelegende bul karashanyrakty korshagan kazak halkynyn otkeni men bүginin bolashagyn kanatyna bajlap turaktylyktyn tanbasyndaj erge bekingen tekti tulpardyn turpaty bolyp shykty Eltanbadagy tulpardyn mүjizinde 7 sakina bar Bul mүjizdi bolip turgan zhok kerisinshe biriktiredi Sol 7 sakina tektiliktin tanbasy Қazak 7 atasyn bilgen 7 ataga dejin kyz alyspagan tekti halyk Etnograftardyn ajtuynsha osy igi dәstүrdi ustanatyn ozge ult zher betinde zhok Attyn alyp kanaty astyndagy kishi ortanshy zhәne үlken kauyrsyndar uly zhүz orta zhүz kishi zhүzdi bildiredi Arasyndagy Belester belgisi kozha sunak toreler Olar ruga zhatpaganymen kazaktardyn kataryna kosylyp ketken Al endi osynyn bәri baryp zhylkydagy zhota ispettes omyrtkaga birigedi Tүbi bir kazak degennin magynasy osy Қoshkar mүjizben bosaganyn eki tusyndagy zhelbaudy bekitip kojdym Bosagan berik bolsyn degen osy Eltanbanyn algashky үlgisi penoplastan dajyndalgan 1992 zhyly 4 mausymda bekitilgen zhoba 5 zhyldan son tarihi sheshim kezinde koladan kujylyp 32 kilolyk үlgini zhana astanamyz Elordaga kurmetti kүzet sarbazdary zhetkizdi 2004 zhyly Eltanba Astanada gipsten zhasap shygaryldy Birak bul үlgi tehnologiyalyk zhagynan damymagan edi 2006 zhyly men Eltanba elementterine gylymi ataular berumen ajnalysuga arnadym Ondagy әr bolshektin olshemderin anyktap tarihi sipattama 41 atauga tүsinik berdim 2007 2014 zhyldary CorelDRAW bagdarlamasynda kompyuterlik syzba olshemderin zhasadym Al onyn 3D modeldik olshemderin kurastyru eki zhylga sozyldy Sol uakyt aralygynda menin avtorlyk nuskauymmen elektrondy zhүjesi kalypka sәjkes kajta zhasalyp onyn үlgileri gipsten silikonnan әzirlendi 2015 zhyly sonau 2008 zhyly bastagan manyzdy zhumysymdy sonyna zhetkizip Қazakstan memlekettik Standarttau zhәne metrologiya komitetinin mamandarymen Meken KZ kompaniyasynyn ondiristik uzhymymen birge zhana standart үlgisin zhasap shyktym Tungysh ret cifrly kompyuterlik zhana tehnologiyanyn nәtizhesinde Memlekettik Eltanbaga proporciyalyk olshemderdin avtomatty ondiristik zhasau tәsili engizildi Avtorlyk talaptarym sondaj ak Parlament kabyldagan zannama tolyk saktaldy Osy 7 zhyldyk zhumystyn zhemisi 2016 zhyldyn 1 kantarynan Memlekettik Eltanbanyn tehnikalyk sharttary turaly zhana standart bojynsha ҚR ST 989 2014 memlekettik rәmizdin standartty үlgisi ondiriske engizildi Bul standart tүrli auytkushylyktarmen dajyndalyp satumen ajnalyskan mekemelerdin isine zhәne ozge de kelensizdikterge toskauyl boldy Өjtkeni endi Eltanba zhasaushylar dizajndy elektrondy tүrde oryndauy tiis Sondaj ak mundaj ondiris oryndary Eltanbany zhasaudyn әdistemelik nuskaulygyn kosa aluy kerek 2019 zhylgy 1 karashadan bastap Eltanba elimizdegi tagy bir tarihi sheshimnin koshbasshysyna ajnaldy Biz oz әlipbiimizge kajta keldik Prezidenttin Қazak tili әlipbiin kirillicadan latyn grafikasyna koshiru turaly Zharlygyna sәjkes Eltanbaga ozgeris engizildi Ondagy elimizdin atauy latyn karpimen zhazyldy Negizgi shygarmashylyk zhumystaryӘndizhan kalasyndagy әuezhaj Tashkenttegi Үkimet konak үji Ferganadagy Oblystyk poshta Samarkandtagy Oblystyk әkimshilik үji Drama teatry men Ortalyk kitaphana gimarattaryn Fergana zhәne Samarkan kalalaryndagy birkatar turgyn үj audandary kurylysyn zhobalauga katyskan Қazakstan Respublikasy Memlekettik eltanbasynyn avtory Marapattary Қurmet ordeninin iegeri Өzbekstanga enbegi sinirgen sәuletshi I dәrezheli Barys ordeni 2022 DerekkozderҚazakstan Respublikasy Eltanbasy avtorynyn omir zholy kaz 2 shilde 2015 https egemen kz article 277124 zhandarbek malibekuly eltanhbada elbasynynh qol C2 ADtanh C2 ADbasy bar Zhandarbek Mәlibekuly Eltanbada Elbasynyn kol tan basy bar RUHANI ZhAҢҒYRU MӘҢGILIK EL ALYPTARY ZhOBASY ZhANDARBEK MӘLIBEKOV Muragattalgan 22 kantardyn 2023 zhyly Zhuldyzdyn ornynda Kүn men Aj bolgan Zh Mәlibekov Prezident Tokaev nagradil ryad kazahstancev tengrinews kzSyrtky siltemelerZhandarbek Mәlibekuly bergen suhbaty Muragattalgan 5 mausymnyn 2007 zhyly