Ер – салт атқа мініп жүру үшін пайдаланылатын әбзелдердің бірі.
Тарихи дерек
Ердің ежелгі нұсқалары б.з.д. 2-1 мыңжылдықтарға тән археологиялық қазбаларға қарағанда жүн, киіз сияқты жұмсақ заттардан жасалған. Кейін қаңқасы ағаштан жасалған ер түрлері пайдаланыла бастады. Оның дәлелі ретінде ерте темір дәуірі кезеңіне тән археологиялық артефактілер қатарындағы үзеңгісіз қарапайым ағаш ерді айтуға болады. Ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде ердің құрылымында үлкен сапалық өзгерістер пайда болды. Әуелі мінер жақтағы үзеңгісі, содан кейін келесі жақтың үзеңгісі, кейін құйысқан, өмілдірік, керайыл сияқты әбзелдер қолданысқа енді.
Көшпелі ортада таралған ер жасалған материалына, сыртқы пішініне, кейбір детальдық және жергілікті ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Алдыңғы қасы дөңгеленіп, шалқайып тұратын ықшам келген қазақы ер ең көп таралған ер түріне саналады. Сонымен бірге қазақы ортада әр түрлі себептермен жат-жұрттық ер-тұрмандар да қолданыста болды. Алды-арты дөңгеленіп келген биік, тік қасты – қалмақы ер, арты жалпақ, отыруға жайлы, алдыңғы қасы жұмырлана келген шошақ басты – қоқан ер, алдыңғы қасы тік, артқы қасы дөңгеленіп келген – сарт ер, атты әскерлер тұтынатын, кісілігі үлкен, қасы аласа, тұрқы ұзын болып келетін – орыс ер, алды-арты қайқы, ортасы дөңестеу келген сүйіндік ер, алдыңғы қасы үшкірлеу келген қырғыздың – сару ер, алдыңғы қасы ұзынша, шошақ келген шошақбас ер (парсы, үнді текті). Аталмыш ердің түрлері этникалық "өңдеуге" түсіп, өзінің құрылымы жағынан да, қолданысы мен эстетикалық бітімі тұрғысынан да қазақылық сипатқа ие болды.
Белгілі бір аймақта таралған ер түрлері сол рулардың атымен де аталады. Қазақ ортасында рулық сәйкестілік принципі бойынша адай ер, арғын ер, алтай ер, дулат ер, керей ер, найман ер, үйсін ер деген ер түрлері таралған. Мысалы, албан, суан және жалайырлар арасында кең қолданыста болған үйрекбас ер әрі жеңіл, яғни атқа да, жолаушыға да қолайлы, әрі сәнді етіп жасалынды. Ал керей ері ауқымды, кең, қасы жалпақ келген, әрі биік, үлкен болса, найман ері қасы биік, қушықтау, ауқымы тар, сәнді келеді. Сонымен қатар ерлердің түрлері жасалған материалына байланысты ағаш ер және былғары ер деген екі үлкен топқа бөлінеді. Алғашқысы аттың арқасына тимейтіндей етіп жасалған, ағаш қаңқалы, көнмен қапталмаған көпшілік қолды ер түрі болса, екіншісі – сырты былғарымен қапталған ер.
Ердің қаңқасының құрылымы
Ердің құрылымдық ең мәнді негізгі бөліктері бойынша да – алдыңғы, артқы қастарының пошымына, жабдықтарының құрамына және эстетикасына байланысты бірнеше түрге жіктеледі:
- ердің алдыңғықасының пошымына қарай: қазық тәріздес үшкірлеу келген ердің түрі – қазықбас ер, басы үйрек тұмсығына ұқсас – үйрекбас ер;
- ердің алдыңғы және артқы қастарының өзара үйлесіміне қарай: алдыңғы, артқы қастары тікшелеу түрі – шошақбас ер, алдыңғы қасы қошқар мүйізді болып келген, артқы қасы иіліңкі ер түрі – қоқан ер, басы үшкір, арт жағы жалпақ түрі – қандек ер. Батыс Қазақстан өңіріне тән, басы шошайып, арты дөңгеленіп келген ер түрі – қозықұйрық ер, алдыңғы қасы үлкен, симметриялы екі бөлікке бөлініп, жарты шар тәрізді екі бөліктен тұратын айыр ер, екі басы тік келген баламоғал ер деген түрлері таралған. Қазақ ерінің алдыңғы қасы дөңгеленіп келген түрлерінің аттары да әртүрлі: алды-арты жалпақ, дөңгелек ер – қалшеке ер, алдыңғы қасы дөңгеленген, арты жалпақша келген ер – қаптал ер;
- ердің алдыңғы қасының әшекейленуіне қарай: алдыңғы қасы биік, үшкірленіп тік келген, сүйекпен қапталғаны – ақбас ер, алдыңғы қасы жалпақтау әрі сүйекпен әшекейленгені – сарықасқа ер, алдыңғы, артқы қасына бірдей сүйек шабылған, маңдайы күмістелгені – бітеу ер деп ажыратылады. Ертеде Түркістанда жылқының сауыр терісінен ерекше тәсілмен жасалған көк түске боялған көксауыр терімен алдыңғы қастың қапталуына орай көкбас ер немесе көнбас ер деп аталғандары қымбат бағаланған.
Жабдықталу сипатына қарай қазақ ерлері әйел ері, еркек ері, бәйге атының ері, бала ер, асау ері, көкпар ері деп жіктеледі. Яғни бұл жіктеу ердің белгілі мақсатқа лайықталып жасалғандығына байланысты. Көкпар тартуға арналған ердің өзіндік қолданыстық қажеттілікке үйлестірілген жақтары болады. Еркектерге арналған ердің қаңқасы ықшам, сүйегі жеңіл, бөлшектері жұқа, мықты, берік, атқа қонымды, әшекейі аз, ықшам болады. Қыз-келіншектерге арналған ерлер алтынмен апталып, күміспен күптеліп безендіріледі, асыл тас маржандардан көз қондырылып, айыл-тұрманы түгелдей үзбелі, құймалы, шытыралы келеді.
Ер түрлері
Ер-тұрманның жалпы пошымы және жасалу технологиясына қарай негізгі төрт түрге жіктейді: ойма ер, құранды ер, қазақ ері, шошақбас ер. Ердің ат арқасына ыңғайлылығы, ықшамдылығы, жеңілдігі, мықтылығы, орнықтылығы, әрине, адамға жайлылығы, әрі әсемділігі оның сапалылығының ең басты көрсеткіші болды. Алдыңғы, артқы қас, екі қаптал, бел ағаш деп аталатын бес бөлшек ағаштан ойылып жасалған ер ойма ер немесе ойма қасты ер деп аталады.
- Шошақбас ер – сүйегі әдемі шабылған, былғарымен қапталған, алдыңғы қасы жіңішке, ұзын және аздап алға қарай еңкіштеу, құстұмсықтанып үшкірленіп, ал артқы жағы аздап көтеріңкі, арқалықсыз, жартылай шеңберленіп бітетін, өте жеңіл ер түрі. Мұндай ер түрі Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен Алматы облысының оңтүстігін мекендейтін қазақтар арасында көп тараған. Шошақбас ерді 4-5 бөлек қайың, қарағаш немесе емен сияқты берік ағаш кесінділерінен шауып құрайды. Ердің жеке тұстарын бір-бірімен шеге арқылы ұстатады. Қасының айнала шеттерін күміс және жез сияқты металдармен көмкереді немесе сүйекпен не болмаса мүйізбен сәндейді. Үстіне былғарыдан немесе киізден көпшік шегеленеді. Қарағаштан тұтас шабу үшін алдымен ағашты бірнеше күн суға салып жібітіп алған соң балтамен шауып, шотпен өңдеп, тұзды суға қайнатады. Содан кейін көлеңкеге қойып кептіріп, түйе көнімен қаптайды.
- Құранды ер көбінесе Оңтүстік Қазақстанда, Қарағанды облысының шығыс жағы мен Ақмола, Қостанай және Алматы облысының оңтүстік аймағында кездеседі. Құранды ер 18-22 бөлек ағаш кесінділерінен құралып жасалады. Құранды ер жасау үшін терек, жиде, тал сияқты жұмсақ ағаштар қолданылады және желім де тез сіңіп, жақсы ұстасады. Құранды ер бөлшектерінің өзіне тән атаулары болады: алдыңғы қастың негізі болып табылатын оқпан екі бөлек ағаштан құралады да, қастың оң жақ, сол жақ беттерін құрайды. Оқпанның арт жағынан жапсырылып екі бетті біріктіретін бөлігін желкебасар десе, алдыңғы қастың бүркіт қабақтанған екі айыр басын қас, артқы қасын керсен дейді. Оның ортасы бір бөлек шабылады да, екі шетіне қанат деп аталатын қосымша қондырғылар желімделеді. Екі қасты қапталдармен ұштастыру үшін ердің екі жағынан ұзыншақтау қоспа ағаш қиыстырылады. Ердің үстін жауып тұратын бөлігін ортанбел ағаш деп атайды. Алдыңғы қастың түбінен, қаптал басының үстіңгі жағынан кепіл ағаштар жапсырылады, ал қас пен қапталдың аралығынан тіреуіштер қойылады. Ердің мұндай бөлшектерін бір-бірімен біріктіру үшін олардың астасатын жерлерін алдын ала тегістеп алып, бірнеше қайтара желім жағып кептіреді. Желімделген бөлшектер әбден кепкенше ауыр нәрсемен бастырып немесе арнаулы қысқашпен қыстырып қояды. Ердің негізгі сүйегі әбден кепкеннен кейін оған түгелдей тарамыс талшықтары араластырылған желім үш қайтара жағылады. Желімге кендір шүйкесін араластырып ердің ағашын қаптай бекітуді кей жерде "пайлау", кейбір өңірде "сіңірлеу" деп атайды. Әрбір желім қабаты көлеңке жерде, ал, қыста жылы үйде кептіріледі. Себебі жарылғыш болады деп күн көзіне шығармайды, қыста отқа жақындатпайды.
- Үйрекбас ер төрт бөлек қайың ағашынан шабылады, бір-бірімен шеге арқылы ұстатылып, сырты қалың былғарымен және киізбен қапталады. Бұл ердің басы "үйрек мойынданып" ілгері қарай иіле келген.
- Бұқар және қоқан ерлерінің төменгі бөлігіне екі жағынан төрт-төрттен шығыршық бекітіледі, бірінші жұп шығыршықтарға өмілдірік байланса, екінші жұпқа айыл, үшінші жұпқа екі қанжығабау, ең соңғы жұпқа яғни екі шығыршықты қайыс баумен қосып құйысқан байланады.
- Қазақ ері деп аталатын кең таралған ер түрінің алдыңғы қасы қалың, доғаша иілген, сүйегі ауыр, ердің сырты түгелдей көңмен қапталған, оның сыртынан күміс шытыралар шауып әшекейленген. Алдыңғы қастың дәл ортасына түрлі (қызыл, көк, кейде сары) түсті шыныдан үлкен көз орнатылады. Мұндай ерлердің жабдықтары күміс, алтын жалатып жасалғандықтан, салмағы да ауыр болады.
- Бәйге ер өте ықшам, жинақы, бүтін ағаштан ойылып, жеңіл бәйгеге шабуға арналып жасалады.
- Жауыр аттарға ерттелетін тоқымсыз қапталдығындағы киізі қалың ер түрін Талас өңіріндегі қазақтар желқом ер деп атаса, Көкшетауда бір салар, Ақмолада айыр ер, Қызылордада айырқом, Алматы өңірінде жалпоз деп атайды. Ердің өгізге салуға арналған, алды-арты биік сүйемелі, бала мінетін ашамай, көліктің арқасына салатын ершік деген бірнеше түрлері бар. Ершікті Қостанай қазақтарында жапал деп, кей жерлерде ыңыршақ деп атайды. Ердің құрамдас бөліктері ер қаңқасын құрастырушы екі қаптал, ортан, белағаш деп аталатын ағаш бөлшектерден тұрады. Ерді құрастырып тұрған ағаш бөлшектерін ер сүйегі немесе ер қаңқасы деп атайды.
Қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап ашамай ер жасаған. Ұл баланы үш-төрт жастан бастап атқа мінуге үйреткен. Ашамай ер аса күрделі болмаған, ердің алдыңғы қасымен артқы қасы екі айыр, биік етіп жасалып, екі ұшында тесігі болған. Баланы ерге отырғызғанда сол тесіктен таяқша өткізіп, ат үстіндегі баланы мықтап ұстатады, аяғын үзеңгі қапқа кигізеді.
Ер сүйегін, ердің соқа басын құрайтын бөліктер
Ер сүйегін, ердің соқа басын құрайтын бөліктер: қаптал – аттың қапталына үйлестіріліп жасаған, ердің екі қасына бекітілген қайқылау шабылған ағаш; қас – ердің алдыңғы басы мен арт жағы; кісілік – ердің артқы қасы, отыратын жалпақ жері; керсен – ердің дөңгеленіп келген жалпақтау "артқы қасы". Халықтық жіктеу бойынша мұндай ердің артқы қасы жоқ деп есептелінеді. Оның артқы тұсының керсен деп аталуы да сондықтан. Оқпан – оң жақ беті, сол жақ беті деп аталатын екі бөлек ағаштан құралатын алдыңғы қастың негізі; желкебасар – оқпанның арт жағынан қапсырылып келіп, қастың екі жақ бетін біріктіретін тұтас ағаш; арқалық – ердің екі қасын, қапталын қосып тұратын белағаш, белағашты кей жерлерде арқалық, орта ағаш деп те атайды; қанат – ердің екі қасын қапталдармен ұштастыратын сына тәрізді қосымша қондырма ағаш (артқы дөңгелек қастың екі жағына желімделетін қондырманы да қанат деп атайды); қас етегі – екі қастың қапталдықпен ұласатын шеті; кепілағаш – алдыңғы қастың екі бетіне жиектете қаптал басының үстіне жапсырылатын жұқа ағаш; тіреуіш – артқы қас пен қапталдың екі аралығына қойылатын ағаш қиықша; ердің кірісі – сүйегі бірнеше, бестен жиырмаға дейін бөлшектерден тұратын құранды ердің бөлшектерінің өзара қиысып, жымдасып кірігуі; ердің басы – алдыңғы қастың үшкір немесе томпақтау ұшы.
Бағзы заманнан ер қанаты саналған атының ер-тұрманын сәндеп міну орын алған. Бір қарағанда, әшекейдің дені әйел адамға арналып жасалатын сияқты көрінгенімен, іс жүзінде ер әшекейлері саны мен сапасы жағынан әйел әшекейінен әлдеқайда асып түсіп жатады.
Ерге ағаш таңдау
Ердің салмағы, берік, төзімді болуына ерекше мән берілетіндіктен, ерші ағаш түрлеріне, оның жынысына қатты көңіл бөліп, дайындаудың мерзімі мен ағашты кептіру жолдарын жетік меңгерген. Ер жасауға қайың ағаш, терек, емен, балқарағай, самырсын, кейде ырғай, қарағаштың түбірі қолданылған. Ағаштың безсіз, түзу бөлігін ердің қапталы мен белағашына, қайыңның бұтағы салаланған ашасын ердің қасына лайық деп таңдап алады. Ерге ағаш таңдауда ағаштың табиғи үйлесімі мен бұйрасын, безі аз, шұбарларын іріктеп алып, одан ердің қасын ойып жасаған. Мұндай ер көрікті, әрі бағалы саналған. Қазақстанның солтүстік аудандарында ердің ағашын өсімдік майымен майлап, реңдеген.
Ер шабу
Ерді ағаш кесіндісінен тұтас шабу немесе әр бөлігін жеке шауып құрастырып жасайтын екі тәсіл бар. Алдыңғы қасқа ағаштың айыр тұсын, екі қапталы мен артқы қасына әжептәуір жуан ағаш кесіндісі қолданылады. Ердің орта ағашын, көбіне екі қапталдың ортасынан шауып шығарады. Ал қапталға арналған ағаш жіңішкелеу болса, онда орта ағашты бөлек шауып алып қиыстырады. Жас ағаштың тесік тесетін, салмақ түсетін жерінде без, бұтақ болмағаны абзал. Ерге лайық деп танылған қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптері кездессе, оны топырағынан арылтып, арамен кесіп, қас шығатын жерлерін таңдап алады. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе шотпен байыппен ойып жеңілдетіп алып тағы да кептіреді. Ер бөлшектері шабылып болып, тек өңдеу жұмыстары қалғанда тұзды суға қайнатып алып көлеңкеде кептіреді. Тұзды суда қайнатылған ағаш еш уақытта қаңсып жарылмайды. Ердің барлық бөлшектері өңделіп дайын болған соң, оларды арнайы қалыпқа салып қиыстырады да, қас етектері мен қапталдарының астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп шегелейді. Шегені, әдетте қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп тойтарма етіп жасайды. Шауып шығару әдісімен негізінен шошақбас ерлер дайындалған.
Ер қосу
Ер бөлшектерін бөлек-бөлек дайындап алып, оларды жонып, қырнап бір-бірімен қиюластыру, құрастыру. Ағаш бөліктерін құрастыру, қосу тәсілімен жасалатын құранды ер 18-20 бөлек ағаш кесінділерінен құрастырылады. Мұндай ер түрін жасау Қазақстанның оңтүстік аймағында жақсы дамыған. Ердің сапасын арттыру, әрі ұзақ қолданысқа төзімді болуы үшін желімделген ер қаңқасы әбден кепкеннен кейін, оған тарамыс талшықтары араластырылған "қара желімді" үш қайтара жағып, жылы күндері көлеңкеде кептіреді. Оның сыртын қайың қабығымен тоздайды немесе түйе көнімен қаптайды, яғни кендір шүйкесін немесе тарамыс талшықтарын желімге араластырып жасайды.
Шабылып құрастырылып дайын болған ер-тұрман жабдығымен, ердің қасының әшекейленуімен қолданыстың мәніне (кімге арналған, оның әлеуметтік дәрежесі) қарай ерекшеленеді. Ерлерге арналған ер сүйегі әйел еріне қарағанда жеңіл, күміс әшекейлері де шағын болып келеді. Әйел ерінің алдыңғы, артқы қастары тұтасымен шабылған темірмен қапталып, бетіне өткір бізбен жануарлар бейнесі, өрнек, геометриялық фигуралар және гүл өрнектерді ойып салынады.
Этнографиялық экспедиция барысында дерек берген Моңғолиядағы Баян Өлгий өлкесінің тұрғыны Даниял Шікейұлы ақсақалдың айтуына қарағанда, ердің бөлшектерін дайындап алғаннан кейін таспалап қосар алдында ерші ердің аттығын өзінің бетіне төсейді. Егер адамның беті аттыққа тимей тұрса ердің дұрыс жасалғаны.
Арқаның ершілері ертеде ерді арнайы ағаш қалыпқа салып тексерген. Қазақ ершілері ер сүйегін тұтас ағаштан шауып, оның құрамдас бөліктерін бекітуге, әшекейлеуге тоздау, көңдеу, желімдеу, бедерлеу, сүйектеу, күмістеу, алтындау т.б. тәрізді тәсілдерді қолданады.
Қосылып дайын болған ердің де сыр-сымбаты оның жасалу шеберлігіне байланысты ерекшеленеді. Ердің жақсы-жаманы атқа салғанда білінеді.
Сән-салтанат үшін мінетін бір салар ерлер әйелдерге, сұлтан, би, батырлар мен сал-серілерге алтын-күміспен әшекейленіп, асыл тастармен әсем безендіріліп жасалған. Баланың және жорға, жүйріктің ері жеңіл әрі кішкене келеді. Алтын, күміс сияқты бағалы металдармен аптап, қаптап, қымбат тастардан көз салып жасаған алтын ер, күміс ер сияқты ер-тұрманның түрлері қымбатқа бағаланған.
Ер өлшемі
Ер бөлшектерінің кең таралған орташа өлшемі: ердің қапталының ұзындығы екі қарыс жарым, ені сынық сүйем, қалыңдығы екі елі шамасында болып келеді. Алдыңғы қастың ашасы артқы қасқа қарағанда сәл алшақтау. Ер қандай үлгіде жасалса да, ер қосушылар дәстүрлі өлшемге сүйенеді: алдыңғы қастың көлденеңі бір сүйем, артқы қастың көлденеңі кере қарыс, алдыңғы қас пен артқы қастың арасы, яғни адам отыратын жер – шынтақ пен қолдың басына тең болады. Қапталдың ұзындығы екі-үш қарыс (әйелдің ерін екі қарыс бір тұтам), қапталдың алды үш елі, арты төрт елі, оқпанның ішкі жағы (кеңдігі) бір еліден үлкен болады. Дегенмен ердің өлшемі оны салатын аттың тұқымына, бітіміне және ерді тұтынушының бітіміне лайықталып үлкенді-кішілі етіп жасалады. Әйел адамға арналған ердің қапталы еркектің еріне қарағанда ұзындау болады.
Ерге қатысты қалыптасқан ырымдар
Дәстүрлі ортада ерге қатысты қалыптасқан ырымдар көп. Мысалы, ерді үйге қойғанда алдыңғы қасын іргеге қаратпай, ішке қаратып қояды. Мұның себебі ерді теріс қаратып қою және теріс салу – тұлдау жосынында орындалатындығына байланысты. Яғни жаман ырымға баланады. Сонымен бірге жинаулы тұрған ерге мінуге болмайды. Өйткені иесі жаяу қалады-мыс. Бірнеше ерді жинағанда бірінің үстіне бірін тізіп жинап қояды. Ер-тұрманды аттамайды және жастанбайды. Өйткені ер-тұрманды тек жаугершілікте ғана жастанады. Бейбіт кезеңде жастану жамандыққа бастау деп есептелінді.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер тізімі
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
- Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
- Хозяйство казахов на рубеже ХIХ-ХХ веков: Материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
- Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.;
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
- Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий. 1991;
- Базарбеков Ә. Қазақ тіліндегі ат әбзелдеріне байланысты атаулар Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы. Проф. Б. Әбілқасымовтың 70 жылдық мерейтойына арналған ХҒТК материалдары. Алматы, 2001. 266-269-бб.;
- Нарманов А. Қазақ тіліндегі ерге байланысты кейбір атаулар. Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. «С.М. Исаев оқулары» аясында ұйымдастырылған ХҒТК материалдары. 2003. 78-80-бб.;
- Kun Péter. Szelek szárnyán. A sztyeppei nomádok lovas-kultúrája. Arkadas, 2003;
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап 2005;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
- Carole Ferret. Une civilisation du cheval. Les usages de l’équide de la steppe a la taïga. Paris: Belin, 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makala bujym turaly Baska adamnyn bir zhynysy turaly myna makalany karanyz Erkek Er salt atka minip zhүru үshin pajdalanylatyn әbzelderdin biri Қurandy er kokan er kurylymy Tarihi derekErdin ezhelgi nuskalary b z d 2 1 mynzhyldyktarga tәn arheologiyalyk kazbalarga karaganda zhүn kiiz siyakty zhumsak zattardan zhasalgan Kejin kankasy agashtan zhasalgan er tүrleri pajdalanyla bastady Onyn dәleli retinde erte temir dәuiri kezenine tәn arheologiyalyk artefaktiler kataryndagy үzengisiz karapajym agash erdi ajtuga bolady Erte temir dәuirinin songy kezeninde erdin kurylymynda үlken sapalyk ozgerister pajda boldy Әueli miner zhaktagy үzengisi sodan kejin kelesi zhaktyn үzengisi kejin kujyskan omildirik kerajyl siyakty әbzelder koldanyska endi Koshpeli ortada taralgan er zhasalgan materialyna syrtky pishinine kejbir detaldyk zhәne zhergilikti erekshelikterine bajlanysty birneshe tүrge bolinedi Aldyngy kasy dongelenip shalkajyp turatyn yksham kelgen kazaky er en kop taralgan er tүrine sanalady Sonymen birge kazaky ortada әr tүrli sebeptermen zhat zhurttyk er turmandar da koldanysta boldy Aldy arty dongelenip kelgen biik tik kasty kalmaky er arty zhalpak otyruga zhajly aldyngy kasy zhumyrlana kelgen shoshak basty kokan er aldyngy kasy tik artky kasy dongelenip kelgen sart er atty әskerler tutynatyn kisiligi үlken kasy alasa turky uzyn bolyp keletin orys er aldy arty kajky ortasy donesteu kelgen sүjindik er aldyngy kasy үshkirleu kelgen kyrgyzdyn saru er aldyngy kasy uzynsha shoshak kelgen shoshakbas er parsy үndi tekti Atalmysh erdin tүrleri etnikalyk ondeuge tүsip ozinin kurylymy zhagynan da koldanysy men estetikalyk bitimi turgysynan da kazakylyk sipatka ie boldy Belgili bir ajmakta taralgan er tүrleri sol rulardyn atymen de atalady Қazak ortasynda rulyk sәjkestilik principi bojynsha adaj er argyn er altaj er dulat er kerej er najman er үjsin er degen er tүrleri taralgan Mysaly alban suan zhәne zhalajyrlar arasynda ken koldanysta bolgan үjrekbas er әri zhenil yagni atka da zholaushyga da kolajly әri sәndi etip zhasalyndy Al kerej eri aukymdy ken kasy zhalpak kelgen әri biik үlken bolsa najman eri kasy biik kushyktau aukymy tar sәndi keledi Sonymen katar erlerdin tүrleri zhasalgan materialyna bajlanysty agash er zhәne bylgary er degen eki үlken topka bolinedi Algashkysy attyn arkasyna timejtindej etip zhasalgan agash kankaly konmen kaptalmagan kopshilik koldy er tүri bolsa ekinshisi syrty bylgarymen kaptalgan er Erdin kankasynyn kurylymyErdin kankasynyn kurylymy Erdin kurylymdyk en mәndi negizgi bolikteri bojynsha da aldyngy artky kastarynyn poshymyna zhabdyktarynyn kuramyna zhәne estetikasyna bajlanysty birneshe tүrge zhikteledi erdin aldyngykasynyn poshymyna karaj kazyk tәrizdes үshkirleu kelgen erdin tүri kazykbas er basy үjrek tumsygyna uksas үjrekbas er erdin aldyngy zhәne artky kastarynyn ozara үjlesimine karaj aldyngy artky kastary tiksheleu tүri shoshakbas er aldyngy kasy koshkar mүjizdi bolyp kelgen artky kasy iilinki er tүri kokan er basy үshkir art zhagy zhalpak tүri kandek er Batys Қazakstan onirine tәn basy shoshajyp arty dongelenip kelgen er tүri kozykujryk er aldyngy kasy үlken simmetriyaly eki bolikke bolinip zharty shar tәrizdi eki bolikten turatyn ajyr er eki basy tik kelgen balamogal er degen tүrleri taralgan Қazak erinin aldyngy kasy dongelenip kelgen tүrlerinin attary da әrtүrli aldy arty zhalpak dongelek er kalsheke er aldyngy kasy dongelengen arty zhalpaksha kelgen er kaptal er erdin aldyngy kasynyn әshekejlenuine karaj aldyngy kasy biik үshkirlenip tik kelgen sүjekpen kaptalgany akbas er aldyngy kasy zhalpaktau әri sүjekpen әshekejlengeni sarykaska er aldyngy artky kasyna birdej sүjek shabylgan mandajy kүmistelgeni biteu er dep azhyratylady Ertede Tүrkistanda zhylkynyn sauyr terisinen erekshe tәsilmen zhasalgan kok tүske boyalgan koksauyr terimen aldyngy kastyn kaptaluyna oraj kokbas er nemese konbas er dep atalgandary kymbat bagalangan Zhabdyktalu sipatyna karaj kazak erleri әjel eri erkek eri bәjge atynyn eri bala er asau eri kokpar eri dep zhikteledi Yagni bul zhikteu erdin belgili maksatka lajyktalyp zhasalgandygyna bajlanysty Kokpar tartuga arnalgan erdin ozindik koldanystyk kazhettilikke үjlestirilgen zhaktary bolady Erkekterge arnalgan erdin kankasy yksham sүjegi zhenil bolshekteri zhuka mykty berik atka konymdy әshekeji az yksham bolady Қyz kelinshekterge arnalgan erler altynmen aptalyp kүmispen kүptelip bezendiriledi asyl tas marzhandardan koz kondyrylyp ajyl turmany tүgeldej үzbeli kujmaly shytyraly keledi Er tүrleriEr turmannyn zhalpy poshymy zhәne zhasalu tehnologiyasyna karaj negizgi tort tүrge zhiktejdi ojma er kurandy er kazak eri shoshakbas er Erdin at arkasyna yngajlylygy ykshamdylygy zhenildigi myktylygy ornyktylygy әrine adamga zhajlylygy әri әsemdiligi onyn sapalylygynyn en basty korsetkishi boldy Aldyngy artky kas eki kaptal bel agash dep atalatyn bes bolshek agashtan ojylyp zhasalgan er ojma er nemese ojma kasty er dep atalady Shoshakbas er sүjegi әdemi shabylgan bylgarymen kaptalgan aldyngy kasy zhinishke uzyn zhәne azdap alga karaj enkishteu kustumsyktanyp үshkirlenip al artky zhagy azdap koterinki arkalyksyz zhartylaj shenberlenip bitetin ote zhenil er tүri Mundaj er tүri Zhambyl oblysynyn ontүstik shygysy men Almaty oblysynyn ontүstigin mekendejtin kazaktar arasynda kop taragan Shoshakbas erdi 4 5 bolek kajyn karagash nemese emen siyakty berik agash kesindilerinen shauyp kurajdy Erdin zheke tustaryn bir birimen shege arkyly ustatady Қasynyn ajnala shetterin kүmis zhәne zhez siyakty metaldarmen komkeredi nemese sүjekpen ne bolmasa mүjizben sәndejdi Үstine bylgarydan nemese kiizden kopshik shegelenedi Қaragashtan tutas shabu үshin aldymen agashty birneshe kүn suga salyp zhibitip algan son baltamen shauyp shotpen ondep tuzdy suga kajnatady Sodan kejin kolenkege kojyp keptirip tүje konimen kaptajdy Қurandy er kobinese Ontүstik Қazakstanda Қaragandy oblysynyn shygys zhagy men Akmola Қostanaj zhәne Almaty oblysynyn ontүstik ajmagynda kezdesedi Қurandy er 18 22 bolek agash kesindilerinen kuralyp zhasalady Қurandy er zhasau үshin terek zhide tal siyakty zhumsak agashtar koldanylady zhәne zhelim de tez sinip zhaksy ustasady Қurandy er bolshekterinin ozine tәn ataulary bolady aldyngy kastyn negizi bolyp tabylatyn okpan eki bolek agashtan kuralady da kastyn on zhak sol zhak betterin kurajdy Okpannyn art zhagynan zhapsyrylyp eki betti biriktiretin boligin zhelkebasar dese aldyngy kastyn bүrkit kabaktangan eki ajyr basyn kas artky kasyn kersen dejdi Onyn ortasy bir bolek shabylady da eki shetine kanat dep atalatyn kosymsha kondyrgylar zhelimdeledi Eki kasty kaptaldarmen ushtastyru үshin erdin eki zhagynan uzynshaktau kospa agash kiystyrylady Erdin үstin zhauyp turatyn boligin ortanbel agash dep atajdy Aldyngy kastyn tүbinen kaptal basynyn үstingi zhagynan kepil agashtar zhapsyrylady al kas pen kaptaldyn aralygynan tireuishter kojylady Erdin mundaj bolshekterin bir birimen biriktiru үshin olardyn astasatyn zherlerin aldyn ala tegistep alyp birneshe kajtara zhelim zhagyp keptiredi Zhelimdelgen bolshekter әbden kepkenshe auyr nәrsemen bastyryp nemese arnauly kyskashpen kystyryp koyady Erdin negizgi sүjegi әbden kepkennen kejin ogan tүgeldej taramys talshyktary aralastyrylgan zhelim үsh kajtara zhagylady Zhelimge kendir shүjkesin aralastyryp erdin agashyn kaptaj bekitudi kej zherde pajlau kejbir onirde sinirleu dep atajdy Әrbir zhelim kabaty kolenke zherde al kysta zhyly үjde keptiriledi Sebebi zharylgysh bolady dep kүn kozine shygarmajdy kysta otka zhakyndatpajdy Үjrekbas er tort bolek kajyn agashynan shabylady bir birimen shege arkyly ustatylyp syrty kalyn bylgarymen zhәne kiizben kaptalady Bul erdin basy үjrek mojyndanyp ilgeri karaj iile kelgen Bukar zhәne kokan erlerinin tomengi boligine eki zhagynan tort tortten shygyrshyk bekitiledi birinshi zhup shygyrshyktarga omildirik bajlansa ekinshi zhupka ajyl үshinshi zhupka eki kanzhygabau en songy zhupka yagni eki shygyrshykty kajys baumen kosyp kujyskan bajlanady Қazak eri dep atalatyn ken taralgan er tүrinin aldyngy kasy kalyn dogasha iilgen sүjegi auyr erdin syrty tүgeldej konmen kaptalgan onyn syrtynan kүmis shytyralar shauyp әshekejlengen Aldyngy kastyn dәl ortasyna tүrli kyzyl kok kejde sary tүsti shynydan үlken koz ornatylady Mundaj erlerdin zhabdyktary kүmis altyn zhalatyp zhasalgandyktan salmagy da auyr bolady Bәjge er ote yksham zhinaky bүtin agashtan ojylyp zhenil bәjgege shabuga arnalyp zhasalady Zhauyr attarga ertteletin tokymsyz kaptaldygyndagy kiizi kalyn er tүrin Talas onirindegi kazaktar zhelkom er dep atasa Kokshetauda bir salar Akmolada ajyr er Қyzylordada ajyrkom Almaty onirinde zhalpoz dep atajdy Erdin ogizge saluga arnalgan aldy arty biik sүjemeli bala minetin ashamaj koliktin arkasyna salatyn ershik degen birneshe tүrleri bar Ershikti Қostanaj kazaktarynda zhapal dep kej zherlerde ynyrshak dep atajdy Erdin kuramdas bolikteri er kankasyn kurastyrushy eki kaptal ortan belagash dep atalatyn agash bolshekterden turady Erdi kurastyryp turgan agash bolshekterin er sүjegi nemese er kankasy dep atajdy Қazak sheberleri ulga nemese kyzga arnap ashamaj er zhasagan Ұl balany үsh tort zhastan bastap atka minuge үjretken Ashamaj er asa kүrdeli bolmagan erdin aldyngy kasymen artky kasy eki ajyr biik etip zhasalyp eki ushynda tesigi bolgan Balany erge otyrgyzganda sol tesikten tayaksha otkizip at үstindegi balany myktap ustatady ayagyn үzengi kapka kigizedi Er sүjegin erdin soka basyn kurajtyn bolikter Er sүjegin erdin soka basyn kurajtyn bolikter kaptal attyn kaptalyna үjlestirilip zhasagan erdin eki kasyna bekitilgen kajkylau shabylgan agash kas erdin aldyngy basy men art zhagy kisilik erdin artky kasy otyratyn zhalpak zheri kersen erdin dongelenip kelgen zhalpaktau artky kasy Halyktyk zhikteu bojynsha mundaj erdin artky kasy zhok dep eseptelinedi Onyn artky tusynyn kersen dep ataluy da sondyktan Okpan on zhak beti sol zhak beti dep atalatyn eki bolek agashtan kuralatyn aldyngy kastyn negizi zhelkebasar okpannyn art zhagynan kapsyrylyp kelip kastyn eki zhak betin biriktiretin tutas agash arkalyk erdin eki kasyn kaptalyn kosyp turatyn belagash belagashty kej zherlerde arkalyk orta agash dep te atajdy kanat erdin eki kasyn kaptaldarmen ushtastyratyn syna tәrizdi kosymsha kondyrma agash artky dongelek kastyn eki zhagyna zhelimdeletin kondyrmany da kanat dep atajdy kas etegi eki kastyn kaptaldykpen ulasatyn sheti kepilagash aldyngy kastyn eki betine zhiektete kaptal basynyn үstine zhapsyrylatyn zhuka agash tireuish artky kas pen kaptaldyn eki aralygyna kojylatyn agash kiyksha erdin kirisi sүjegi birneshe besten zhiyrmaga dejin bolshekterden turatyn kurandy erdin bolshekterinin ozara kiysyp zhymdasyp kirigui erdin basy aldyngy kastyn үshkir nemese tompaktau ushy Bagzy zamannan er kanaty sanalgan atynyn er turmanyn sәndep minu oryn algan Bir karaganda әshekejdin deni әjel adamga arnalyp zhasalatyn siyakty koringenimen is zhүzinde er әshekejleri sany men sapasy zhagynan әjel әshekejinen әldekajda asyp tүsip zhatady Erge agash tandau Erdin salmagy berik tozimdi boluyna erekshe mәn beriletindikten ershi agash tүrlerine onyn zhynysyna katty konil bolip dajyndaudyn merzimi men agashty keptiru zholdaryn zhetik mengergen Er zhasauga kajyn agash terek emen balkaragaj samyrsyn kejde yrgaj karagashtyn tүbiri koldanylgan Agashtyn bezsiz tүzu boligin erdin kaptaly men belagashyna kajynnyn butagy salalangan ashasyn erdin kasyna lajyk dep tandap alady Erge agash tandauda agashtyn tabigi үjlesimi men bujrasyn bezi az shubarlaryn iriktep alyp odan erdin kasyn ojyp zhasagan Mundaj er korikti әri bagaly sanalgan Қazakstannyn soltүstik audandarynda erdin agashyn osimdik majymen majlap rendegen Er shabu Erdi agash kesindisinen tutas shabu nemese әr boligin zheke shauyp kurastyryp zhasajtyn eki tәsil bar Aldyngy kaska agashtyn ajyr tusyn eki kaptaly men artky kasyna әzheptәuir zhuan agash kesindisi koldanylady Erdin orta agashyn kobine eki kaptaldyn ortasynan shauyp shygarady Al kaptalga arnalgan agash zhinishkeleu bolsa onda orta agashty bolek shauyp alyp kiystyrady Zhas agashtyn tesik tesetin salmak tүsetin zherinde bez butak bolmagany abzal Erge lajyk dep tanylgan kajyn kesindisinin kabygyn arshyp keptiredi nemese shirimegen kajyn tүpteri kezdesse ony topyragynan aryltyp aramen kesip kas shygatyn zherlerin tandap alady Biraz uakyt zhel kagyp degdigennen kejin dajyndalgan kesindilerdin barlygyn baltamen nemese shotpen bajyppen ojyp zhenildetip alyp tagy da keptiredi Er bolshekteri shabylyp bolyp tek ondeu zhumystary kalganda tuzdy suga kajnatyp alyp kolenkede keptiredi Tuzdy suda kajnatylgan agash esh uakytta kansyp zharylmajdy Erdin barlyk bolshekteri ondelip dajyn bolgan son olardy arnajy kalypka salyp kiystyrady da kas etekteri men kaptaldarynyn astasatyn tustaryn kuyskulakpen tesip shegelejdi Shegeni әdette kanyltyrdan nemese zhezden tүtikshe tәrizdendirip tojtarma etip zhasajdy Shauyp shygaru әdisimen negizinen shoshakbas erler dajyndalgan Er kosu Әjel eri Agash metall teri akyk XIX g ҚR ҰM nyn korme zalynan Er bolshekterin bolek bolek dajyndap alyp olardy zhonyp kyrnap bir birimen kiyulastyru kurastyru Agash bolikterin kurastyru kosu tәsilimen zhasalatyn kurandy er 18 20 bolek agash kesindilerinen kurastyrylady Mundaj er tүrin zhasau Қazakstannyn ontүstik ajmagynda zhaksy damygan Erdin sapasyn arttyru әri uzak koldanyska tozimdi boluy үshin zhelimdelgen er kankasy әbden kepkennen kejin ogan taramys talshyktary aralastyrylgan kara zhelimdi үsh kajtara zhagyp zhyly kүnderi kolenkede keptiredi Onyn syrtyn kajyn kabygymen tozdajdy nemese tүje konimen kaptajdy yagni kendir shүjkesin nemese taramys talshyktaryn zhelimge aralastyryp zhasajdy Shabylyp kurastyrylyp dajyn bolgan er turman zhabdygymen erdin kasynyn әshekejlenuimen koldanystyn mәnine kimge arnalgan onyn әleumettik dәrezhesi karaj erekshelenedi Erlerge arnalgan er sүjegi әjel erine karaganda zhenil kүmis әshekejleri de shagyn bolyp keledi Әjel erinin aldyngy artky kastary tutasymen shabylgan temirmen kaptalyp betine otkir bizben zhanuarlar bejnesi ornek geometriyalyk figuralar zhәne gүl ornekterdi ojyp salynady Etnografiyalyk ekspediciya barysynda derek bergen Mongoliyadagy Bayan Өlgij olkesinin turgyny Daniyal Shikejuly aksakaldyn ajtuyna karaganda erdin bolshekterin dajyndap algannan kejin taspalap kosar aldynda ershi erdin attygyn ozinin betine tosejdi Eger adamnyn beti attykka timej tursa erdin durys zhasalgany Arkanyn ershileri ertede erdi arnajy agash kalypka salyp teksergen Қazak ershileri er sүjegin tutas agashtan shauyp onyn kuramdas bolikterin bekituge әshekejleuge tozdau kondeu zhelimdeu bederleu sүjekteu kүmisteu altyndau t b tәrizdi tәsilderdi koldanady Қosylyp dajyn bolgan erdin de syr symbaty onyn zhasalu sheberligine bajlanysty erekshelenedi Erdin zhaksy zhamany atka salganda bilinedi Sәn saltanat үshin minetin bir salar erler әjelderge sultan bi batyrlar men sal serilerge altyn kүmispen әshekejlenip asyl tastarmen әsem bezendirilip zhasalgan Balanyn zhәne zhorga zhүjriktin eri zhenil әri kishkene keledi Altyn kүmis siyakty bagaly metaldarmen aptap kaptap kymbat tastardan koz salyp zhasagan altyn er kүmis er siyakty er turmannyn tүrleri kymbatka bagalangan Er olshemi Er bolshekterinin ken taralgan ortasha olshemi erdin kaptalynyn uzyndygy eki karys zharym eni synyk sүjem kalyndygy eki eli shamasynda bolyp keledi Aldyngy kastyn ashasy artky kaska karaganda sәl alshaktau Er kandaj үlgide zhasalsa da er kosushylar dәstүrli olshemge sүjenedi aldyngy kastyn koldeneni bir sүjem artky kastyn koldeneni kere karys aldyngy kas pen artky kastyn arasy yagni adam otyratyn zher shyntak pen koldyn basyna ten bolady Қaptaldyn uzyndygy eki үsh karys әjeldin erin eki karys bir tutam kaptaldyn aldy үsh eli arty tort eli okpannyn ishki zhagy kendigi bir eliden үlken bolady Degenmen erdin olshemi ony salatyn attyn tukymyna bitimine zhәne erdi tutynushynyn bitimine lajyktalyp үlkendi kishili etip zhasalady Әjel adamga arnalgan erdin kaptaly erkektin erine karaganda uzyndau bolady Erge katysty kalyptaskan yrymdarDәstүrli ortada erge katysty kalyptaskan yrymdar kop Mysaly erdi үjge kojganda aldyngy kasyn irgege karatpaj ishke karatyp koyady Munyn sebebi erdi teris karatyp koyu zhәne teris salu tuldau zhosynynda oryndalatyndygyna bajlanysty Yagni zhaman yrymga balanady Sonymen birge zhinauly turgan erge minuge bolmajdy Өjtkeni iesi zhayau kalady mys Birneshe erdi zhinaganda birinin үstine birin tizip zhinap koyady Er turmandy attamajdy zhәne zhastanbajdy Өjtkeni er turmandy tek zhaugershilikte gana zhastanady Bejbit kezende zhastanu zhamandykka bastau dep eseptelindi DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9Әdebietter tizimiTәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty Қazakstan 1977 Mukanov S Halyk murasy tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar HV tom Almaty Zhazushy 1979 Hozyajstvo kazahov na rubezhe HIH HH vekov Materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Alma Ata Nauka 1980 Argynbaev H Қazak halkynyn koloneri Almaty Өner 1987 Babalykuly Zh Er tokym Er kanaty Zhinak Қurast Zh Aupbaev Almaty Қajnar 1987 259 278 bb Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin sozdigi Almaty Ғylym 1991 Nүrkeuly Қ Ұlttyk miras ata mura Өlgij 1991 Bazarbekov Ә Қazak tilindegi at әbzelderine bajlanysty ataular Қazak tili tarihy men dialektologiyasy Prof B Әbilkasymovtyn 70 zhyldyk merejtojyna arnalgan HҒTK materialdary Almaty 2001 266 269 bb Narmanov A Қazak tilindegi erge bajlanysty kejbir ataular Korkem әdebiet tilinin ozekti mәseleleri S M Isaev okulary ayasynda ujymdastyrylgan HҒTK materialdary 2003 78 80 bb Kun Peter Szelek szarnyan A sztyeppei nomadok lovas kulturaja Arkadas 2003 Shokparuly D Teriden zhasalatyn bujymdardy kurastyru tehnologiyasy Almaty Kitap 2005 Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almaty Almatykitap 2007 Carole Ferret Une civilisation du cheval Les usages de l equide de la steppe a la taiga Paris Belin 2009