Дунхуаң тас үңгірлері (қытайша Дунхуаң шику немесе чиаңфодуң — мың будда үңгірі деп те аталады) — Қытайдың Гансу өлкесінің Дунхуаң қаласы маңында орналасқан ғибадатханалар кешені.
Дунхуаң тас үңгірлері — Ұлы жібек жолы бойындағы халықтардың орта ғасырлардағы мәдениеті мен өнерінің ғажайып ескерткіштерінің бірі. Дунхуаң тас үңгірлерінің негізгісі — қаладан шығысқа қарай 25 км жердегі Могау үңгірлері. Үңгірлер жотасының шығыс жақ беткейінен қазылған, ұзындығы 1680 м, биікт. 15 — 30 м келетін тік беткейге тізбектеле орналасқан. Жалпы саны 750-ден астам үңгірлерде жалпы ауданы 45 мың м2 келетін фрескалар, 2000-нан астам түрлі түсті мүсіндер бар. Үңгірлер кешені оңтүстік және солтүстік болып екі топқа бөлінген. Оңтүстік топта 487 үңгір бар, ал солтүстік топтағы 250-ден астам үңгірдің көпшілігінде мүсіндер мен фрескалар жоқ. Үңгірлер кешенінің қарсысындағы өзеннің жағасында мұнаралар тобы орналасқан.
Көне қытай жазба деректері бойынша, Могау үңгірлері ең алғаш 366 жылы салына бастағаны белгілі. Үңгірлердің алғашқы бөлігі Солтүстік патшалықтары дәуірінде (386—581), көпшілігі (581—618), әсіресе, (618—907) тұсында салынды. Дунхуаң өлкесін тибеттіктер бақылауға алған кезде (781 жылдан), Қытайдың солтүстігін түркі тайпалары билеген дәуірде (907—979), одан кейін қытайлық (960—1279), (1032—1227) және кезінде де жаңадан үңгірлер қазылып, ескілері жөнделіп, жаңартылып отырған. Әр дәуірде түрлі халықтар тарапынан салынған үңгірлердің сәулет өнері үлгісінде, мүсіндер мен фрескаларының стилі мен сюжетінде көптеген ерекшеліктер бар. Дунхуаң үңгір-ғибадатханалар кешенінің екінші тобы қаладан солт.-батысқа қарай 30 км жерде Шичианфодуң үңгірінде орналасқан. Онда 22 үңгір бар, құрылысы, салынған мерзімі, мүсіндер мен фрескаларының стилі түгелдей дерлік Могау үңгірлеріне ұқсас. Дунхуаң ескерткіштерінің ішіндегі бағалысы — жазба мұралар. 1900 жылы қараушы монах Ваң ғ17 үңгірден 40 мыңнан астам қолжазба-бітіктер жатқан ірі «кітап қоймасын» тапты. Зерттеушілердің жорамалынша, бұларды монахтар 11 ғасырдың басындағы Таңғұт шапқыншылығы кезінде үңгірге жасырып, аузын бекітіп кеткен. Дунхуаң ескерткіштері 20 ғ-дың басында-ақ шет ел ғалымдарының назарын аударып, бүкіл әлемге танылды. 1907 — 15 ж. көптеген мәдени мұралар талан-таражға салынып, кейбірін зерттеушілер өз елдеріне алып кеткен.
Қалған ескерткіштер , т.б. мекемелерде сақтаулы тұр. Жазба бітіктердің көпшілігі қытай, кейбірі тибет, түркі, ұйғыр, соғды, санскрит, күсән, хотан тілдерінде жазылған, мазмұны аса бай, көпшілігі діни жазбалар — будда сутралары, хикаялары және дао, несториан, манихей дінінің қасиетті кітаптары, тарихи, әдеби, пәлсапалық, мед. жазбалар, шаруашылық-әкімш., құқықтық құжаттар, т.б. Бұл жазбалар 5 — 11 ғасырлар ескерткіші екені анықталды. Ежелгі Дунхуаңның «кітап қоймасынан» табылған, жазуы мен ескі түркі тілінде жазылған 104 беттен тұратын түркі кітабы (9 ғасыр) — «Ырық бітік» (сәуегейлік туралы кітап) қазір Ұлыбритания кітапханасында сақтаулы тұр. Дунхуаң ескерткіштерінің Ұлы жібек жолы бойындағы халықтардың тарихын, тілін, жазуын, дінін, өнері мен әдебиетін зерттеп білуде маңызы зор.
Дереккөздер
- Қазақ энцклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dunhuan tas үngirleri kytajsha Dunhuan shiku nemese chianfodun myn budda үngiri dep te atalady Қytajdyn Gansu olkesinin Dunhuan kalasy manynda ornalaskan gibadathanalar kesheni Dunhuan tas үngirleri Dunhuan tas үngirleri Ұly zhibek zholy bojyndagy halyktardyn orta gasyrlardagy mәdenieti men onerinin gazhajyp eskertkishterinin biri Dunhuan tas үngirlerinin negizgisi kaladan shygyska karaj 25 km zherdegi Mogau үngirleri Үngirler zhotasynyn shygys zhak betkejinen kazylgan uzyndygy 1680 m biikt 15 30 m keletin tik betkejge tizbektele ornalaskan Zhalpy sany 750 den astam үngirlerde zhalpy audany 45 myn m2 keletin freskalar 2000 nan astam tүrli tүsti mүsinder bar Үngirler kesheni ontүstik zhәne soltүstik bolyp eki topka bolingen Ontүstik topta 487 үngir bar al soltүstik toptagy 250 den astam үngirdin kopshiliginde mүsinder men freskalar zhok Үngirler kesheninin karsysyndagy ozennin zhagasynda munaralar toby ornalaskan Kone kytaj zhazba derekteri bojynsha Mogau үngirleri en algash 366 zhyly salyna bastagany belgili Үngirlerdin algashky boligi Soltүstik patshalyktary dәuirinde 386 581 kopshiligi 581 618 әsirese 618 907 tusynda salyndy Dunhuan olkesin tibettikter bakylauga algan kezde 781 zhyldan Қytajdyn soltүstigin tүrki tajpalary bilegen dәuirde 907 979 odan kejin kytajlyk 960 1279 1032 1227 zhәne kezinde de zhanadan үngirler kazylyp eskileri zhondelip zhanartylyp otyrgan Әr dәuirde tүrli halyktar tarapynan salyngan үngirlerdin sәulet oneri үlgisinde mүsinder men freskalarynyn stili men syuzhetinde koptegen erekshelikter bar Dunhuan үngir gibadathanalar kesheninin ekinshi toby kaladan solt batyska karaj 30 km zherde Shichianfodun үngirinde ornalaskan Onda 22 үngir bar kurylysy salyngan merzimi mүsinder men freskalarynyn stili tүgeldej derlik Mogau үngirlerine uksas Dunhuan eskertkishterinin ishindegi bagalysy zhazba muralar 1900 zhyly karaushy monah Van g17 үngirden 40 mynnan astam kolzhazba bitikter zhatkan iri kitap kojmasyn tapty Zertteushilerdin zhoramalynsha bulardy monahtar 11 gasyrdyn basyndagy Tangut shapkynshylygy kezinde үngirge zhasyryp auzyn bekitip ketken Dunhuan eskertkishteri 20 g dyn basynda ak shet el galymdarynyn nazaryn audaryp bүkil әlemge tanyldy 1907 15 zh koptegen mәdeni muralar talan tarazhga salynyp kejbirin zertteushiler oz elderine alyp ketken Қalgan eskertkishter t b mekemelerde saktauly tur Zhazba bitikterdin kopshiligi kytaj kejbiri tibet tүrki ujgyr sogdy sanskrit kүsәn hotan tilderinde zhazylgan mazmuny asa baj kopshiligi dini zhazbalar budda sutralary hikayalary zhәne dao nestorian manihej dininin kasietti kitaptary tarihi әdebi pәlsapalyk med zhazbalar sharuashylyk әkimsh kukyktyk kuzhattar t b Bul zhazbalar 5 11 gasyrlar eskertkishi ekeni anyktaldy Ezhelgi Dunhuannyn kitap kojmasynan tabylgan zhazuy men eski tүrki tilinde zhazylgan 104 betten turatyn tүrki kitaby 9 gasyr Yryk bitik sәuegejlik turaly kitap kazir Ұlybritaniya kitaphanasynda saktauly tur Dunhuan eskertkishterinin Ұly zhibek zholy bojyndagy halyktardyn tarihyn tilin zhazuyn dinin oneri men әdebietin zerttep bilude manyzy zor DerekkozderҚazak encklopediyasy