Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Допинг (ағылш. dope — есіртке; ағылш. doping — есіртке беру) — кейінгі жылдары спортта белең алып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады.
Спортшылар медаль, атақ, жеңіс, рекорд, ақша үшін белді бекем буып, допинг қолданып, денсаулықтарына зиян келетіндігіне да көңіл аударар емес. Бұл әрі жылдан-жылға қарқынды түрде өріс алып, спорт әлемін кеулеп барады. Допингке деген сұраныстың шектен тыс артуын қалт жібермей, оны үлкен бизнеске айналдырып отырған әккілер де баршылық. Интерпол деректері бойынша, дәл қазір допинг (тыйым салынған препараттар) айналымы наркотик айналымынан да асып түсуде.
Осыған орай осы кеселмен күресу үшін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) құрылған. Содан бері спортты химия мен зұлымдықтан тазартып, спорттық жоғары жетістіктерге тек әділетті жолмен қол жеткізуді қалайтын, көксейтін қызу күрес жүргізіліп келеді.
Бір қызығы, допинг қолданғандардың арасында медицина мен химияны аса жақсы білмейтіндіктен, опық жеп жүргендері де баршылық. Мысалы, кейбір спортшылар ауырып-сырқаттанып немесе жарақаттанып қалған кезде тезірек емделу үшін дәрі-дәрмектер қолданады. Осындайда оның құрамында тыйым салынған препараттар да бар екенін білмей, жаза басып, жазықты болып жүргендер де бар.
Бүгінде допинг қолданғандары әшкере болып, жазаларын тартып жатқан, тіпті жеңіп алған медальдарынан айырылып жатқан спортшылар көп-ақ. Бұл тұрғыда, Америка сияқты өркениетті елдердің спортшыларының өздері аяусыз жазаға тартылуда.
Қазақстанда
Өкінішке қарай, Қазақстан спортшыларының ішінде де допинг қолданғандықтан, спорттан алыстатылғандар да баршылық. Бұл тұрғыда қазақ ауыр атлеттерінің, жеңіл атлеттерінің, шаңғышыларының және конькишілерінің бастарынан өткен жағдайды айтуға болар еді. 90-шы жылдары бұрын әйгілі жеңілатлет әйел Ольга Шишигинаға «допинг қолданған» деп айып тағылып, Жетісудың қырмызы қызғалдағы 1996 жылғы Атланта Олимпиадасына қатыса алмады. Бірақ 2000 жылы Сиднейде Олимпиада чемпионы болып, өзінің нағыз аузымен құс тістеген дүлдүл екендігін дәлелдеп шықты. Ал 2007 жылы Қазақстан велоспортының серкелері пен де «допинг қолданған» деген айып тағылды. Дәл қазір екеуі де өздерінің адал екендіктерін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жерде жағдай мүлдем басқаша, себебі екеуінің басына түскен істе саясат басымырақ. Қазақтың нуы мен суынан нәр алып, ұлттық компанияларының қаржысынан жаралған команданың қамшының сабындай қысқа уақыт ішіндегі жетістіктері мен амбициясы шетелдіктердің (Халықаралық велоспорт басшыларының) қытығына тиген тәрізді.
Допинг түрлері
Стимуляторлар
Стимуляторлар — адамның миына әсер ететін, ағзаның жұмысқа деген қабілетін (ойлау қабілетін де, күш-қуатын да) үйлестіретін заттар. Спортшылар мұны шаршағандықтарын басып, күш-қуаттары көпке дейін жоғары деңгейде болуы үшін қолданады. Сондай-ақ салмақ қууға да жақсы көмектеседі. Зиянды әсерлері — қан қысымын көтереді; ашушаң қылып, күйгелектікке түсіреді; бұған үйренісіп-бейімделіп кету ықтималдығы басым; тамаққа деген тәбетті жоғалтады; жүрек қағысына кері әсер етеді; кеуде мен бас ауырады; адамның бойы дірілдейді.
Есірткелік анальгетиктер
Есірткелік анальгетиктер — бұл ауырғанды басатын, адам ағзасына қатты әсер ететін заттар. Спортшылар мұны шаршағандарын басып, жарақаттарының ауырғандарын білдірмеу үшін қолданады. Осының арқасында олар жарақаттарына қарамай, жарыс-бәсекені, сайыс-доданы одан әрі жалғастыра береді. Зиянды әсерлері — бұған үйреніп кету ықтималдығы шектен тыс басым; бойыңды ұстай алмай қалуың да мүмкін; ұйқышыл қылады; жүректі айнытады, құстырады; іш қатады; естен тану белгілері байқалады. Мұны қолданған спортшыны үш ай ішінде тексерсе, бірден байқалады.
Анаболиктер
Анаболиктер — жасанды және табиғи компонентер, адам ағзасына әсер ететін әрекеттері аталық гормонына ұқсас. Спортшылар мұны бұлшық еттерін, күштерін және төзімділіктерін арттыру үшін қолданады. Намысты қайрай түседі. Неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығуға қол жеткізуге болады. Зиянды әсерлері: еркектер үшін — бүйрекке зақым келтіреді, көкірек қуысы өседі; шаш түсе бастайды, қатаяды; белсіздікке (ұрықсыздыққа) және ұрындырады; безеу басып кетеді; ашушаң болып, деген «тәбет» күшейеді.
Әйелдер үшін — еркекке тән қасиеттер дами бастайды, тіпті бетті түк басады; дауыс ырғағы өзгереді; етеккір циклі өзгереді; ашушаңдық пайда болады. Стероидтар алты ай бойы ағзада қалып қоятындықтан, зәр арқылы мұндай допинг қолданғандар бірден әшкереленеді.
Диуретиктер
Диуретиктер — денеден сұйық шығаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Негізінен бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқадай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады, бас айналады; жүрек айныйды; бүйрекке зақым келтіреді.
Гормондар
Пептидті гормондар және оған ұқсастар — белгілі бір функцияларды (атап айтқанда, қызыл қан тәндерін өндіру мен ауырсынуды) бақылау үшін адам ағзасында пайдаланылған заттар. Жасанды жасалған түрлері де болады. Қолданыстағы түрлері: өсу гормондары, эритропоиетин. Өсу гормондары бұлшық ет пен күшті көбейтеді, жарақаттың тез жазылуы мен жаттығу жұмыстарынан кейін спортшының спорттық бабына тезірек келуіне көмектеседі. Эритропоиетин қанның оттегіні тезірек игеру қабілетін арттырады, бұл өз кезегінде спортшының неғұрлым ұзақ және қарқынды түрде жаттығып, бәсекеге түсуіне ықпал етеді. Өсу гормондарын көп пайдалану қолдың, аяқтың, бет пішін мен ішкі органдардың өсуіне кері әсерін тигізеді. Мұны медицинада акромегалия дейді. Эритропоиетинді көп қолдану қанның қоюлануына әсер етеді, ал бұл өз кезегінде талмалы ауруға, инфарктқа ұшырауға, тіпті өліп кетуге ұласады.
Қан допингі
Қан допингі — бұл спортшының қанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшейтіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшының қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшерде қан алынып (немесе нағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зертханалық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйылады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегіні игеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиянды әсерлері — қан түйіршіктері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүйрекке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитометрия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді.
Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар
Фармокологиялық, химиялық және физикалық манипуляциялар — бұл зәр анализін бұрмалау үшін әртүрлі әдістер мен препараттар қолдану. Қолданыстағы түрлері: басқа адамның зәрін пайдалану (өткізу), эпитестостерон және бромантан қолдану. Спортшылар өздерінің зәрлерінің анализінде тыйым салынған препараттар бар екендігін жасыру үшін осындай әрекеттерге барады. Спортшы ағзасына айтарлықтай зияны тигізбейді. Мұны анықтау аса қиын емес, тек тексеруші шектен тыс мұқият болса болғаны.
Гендік терапия
Гендік терапия — бұл кейінгі кездегі химиктердің жаңа жетістігі. Cебебі, уақыт өткен сайын өмір бір орында тұрмай, жаңа технологиялар жетілген үстіне жетіле түсуде. Гендік терапия — спортшы ағзасынан оның допинг қолданғандығын білдірмеу мақсатында ойланып шығарылған допинг түрі. Бұл бастапқыда бұлшық еттері сырқырайтын егде жастағы адамдар мен бұлшық еттері зақымданған адамдарды емдеу үшін шығарылған жаңа клиникалық сынақ еді. Мұнда сырқат адамның ағзасына синтетикалық ген енгізіледі. Бұлшық ет тіндерінің «құрылыс материалына» айналған синтетикалық генді бірнеше жылдардан соң табиғи гендерден айыру мүмкін болмай қалады екен. Алайда қазір медицинаның бұл жетістігі гендік допингке де айналып барады. Мұның артықшылығы синтетикалық ген өнімдері қан айналымына түспейді, енбейді. Сондықтан қан мен зәрден сынақ алынған кезде мұндай допинг қолданылғанын анықтау мүлде мүмкін емес. Осыған орай WADA ғалымдарға гендік терапияның спортқа енуіне тосқауыл болуларын өтініп, ұсыныс жасады. Допингке қарсы ірі ғылыми орталықтар осындай допингті бақылау әдістерін зерттеуде. Әзірше мұндай допинг қолданған адамдарға қандай зиянды әсерлері тиетіні де дөп басып айқындалмаған.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Doping |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna sәjkes bolu үshin zhetildiru kazhet Osy makalany әri karaj damytuga komektesiniz Doping agylsh dope esirtke agylsh doping esirtke beru kejingi zhyldary sportta belen alyp onyn azhyramas boligine ajnalyp barady Sportshylar medal atak zhenis rekord aksha үshin beldi bekem buyp doping koldanyp densaulyktaryna ziyan keletindigine da konil audarar emes Bul әri zhyldan zhylga karkyndy tүrde oris alyp sport әlemin keulep barady Dopingke degen suranystyn shekten tys artuyn kalt zhibermej ony үlken bizneske ajnaldyryp otyrgan әkkiler de barshylyk Interpol derekteri bojynsha dәl kazir doping tyjym salyngan preparattar ajnalymy narkotik ajna lymynan da asyp tүsude Osygan oraj osy keselmen kүresu үshin Dүniezhүzilik dopingke karsy agenttik WADA kurylgan Sodan beri sportty himiya men zulymdyk tan tazartyp sporttyk zhogary zhetistikterge tek әdiletti zholmen kol zhetkizudi kalajtyn koksejtin kyzu kүres zhүrgizilip keledi Bir kyzygy doping koldangandardyn arasynda medicina men himiyany asa zhaksy bilmejtindikten opyk zhep zhүrgenderi de barshylyk Mysaly kejbir sportshylar auyryp syrkattanyp nemese zharakattanyp kalgan kezde tezirek emdelu үshin dәri dәrmekter koldanady Osyndajda onyn kuramynda tyjym salyngan preparattar da bar ekenin bilmej zhaza basyp zhazykty bolyp zhүrgender de bar Bүginde doping koldangandary әshkere bolyp zhazalaryn tartyp zhatkan tipti zhenip algan medaldarynan ajyrylyp zhatkan sportshylar kop ak Bul turgyda Amerika siyakty orkenietti elderdin sportshylarynyn ozderi ayausyz zhazaga tartyluda ҚazakstandaӨkinishke karaj Қazakstan sportshylarynyn ishinde de doping koldangandyktan sporttan alystatylgandar da barshylyk Bul turgyda kazak auyr atletterinin zhenil atletterinin shangyshylarynyn zhәne konkishilerinin bastarynan otken zhagdajdy ajtuga bolar edi 90 shy zhyldary buryn әjgili zhenilatlet әjel Olga Shishiginaga doping koldangan dep ajyp tagylyp Zhetisudyn kyrmyzy kyzgaldagy 1996 zhylgy Atlanta Olimpiadasyna katysa almady Birak 2000 zhyly Sidnejde Olimpiada chempiony bolyp ozinin nagyz auzymen kus tistegen dүldүl ekendigin dәleldep shykty Al 2007 zhyly Қazakstan velosportynyn serkeleri pen de doping koldangan degen ajyp tagyldy Dәl kazir ekeui de ozderinin adal ekendikterin dәleldeuge tyrysuda Bul zherde zhagdaj mүldem baskasha sebebi ekeuinin basyna tүsken iste sayasat basymyrak Қazaktyn nuy men suynan nәr alyp ulttyk kompaniyalarynyn karzhysynan zharalgan komandanyn kamshynyn sabyndaj kyska uakyt ishindegi zhetistikteri men ambiciyasy sheteldikterdin Halykaralyk velosport basshyla rynyn kyty gyna tigen tәrizdi Doping tүrleriStimulyatorlar Stimulyatorlar adamnyn miyna әser etetin agzanyn zhumyska degen kabiletin ojlau kabiletin de kүsh kuatyn da үjlestiretin zattar Sportshylar muny sharshagandyktaryn ba syp kүsh kuattary kopke dejin zhogary dengejde boluy үshin koldanady Sondaj ak salmak kuuga da zhaksy komektesedi Ziyandy әserleri kan kysymyn koteredi ashushan kylyp kүjgelektikke tүsiredi bugan үjrenisip bejimdelip ketu yktimaldygy basym tamakka degen tәbetti zhogaltady zhүrek kagysyna keri әser etedi keude men bas auyrady adamnyn bojy dirildejdi Esirtkelik analgetikter Esirtkelik analgetikter bul auyrgandy basatyn adam agzasyna katty әser etetin zattar Sportshylar muny sharshagandaryn basyp zharakattarynyn auyrgandaryn bildirmeu үshin koldanady Osynyn arkasynda olar zharakattaryna karamaj zharys bәsekeni sajys dodany odan әri zhalgastyra beredi Ziyandy әserleri bugan үjrenip ketu yktimaldygy shekten tys basym bojyndy ustaj almaj kaluyn da mүmkin ujkyshyl kylady zhүrekti ajnytady kustyrady ish katady esten tanu belgileri bajkalady Muny koldangan sportshyny үsh aj ishinde tekserse birden bajkalady Anabolikter Anabolikter zhasandy zhәne tabigi komponenter adam agzasyna әser etetin әreketteri atalyk gormonyna uksas Sportshylar muny bulshyk etterin kүshterin zhәne tozimdilikterin arttyru үshin koldanady Namysty kajraj tүsedi Negurlym uzak zhәne karkyndy tүrde zhattyguga kol zhetkizuge bolady Ziyandy әserleri erkekter үshin bүjrekke zakym keltiredi kokirek kuysy osedi shash tүse bastajdy katayady belsizdikke uryksyzdykka zhәne uryndyrady bezeu basyp ketedi ashushan bolyp degen tәbet kүshejedi Әjelder үshin erkekke tәn kasietter dami bastajdy tipti betti tүk basady dauys yrgagy ozgeredi etekkir cikli ozgeredi ashushandyk pajda bolady Steroidtar alty aj bojy agzada kalyp koyatyndyktan zәr arkyly mundaj doping koldangandar birden әshkerelenedi Diuretikter Diuretikter deneden sujyk shygaratyn preparattar Қoldanystagy tүrleri acetazolamid hlortalidon triamterin Negizinen bular salmak kuu үshin koldanylady Sondaj ak baskadaj tyjym salyngan preparattardy koldangandaryn bildirmeu үshin keninen pajdalanylady Zәr ajdagysh kasietterinin arkasynda agzadagy himiyalyk preperattar syrtka tez shygarylady Ziyandy әserleri susyzdandyrady kurystyrady basty auyrtady bas ajnalady zhүrek ajnyjdy bүjrekke zakym keltiredi Gormondar Peptidti gormondar zhәne ogan uksastar belgili bir funkciyalardy atap ajtkanda kyzyl kan tәnderin ondiru men auyrsynudy bakylau үshin adam agzasynda pajdalanylgan zattar Zhasandy zhasalgan tүrleri de bolady Қoldanystagy tүrleri osu gormondary eritropoietin Өsu gormondary bulshyk et pen kүshti kobejtedi zharakattyn tez zhazyluy men zhattygu zhumystarynan kejin sportshynyn sporttyk babyna tezirek keluine komektesedi Eritropoietin kannyn ottegini tezirek igeru kabiletin arttyrady bul oz kezeginde sportshynyn negurlym uzak zhәne karkyndy tүrde zhattygyp bәsekege tүsuine ykpal etedi Өsu gormondaryn kop pajdalanu koldyn ayaktyn bet pishin men ishki organdardyn osuine keri әserin tigizedi Muny medicinada akromegaliya dejdi Eritropoietindi kop koldanu kannyn koyulanuyna әser etedi al bul oz kezeginde talmaly auruga infarktka ushyrauga tipti olip ketuge ulasady Қan dopingi Қan dopingi bul sportshynyn kanynyn kuramyndagy eritrocitter shamasyn arttyru osylajsha kannyn ottegini tezirek igeru kabileti kүshejtiledi Қoldanystagy tүrleri sportshynyn kanyna donorlyk eritrocitter kuyu Sondaj ak baska da әdis tәsilderi bar iri zharys bәsekege dejin eki үsh aj buryn sportshydan belgili bir molsherde kan alynyp nemese nagyz sporttyk babyna kelgen kezinde alynuy da mүmkin bul kan konservilenedi zerthanalyk zhagdajda saktalady al nakty kerek kezinde әlgi kan agzaga kajta kujylady Muny koldanudagy basty maksat kannyn ottegini igeruin kүshejte tүsu Osyndaj zholmen kan dopingin koldanu adamnyn agzasy үr zhana kalypka tүskendej etedi Әri olar tozimdi de shydamdy bola tүsedi Ziyandy әserleri kan tүjirshikteri pajda bolady kan ajnalym zhүjesine zhүkteme tүsedi allergiyalyk reakciyalar bүjrekke zakym keltiredi infekciyalyk aurular taralady Kopke dejin muny anyktau mүmkin bolmaj kelgen birak kazir agyndy citometriya mundaj doping koldangandardy ajna katesiz ajkyndap beredi Farmokologiyalyk himiyalyk zhәne fizikalyk manipulyaciyalar Farmokologiyalyk himiyalyk zhәne fizikalyk manipulyaciyalar bul zәr analizin burmalau үshin әrtүrli әdister men preparattar koldanu Қoldanystagy tүrleri baska adamnyn zәrin pajdalanu otkizu epitestosteron zhәne bromantan koldanu Sportshylar ozderinin zәrlerinin analizinde tyjym salyngan preparattar bar ekendigin zhasyru үshin osyndaj әreketterge barady Sportshy agzasyna ajtarlyktaj ziyany tigizbejdi Muny anyktau asa kiyn emes tek tekserushi shekten tys mukiyat bolsa bolgany Gendik terapiya Gendik terapiya bul kejingi kezdegi himikterdin zhana zhetistigi Cebebi uakyt otken sajyn omir bir orynda turmaj zhana tehnologiyalar zhetilgen үstine zhetile tүsude Gendik terapiya sportshy agzasynan onyn doping koldangandygyn bildirmeu maksatynda ojlanyp shygarylgan doping tүri Bul bastapkyda bulshyk etteri syrkyrajtyn egde zhastagy adamdar men bulshyk etteri zakymdangan adamdardy emdeu үshin shygarylgan zhana klinikalyk synak edi Munda syrkat adamnyn agzasyna sintetikalyk gen engiziledi Bulshyk et tinderinin kurylys materialyna ajnalgan sintetikalyk gendi birneshe zhyldardan son tabigi genderden ajyru mүmkin bolmaj kalady eken Alajda kazir medicinanyn bul zhetistigi gendik dopingke de ajnalyp barady Munyn artykshylygy sintetikalyk gen onimderi kan ajnalymyna tүspejdi enbejdi Sondyktan kan men zәrden synak alyngan kezde mundaj doping koldanylganyn anyktau mүlde mүmkin emes Osygan oraj WADA galymdarga gendik tera piyanyn sportka enuine toskauyl bolularyn otinip usynys zhasady Dopingke karsy iri gylymi ortalyktar osyn daj dopingti bakylau әdisterin zertteude Әzirshe mundaj doping koldangan adamdarga kandaj ziyandy әserleri tietini de dop basyp ajkyndalmagan Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Doping