Қамшы — қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдардың бірі, ер-тұрманның бір құрамы.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZkR2gxYldJdk9DODRNQzhsUkRJbE9VRWxSREFsUWpBbFJEQWxRa01sUkRFbE9EZ2xSREVsT0VKZkpVUXlKVGxDSlVReUpVSXhKVVF4SlRnd0pVUXhKVGhDSlVRd0pVSkNKVVF4SlRoQ0pVUXdKVUpESlVReEpUaENMbXB3Wnk4ek1EQndlQzBsUkRJbE9VRWxSREFsUWpBbFJEQWxRa01sUkRFbE9EZ2xSREVsT0VKZkpVUXlKVGxDSlVReUpVSXhKVVF4SlRnd0pVUXhKVGhDSlVRd0pVSkNKVVF4SlRoQ0pVUXdKVUpESlVReEpUaENMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Қамшының құрылымы
Қамшы берік материалдан жасалған сап, оған қайыстан өріліп бекітілген өрім және өрім мен саптың арасын байланыстырып тұратын алақан делінетін негізгі үш бөліктен тұрады. Ол бөліктердің әрқайсысы – құрылымдық және декорациялық, сондай-ақ функционалдық (тіпті семантикалық) маңызы бар ұсақ деталдар – қамшы құрылымының функционалдық және мәдени семантикалық мәнін жете түсінуге септігін тигізеді.
Қамшының сабы
Қамшы сабының ұзындығы көбіне 4-7 тұтам болып келеді. Ол ағаш, мүйіз, металл тәрізді қатты материалдан жұмыр немесе қырлы етіп (сирегірек қайыстан өріледі) жасалады. Оның жоғарғы доғал, жуантық келген жағы қамшының басы/дүмі (1а), өрме қондырылған төменгі жіңішке жағы қамшының мойыны (1б) деп аталады.
- Қамшытұтамы/тұтқасы. Қамшының қолға ұсталатын бір жарым тұтамдай бөлігінің атауы. Ол терімен қапталады және оның ортасынан бүлдiрге бау өткізіледі.
- Қамшының бүлдіргісі – саптың тұтамындағы тесікке өткiзiлген қайыс таспа бау. Тесік қамшы дүмінен 3-4 елі тұстан тесіледі. Қолына қамшы ұстағанда бүлдіргенің тұйығынан қолын өткізіп, білезік буынға қарай кигізеді. Аттың ерінің қасына ілінеді. Бүлдіргені қайыстан ғана емес, жібек жіптен өріп, моншақпен сәндеп те жасайды.
- Қамшының бауырдағы – өрімнің сапқа жалғасқан бөлігі. Оған қоса ер адамдар, сондай-ақ бақсы қамшысына жіңішке жезден салған тіреме де бауырдақ деп аталады. Ұзындығы саптың үштен екі бөлігіндей болады, бүлдіргеге жақын орналасады.
- Бүркеншек – бауырдақты қамшы жасағанда өрімі мен сабын біріктіріп тұратын шеге.
- Мойнақ – қамшы сабының өріммен жалғасатын тұсына жез, мыс, күміс және т.б. металмен көмкерген бөлігі. "Қолымда бір қамшым бар мойнақтаған, Бәйгеден қос ат келер ойнақтаған" дейтін қара өлеңдегі жолдар осыған байланысты айтылған.
- Бунақ – қамшы өрімін сапқа бекітуші таспа (қайыс). Қамшы бауырын сапқа таспамен буып бекітуді бунақтау деп атайды. Шикі теріден тілінген бунақ (таспа) кепкеннен кейін өрім мен сапты мықтап берік ұстайды.
- Қамшының шырмауығы – қамшы сабына бауырдақты басып оралған металл бұрама.
- Тілше – алақанның бауырдаққа қарама-қарсы жағының жұқа қайыстан "тілдей етіп" қабаттап салған кішкене бөлігі. Оны сапқа өрімді шегелеп бекіткен қамшыларда шегелікті жасыру үшін салады.
- Кекілдік – тілшенің үстіңгі жағында жіңішкелеп, шашақ тәрізді етіп тілген, ұзындығы екі еліден бір жарым тұтамдай ұзын таспа шашақ.
Алақан
Алақан қамшының қайыс, теріден жасалатын, сапқа өрімді бекітетін кішкене бөлігі. Қамшы алақанының өрімге жалғасқан жағы жалпақтау, бауырдаққа ұласқан жағы жіңішкелеу болады. Сол жіңішке жағы сапқа бекітіледі. Алақанның ұзындығы 2-4 елідей, ал ені өрімнен 1-1,5 елідей жалпақ болып келеді. Алақан екі тәсілмен шығарылады: өрмеден жалғастырылып немесе өрмені үзіп арнайы қабаттап тігіп байланыстырады. Соңғы тәсілімен жасалған алақан бостау келетіндіктен сәндік қамшыларда қолданылады.
- Бекітпежелкелік - қамшы алақанының үстіңгі жақ бөлігі.
- Үзбе – қамшы алақанының астыңғы жақ бөлігі. Бекітпе желкелік пен үзбе сап пен өрімді бірі-біріне бүктеп ұстаған кезде алақан тұсынан сынып, үзіліп кетпеуін қамтамасыз етеді.
- Кежеге немесе жжелкелік тесігі – сапты тесіп оған желкелік бекітілген жер. Оған таспа өткізіледі.
- Шажамай (шежемей) немесе қамшытаңдайы – қамшының өрімі мен алақанының жалғасқан, жоғарыда аталған қабаттардың дәл бүктеліп тұрған бүкпелі жері (кебістің шажамайы – табан мен өкшенің біріккен тұсы тәрізді. Жайшылықта қамшыны ілгенде осы тұсынан бүктеп қаратып іледі.
Қамшыөрімі
Қамшының қызметі мен сапасы оның өрімімен тікелей байланысты. Дәстүрлі ортада тері, қайыс илеп дайындайтындарды – "ысшылар", қамшы өретін мамандарды "өрімшілер" деп атаған.
- Өрім – қайыстан өріліп жасалатын қамшының бөлігі.
- Түйін – өрімнің ту ұшындағы ұшығы, яғни аяқталған тұсы. Мықтап бекітілмесе, өрім ширатылып, босаңсып кететіндіктен, қорғасынмен біріктіріп, немесе шашақтап, түйіп аяқтайды. Түйін аса маңызды деталь, өйткені "тұрман түйіннен тозады" дейді қазақ мақалы.
- Таңдай – өрімнің бауырдақ жағындағы сыртқа қараған бетінде, өрім басталар тұсындағы ирек бедерлі "сызық" тәрізді түскен бөлігі. Кейбір өрімшілер ат қамшының сабын қайыстың өзінен тығыз етіп өреді. Оны "өрме сапты" қамшы дейді. Қамшыны, негізінде, мықты қайыстан өреді. Түйелі елде шідер, шылбыр, қамшы т.б. түйенің құйыршығынан істеледі. Ал құйыршық дегеніміз "түйенің ұзын құйрық терісінің ортасынан тілгендегісіндей етіп бөлек алған тері". Қамшы өрудің шеберлерін қазақтар "өрімші" деп арнайы атаған. Кейбір өрімшілер әдетте өрімнің ұзындығын қамшы иесінің тұтамына лайық өруге тырысқан.
Қамшының сабына қарай аталуы
Қамшы сабының тобылғы, ырғай, еліктің сирағы тәрізді т.б. заттардан жасалатыны белгілі. Әсіресе тобылғы сапты қамшы жиі кездеседі, оның себебі тобылғының ерекше мықтылығына, су тисе ісінбейтініне, оның этномәдени ұжымның санасында ерекше қадір тұтатын зат екеніне байланысты болуы мүмкін. Қамшы жасалған материалына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: – жасалған шикізатының түріне қарай сүйек қамшы, мүйіз қамшы, тобылғы сап(ты) қамшы, ырғай сап(ты) қамшы, елік сирақ қамшы және т.б. Қамшы сабындағы мойнағының неден жасалғандығына қарай: ақ мойнақ, сары мойнақ, қызыл мойнақ, жез мойнақ, сарыала мойнақ қамшы т.с.с. атай береді.
Дәстүр бойынша қамшыға сап жасауға ең таңдаулы ағаш – тобылғы мен ырғай. Тобылғыны май жағып, шоққа қыздырып, өңдейді, қайың, емен мен қызыл ағашты қырнап, қаптап, әшекейлеп жасайды. Жыңғылдан жолы ауыр деп сап жасамайды. Саптың мықтылығын арттыру үшін ұшы мен дүмін металмен құрсаулайды (мұны бекітпе қамшы дейді), өрімінің не саптың ұшына тас, сүйек не металл тобыршық бекітеді.
Ортасы қуыс, кездiктi пышақты алып – салатын сұғынбалы екі бөлiктен тұратын сұғылмалы сапты қамшыны барымташылар мен жаушылар қолданды.
Қамшы түрлері
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZkR2gxYldJdk5DODBOQzhsUkRJbE9VRWxSREFsUWpBbFJEQWxRa01sUkRFbE9EZ2xSREVsT0VJdWFuQm5Mekl3TUhCNExTVkVNaVU1UVNWRU1DVkNNQ1ZFTUNWQ1F5VkVNU1U0T0NWRU1TVTRRaTVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді.
- Сарыала қамшы – жез бен мыс араластырып дайындалған қамшы түрі. Қамшының бұл түрін көбіне ер адамдар ұстайды. сылдырмақ пен қоңырау, жез салпыншақ, тіптен үкі, айна да тағылғанын киелі деп санаған. "Сарыала қамшыға сайтан жоламайды" деп, бақсылар ойын салғанда қолданған. Оны төрге іліп қойса үйге пәле-жала жоламайды деп сенген. Сондықтан сайтан қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы сияқты атаулар ұшырасады.
- Ертеде ер адамдар ғана ұстаған сары ала қамшының сарыбас қамшы, жез қамшы деген атаулары әшекейлеген бөлігіне байланысты аталған. Мысалы, жезбен алқымы мен сабының түбi оралғанын жезмойнақ қамшы, бауырдағын әшекейлегенін жез бауырлақ қамшы деп бөліп айтады.
- Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған. Қамшының мұндай түрлерін алтын-күміс пластинкамен бунақтау, сәндеу, асыл тастан көз орнату құйма, күміс шеге, шытыралар шауып сәндеу, сылдырмақ, шашақ қадау, өрмесіне шашақ, түйін салу сияқты жолдармен әшекейлейді. Оның "босмойынақ қамшы" деген түрі болады.
- Атбас алтын қамшы - сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады.
- Шашақты қамшы – қосымша әшекей ретінде әр бөлігінде тарамыстан жасалған айдаршалары бар қамшы. Бұлар негізінен үш түрлі болып келеді: сайтан айдар шашақ – өрімнің жоғарғы тұсынан шығарылғаны; мал айдар шашақ – саптың алдыңғы тұсындағысы; қолдың шашағы – саптың терімен оралған тұтамының астыңғы тұсынан шығарылғаны.
- Қайыс қамшылар – өрімі мен сабы ұзындау жасалған қамшының түрі; шаруашылық қарекетіне қолдануға ыңғайлы, иленіп, май сіңірген қайыстан жасалалы. Қолданысына қарай қайыс қамшы, бәйге қамшы, ат қамшы, түйе қамшы, арба қамшы, соқа қамшы қамшы, шыбыртқы т.б. түрлерге бөлінеді. Олардың жасалуындағы кейбір айырмашылықты ескермегенде пошымы мен дайындалу жолы бір-біріне жақындау. Тұтыну мақсатына қарай сабы, алақаны, өріміндегі айырмасына қарай қысқа өрімді, жеңіл сапты түрі салт қамшы, ұзындау өрімдісі атсоғар, шыбыртқы деп аталады. Қамшының ел арасында айтылатын ат қамшы, күдері қамшы, жортуыл қамшы, білеу қамшы, борбас қамшы, орама сапты қамшы, өзекті қамшы, шашақты қамшы, жалғыз таспа қамшы т.б. түрлері бар.
Қайыс қамшылардың: кішкене шағындау түрін тай қамшы, сабы екі-үш тұтам, өрiмi жiңiшкесін бәйге қамшы, өрімі мен сабының қамшыдан әлдеқайда ұзын түрін шыбыртқы, өрімі сабынан үш еседей ұзын, ұшына шикі таспадан шырмауық жалғанғанын бишік, ал өрімі бірнеше бөлік етіп өрілгенін соп қамшы, қысқалау сапқа шығыршық арқылы бекітілгенін торсылдақ қамшы, сабы шолақтауын бишік қамшы, ұшына қыл бекіткенін балақпан деп атаған. Ұрғанда тарсылдайтын ұзын қол бишік балақпанмен тары піскен кезде егінге түскен құсты үркітеді. Қамшы түрінің балақпан аталуы себебі қайыстың ұшына аттың бірер қылын жіңішке етіп өріп байлап қояды. Осы байланған балақ жіп қамшыны оса тартқанда тарс еткен ащы дыбыс шығарып, тары атаулының қас жауы шымшық, торғайларды үркітеді.
- Дырау/ дойырқамшы – суық қару ретінде қолданылатын қамшының түрі. Оның дойыр, дырау, босмойын деген түрлері бар. Өрімі жуан, жұмыр, кейде төрт қырлы болып келген дойыр қамшыны өрімнің арасына қайыстан, қорғасыннан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді, түйініне тас, қорғасын бекітеді.Таспа саны өрімшінің шеберлігіне қарай 24-тен асып кетеді.
Жасалу жолы
Дойыр қамшы үшін ені бір тұтамнан кем емес, ұзындығы 4-5 қарыс қайысты алып оны алақанына 1-2 тұтамдай кең етіп қалдырып (11,5 см ұзын, ені 7 см) үзбесінен бастап 24 таспаға бөліп біркелкі етіп өткір пышақпен таспалап тіледі. Таспаларды жұмырлап, тегістеп қырнап, майдалап жонып (оны "сыдыру" деп атайды), қырып өңдейді. Ортасына қайыс өзек салып қатайтқан, ұшына ала 2 елідей қайыс және қорғасын сым салып салмағын ауырлата түскен. Өрімнің ұшын 4 см бөлігін таспалап көктеп түйіп аяқтаған.
Қамшының қырғыз өрім, қырық сегіз таспа дейтін түрлері бар. Бес таспа қамшыны кей жерлерде бесқасқа деп атайды. Қамшының таспадан өзек салынған түрлері: дойыр қамшы, бұзаутіс сары ала қамшы, дырау қамшы. Соңғы тіркестегі дыр сөзін дырдай жігіт деген тұрақты теңеу құрамындағы дыр сыңарымен төркіндес деуге болады.
Дырау қамшы мен дыр қамшының мағынасы бірдей, тек біріншісі – жалпыхалықтык сипаттағы, екіншісі – аймақтық қолданыстағы атаулар. Соғыс-ұрыс қаруы ретінде қолданылатын қамшының дырау, біртартар, бесқасқа тәрізді, сондай-ақ қазұялы қамшы деген түрлері де бар. [[Сурет:Мүйіз тұтқалы қамшы.jpg|thumb|200px|Мүйіз тұтқалы қамшы]
Қамшының шаруашылықта қолданылуы
Көлік айдаумен қатар, жылқышылар шаруашылық ұйымдастыруда қамшыны асау үйретудің құралы ретінде қолданған. Асау аттың үстіңгі ерніне қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау салады. Мұны шұра салу дейді. Шұраны әдетте шу асауға салады. Қамшыны қамшыгерлікте, аңшылықта да қолданады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Будагов Л. Сравнительный словарь турецких наречий. Т. 2. СПб., 1871; Себепов Ғ. Түйе және оның әбзелі туралы қысқаша атаулар
- Известия Каз. ФАН СССР. Сер. языка и литературы. 1944. No1; Курылев В.П. Оружие казахов
- Материальная культура и хозяйство народов Кавказа, Средней Азии и Казахстана. СМАЭ. ХХХІV. Л., 1978. С.8-10; Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. 16 томдық. Тарих этнографиялық шолу. Т. 15. Алматы: Жазушы 1979; Валиханов Ч.Ч.Вооружение киргиз в древние времена и их военные доспехи
- Собрание сочинении в пяти томах. Том 1. Алматы: Изд. АН Каз ССР, 1985. С. 464-466; Шоқпарұлы Д. Қоңырау
- БжЕ. 1986. No7; Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХIХ начало ХХ вв) Алматы: Ғылым, 1991; Абылқасымов Б. Телқоңыр (қазақтың көне наным-сенiмдерiне қатысты ғұрыптық фольклоры). Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993; Әлімбай Нұрсан. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосынжоралғыларының этномәдени проекциясы
- ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1994, No1, 36-48; Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл (Әдеби-этнографиялық таным. Құр.: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдірахманов. Алматы: Санат, 1994; Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995; Жетыбаев Ж., Самашев З. Камшы (плеть) в искусстве и мифологии казахов (по мотивам адаевских граффити)
- Наскальное искусство Азии. Тезисы докладов Международной коференции. Кемерово, 1995. Кузбасс ВУЗ издат. С. 66-67.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қamshy kazak halkynyn bajyrgy kezdegi sharuashylyk mәdeni omirinde asa ken taragan kolikti ajdap zhүrgizu үshin koldanylatyn taspadan әrtүrli nuskada tүjip tobylgy nemese baska zatka saptap zhasagan ezhelgi at ajdauysh kuraldardyn biri er turmannyn bir kuramy Қamshynyn kurylymy 1 kamshynyn saby 1a kamshynyn dүmi basy 1b kamshynyn mojny 2 tutamy tutkasy 3 bүldirgesi 4 bauyrdagy 5 bүrkenshek 6 mojnak 7 bunak 8 kamshy shyrmauygy 9 orimnin ushygy 9a tүjin 10 tandaj 11 tilshe 12 kekildik 13 kamshynyn alakany 14a bekitpe zhelkelik 14b үzbe 15 shazhamaj 16 shashaktar 16a koldyn shashagy Қamshynyn kurylymyҚamshy berik materialdan zhasalgan sap ogan kajystan orilip bekitilgen orim zhәne orim men saptyn arasyn bajlanystyryp turatyn alakan delinetin negizgi үsh bolikten turady Ol bolikterdin әrkajsysy kurylymdyk zhәne dekoraciyalyk sondaj ak funkcionaldyk tipti semantikalyk manyzy bar usak detaldar kamshy kurylymynyn funkcionaldyk zhәne mәdeni semantikalyk mәnin zhete tүsinuge septigin tigizedi Қamshynyn saby Қamshy sabynyn uzyndygy kobine 4 7 tutam bolyp keledi Ol agash mүjiz metall tәrizdi katty materialdan zhumyr nemese kyrly etip siregirek kajystan oriledi zhasalady Onyn zhogargy dogal zhuantyk kelgen zhagy kamshynyn basy dүmi 1a orme kondyrylgan tomengi zhinishke zhagy kamshynyn mojyny 1b dep atalady Қamshytutamy tutkasy Қamshynyn kolga ustalatyn bir zharym tutamdaj boliginin atauy Ol terimen kaptalady zhәne onyn ortasynan bүldirge bau otkiziledi Қamshynyn bүldirgisi saptyn tutamyndagy tesikke otkizilgen kajys taspa bau Tesik kamshy dүminen 3 4 eli tustan tesiledi Қolyna kamshy ustaganda bүldirgenin tujygynan kolyn otkizip bilezik buynga karaj kigizedi Attyn erinin kasyna ilinedi Bүldirgeni kajystan gana emes zhibek zhipten orip monshakpen sәndep te zhasajdy Қamshynyn bauyrdagy orimnin sapka zhalgaskan boligi Ogan kosa er adamdar sondaj ak baksy kamshysyna zhinishke zhezden salgan tireme de bauyrdak dep atalady Ұzyndygy saptyn үshten eki boligindej bolady bүldirgege zhakyn ornalasady Bүrkenshek bauyrdakty kamshy zhasaganda orimi men sabyn biriktirip turatyn shege Mojnak kamshy sabynyn orimmen zhalgasatyn tusyna zhez mys kүmis zhәne t b metalmen komkergen boligi Қolymda bir kamshym bar mojnaktagan Bәjgeden kos at keler ojnaktagan dejtin kara olendegi zholdar osygan bajlanysty ajtylgan Bunak kamshy orimin sapka bekitushi taspa kajys Қamshy bauyryn sapka taspamen buyp bekitudi bunaktau dep atajdy Shiki teriden tilingen bunak taspa kepkennen kejin orim men sapty myktap berik ustajdy Қamshynyn shyrmauygy kamshy sabyna bauyrdakty basyp oralgan metall burama Tilshe alakannyn bauyrdakka karama karsy zhagynyn zhuka kajystan tildej etip kabattap salgan kishkene boligi Ony sapka orimdi shegelep bekitken kamshylarda shegelikti zhasyru үshin salady Kekildik tilshenin үstingi zhagynda zhinishkelep shashak tәrizdi etip tilgen uzyndygy eki eliden bir zharym tutamdaj uzyn taspa shashak Alakan Alakan kamshynyn kajys teriden zhasalatyn sapka orimdi bekitetin kishkene boligi Қamshy alakanynyn orimge zhalgaskan zhagy zhalpaktau bauyrdakka ulaskan zhagy zhinishkeleu bolady Sol zhinishke zhagy sapka bekitiledi Alakannyn uzyndygy 2 4 elidej al eni orimnen 1 1 5 elidej zhalpak bolyp keledi Alakan eki tәsilmen shygarylady ormeden zhalgastyrylyp nemese ormeni үzip arnajy kabattap tigip bajlanystyrady Songy tәsilimen zhasalgan alakan bostau keletindikten sәndik kamshylarda koldanylady Bekitpezhelkelik kamshy alakanynyn үstingi zhak boligi Үzbe kamshy alakanynyn astyngy zhak boligi Bekitpe zhelkelik pen үzbe sap pen orimdi biri birine bүktep ustagan kezde alakan tusynan synyp үzilip ketpeuin kamtamasyz etedi Kezhege nemese zhzhelkelik tesigi sapty tesip ogan zhelkelik bekitilgen zher Ogan taspa otkiziledi Shazhamaj shezhemej nemese kamshytandajy kamshynyn orimi men alakanynyn zhalgaskan zhogaryda atalgan kabattardyn dәl bүktelip turgan bүkpeli zheri kebistin shazhamajy taban men okshenin birikken tusy tәrizdi Zhajshylykta kamshyny ilgende osy tusynan bүktep karatyp iledi Қamshyorimi Қamshynyn kyzmeti men sapasy onyn orimimen tikelej bajlanysty Dәstүrli ortada teri kajys ilep dajyndajtyndardy ysshylar kamshy oretin mamandardy orimshiler dep atagan Өrim kajystan orilip zhasalatyn kamshynyn boligi Tүjin orimnin tu ushyndagy ushygy yagni ayaktalgan tusy Myktap bekitilmese orim shiratylyp bosansyp ketetindikten korgasynmen biriktirip nemese shashaktap tүjip ayaktajdy Tүjin asa manyzdy detal ojtkeni turman tүjinnen tozady dejdi kazak makaly Tandaj orimnin bauyrdak zhagyndagy syrtka karagan betinde orim bastalar tusyndagy irek bederli syzyk tәrizdi tүsken boligi Kejbir orimshiler at kamshynyn sabyn kajystyn ozinen tygyz etip oredi Ony orme sapty kamshy dejdi Қamshyny negizinde mykty kajystan oredi Tүjeli elde shider shylbyr kamshy t b tүjenin kujyrshygynan isteledi Al kujyrshyk degenimiz tүjenin uzyn kujryk terisinin ortasynan tilgendegisindej etip bolek algan teri Қamshy orudin sheberlerin kazaktar orimshi dep arnajy atagan Kejbir orimshiler әdette orimnin uzyndygyn kamshy iesinin tutamyna lajyk oruge tyryskan Қamshynyn sabyna karaj ataluyҚamshy sabynyn tobylgy yrgaj eliktin siragy tәrizdi t b zattardan zhasalatyny belgili Әsirese tobylgy sapty kamshy zhii kezdesedi onyn sebebi tobylgynyn erekshe myktylygyna su tise isinbejtinine onyn etnomәdeni uzhymnyn sanasynda erekshe kadir tutatyn zat ekenine bajlanysty boluy mүmkin Қamshy zhasalgan materialyna karaj birneshe tүrlerge bolinedi zhasalgan shikizatynyn tүrine karaj sүjek kamshy mүjiz kamshy tobylgy sap ty kamshy yrgaj sap ty kamshy elik sirak kamshy zhәne t b Қamshy sabyndagy mojnagynyn neden zhasalgandygyna karaj ak mojnak sary mojnak kyzyl mojnak zhez mojnak saryala mojnak kamshy t s s ataj beredi Dәstүr bojynsha kamshyga sap zhasauga en tandauly agash tobylgy men yrgaj Tobylgyny maj zhagyp shokka kyzdyryp ondejdi kajyn emen men kyzyl agashty kyrnap kaptap әshekejlep zhasajdy Zhyngyldan zholy auyr dep sap zhasamajdy Saptyn myktylygyn arttyru үshin ushy men dүmin metalmen kursaulajdy muny bekitpe kamshy dejdi oriminin ne saptyn ushyna tas sүjek ne metall tobyrshyk bekitedi Ortasy kuys kezdikti pyshakty alyp salatyn sugynbaly eki bolikten turatyn sugylmaly sapty kamshyny barymtashylar men zhaushylar koldandy Қamshy tүrleriTuyakpen komkerilgen kamshy Қamshyny zhasalu zholy kolemi әshekejlep bezendirilune karaj sara ala kamshy әshekejli ak kamshy altyndy kamshy shashakty kamshy al en bastysy tutynysyna karaj negizinen kajys kamshy dyrau kamshy dep bolinedi Saryala kamshy zhez ben mys aralastyryp dajyndalgan kamshy tүri Қamshynyn bul tүrin kobine er adamdar ustajdy syldyrmak pen konyrau zhez salpynshak tipten үki ajna da tagylganyn kieli dep sanagan Saryala kamshyga sajtan zholamajdy dep baksylar ojyn salganda koldangan Ony torge ilip kojsa үjge pәle zhala zholamajdy dep sengen Sondyktan sajtan kamshy kieli kamshy kasietti kamshy siyakty ataular ushyrasady Ertede er adamdar gana ustagan sary ala kamshynyn sarybas kamshy zhez kamshy degen ataulary әshekejlegen boligine bajlanysty atalgan Mysaly zhezben alkymy men sabynyn tүbi oralganyn zhezmojnak kamshy bauyrdagyn әshekejlegenin zhez bauyrlak kamshy dep bolip ajtady Әshekejli ak kamshy saby ak kүmisten sәndelip zhasalgan kamshynyn tүri Ony kobine әjelder ustagan Қamshynyn mundaj tүrlerin altyn kүmis plastinkamen bunaktau sәndeu asyl tastan koz ornatu kujma kүmis shege shytyralar shauyp sәndeu syldyrmak shashak kadau ormesine shashak tүjin salu siyakty zholdarmen әshekejlejdi Onyn bosmojynak kamshy degen tүri bolady Atbas altyn kamshy saby da orimi de altynmen aptalyp kүmispen kүptelip zhasalgan sabyna bereze tәrizdi asyl tas ornatylgan atbasyn bejnelengen kamshynyn erekshe tүri Altyndy kamshynyn bul tәrizdi tүrlerin әleumettik mәrtebesi asa zhogary el suragan han sultan el kuragan biler men bekter sondaj ak el ishindegi asa kadirli tulgalar ustagan deuge bolady Shashakty kamshy kosymsha әshekej retinde әr boliginde taramystan zhasalgan ajdarshalary bar kamshy Bular negizinen үsh tүrli bolyp keledi sajtan ajdar shashak orimnin zhogargy tusynan shygarylgany mal ajdar shashak saptyn aldyngy tusyndagysy koldyn shashagy saptyn terimen oralgan tutamynyn astyngy tusynan shygarylgany Қajys kamshylar orimi men saby uzyndau zhasalgan kamshynyn tүri sharuashylyk kareketine koldanuga yngajly ilenip maj sinirgen kajystan zhasalaly Қoldanysyna karaj kajys kamshy bәjge kamshy at kamshy tүje kamshy arba kamshy soka kamshy kamshy shybyrtky t b tүrlerge bolinedi Olardyn zhasaluyndagy kejbir ajyrmashylykty eskermegende poshymy men dajyndalu zholy bir birine zhakyndau Tutynu maksatyna karaj saby alakany orimindegi ajyrmasyna karaj kyska orimdi zhenil sapty tүri salt kamshy uzyndau orimdisi atsogar shybyrtky dep atalady Қamshynyn el arasynda ajtylatyn at kamshy kүderi kamshy zhortuyl kamshy bileu kamshy borbas kamshy orama sapty kamshy ozekti kamshy shashakty kamshy zhalgyz taspa kamshy t b tүrleri bar Қajys kamshylardyn kishkene shagyndau tүrin taj kamshy saby eki үsh tutam orimi zhinishkesin bәjge kamshy orimi men sabynyn kamshydan әldekajda uzyn tүrin shybyrtky orimi sabynan үsh esedej uzyn ushyna shiki taspadan shyrmauyk zhalganganyn bishik al orimi birneshe bolik etip orilgenin sop kamshy kyskalau sapka shygyrshyk arkyly bekitilgenin torsyldak kamshy saby sholaktauyn bishik kamshy ushyna kyl bekitkenin balakpan dep atagan Ұrganda tarsyldajtyn uzyn kol bishik balakpanmen tary pisken kezde eginge tүsken kusty үrkitedi Қamshy tүrinin balakpan ataluy sebebi kajystyn ushyna attyn birer kylyn zhinishke etip orip bajlap koyady Osy bajlangan balak zhip kamshyny osa tartkanda tars etken ashy dybys shygaryp tary ataulynyn kas zhauy shymshyk torgajlardy үrkitedi Dyrau dojyrkamshy suyk karu retinde koldanylatyn kamshynyn tүri Onyn dojyr dyrau bosmojyn degen tүrleri bar Өrimi zhuan zhumyr kejde tort kyrly bolyp kelgen dojyr kamshyny orimnin arasyna kajystan korgasynnan zhumyrlaj shiratylgan ozek salyp syrtyn taspamen toki oredi tүjinine tas korgasyn bekitedi Taspa sany orimshinin sheberligine karaj 24 ten asyp ketedi Zhasalu zholy Dojyr kamshy үshin eni bir tutamnan kem emes uzyndygy 4 5 karys kajysty alyp ony alakanyna 1 2 tutamdaj ken etip kaldyryp 11 5 sm uzyn eni 7 sm үzbesinen bastap 24 taspaga bolip birkelki etip otkir pyshakpen taspalap tiledi Taspalardy zhumyrlap tegistep kyrnap majdalap zhonyp ony sydyru dep atajdy kyryp ondejdi Ortasyna kajys ozek salyp katajtkan ushyna ala 2 elidej kajys zhәne korgasyn sym salyp salmagyn auyrlata tүsken Өrimnin ushyn 4 sm boligin taspalap koktep tүjip ayaktagan Қamshynyn kyrgyz orim kyryk segiz taspa dejtin tүrleri bar Bes taspa kamshyny kej zherlerde beskaska dep atajdy Қamshynyn taspadan ozek salyngan tүrleri dojyr kamshy buzautis sary ala kamshy dyrau kamshy Songy tirkestegi dyr sozin dyrdaj zhigit degen turakty teneu kuramyndagy dyr synarymen torkindes deuge bolady Dyrau kamshy men dyr kamshynyn magynasy birdej tek birinshisi zhalpyhalyktyk sipattagy ekinshisi ajmaktyk koldanystagy ataular Sogys urys karuy retinde koldanylatyn kamshynyn dyrau birtartar beskaska tәrizdi sondaj ak kazuyaly kamshy degen tүrleri de bar Suret Mүjiz tutkaly kamshy jpg thumb 200px Mүjiz tutkaly kamshy Қamshynyn sharuashylykta koldanyluyKolik ajdaumen katar zhylkyshylar sharuashylyk ujymdastyruda kamshyny asau үjretudin kuraly retinde koldangan Asau attyn үstingi ernine kamshynyn bүldirgesin kigizip sabymen burau salady Muny shura salu dejdi Shurany әdette shu asauga salady Қamshyny kamshygerlikte anshylykta da koldanady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterBudagov L Sravnitelnyj slovar tureckih narechij T 2 SPb 1871 Sebepov Ғ Tүje zhәne onyn әbzeli turaly kyskasha ataular Izvestiya Kaz FAN SSSR Ser yazyka i literatury 1944 No1 Kurylev V P Oruzhie kazahov Materialnaya kultura i hozyajstvo narodov Kavkaza Srednej Azii i Kazahstana SMAE HHHIV L 1978 S 8 10 Mukanov S Tandamaly shygarmalar 16 tomdyk Tarih etnografiyalyk sholu T 15 Almaty Zhazushy 1979 Valihanov Ch Ch Vooruzhenie kirgiz v drevnie vremena i ih voennye dospehi Sobranie sochinenii v pyati tomah Tom 1 Almaty Izd AN Kaz SSR 1985 S 464 466 Shokparuly D Қonyrau BzhE 1986 No7 Toleubaev A T Relikty doislamskih verovanij v semejnoj obryadnosti kazahov HIH nachalo HH vv Almaty Ғylym 1991 Abylkasymov B Telkonyr kazaktyn kone nanym senimderine katysty guryptyk folklory Almaty Atamura Қazakstan 1993 Әlimbaj Nursan Қazaktyn olikti zhoneltuge bajlanysty zhosynzhoralgylarynyn etnomәdeni proekciyasy ҚR ҰҒA habarlary Қogamdyk gylymdar seriyasy 1994 No1 36 48 Kүjeu keltir kyz uzat tojyndy kyl Әdebi etnografiyalyk tanym Қur B Әlimkulov E Әbdirahmanov Almaty Sanat 1994 Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995 Zhetybaev Zh Samashev Z Kamshy plet v iskusstve i mifologii kazahov po motivam adaevskih graffiti Naskalnoe iskusstvo Azii Tezisy dokladov Mezhdunarodnoj koferencii Kemerovo 1995 Kuzbass VUZ izdat S 66 67