Ағыбай Қоңырбайұлы, Ағыбай батыр (1802-1885) — қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан.
Ағыбай Қоңырбайұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Ұлытау аймағы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Тасарал қамалы |
Ұлты | Қазақ, руы Арғын-Шұбыртпалы -Күйелі |
Қызметі |
Қысқаша өмірбаяны
Ағыбай батыр жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826–1849 жылы аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қазақ батыры Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген.
Ағыбай батыр қазақ әдебиетінде
Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19-шы ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, Iлияс Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1914 жылы Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. 1992 жылы Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 жылы күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Сыртқы сілтемелер
- Ағыбай батыр Қоңырбайұлы Мұрағатталған 22 қарашаның 2012 жылы.
- Ағыбай батыр
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Agybaj Қonyrbajuly Agybaj batyr 1802 1885 kazak halkynyn tәuelsizdigi үshin kүresken әjgili batyr kolbasshy Қazak hany Kenesary Қasymulynyn Resej otarshylygyna karsy zhүrgizilgen koterilis basshylarynyn biri Agybaj batyr Ұlytau tauynyn etegindegi auylda dүniege kelgen Orta zhүz kuramyndagy karakesek shubyrtpaly argyn ruynan shykkan Agybaj ҚonyrbajulyTugan kүni1802 1802 Tugan zheriҰlytau ajmagyҚajtys bolgan kүni1885 1885 Қajtys bolgan zheriTasaral kamalyҰltyҚazak ruy Argyn Shubyrtpaly KүjeliҚyzmetibatyrҚyskasha omirbayanyAgybaj batyr zhorykta zholy bolgyshtygy үshin Akzholtaj batyr atangan Sarbazdary Abylaj esimimen katar Agybaj batyrdy da uranga ajnaldyrgan Agybaj batyr 1824 zhyly Қarkaraly ajmagynda Resej imperiyasynyn otarshyldyk sayasatyna karsy koteriliske belsene aralasty 1826 1849 zhyly aralygynda Resej imperiyasynyn Қarkaraly Aktau Akmola bekinisterine shabuyl zhasap patsha әskerlerin Yrgyz Tobyl ozenderi bojyndagy urystarda Қyzylzhar Kokshetau shajkastarynda ojsyrata zhengen Қazak batyry Ormanga karsy sogystarda erekshe erlik korsetken 1847 zhyly Kenesary hannyn Kekilik tauyndagy kyrgyzdarmen urysynda Nauryzbaj batyrmen birge dushpan shebin buzyp etken Kenesary olgennen kejin de Resej oktemdigine karsylygyn toktatpaj Syzdyk tore koly kuramynda sogys zhүrgizgen Agybaj batyrdyn mazary Saryarka men Betpakdalanyn shektesken Tajatkan Shunak degen zherinde sonda zherlengen Agybaj batyr kazak әdebietindeKenesarynyn bas batyry Agybaj batyrdyn omir zholy kazak tarihshylary men kalamgerlerinin shygarmalaryna arkau bolgan 19 shy gasyrdyn ayagynda Agybaj batyr kissasy shykty Agybaj Nysanbaj zhyraudyn Nauryzbaj Қanshajym zhyrynyn Iliyas Esenberlinnin Қaһar romanynyn bas kejipkeri 1914 zhyly Esim torenin komegimen Әlihan Bokejhanov Қazan kalasynan Қyzyl kajnar Tekturmas degen kitabyn shygardy Sәken Sejfullin Akzholtaj batyr degen roman zhazgan 1992 zhyly Ajyrtau Sopyda batyrdyn tuganyna 190 zhyl toluyna bajlanysty respublika dәrezhesinde үlken toj etti Ұrpaktary Agybajga үlken kesene saldy Ol 1980 zhyly kүrdeli zhondeuden otip basyna kulpytas kojyldy DerekkozderҚaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2Syrtky siltemelerAgybaj batyr Қonyrbajuly Muragattalgan 22 karashanyn 2012 zhyly Agybaj batyr