Қарасай Алтынайұлы (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына айналған аса көрнекті тарихи тұлға.
Қарасай Алтынайұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1598 ж. |
Қайтыс болғаны: | 1671 ж. |
Ұлты: | қазақ |
Мансабы: | Қазақ батыры |
Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, Арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс — шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999). Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарасай батыр туған. Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдар, одан Мырзатай, одан Кенбаба, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.
Жоңғарларға қарсы соғысы
Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қанқасап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Қарасай Алтынайұлы да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық патриотизмін, ерлік дөстүрін алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Қарасай қатарлы батырлардың пешенесіне жазылған. Жетісуда туған Қарасай батырға Арқаның Айыртауынан топырақ бұйыруы, Қызылжарда туған Баян батырдың соңғы демінің Ӏле бойында таусылуы, Еділ бойында туған тама Қабанбай батырдың Арқадағы Сарысу бойындағы шайқаста қаза табуы, Ерейментаудың Малайсарысының Алатау бөктерінде дүние салуы, сөз жоқ, ұлттық-этникалық біртұтастықты мемлекеттіктің әбден орныққандығының, сол мемлекет аясындағы атамекеннің азаматтар санасында біртұтас киелі сипат алғандығының ең бедерлі айғағы еді. Осындайда қазақ халқының кейінгі ғасырларда бастан кешкен азапты өмірінде отаншылдық сияқты ең киелі сезімдерінің шайылмауының басты себебі, сол бір Қарасайлар заманында орныққан эпикалық ерліктер мен патриотизмнің негізі беріктігінен де болар деген қорытындыға тоқтауға тура келеді.
Есім мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман-аңсары Қарасай сияқты біртуар батырларга, ру, тайпа көсемдеріне тікелей арқа сүйеу арқылы жүзеге асып отырды. Жалпы XVII ғасыр аясында, яғни Қарасай батырдың ат үстінде болған кемел шағында қазақ-жоңғар арасында әйгілі үш соғыстың болғаны тарихтан аян. Мұның біріншісі — 1635 жылы болған Сібір-Тобыл соғысы. Бұл соғыс туралы И.Э. Фишер "Сібір тарихы" атты еңбегінде жазған. Тарихи деректерде осы кезеңде жалайыр, шапырашты руларының Тобыл бойында болғаны айтылады. Сібір-Тобыл соғысына Қарасай батырдың қатысқаны ешқандай күмән келтірмейді.
Екінші соғыс 1643 жылы болған. Бұл әйгілі Жәңгір сұлтанның (ол кезде әлі хан тағына отырмаған) 600 жанкешті сарбаздарымен жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрып, оған алшын Жалаңтөс батыр 20 мың әскерімен көмекке келетін жойқын соғыс. Бұл соғыс жайында орыс тарихшылары Н.М.Карамзиннен бастап И.Я. Златкинге дейін таусыла жазып, жалпы соғыс тарихында сирек кездесетін оқиға ретінде атап өтеді (Левшин А.И. Описание киргиз-кайсакских или киргиз-кайсачьих орд и степей. 2-бөлім. СПб., 1832. 59-6.).
Даланың ауызша тарихнамасында (ДАТ), яғни шежіре деректерінде шапырашты Қарасай батырдың 600 қолымен осы соғысқа қатысып, жойқын ерлік көрсеткені айтылады. Әйгілі Сүйінбай жыраудың:
“Қарасай халқы үшін атқа мінді,
Шыдамай жауыздыққа неше түрлі, ”
дейтіні, немесе:
“Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,
Қалмақ қашты баласын, малын тастап.
Әйеліне қарауға шамасы жоқ,
Келіп еді о баста жерді ластап, —”
деп суреттейтіні Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлігіне орай айтылған.
XVII ғасырдың аясында қазақ-жоңғар арасында болған сұрапыл соғыстың үшіншісі — 1652 жылы өткен. Бұл соғыста Жөңгір ханды жекпе-жекте 17 жасар Қалдан Серен өлтірді. Осындайда "тарихтың тәлкегі" деуден гөрі, "тарихтың заңдылығы" деуге болатын бір гәп еске түседі, сол Қалдан Сереннің баласы Шарышты Аңырақай шайқасында 17 жасар Абылай сұлтан (ол кезде хан емес) жекпе-жекте өлтіреді. 1652 жылғы соғыста Қарасай батыр жалпы қазақ әскерлері қолбасшыларының бірі ретінде ақыл-парасатымен, тапқырлық-табандылығымен танылған. Сахара төсінің ежелден қалыптасқан тәртібі бойынша ел бастаған көсем мен қол бастаған батырлардың есімі әдетте ру-тайпа атауына ұласып, ұранға шығып отырған. Ондай ірі тұлғаларға жер атын беру рәсімі қалыптасқан. Бұлретте Қарасай батыр есімінің ру атауына ұласып, ұранға шығуы, бірнеше жер атауларының берілуі, ең алдымен, іргелі рудың қам-қаракетін елдік мұрат-мүддесімен тоғыстыра білген қайраткер-қолбасшылығына айғақ болса керек. Белгілі зерттеуші П.П.Румянцевтің Жетісу тарихы мен шаруашылығына арналған кітабы 1913 жылы Петербургте жарық көрді. "Материалы Семиреченской области" деп аталатын осы кітапта былай жазылған: "Батыр Кәстек өңірінің жұрты шапырашты руынан шыққан Қарасай батырдың ұрпақтарын құрайды. Қазір Қарасай руы Ақмола облысының жерін қоныс етеді. Қарасайдың бейіті Көкшетау уезінің Айыртау деп аталатын өңірінде" — дейді. Қазақ халқының тарихи тұлғаларына деген марапат-құрметінің соншалықгы баянды екені қайран қалдырады. Өлетін малмен, тозатын дүниемен алдарқатпайды, еліне лайық ер туса, олардың есімін тұтас ру мен киелі туған жерге бұйыртып отырған. Онысы жеріміз бүтін, еліміз аман болса, біртуар ерлердің де есімі ұмыт болмайды дегені болуы керек. Қазақ халқының мұндай мәртебеге лайық перзенті Қарасай батыр екенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Қарасай Алтынайұлы — Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен.
1629 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді. Қарасай аяқ-астынан басталған ұрысқа екі мың қол жиып, осы қазір Қарасай ауылы тұрған ойпатта ойрат тайшысы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қолтық айқаста көбі қырылған қалмақтар Іледен қайта өтуге мұршасы келмей, Сөгетіге қарай қашты. Ақыры, жау тұмсығы Торайғыр тауына тірелгенде, келген мыңдай қолдан басы Банжұр болып тігерге тұяқ қалмады. Ең соңғы екі қалмақты Байынқол жағасында ұстап, екеуін қара есекке теріс мінгізіп, таңып қалмақ ауылына қарай айдап жібереді. Ұрыс болған жер (ауыл) Қарасай атымен аталды. Сопы-Саты көлінің түстігінде де ұрыс болған. Бұрын бабасы Шапырашты ұрыс салып, соның атымен аталатын сайдың бір саласы да күні бүгінге дейін Қарасай есімімен аталады. 1635 жылы ойрат-қалмақ мемлекеті бой көтерді. Қытай және қазақ пен қырғыз жерінің ортасында жатқан Жоңғар хандығы, аумағын кеңейтуді ойлап, таулы, тастақты өлкеден гөрі, жазықты өңірге көз аларта түсті. Кешікпей мұздай қаруланған 50 мың қол қазақ пен қырғыз жеріне басып кірген. Алғашқы шайқастың бірі осы Талас өңірінде өтеді. Бұл соғыста өзбек қолын Алдышүкір басқарып келіп, қазақ, қырғыз жасағымен бірлесіп, тұтқиылдан келген жауға қарсы соққы берген. Бауырлас үш ұлттың үзеңгі қағысқан бірлігі өзбек жерінде, қазақ даласының оңтүстік аймағы — Сайрам маңында болған соғыста да ажырамады.
Жетісуды бауырыны басқан жоңғар батырлары Нарынқол мен Байынқол, Қастек пен Қаскелеңнің үздіксіз жеңісіне мастанғаны сондай, Алатау асып, қырғыз жеріне қалың қолын төгеді. Ыстықкөл өлкесінде өткен шайқаста қырғыз жұрты жауға төтеп бере алмай қалады. Сонда «қырда қырғыз баласы жыласа, ойда қазақ ененің омырауы сыздайды» дегендей, бауырлас елді көрініп келген апаттан құтқарайық деп, жанына бес мың жасағын ертіп, қазақтан шыққан Шапырашты Қарасай батыр Шу жазығында ұрыс салған екен. Қарасайдың өзі жекпе-жекте қылышпен қалмақтың қоңтайшысының оң қолын шауып түсіреді. Осыны арқаланған қазақ, қырғыз жасақтары аруақ шақырып, майдан даласында айта қаларлықтай ерліктер көрсеткен екен.
1664 ұлу жылы Қарасай ұрысқа ақырғы рет алпыс алты жасында қатысты. Арқос Аңқойынан (қазірше Жоңғар қақпасы) екі мың торғауыт Наймандар мен Жалайырларға шабуыл жасап, Қарасай мен Ағынтай тағы да ұрысқа кіріп, жауды ойсырата қуады. Осы ұрыста Қарасай батыр ауыр жараланып, саптан шығады. Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады.
Енді қатты-қайырым, күшке түсер қимылға жарамағандықтан Қарасай батыр ел басқару ісіне кірісті. Екі жұрттың арасындағы елшілік жұмыстарда болып, билікке араласты. Қарасай 1669 жылы Ресеймен келіссөз жүргізуге барған. Бұл жолға ол үмітпен аттанып, орыс патшасы әкімдерінен түңіліп қайтты. Қарасай батыр мен кіші жүз — Жетісу-Тама-Тұғынай, Найман-Матай Кеден би үшеуі келіссөз жүргізіп, қару-жарақ, зеңбірек алмақ болды, бірақ орыстар ертең бұл қару өзімізге пәле болмай ма дегендей мойнын ішіне алып, қазақ елшілерін құр қол шығарып салады. Осы бір жылдары қазақ жері аз да болса тынышталып, жаға жайлау, етек қыстау болған заман бола қалды. Қарасай батыр бірсыпыра туғандарымен өзінің қандыкөйлек досы Ағынтай еліне көшіп барады. Онда бір жылдай тұрып, 1671 доңыз жылының тамыз айында жетпіс үш жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды.
Қарасай батырдан алты бала болды, олар: Әуез, Өтеп, Көшек, Түрікпен, Еркен, Төркен. Соңғы екі баладан ұрпақ қалмаған. Бірақ екеуі де есейіп, азамат болғанда өлген. Әкесінің елу жасында туған егіз ұл Алтынай тұқымы Арқаға барған соң бір күнде мерт болған. Екі бірдей ұлының қазасы әке өлімін тездете түскен. Талай өлімді көріп, талай өлікті қолымен ұстаған Қарасай батыр: «Өліп көрген жоқпын, одан басқасының бәрін көрдім десем, әлі көрмегенім көп екен ғой» деп екі баласына қатты қайғырған. Қарасай екі ұлдың қырқына жетпей қайтқан. Қазақтың Қарасай батырының жылын берген соң Ағынтай батыр да дүние салған. Оны да Қарасай батыр қойылған бейітке жерледі. Осылайша, ерлігі мен даңқы айбынды қазақтың Қарасай батыр есімі ұрпақтан-ұрпаққа ұран болып ғасырлардан жалғасын тауып
Қарасай батыр бiрде өзiнiң төрт ұлын сынамақ болады. Әуез, Түрiкпен, Өтеп, Көшек деген төрт ұлы атқа мiнiп, жауға шабатындай жасқа келiп қалса керек. Қантардың аязды кештерiнiң бiрiнде төртеуiне төрт iшiк берiп: "Сендер батырдың ұрпағысыңдар! Анау жылқының шетiне барып, iшiкке оранып түнеп шығыңдар. Суық қар мен сары аяз кеуде сарайларыңды ашып, күш-құаттарыңды тасытады, қара жер қасиет бередi", - деп, бұйырады да, өзi жылқышылармен қоста қалады. Таңға жуық аяз күшiне әбден мiнген кезде, балаларым қалай жатыр екен деп, сынауға шығады. Төртеуiне жақындай берсе, Әуез ұйықтамай ояу жатыр екен. - Әуез, сен омiрi ел iшiнен ұзап шықпай, ортада ғана отыратын ел болады екенсiң, - дептi батыр әкесi. Түрiкпен iшiктi айқара ашып тастап, кеудесi көрiктей көтерiлiп, үстiнен бұы бұркырап, екi қолын екi жаққа керiп, кiжiнiп ұйықтап жатыр екен. - Түрiкпен балам-ау, қолың жетер жердi сұрайсың-ау. Сенен жаужүрек батырлар көп шығып, қара ормандай көбейiп, елiңе қорған боларсың түптiң түбiнде, - дептi. Өтеп екi жудырығын түйiп ұйықтап жатыр екен. - Өтеп балам, есесiн ешкiмге бергiзбейтiн, iшiне бөтен жанды кiргiзбейтiн, ақ адал малыңмен күн көредi екенсiң, - деп сынапты. Кенжесi Көшек iшiктi түгел қымтай оранып, басын iшке бүгiп, пысылдай ұйықтап жатқанын көрiп: - Көшек ұя бұзбас, еңбегi бойыңа даритын бай, сөзiң iсiңе сай, атағың күн мен ай болады екенсiң, - деп Карасай батыр Көшегiне баға берiптi.
Дереккөздер
- Назарбаев Н. Н. Менің өмірім. Бодандықтан — бостандыққа — Астана: Фолиант, 2023. — Б. 29-30. — 688 б. — 7500 таралым. — ISBN 978-601-271-821-8.
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ Энциклопедиясы
“Қазақ Энциклопедиясы”, 9-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarasaj Altynajuly 1598 1671 kazaktyn kaһarman batyry әjgili kolbasshysy esimi shapyrashty ruynyn uranyna ajnalgan asa kornekti tarihi tulga Қarasaj AltynajulyDүniege kelgeni 1598 zh Қajtys bolgany 1671 zh Ұlty kazakMansaby Қazak batyry Қarasaj batyr Almaty oblysynyn Zhambyl audanyna karasty Suyktobe tauynyn eteginde Қarasaz degen zherde dүniege kelip Arka zherinde Kokshetau үshin bolgan shajkasta auyr zharalanyp dүnie salgan Topyrak Kokshetau alabyndagy Ajyrtau sileminin Қulshynbaj dep atalatyn tobesinen bujyrgan Қasyna ozinin kandy kojlek dosy argyn Agyntaj batyr zherlengen Қos arys shapyrashty Қarasaj men argyn Agyntaj batyrga zhәne olarmen birge kandy shajkasta kaza bolgan sarbazdarga kos kүmbezdi kesene ornatylgan 1999 Қarasaj batyrdyn shykkan tegi uly zhүz shapyrashty Shezhire deregi bojynsha Shapyrashty Sham Ystyk odan Maldy Zheldi Қaldy esimdi үsh ul tuady Maldydan Ekej Emil Emilden Zhajyk pen Eskozha tuady Eskozhadan Alysaj Altynaj Shuash esimdi үsh ul tugan Altynajdyn үshinshi әjelinen Қarasaj batyr tugan Soz orajynda ajta ketken zhon Қazakstan Respublikasynyn tungysh Prezidenti Nursultan Әbishuly Nazarbaev osy Қarasaj batyrdyn tikelej urpagy Atap ajtkanda Қarasajdan Koshek odan Ajdar odan Myrzataj odan Kenbaba odan Edil odan Sapakaj odan Nazarbaj odan Әbish odan Nursultan tuady Zhongarlarga karsy sogysyҚarasaj batyrdyn omir sүrip gumyr keshken zamany kazak zhongar arasynda eki gasyrga sozylgan kankasap sogystyn endi tutanyp endi shielenisip birte birte eki koshpeli eldin taktikasy men strategiyasynyn synga tүse bastagan kezi edi Bul kezde kazak halkynyn derbes el bolyp irge bekitip birtutas etnikalyk sana sezimnin ornykkanyna eki gasyrdyn zhүzi bolgan Sodan da bolar kazak zhongar arasyndagy ort tutangan kezde eli men zherin korgau үshin algash ret atka konyp eldin shetine zheldin otine zhaudyn betine shygyp erlik korsetken batyrlardyn sapynda Қarasaj Altynajuly da boldy Қazak zhongar sogysy XVI gasyrdyn ozinde ak shieleniskeni zhoninde tarihshy V V Velyaminov Zernov zhazady Al agylshyn kopesi A Dzhenkinson 1557 zhyly Қytajga barmakshy bolyp zholga shykkan birak kazak zhongar arasynda Tashkent үshin kyrgyn sogys bolyp zhatkandyktan Қytajga ote almaganyn zhazyp kaldyrgan Demek Қarasaj batyr at zhalyn tartyp minip sarbazdar sapyna turgan kezde koshpeli eki el arasyndagy sogys tәsilderi korganys әdisteri әbden shyndalyp olispej berispejtindej shielenisip үlgergen Mine bul turgydan kelgende kazak halkynyn ulttyk patriotizmin erlik dostүrin algash ret kalyptastyru ornyktyru missiyasy Қarasaj katarly batyrlardyn peshenesine zhazylgan Zhetisuda tugan Қarasaj batyrga Arkanyn Ajyrtauynan topyrak bujyruy Қyzylzharda tugan Bayan batyrdyn songy deminin Ӏle bojynda tausyluy Edil bojynda tugan tama Қabanbaj batyrdyn Arkadagy Sarysu bojyndagy shajkasta kaza tabuy Erejmentaudyn Malajsarysynyn Alatau bokterinde dүnie saluy soz zhok ulttyk etnikalyk birtutastykty memlekettiktin әbden ornykkandygynyn sol memleket ayasyndagy atamekennin azamattar sanasynda birtutas kieli sipat algandygynyn en bederli ajgagy edi Osyndajda kazak halkynyn kejingi gasyrlarda bastan keshken azapty omirinde otanshyldyk siyakty en kieli sezimderinin shajylmauynyn basty sebebi sol bir Қarasajlar zamanynda ornykkan epikalyk erlikter men patriotizmnin negizi beriktiginen de bolar degen korytyndyga toktauga tura keledi Esim men Zhәngir siyakty akyldy handardyn arman ansary Қarasaj siyakty birtuar batyrlarga ru tajpa kosemderine tikelej arka sүjeu arkyly zhүzege asyp otyrdy Zhalpy XVII gasyr ayasynda yagni Қarasaj batyrdyn at үstinde bolgan kemel shagynda kazak zhongar arasynda әjgili үsh sogystyn bolgany tarihtan ayan Munyn birinshisi 1635 zhyly bolgan Sibir Tobyl sogysy Bul sogys turaly I E Fisher Sibir tarihy atty enbeginde zhazgan Tarihi derekterde osy kezende zhalajyr shapyrashty rularynyn Tobyl bojynda bolgany ajtylady Sibir Tobyl sogysyna Қarasaj batyrdyn katyskany eshkandaj kүmәn keltirmejdi Ekinshi sogys 1643 zhyly bolgan Bul әjgili Zhәngir sultannyn ol kezde әli han tagyna otyrmagan 600 zhankeshti sarbazdarymen zhongardyn 50 myn әskerine karsy turyp ogan alshyn Zhalantos batyr 20 myn әskerimen komekke keletin zhojkyn sogys Bul sogys zhajynda orys tarihshylary N M Karamzinnen bastap I Ya Zlatkinge dejin tausyla zhazyp zhalpy sogys tarihynda sirek kezdesetin okiga retinde atap otedi Levshin A I Opisanie kirgiz kajsakskih ili kirgiz kajsachih ord i stepej 2 bolim SPb 1832 59 6 Dalanyn auyzsha tarihnamasynda DAT yagni shezhire derekterinde shapyrashty Қarasaj batyrdyn 600 kolymen osy sogyska katysyp zhojkyn erlik korsetkeni ajtylady Әjgili Sүjinbaj zhyraudyn Қarasaj halky үshin atka mindi Shydamaj zhauyzdykka neshe tүrli dejtini nemese Sol kugannan kuyldy Shudan bastap Қalmak kashty balasyn malyn tastap Әjeline karauga shamasy zhok Kelip edi o basta zherdi lastap dep surettejtini Қarasaj batyrdyn osy sogystagy erligine oraj ajtylgan XVII gasyrdyn ayasynda kazak zhongar arasynda bolgan surapyl sogystyn үshinshisi 1652 zhyly otken Bul sogysta Zhongir handy zhekpe zhekte 17 zhasar Қaldan Seren oltirdi Osyndajda tarihtyn tәlkegi deuden gori tarihtyn zandylygy deuge bolatyn bir gәp eske tүsedi sol Қaldan Serennin balasy Sharyshty Anyrakaj shajkasynda 17 zhasar Abylaj sultan ol kezde han emes zhekpe zhekte oltiredi 1652 zhylgy sogysta Қarasaj batyr zhalpy kazak әskerleri kolbasshylarynyn biri retinde akyl parasatymen tapkyrlyk tabandylygymen tanylgan Sahara tosinin ezhelden kalyptaskan tәrtibi bojynsha el bastagan kosem men kol bastagan batyrlardyn esimi әdette ru tajpa atauyna ulasyp uranga shygyp otyrgan Ondaj iri tulgalarga zher atyn beru rәsimi kalyptaskan Bulrette Қarasaj batyr esiminin ru atauyna ulasyp uranga shyguy birneshe zher ataularynyn berilui en aldymen irgeli rudyn kam karaketin eldik murat mүddesimen togystyra bilgen kajratker kolbasshylygyna ajgak bolsa kerek Belgili zertteushi P P Rumyancevtin Zhetisu tarihy men sharuashylygyna arnalgan kitaby 1913 zhyly Peterburgte zharyk kordi Materialy Semirechenskoj oblasti dep atalatyn osy kitapta bylaj zhazylgan Batyr Kәstek onirinin zhurty shapyrashty ruynan shykkan Қarasaj batyrdyn urpaktaryn kurajdy Қazir Қarasaj ruy Akmola oblysynyn zherin konys etedi Қarasajdyn bejiti Kokshetau uezinin Ajyrtau dep atalatyn onirinde dejdi Қazak halkynyn tarihi tulgalaryna degen marapat kurmetinin sonshalykgy bayandy ekeni kajran kaldyrady Өletin malmen tozatyn dүniemen aldarkatpajdy eline lajyk er tusa olardyn esimin tutas ru men kieli tugan zherge bujyrtyp otyrgan Onysy zherimiz bүtin elimiz aman bolsa birtuar erlerdin de esimi umyt bolmajdy degeni boluy kerek Қazak halkynyn mundaj mәrtebege lajyk perzenti Қarasaj batyr ekenin tarihtyn ozi dәleldep otyr Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Қarasaj batyr Қarasaj Altynajuly Zhetisuda zhongar shapkynshylygyna karsy azattyk sogysta kol bastagan batyr Alatau bokterinde tuyp osken Ұly zhүz Shapyrashty tajpasynyn Eskozha ruynan Қarasaj batyr Қargaly Ұzynagash Қastek Zhirenajgyr Yrgajty ozenderi bojyndagy Қarakiya Aktasty Saryzhazyk Suyktobe taularyndagy urystarda zhau shebin buzyp suyktobe basyna tuyn tikken 1629 zhyly zhazda Shapyrashty koly Zhajyk bojynan sharshap kelip tynystajmyz ba dep Asy Almaty oblysy zhajlauynda zhatkanda ojrattardyn olzhalap kete salu maksatymen karasha ajynda Ileden otip shabuyl zhasauy Қarasajdy atka mingizdi Қarasaj ayak astynan bastalgan uryska eki myn kol zhiyp osy kazir Қarasaj auyly turgan ojpatta ojrat tajshysy Banzhurdy tas talkan etti Қoyan koltyk ajkasta kobi kyrylgan kalmaktar Ileden kajta otuge murshasy kelmej Sogetige karaj kashty Akyry zhau tumsygy Torajgyr tauyna tirelgende kelgen myndaj koldan basy Banzhur bolyp tigerge tuyak kalmady En songy eki kalmakty Bajynkol zhagasynda ustap ekeuin kara esekke teris mingizip tanyp kalmak auylyna karaj ajdap zhiberedi Ұrys bolgan zher auyl Қarasaj atymen ataldy Sopy Saty kolinin tүstiginde de urys bolgan Buryn babasy Shapyrashty urys salyp sonyn atymen atalatyn sajdyn bir salasy da kүni bүginge dejin Қarasaj esimimen atalady 1635 zhyly ojrat kalmak memleketi boj koterdi Қytaj zhәne kazak pen kyrgyz zherinin ortasynda zhatkan Zhongar handygy aumagyn kenejtudi ojlap tauly tastakty olkeden gori zhazykty onirge koz alarta tүsti Keshikpej muzdaj karulangan 50 myn kol kazak pen kyrgyz zherine basyp kirgen Algashky shajkastyn biri osy Talas onirinde otedi Bul sogysta ozbek kolyn Aldyshүkir baskaryp kelip kazak kyrgyz zhasagymen birlesip tutkiyldan kelgen zhauga karsy sokky bergen Bauyrlas үsh ulttyn үzengi kagyskan birligi ozbek zherinde kazak dalasynyn ontүstik ajmagy Sajram manynda bolgan sogysta da azhyramady Zhetisudy bauyryny baskan zhongar batyrlary Narynkol men Bajynkol Қastek pen Қaskelennin үzdiksiz zhenisine mastangany sondaj Alatau asyp kyrgyz zherine kalyn kolyn togedi Ystykkol olkesinde otken shajkasta kyrgyz zhurty zhauga totep bere almaj kalady Sonda kyrda kyrgyz balasy zhylasa ojda kazak enenin omyrauy syzdajdy degendej bauyrlas eldi korinip kelgen apattan kutkarajyk dep zhanyna bes myn zhasagyn ertip kazaktan shykkan Shapyrashty Қarasaj batyr Shu zhazygynda urys salgan eken Қarasajdyn ozi zhekpe zhekte kylyshpen kalmaktyn kontajshysynyn on kolyn shauyp tүsiredi Osyny arkalangan kazak kyrgyz zhasaktary aruak shakyryp majdan dalasynda ajta kalarlyktaj erlikter korsetken eken 1664 ulu zhyly Қarasaj uryska akyrgy ret alpys alty zhasynda katysty Arkos Ankojynan kazirshe Zhongar kakpasy eki myn torgauyt Najmandar men Zhalajyrlarga shabuyl zhasap Қarasaj men Agyntaj tagy da uryska kirip zhaudy ojsyrata kuady Osy urysta Қarasaj batyr auyr zharalanyp saptan shygady Agyntaj batyr da ayagynan zharalanyp aksak bolyp kalady Endi katty kajyrym kүshke tүser kimylga zharamagandyktan Қarasaj batyr el baskaru isine kiristi Eki zhurttyn arasyndagy elshilik zhumystarda bolyp bilikke aralasty Қarasaj 1669 zhyly Resejmen kelissoz zhүrgizuge bargan Bul zholga ol үmitpen attanyp orys patshasy әkimderinen tүnilip kajtty Қarasaj batyr men kishi zhүz Zhetisu Tama Tugynaj Najman Mataj Keden bi үsheui kelissoz zhүrgizip karu zharak zenbirek almak boldy birak orystar erten bul karu ozimizge pәle bolmaj ma degendej mojnyn ishine alyp kazak elshilerin kur kol shygaryp salady Osy bir zhyldary kazak zheri az da bolsa tynyshtalyp zhaga zhajlau etek kystau bolgan zaman bola kaldy Қarasaj batyr birsypyra tugandarymen ozinin kandykojlek dosy Agyntaj eline koship barady Onda bir zhyldaj turyp 1671 donyz zhylynyn tamyz ajynda zhetpis үsh zhasynda dүnieden otedi Sүjegi Arkada Ajyrtau degen zherge kojyldy Қarasaj batyrdan alty bala boldy olar Әuez Өtep Koshek Tүrikpen Erken Torken Songy eki baladan urpak kalmagan Birak ekeui de esejip azamat bolganda olgen Әkesinin elu zhasynda tugan egiz ul Altynaj tukymy Arkaga bargan son bir kүnde mert bolgan Eki birdej ulynyn kazasy әke olimin tezdete tүsken Talaj olimdi korip talaj olikti kolymen ustagan Қarasaj batyr Өlip korgen zhokpyn odan baskasynyn bәrin kordim desem әli kormegenim kop eken goj dep eki balasyna katty kajgyrgan Қarasaj eki uldyn kyrkyna zhetpej kajtkan Қazaktyn Қarasaj batyrynyn zhylyn bergen son Agyntaj batyr da dүnie salgan Ony da Қarasaj batyr kojylgan bejitke zherledi Osylajsha erligi men danky ajbyndy kazaktyn Қarasaj batyr esimi urpaktan urpakka uran bolyp gasyrlardan zhalgasyn tauyp Қarasaj batyr birde ozinin tort ulyn synamak bolady Әuez Tүrikpen Өtep Koshek degen tort uly atka minip zhauga shabatyndaj zhaska kelip kalsa kerek Қantardyn ayazdy keshterinin birinde torteuine tort ishik berip Sender batyrdyn urpagysyndar Anau zhylkynyn shetine baryp ishikke oranyp tүnep shygyndar Suyk kar men sary ayaz keude sarajlaryndy ashyp kүsh kuattaryndy tasytady kara zher kasiet beredi dep bujyrady da ozi zhylkyshylarmen kosta kalady Tanga zhuyk ayaz kүshine әbden mingen kezde balalarym kalaj zhatyr eken dep synauga shygady Torteuine zhakyndaj berse Әuez ujyktamaj oyau zhatyr eken Әuez sen omiri el ishinen uzap shykpaj ortada gana otyratyn el bolady ekensin depti batyr әkesi Tүrikpen ishikti ajkara ashyp tastap keudesi koriktej koterilip үstinen buy burkyrap eki kolyn eki zhakka kerip kizhinip ujyktap zhatyr eken Tүrikpen balam au kolyn zheter zherdi surajsyn au Senen zhauzhүrek batyrlar kop shygyp kara ormandaj kobejip eline korgan bolarsyn tүptin tүbinde depti Өtep eki zhudyrygyn tүjip ujyktap zhatyr eken Өtep balam esesin eshkimge bergizbejtin ishine boten zhandy kirgizbejtin ak adal malynmen kүn koredi ekensin dep synapty Kenzhesi Koshek ishikti tүgel kymtaj oranyp basyn ishke bүgip pysyldaj ujyktap zhatkanyn korip Koshek uya buzbas enbegi bojyna darityn baj sozin isine saj atagyn kүn men aj bolady ekensin dep Karasaj batyr Koshegine baga beripti DerekkozderNazarbaev N N Menin omirim Bodandyktan bostandykka Astana Foliant 2023 B 29 30 688 b 7500 taralym ISBN 978 601 271 821 8 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak Enciklopediyasy Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet