Сахурлар (өз атауы -yixbı) — лезгин тобындағы дағыстан халықтарының бірі сонымен қатар байырғы Кавказ халықтардың бөлігіне жатады. Тарихи түрде олар Дағыстанның оңтүстік-батысында және Әзірбайжанның солтүстік-батысында тұрады. Ресми деректер бойынша цахурлардың жалпы саны шамамен 30 мың адам, негізінен Ресейде, (13 мың адам) және Әзірбайжанда (12,3 мың). Бейресми деректер бойынша, цахурлардың жалпы саны 50-100 мың адам болуы мүмкін.
Сахурлар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
30 мың адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей | 12 769 (2010) |
Әзербайжан | 12 300 (2009) |
Канада | 397 (2021) |
Тілдері | |
Сахур тілі | |
Діні | |
мұсылман сүнниттер |
Тілі
, иберий – кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағының лезгин ішкі тобына жатады, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (флективтілік белгілері бар), номинативті және эргативті құрылыстардың белгілерін біріктіретін тіл. Тарихи ескерткіштер бойынша сахур тілінің жазуы XIII ғасырда араб графикасының негізінде пайда болды. Алайда бұл дәстүр үзілді. Сахурлардың өз жазуы жоқ, олар орыс және әзірбайжан тілдерінің жазуын кеңінен қолданды. Қазіргі уақытта сахур әліпбиі орыс (кириллица) графикалық негізінде жасалды және сахур тілін оқыту пәні ретінде енгізуге талпыныс жасалуда.
Діні
Дінге сенетін цахурлар сүнниттік исламның шафиқ мазхабын ұстанады.
Тарихы
Сахурлар Шығыс Кавказдың ежелгі тұрғындары. Армян және Грузин деректерінде 7-ғасырдан бастап айтылады. 7-8 ғасырларда сахурларды арабтар бағындырады. Алғашқы кезде сахурлар Дағыстан аумағын мекендеп, кейіннен Әзірбайжанның солтүстігіне қоныс аударды. 15-ғасырда Сахур сұлтанаты құрылып, орталығы Сахур ауылы, ал 17-ғасырда Елиса ауылы болды. 19-ғасырда Сахур жері Ресейге қарады.
Кәсібі
Сахурлардың негізгі кәсібі ежелден мал шаруашылығы мен егіншілік болды. Ұсақ, ірі қара мал өсіру, негізінен қой шаруашылығы басым. Дағыстан жерінде тұратын цахурлар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Әзірбайжандағы цахурлар егіншілікпен, бау-бақшамен және бақша дақылдарын өсірумен айналысады. Олар темекі, жүгері, бидай, сұлы өсіреді. Бақшаларда жаңғақ, құрма, алма ағаштары өседі. Ежелден олар омарта шаруашылығымен айналысады. Кавказдағы бал өте хош иісті және дәмді, таулы аймақтарының балы жоғары бағаланады. Кәсіп пен қолөнерден жүн өңдеу кең тараған, одан мата жасалады. Бұл матадан киім-кешек, орамал, кілем, сөмке, шұлық т.б. жасалады. Киізден жасалған бұйымдар да үлкен сұранысқа ие болды: чопуз, кече-бурка, қысқа тон т.б. Ағаш өңдеу кеңінен таралған, одан үй бұйымдарын, ас үй ыдыстарын, сандықтарды, жүк арбаларын, музыкалық аспаптарды жасайды.
Мәдениеті
Сахур асханасында ұн және ет тағамдары басым. Әзірбайжанда тұратын сахурлар тағамдары әртүрлілігімен ерекшеленеді. Тағамдарында егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдері, бидайдан жасалған тағамдар, жүгері ұны, күріш, көкөністер, жемістер бар. Жеуге жарамды шөптерді қолдана отырып жаңғақтан халва жасалады. Кептірілген ет халық рационында маңызды орын алады. Қараша айында тұтас қой етін тұздап, желге кептіреді. Қыс мезгіліне әртүрлі кептірілген шұжықтар жасайды. Сүттен сүзбе, сүт, айран, қатық, йогурт жасайды. Сахурлар сиыр мен қой ірімшігін жақсы дайындайды.
Ұлттық киімдері Дағыстан халықтарының дәстүрлі костюміне көп жағынан ұқсас болғанымен, безендірілуі, түсі және кию әдісімен ерекшеленеді. Олар негізінен жүн мен теріден киім тіккен. Ер адамдар көйлек, шалбар, бешмет, ұзын черкес пальто, қой терісінен жасалған конус тәрізді қалпақ, башлык, қаракөл қалпақ киген. Әйелдің киімі шалбар, көйлек, кең белдемше, астарлы жемпір, бешметтер (қатиба, алхалық), алжапқыштан тұрады. Бастарына орамал, чухта таққан. Суық мезгілде жеңсіз күртеше, қой терісін киеді. Аяқтарына түрлі-түсті жүннен жасалған шұлық, аяқ киім, етік киген.
Қазақстандағы сахурлар
Қазақстандағы сахур диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
- 31 (1970 ж.),
- 68 (1979 ж.),
- 31 (1989 ж.),
- 17 (1999 ж.)
- 2 (2009 ж.) адам.
Дереккөздер
- Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева. /Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 433-бет ISBN 978-601-7472-88-7
- Наталия Котоман. Цахуры — гостеприимный и гордый народ https://travelask.ru/articles/tsahury-gostepriimnyy-i-gordyy-narod
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 433-бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sahurlar oz atauy yixbi lezgin tobyndagy dagystan halyktarynyn biri sonymen katar bajyrgy Kavkaz halyktardyn boligine zhatady Tarihi tүrde olar Dagystannyn ontүstik batysynda zhәne Әzirbajzhannyn soltүstik batysynda turady Resmi derekter bojynsha cahurlardyn zhalpy sany shamamen 30 myn adam negizinen Resejde 13 myn adam zhәne Әzirbajzhanda 12 3 myn Bejresmi derekter bojynsha cahurlardyn zhalpy sany 50 100 myn adam boluy mүmkin SahurlarBүkil halyktyn sany30 myn adamEn kop taralgan ajmaktar Resej12 769 2010 Әzerbajzhan12 300 2009 Kanada397 2021 TilderiSahur tiliDinimusylman sүnnitterTili iberij kavkaz tilder otbasynyn nah dagystan tarmagynyn lezgin ishki tobyna zhatady tilderdin zhalgamaly agglyutinativti tүrine zhatady flektivtilik belgileri bar nominativti zhәne ergativti kurylystardyn belgilerin biriktiretin til Tarihi eskertkishter bojynsha sahur tilinin zhazuy XIII gasyrda arab grafikasynyn negizinde pajda boldy Alajda bul dәstүr үzildi Sahurlardyn oz zhazuy zhok olar orys zhәne әzirbajzhan tilderinin zhazuyn keninen koldandy Қazirgi uakytta sahur әlipbii orys kirillica grafikalyk negizinde zhasaldy zhәne sahur tilin okytu pәni retinde engizuge talpynys zhasaluda DiniDinge senetin cahurlar sүnnittik islamnyn shafik mazhabyn ustanady Sahur tuyTarihySahurlar Shygys Kavkazdyn ezhelgi turgyndary Armyan zhәne Gruzin derekterinde 7 gasyrdan bastap ajtylady 7 8 gasyrlarda sahurlardy arabtar bagyndyrady Algashky kezde sahurlar Dagystan aumagyn mekendep kejinnen Әzirbajzhannyn soltүstigine konys audardy 15 gasyrda Sahur sultanaty kurylyp ortalygy Sahur auyly al 17 gasyrda Elisa auyly boldy 19 gasyrda Sahur zheri Resejge karady KәsibiSahurlardyn negizgi kәsibi ezhelden mal sharuashylygy men eginshilik boldy Ұsak iri kara mal osiru negizinen koj sharuashylygy basym Dagystan zherinde turatyn cahurlar negizinen mal sharuashylygymen ajnalysady Әzirbajzhandagy cahurlar eginshilikpen bau bakshamen zhәne baksha dakyldaryn osirumen ajnalysady Olar temeki zhүgeri bidaj suly osiredi Bakshalarda zhangak kurma alma agashtary osedi Ezhelden olar omarta sharuashylygymen ajnalysady Kavkazdagy bal ote hosh iisti zhәne dәmdi tauly ajmaktarynyn baly zhogary bagalanady Kәsip pen kolonerden zhүn ondeu ken taragan odan mata zhasalady Bul matadan kiim keshek oramal kilem somke shulyk t b zhasalady Kiizden zhasalgan bujymdar da үlken suranyska ie boldy chopuz keche burka kyska ton t b Agash ondeu keninen taralgan odan үj bujymdaryn as үj ydystaryn sandyktardy zhүk arbalaryn muzykalyk aspaptardy zhasajdy MәdenietiSahur ashanasynda un zhәne et tagamdary basym Әzirbajzhanda turatyn sahurlar tagamdary әrtүrliligimen erekshelenedi Tagamdarynda eginshilik pen mal sharuashylygy onimderi bidajdan zhasalgan tagamdar zhүgeri uny kүrish kokonister zhemister bar Zheuge zharamdy shopterdi koldana otyryp zhangaktan halva zhasalady Keptirilgen et halyk racionynda manyzdy oryn alady Қarasha ajynda tutas koj etin tuzdap zhelge keptiredi Қys mezgiline әrtүrli keptirilgen shuzhyktar zhasajdy Sүtten sүzbe sүt ajran katyk jogurt zhasajdy Sahurlar siyr men koj irimshigin zhaksy dajyndajdy Ұlttyk kiimderi Dagystan halyktarynyn dәstүrli kostyumine kop zhagynan uksas bolganymen bezendirilui tүsi zhәne kiyu әdisimen erekshelenedi Olar negizinen zhүn men teriden kiim tikken Er adamdar kojlek shalbar beshmet uzyn cherkes palto koj terisinen zhasalgan konus tәrizdi kalpak bashlyk karakol kalpak kigen Әjeldin kiimi shalbar kojlek ken beldemshe astarly zhempir beshmetter katiba alhalyk alzhapkyshtan turady Bastaryna oramal chuhta takkan Suyk mezgilde zhensiz kүrteshe koj terisin kiedi Ayaktaryna tүrli tүsti zhүnnen zhasalgan shulyk ayak kiim etik kigen Қazakstandagy sahurlarҚazakstandagy sahur diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy mynadaj 31 1970 zh 68 1979 zh 31 1989 zh 17 1999 zh 2 2009 zh adam DerekkozderҚazakstan halky Enciklopediya Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 433 bet ISBN 978 601 7472 88 7 Nataliya Kotoman Cahury gostepriimnyj i gordyj narod https travelask ru articles tsahury gostepriimnyy i gordyy narod E D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 433 bet