Жер магниттілігі , геомагниттілік — Жердің және Жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктің магнит өрісі; геомагниттік өрістің кеңістікте таралуын және уақыт бойынша өзгерісін, сондай-ақ, соған байланысты пайда болатын Жердегі және жоғары атмосферадағы геофизикалық процестерді зерттейтін геофизиканың бөлімі. Жердің магнит өрісінің әрбір нүктесіндегі магнит өрісінің кернеулігі Т векторымен сипатталады. Бұл вектордың шамасы мен бағыты кернеуліктің горизонталь құраушысы (Н), магниттік бұрылу (D) және магниттік еңкею (І) деп аталатын жер магниттілігінің 3 элементі арқылы анықталады. Магниттік бұрылу (D) — Н пен географиялық меридиан арасындағы, ал магниттік еңкею (І) — Т векторы мен горизонт жазықтығы арасындағы бұрыш. Жер магниттілігінің элементтерін (Н, D, Т) өлшеу үшін түрлі магнитометр, аэромагнитометр, магниттік компас, теодолит, , , т.б. қолданылады. Жердің магнит өрісі тұрақты (99%) және айнымалы (1%) болып екіге бөлінеді. Жердің тұрақты магнит өрісі Жердің ішінде толассыз жүріп жатқан процесстерге байланысты және ол Жер бетінің әр нүктесінде әр түрлі болады. Жердің тұрақты (негізгі) магнит өрісінің пайда болуы жайында әр түрлі болжамдар бар. Оның ішінде ғалымдар гидромагнитті динамо теориясына сүйенеді. Температураның өзгеруіне байланысты Жердің сұйық ядросында электр өткізгіш заттар айналып тұруы мүмкін. Мұны “конвективті” айналым деп атайды. Жер ядросында әрқашан да болатын әлсіз магнит өрісі салдарынан конвективті айналымдар тұйық құйынды электр токтарын туғызады. Ал бұл токтар Жердің магнит өрісін қоздырады. Жер бетінен жоғары ұзаған сайын магнит өрісіне Күн желі — Күннен шыққан зарядты бөлшектер ағыны әсер етеді. Жер бетінде бақыланатын магнит өрісі магнит диполінің (магниттелген біртекті шардың) магнит өрісіне ұқсайды. Бұл дипольдің центрі Жер центрінен 436 км-ге ығысқан және оның магниттік моменті 11,5° бұрыш жасайды. Дипольдің магнит полюстеріне сәйкес геомагниттік ендік, геомагниттік меридиан, геомагниттік экватор деп аталатын координаттар жүйесі болады. Жердің магнит өрісі мен дипольдің арасындағы нақты өлшеу арқылы анықталған айырма магниттік аномалия деп аталады. Көлеміне қарай магниттік аномалиялар материктік, аймақтық, жергілікті болып ажыратылады. Материктік аномалиялар Жердің терең қабатында өтетін құбылыстарға байланысты пайда болады. Жер бетінде 6 материктік аномалия бар. Аймақтық аномалиялар ондаған, жүздеген километрге созылады. Жергілікті аномалиялардың ұзындығы ондаған километрден бір метрге дейін болады. Қазақстанда , Қоржынкөл магниттік аномалиялары бар. Негізгі магнит өрісі ұзақ жылдар ішінде өзгеріп отырады. Мұндай баяу өзгерістерді — ғасырлық вариация (ғасырлық жылжу) деп атайды. Ғасырлық жылжу Жер ядросындағы процестерге тәуелді болады. Жердің айнымалы магнит өрісі (магниттік вариациялар) — Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында (ионосфера) не одан да жоғарырақ қабаттардағы электр тогы салдарынан пайда болады. Магниттік вариациялар бірқалыпты периодты вариациялар және магниттік ұйтқулар болып бөлінеді. Бірқалыпты периодты вариациялар ендікке, жыл мезгіліне және Күн активтілігіне байланысты өзгеріп отырады. Магниттік ұйтқулар ионосферадағы ұйтқулар мен полярлық жарқылға тікелей байланысты болады. Жергілікті магниттік аномалияларды бақылау нәтижесінде кен байлықтардың, әсіресе, темір кендерінің жатқан орны және оның қоры анықталады. Бұл жұмыстар магниттік барлау әдістерімен жүргізіледі. Магниттік ұйтқуларды зерттеу арқылы радиобайланыс жүйесін бұзатын ионосферадағы құбылыстарды алдын-ала біліп отыруға болады. Жердің магнит өрісінің тірі организмге әсерін зерттеу ісі де биология ғылымы үшін маңызды мәселе.
Сыртқы сілтемелер
- Общая интенсивность
- Склонение
- Наклонение
- Горизонтальная интенсивность
- Вертикальная интенсивность
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zher magnittiligi geomagnittilik Zherdin zhәne Zher toniregindegi garyshtyk kenistiktin magnit orisi geomagnittik oristin kenistikte taraluyn zhәne uakyt bojynsha ozgerisin sondaj ak sogan bajlanysty pajda bolatyn Zherdegi zhәne zhogary atmosferadagy geofizikalyk procesterdi zerttejtin geofizikanyn bolimi Zherdin magnit orisinin әrbir nүktesindegi magnit orisinin kerneuligi T vektorymen sipattalady Bul vektordyn shamasy men bagyty kerneuliktin gorizontal kuraushysy N magnittik burylu D zhәne magnittik enkeyu I dep atalatyn zher magnittiliginin 3 elementi arkyly anyktalady Magnittik burylu D N pen geografiyalyk meridian arasyndagy al magnittik enkeyu I T vektory men gorizont zhazyktygy arasyndagy burysh Zher magnittiliginin elementterin N D T olsheu үshin tүrli magnitometr aeromagnitometr magnittik kompas teodolit t b koldanylady Zherdin magnit orisi turakty 99 zhәne ajnymaly 1 bolyp ekige bolinedi Zherdin turakty magnit orisi Zherdin ishinde tolassyz zhүrip zhatkan processterge bajlanysty zhәne ol Zher betinin әr nүktesinde әr tүrli bolady Zherdin turakty negizgi magnit orisinin pajda boluy zhajynda әr tүrli bolzhamdar bar Onyn ishinde galymdar gidromagnitti dinamo teoriyasyna sүjenedi Temperaturanyn ozgeruine bajlanysty Zherdin sujyk yadrosynda elektr otkizgish zattar ajnalyp turuy mүmkin Muny konvektivti ajnalym dep atajdy Zher yadrosynda әrkashan da bolatyn әlsiz magnit orisi saldarynan konvektivti ajnalymdar tujyk kujyndy elektr toktaryn tugyzady Al bul toktar Zherdin magnit orisin kozdyrady Zher betinen zhogary uzagan sajyn magnit orisine Kүn zheli Kүnnen shykkan zaryadty bolshekter agyny әser etedi Zher betinde bakylanatyn magnit orisi magnit dipolinin magnittelgen birtekti shardyn magnit orisine uksajdy Bul dipoldin centri Zher centrinen 436 km ge ygyskan zhәne onyn magnittik momenti 11 5 burysh zhasajdy Dipoldin magnit polyusterine sәjkes geomagnittik endik geomagnittik meridian geomagnittik ekvator dep atalatyn koordinattar zhүjesi bolady Zherdin magnit orisi men dipoldin arasyndagy nakty olsheu arkyly anyktalgan ajyrma magnittik anomaliya dep atalady Kolemine karaj magnittik anomaliyalar materiktik ajmaktyk zhergilikti bolyp azhyratylady Materiktik anomaliyalar Zherdin teren kabatynda otetin kubylystarga bajlanysty pajda bolady Zher betinde 6 materiktik anomaliya bar Ajmaktyk anomaliyalar ondagan zhүzdegen kilometrge sozylady Zhergilikti anomaliyalardyn uzyndygy ondagan kilometrden bir metrge dejin bolady Қazakstanda Қorzhynkol magnittik anomaliyalary bar Negizgi magnit orisi uzak zhyldar ishinde ozgerip otyrady Mundaj bayau ozgeristerdi gasyrlyk variaciya gasyrlyk zhylzhu dep atajdy Ғasyrlyk zhylzhu Zher yadrosyndagy procesterge tәueldi bolady Zherdin ajnymaly magnit orisi magnittik variaciyalar Zher atmosferasynyn zhogargy kabattarynda ionosfera ne odan da zhogaryrak kabattardagy elektr togy saldarynan pajda bolady Magnittik variaciyalar birkalypty periodty variaciyalar zhәne magnittik ujtkular bolyp bolinedi Birkalypty periodty variaciyalar endikke zhyl mezgiline zhәne Kүn aktivtiligine bajlanysty ozgerip otyrady Magnittik ujtkular ionosferadagy ujtkular men polyarlyk zharkylga tikelej bajlanysty bolady Zhergilikti magnittik anomaliyalardy bakylau nәtizhesinde ken bajlyktardyn әsirese temir kenderinin zhatkan orny zhәne onyn kory anyktalady Bul zhumystar magnittik barlau әdisterimen zhүrgiziledi Magnittik ujtkulardy zertteu arkyly radiobajlanys zhүjesin buzatyn ionosferadagy kubylystardy aldyn ala bilip otyruga bolady Zherdin magnit orisinin tiri organizmge әserin zertteu isi de biologiya gylymy үshin manyzdy mәsele Zher magnitosferasynyn Kүn zhelimen zhanasuySyrtky siltemelerObshaya intensivnost Sklonenie Naklonenie Gorizontalnaya intensivnost Vertikalnaya intensivnostDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geografiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet