Мына мақаланы не бөлімін Әнет Баба дегенмен біріктіруге ұсынылған. () |
Әнет Баба Кішікұлы (кейде Көшек, кейде Күшік деп те аталады) — 1626-1723 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі қазақ абыз, Әнет баба аталған ара би. Әнет бидің ата тегі қазақ шежіресінде, оның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының жазған "Тобықты шежіресінде" былай таратылады: "Орта жүз Арғыннан Ақсопы, одан Тобықты, одан Рыспек, Дәулетік (Жуан таяқ). Дауан, Мұсабай, Көкше. Мұсабайдан Сүйірбас, одан Сары, Сарыдан Кішік туады. Кішік атаның бәйбішесінен Сәңкімұрын, Бейімбет, Тоқалынан Әнет, Әйтек тарайды. Әнет бабаның бәйбішесінен Байболат, ортаншы әйелінен Жаубасар одан Өтеғұл, Маң, кіші әйелінен Есболат, Шақа ұрпақтары бар. Ал, Әнеттің інісі Әйтектің бәйбішесінен Олжай, тоқалынан Байбөрі, Қалқаман ("" жырының кейіпкері) үрім-бұтақтары тарайды.
Ертедегі жаугершілік, шапқыншылық, "Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама" аталған киыншылық заманда Тобықты елі осы күнгі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Торғай облыстарының жерінде, енді бір аталары ауыл-аймағымен Сырдария, Әмудария аралырындағы Қызылқұм даласында, , Ташкент, Түркістан, Сауран, Шымкент шаһарларын мекендеп, тіршілік еткен. Тобықтыдан шыққан Ырғызбай, Торғай, Кеңгірбай, Бұхарбай деген билер мен батырлар есімі сол тұста койылса керек.
Ендігі бір деректе мына бір әңгіме аңыздалады: Жоңғарлармен соғыста Әнет би алты баласымен бірге жау колында қалып, балалары мерт болады. Екіқабат бір келіні аман калып одан ұл туады. Оның атын Әнет бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен - Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бәкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бәкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Калқаман өзі сері әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп қалады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалқаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер аулына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалқаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар.
Ал, үлкен баласы Олжайдан - Айдос, Қайдос, тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соң-ақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін Тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос - момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, айбарлы, беделі асқан, акын ана болған екен. Әнет әулие абыз бейнесін заңғар жазушымыз Мүхтар Әуезов өзінің тұңғыш туындысы "Еңлік-Кебек" драмасында кескіндеген. Шәкәрім ақынның және Әнуар Мамашәріп тегінің естелігінде де жан-жақты баян етілген. Әнет бабадан кейінгіге мұра боп калған билік, шешендік ақыл, нақылдар аз емес. Соның ел аузында аңыздалып жүрген кейбірі мыналар:
Қазақ баласы Туркістанды астана етіп, дәурені жүріп тұрған заманда алаштың бас биі үйсін Төле биден біреулер: -Уа, Төле би; біз адассақ сізден ақыл сұраймыз, сіз адассаңыз кімге жүгінесіз? - деп сұрапты. -Әнет бабаң бар емес пе? - деген екен сонда Төле би. Төле би төбе би болып сайланған соң өзін сынатайын деп Әнет бабаға келеді. Келсе Әнет баба он екі қанат ақбоз үйдің қақ төрінде төрт қабат төселген көрпенің үстіне, көкірегіне көк құранды қойып шалқасынан жатыр екен. Төле амандасып, жәй-күйін айтқан соң, Әнет баба Төле биге арнап төбел бие сойғызып, төрткілдеп ошақ қаздырып қонақасы беріпті. Кететін кезінде қасына шақырып алып, керегеде ілулі түрған корамсақты нұсқапты: -Төлежан, анау қорамсақтан бір жебе суыршы, - депті Төле Әнет бабаның айтқанын істеп, қозы жауыран қу жебені суырып алып, бабаға ұсыныпты. -Осы жебені ортасынан сындыр, - депті Әнет баба. - Төле тізесіне қойып, басып қалғанда жебе ортан белінен корт сыныпты. -Енді үш жебені алып сындыр, - дейді Әнет. Төле үш жебені сындырып, алты шыбық жасапты. -Енді осы алтауын сындырып көрші, - депті Әнет баба. Төле алты шыбықты әрі майыстырады, бері майыстырады, сындыра алмаған соң, қорамсағына салып алыпты да, Әнет бабадан қол жайып бата сұрапты. -Жортқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын! - деп Әнет баба бата беріп, қонағына шапан жауып шығарып салады. Былай шыға бере, Төленің жанындағы жолдастары түкке түсінбей: -Төке, Әнет бабаның мұнысы несі? Бізді жебе көрмей жүр дегені ме? - деп сұрапты. Сонда Төле би: -Жоқ, сендер түсінбедіңдер. Әуелі жалғыз жебені сындыртқан себебі, жалғыз болсаң, кез келген қарулы қол беліңді сындырады дегені. Алты бірдей шыбықты сындыр дегені - егер ауызбіршілігің болса, алты алаштың баласына ешкімнің шамасы келмейді. Көптің аты көп, бірліктің аты бірлік. Ай, әруағыңнан айналайын Әнет бабам-ай, бір күні сен де кетесің-ау бұл дүниеден, - деп Төле би көкірегі жалын атып күрсінген екен деседі.
Әнет бабадан тағы бірде Күлтөбеге жиналған ел: -Баба дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз; не тәтті, не күшті, не жаман? - деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда баба жеті сауалға үш-үпгген жұптап былай деп жауап беріпті:
Үш арсыз бар. Олар мыналар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш ғайып бар. Олар мыналар: ажал ғайып, конақ ғайып, несібе ғайып.
Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез даусыз, көрілік даусыз, ажал даусыз.
Үш қадірсіз бар. Олар мыналар: жігіттік қадірсіз, денсаулық қадірсіз, әйел қадірсіз. "Қадірсіз" дегенде, бұл жерде, Әнет баба, адам баласы жас уағында осы үш асыл нөрсенің қадірін білмейді, ее тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.
Үш тәтті бар. Олар мыналар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
Үш күшті бар. Олар мыналар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті.
Үш жаман бар. Олар мыналар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар, - депті.
Жалпы "Жеті жарғымен" қатар, "жеті қазына", "жеті ата", "жеті жұрт", "жеті ғалым", "жеті хақ" деген секілді ұғымдардың көбі сол Әнет бабаның есімімен тығыз байланысты. "Дүниеде неше түрлі жетім бар?" деп сұрағанда Әнет баба айтыпты: Дүниеде жеті жетім бар. Олар мыналар:
Сөз жетім, ынтаменен тыңдалмаса,
Бөз жетім, киілместен тозған болса.
Жер жетім, иесі жоқ қалған болса,
Ел жетім, жақсы басшы арман болса,
Көл жетім қаз қонбаса құстары ұшып,
Ер жетім жеке қалса тізе құшып,
Болмаса замандасың тойға барма,
Басына жалғыздықтың торы түсіп.
Қазақ "жеті жоқ" деп Әнет бабаның тұсынан мына нәрселерді айтады:
Аспанда тіреуіш жоқ,Тасбақада тамақ жоқ.
Жерде сүйеуіш жоқ,Аққуда сүт жоқ
Таста тамыр жоқ,Жылқыда өт жоқ.
Халқымызда "жеті қазына" деген ұғым бар. Әнет бабадан "жеті қазынаға нелер жатады" деп сұрағанда ол кісі мүдірмей жауап беріпті: әйел, ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, кыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит.
Соны айтқанда біреу тұрып "Баба, қазақта тағы бір мақал бар "Бала белде, қатын жолда" дейді. Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айттырса қалың малына қырық жылқы айдап апарып береді. Бұл - шығын, қазақта тағы бір мәтел бар "Қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе" дейді. Тағы айтады "Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының жаман болса кайтіп құтыласың". Соған қарағанда, әйелді "жеті қазынаның бірі" деу дұрыс бола қояр ма екен? -Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс, - депті Әнет баба сонда. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы - әйел. Сондықтан, оған тіл тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал, бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса ондайларға тыйым салу керек.
Тобықты Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде ел дауы, жер дауы, жесір дауына көп араласпай "Кәләм-Шәриф", Қожа Ахмет Иассауи, Софы Аллаяр, "Нұрнама" секілді кітаптарды оқып оңаша жатады екен. Қоржын- қоржын кітаптарды ақтарып, кейде көзінің жасы сақалын жуып жылап алады екен, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге ештеңе айтпай қыр асып қыдырып кетеді екен. -Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? - деп сұрапты бірде ауыл сыртында жолығып қалған Казыбек би. -Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, - деп жауап беріпті Әнет баба. Жас Казыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалыпты. -Түсінбегеніңді біліп, тұрмын. Өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың өмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза болады. Өсе келе әр нені көреді, әр нені есітеді, жақсыға да, жаманға да бой ұрады. Баяғы пәктігін жоғалтады. Жас ұлгайып қым-қуыт, қызыл-жасыл дүниенің қызығы басылған соң, баяғы адал күйіне қайта оралады. Мен қазір қартайдым. Су жорғаны мініп көрдік, сұлу әйелді құшып көрдік, өзен судай тасып та көрдік, өткел бермес дариядан асып та көрдік -бәрі жалған екен. Енді маған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнәдан пәк ад ал журегім керек. Өзімді іздеп жүрмін дегенім осы.
Кейін Қаз дауысты Қазыбек би Әнет бабадан сөз үйреніп, кеңес сұрап, ақыл алу үшін көшіп келіп катар қонып, екі-үш жыл іргелес жүріпті. Қазыбек биден: -Би, сен бұл дүниеде кімге қарыздарсың, - деп сұрапты Әнет баба бірде одан. -Аллаға қарыздармын, - деп жауап беріпті Қазыбек би. -Сосын кімге карыздарсың? -Сосын анама. Ол мені жарық дүниеге әкелді. -Сосын кімге карыздарсың? -Атама. Ол мені тәрбиеледі, өсірді, оқытты. -Тағы кімге карыздарсың? - Халқыма. Ол мені қадырыма жетіп көтере білді. -Тағы кімге қарыздарсың? -Әнет баба, сізге қарсыздармын. Сіз менің көп нәрсеге көзімді аштыңыз, -деп жауап беріпті Қазыбек би.
Әйтеке айтқан сертінен жер дүние қоағалып кетсе де айнымайтын адал, ауыздыға сөз бермейтін шешен, екі иығыңа екі кісі мінгендей ірі, нар тұлғалы адам екен. Түркістанға, Күлтөбеге билер кеңесіне бара жатып та, кеңестен келе жатып та Әнет бабаға кеп, амандасып өтеді екен. Әрі батыр, әрі шешен, әрі көсем Әйтеке биді Әнет баба осы қасиеті үшін қатты сыйлайды екен. Сондай сапарының бірінде Әнет баба Әйтеке биге былай депті: -, бүгін бір түс көріп ояндым. Сол түсімді саған жорытайын деп отырмын. -Түсіңізді Жүсіп пайғамбар жорысын. Алла аузымызға салса, біз де білгенімізді айтамыз, құлағым сізде, баба. -Айтсам, мен түсімде мынадай нәрселер көріппін: Он лақ,Алпыс ақта, Жиырма қасқыр,Жетпіс желкілдек, Отыз жолбарыс,Сексен селкілдек, Қырық түлкі,Тоқсан домалақ. Елу ноқта, Бұл не нәрсе болғаны, би інім? Әйтеке күліпті де былай депті:
-Әй, касиетіңнен айналайын, Әнет баба-ай, бәрі дұрыс кой, бірақ, алпыс ақта емес, арқа еді ғой, жетпіс желкілдек емес, желкен еді ғой; сексен - көркем еді ғой,
-Тоқсан торқам еді ғой.
-Әйтекежан-ай, құдай көңіліңді көтерсін, - деп Әнет баба кемсеңдеп жылап жіберіпті. Сөйтсе, бұл сөздің шешуі былай екен. Әнет бабаның "Он лақ" дегені - "он жаста жарға ойнаған лақтай болдым" дегені, "Жиырма қасқыр" дегені
-"жиырмада пышақ тісті, қасқырдай болдым" дегені, "Отыз жолбарыс" дегені - "отызда жолбарыстай қайратты", "Қырык түлкі" дегені - "қырқымда түлкідей айлакер болдым" дегені, "Елу ноқта" дегені - "елуде ноқталаған аттай болдым" дегені, "Алпыс ақта" дегені - "алпыста ақталаған аттай болдым" дегені, "Жетпіс желкілдек" дегені - "жетпісте күшім кетіп, түндіктей желпілдек болдым" дегені, "Сексен селкілдек" дегені - "сексенде буын-буынымнан әлі кетіп селк-селк етіп, қалтылдақ шал болдым" дегені, "Тоқсан домалақ" дегені, "тоқсанда өз аяғыммен жүре алмай, домаланып мешел болып қалдым" дегені екен. Соны Әйтеке былай түзеткен көрінеді.
"Әнет баба, сіз қазақ үшін алныста - арқа болдыңыз, жетпісте - желкенін көтерген кемедей болдыңыз, сексенде-ақ сақал-шашыңызбен, асқар таудай басыңызбен көз тартар көркем болдыңыз, тоқсанда - алдын да, артың да жәйлі, жаның да, жүрісің де кең-торқа болып отырсыз" дегені екен. Әнет бабаның "Әйтекежан, көп жаса!" - деп рахмет айту себебі осындай құрмет, марапаты үшін екен.
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Әnet Baba degenmen biriktiruge usynylgan Әnet Baba Kishikuly kejde Koshek kejde Kүshik dep te atalady 1626 1723 zhyldar aralygynda gumyr keshken әjgili kazak abyz Әnet baba atalgan ara bi Әnet bidin ata tegi kazak shezhiresinde onyn ishinde Shәkәrim Қudajberdiulynyn zhazgan Tobykty shezhiresinde bylaj taratylady Orta zhүz Argynnan Aksopy odan Tobykty odan Ryspek Dәuletik Zhuan tayak Dauan Musabaj Kokshe Musabajdan Sүjirbas odan Sary Sarydan Kishik tuady Kishik atanyn bәjbishesinen Sәnkimuryn Bejimbet Tokalynan Әnet Әjtek tarajdy Әnet babanyn bәjbishesinen Bajbolat ortanshy әjelinen Zhaubasar odan Өtegul Man kishi әjelinen Esbolat Shaka urpaktary bar Al Әnettin inisi Әjtektin bәjbishesinen Olzhaj tokalynan Bajbori Қalkaman zhyrynyn kejipkeri үrim butaktary tarajdy Ertedegi zhaugershilik shapkynshylyk Aktaban shubyryndy Alka kol sulama atalgan kiynshylyk zamanda Tobykty eli osy kүngi Aktobe Batys Қazakstan Қostanaj Torgaj oblystarynyn zherinde endi bir atalary auyl ajmagymen Syrdariya Әmudariya aralyryndagy Қyzylkum dalasynda Tashkent Tүrkistan Sauran Shymkent shaһarlaryn mekendep tirshilik etken Tobyktydan shykkan Yrgyzbaj Torgaj Kengirbaj Buharbaj degen biler men batyrlar esimi sol tusta kojylsa kerek Endigi bir derekte myna bir әngime anyzdalady Zhongarlarmen sogysta Әnet bi alty balasymen birge zhau kolynda kalyp balalary mert bolady Ekikabat bir kelini aman kalyp odan ul tuady Onyn atyn Әnet babasynyn songy tuyagy dep Bakaj koyady Sol Bakajdan Әjtek ata urpagy tarajdy Әjtektin bәjbishesinen Olzhaj al tokalynan Bajbori tuady Bajbori el baskargan bedeldi kisi bolgan son Bәken atalyp ketken Osy kүngi Bәken balalary sol Bajboriden taralgan Al Kalkaman ozi seri әri batyr zhigit eken Ol ozinin Mamyr degen karyndasyna gashyktygynan zhazykty bop kalady Әnet bi ony olim zhazasyna kesedi Bidin bujrygy bojynsha Қalkaman sadak kezenip turgan zhigitterdin aldynan shauyp ote bergende auyr zharalanyp aman kalady Қalkaman eline okpelep Alatau asyp ketedi Ol Zhetisudy zhajlap otyrgan nagashysy Үjsinder aulyna zhetip pana tabady Osy kүngi Almaty zhanyndagy Қalkaman auly sol Қalkamannan kalgan үrim butaktar Al үlken balasy Olzhajdan Ajdos Қajdos tarajdy Zhigitektin bәjbishesinen atakty Kengirbaj bi tugan Sol Kengirbajga bilik tigen son ak Tobykty eline erkindik ornagan Oganga dejin Tobykty әr eldin talauynda bop zhүredi eken Ajdos momyn gana sharua bolypty Onyn Ajpara degen bәjbishesi sol auyldy bilegen akyldy da ajbarly bedeli askan akyn ana bolgan eken Әnet әulie abyz bejnesin zangar zhazushymyz Mүhtar Әuezov ozinin tungysh tuyndysy Enlik Kebek dramasynda keskindegen Shәkәrim akynnyn zhәne Әnuar Mamashәrip teginin esteliginde de zhan zhakty bayan etilgen Әnet babadan kejingige mura bop kalgan bilik sheshendik akyl nakyldar az emes Sonyn el auzynda anyzdalyp zhүrgen kejbiri mynalar Қazak balasy Turkistandy astana etip dәureni zhүrip turgan zamanda alashtyn bas bii үjsin Tole biden bireuler Ua Tole bi biz adassak sizden akyl surajmyz siz adassanyz kimge zhүginesiz dep surapty Әnet baban bar emes pe degen eken sonda Tole bi Tole bi tobe bi bolyp sajlangan son ozin synatajyn dep Әnet babaga keledi Kelse Әnet baba on eki kanat akboz үjdin kak torinde tort kabat toselgen korpenin үstine kokiregine kok kurandy kojyp shalkasynan zhatyr eken Tole amandasyp zhәj kүjin ajtkan son Әnet baba Tole bige arnap tobel bie sojgyzyp tortkildep oshak kazdyryp konakasy beripti Ketetin kezinde kasyna shakyryp alyp keregede iluli tүrgan koramsakty nuskapty Tolezhan anau koramsaktan bir zhebe suyrshy depti Tole Әnet babanyn ajtkanyn istep kozy zhauyran ku zhebeni suyryp alyp babaga usynypty Osy zhebeni ortasynan syndyr depti Әnet baba Tole tizesine kojyp basyp kalganda zhebe ortan belinen kort synypty Endi үsh zhebeni alyp syndyr dejdi Әnet Tole үsh zhebeni syndyryp alty shybyk zhasapty Endi osy altauyn syndyryp korshi depti Әnet baba Tole alty shybykty әri majystyrady beri majystyrady syndyra almagan son koramsagyna salyp alypty da Әnet babadan kol zhajyp bata surapty Zhortkanda zholyn bolsyn Қydyr ata zholdasyn bolsyn dep Әnet baba bata berip konagyna shapan zhauyp shygaryp salady Bylaj shyga bere Tolenin zhanyndagy zholdastary tүkke tүsinbej Toke Әnet babanyn munysy nesi Bizdi zhebe kormej zhүr degeni me dep surapty Sonda Tole bi Zhok sender tүsinbedinder Әueli zhalgyz zhebeni syndyrtkan sebebi zhalgyz bolsan kez kelgen karuly kol belindi syndyrady degeni Alty birdej shybykty syndyr degeni eger auyzbirshiligin bolsa alty alashtyn balasyna eshkimnin shamasy kelmejdi Koptin aty kop birliktin aty birlik Aj әruagynnan ajnalajyn Әnet babam aj bir kүni sen de ketesin au bul dүnieden dep Tole bi kokiregi zhalyn atyp kүrsingen eken desedi Әnet babadan tagy birde Kүltobege zhinalgan el Baba dүniede ne arsyz ne gajyp ne dausyz ne kadirsiz ne tәtti ne kүshti ne zhaman dep zheti surak kojypty Sonda baba zheti saualga үsh үpggen zhuptap bylaj dep zhauap beripti Үsh arsyz bar Olar mynalar ujky arsyz tamak arsyz kүlki arsyz Үsh gajyp bar Olar mynalar azhal gajyp konak gajyp nesibe gajyp Үsh dausyz bar Olar mynalar minez dausyz korilik dausyz azhal dausyz Үsh kadirsiz bar Olar mynalar zhigittik kadirsiz densaulyk kadirsiz әjel kadirsiz Қadirsiz degende bul zherde Әnet baba adam balasy zhas uagynda osy үsh asyl norsenin kadirin bilmejdi ee toktata kele okinedi degendi ajtyp otyr Үsh tәtti bar Olar mynalar zhan tәtti mal tәtti zhar tәtti Үsh kүshti bar Olar mynalar akyl kүshti zhүrek kүshti til kүshti Үsh zhaman bar Olar mynalar nakak kan togu kisi malyn nakak alu ata babadan kalgan eski zhurtty buzu Mine budan sak bolyndar depti Zhalpy Zheti zhargymen katar zheti kazyna zheti ata zheti zhurt zheti galym zheti hak degen sekildi ugymdardyn kobi sol Әnet babanyn esimimen tygyz bajlanysty Dүniede neshe tүrli zhetim bar dep suraganda Әnet baba ajtypty Dүniede zheti zhetim bar Olar mynalar Soz zhetim yntamenen tyndalmasa Boz zhetim kiilmesten tozgan bolsa Zher zhetim iesi zhok kalgan bolsa El zhetim zhaksy basshy arman bolsa Kol zhetim kaz konbasa kustary ushyp Er zhetim zheke kalsa tize kushyp Bolmasa zamandasyn tojga barma Basyna zhalgyzdyktyn tory tүsip Қazak zheti zhok dep Әnet babanyn tusynan myna nәrselerdi ajtady Aspanda tireuish zhok Tasbakada tamak zhok Zherde sүjeuish zhok Akkuda sүt zhok Tasta tamyr zhok Zhylkyda ot zhok Halkymyzda zheti kazyna degen ugym bar Әnet babadan zheti kazynaga neler zhatady dep suraganda ol kisi mүdirmej zhauap beripti әjel er zhigit ilim bilim zhүjrik at kyran bүrkit beren myltyk algyr it Sony ajtkanda bireu turyp Baba kazakta tagy bir makal bar Bala belde katyn zholda dejdi Er zhigit әjeldi zhaudan baryp olzhalap alady ajttyrsa kalyn malyna kyryk zhylky ajdap aparyp beredi Bul shygyn kazakta tagy bir mәtel bar Қojnyndagy katynyna senbe astyndagy atyna senbe dejdi Tagy ajtady Atyn zhaman bolsa satyp kutylarsyn katynyn zhaman bolsa kajtip kutylasyn Sogan karaganda әjeldi zheti kazynanyn biri deu durys bola koyar ma eken Әjel zheti kazynanyn biri gana emes birinshisi boluga tiis depti Әnet baba sonda Dүniedegi barlyk tirshilik ataulynyn anasy әjel Sondyktan ogan til tigizuge de kol tigizuge de bolmajdy Pajgambarymyzdyn ozi әjelderdi katty kurmet tutkan Al birdi ekili auyldyn bejpilauyzdary әjel turaly zhaman soz ajtar bolsa ondajlarga tyjym salu kerek Tobykty Әnet baba kartajyp zhasy 90 ga kelgende el dauy zher dauy zhesir dauyna kop aralaspaj Kәlәm Shәrif Қozha Ahmet Iassaui Sofy Allayar Nurnama sekildi kitaptardy okyp onasha zhatady eken Қorzhyn korzhyn kitaptardy aktaryp kejde kozinin zhasy sakalyn zhuyp zhylap alady eken kejde balasha mәz bolyp kүledi eken Kejde tungiyk ojga batyp ornynan turyp eshkimge eshtene ajtpaj kyr asyp kydyryp ketedi eken Әnet baba ne izdep zhүrsiz kimdi izdep zhүrsiz dep surapty birde auyl syrtynda zholygyp kalgan Kazybek bi Өzimdi izdep zhүrmin shyragym dep zhauap beripti Әnet baba Zhas Kazybek eshteneni uga almaj antarylyp turyp kalypty Tүsinbegenindi bilip turmyn Өzimdi izdep zhүrmin degenimnin mәnisi mynau shyragym Adam balasy Allanyn omirimen zharyk dүniege kelgende pәk adal taza bolady Өse kele әr neni koredi әr neni esitedi zhaksyga da zhamanga da boj urady Bayagy pәktigin zhogaltady Zhas ulgajyp kym kuyt kyzyl zhasyl dүnienin kyzygy basylgan son bayagy adal kүjine kajta oralady Men kazir kartajdym Su zhorgany minip kordik sulu әjeldi kushyp kordik ozen sudaj tasyp ta kordik otkel bermes dariyadan asyp ta kordik bәri zhalgan eken Endi magan eshtenenin keregi zhok Bayagy kүnәdan pәk ad al zhuregim kerek Өzimdi izdep zhүrmin degenim osy Kejin Қaz dauysty Қazybek bi Әnet babadan soz үjrenip kenes surap akyl alu үshin koship kelip katar konyp eki үsh zhyl irgeles zhүripti Қazybek biden Bi sen bul dүniede kimge karyzdarsyn dep surapty Әnet baba birde odan Allaga karyzdarmyn dep zhauap beripti Қazybek bi Sosyn kimge karyzdarsyn Sosyn anama Ol meni zharyk dүniege әkeldi Sosyn kimge karyzdarsyn Atama Ol meni tәrbieledi osirdi okytty Tagy kimge karyzdarsyn Halkyma Ol meni kadyryma zhetip kotere bildi Tagy kimge karyzdarsyn Әnet baba sizge karsyzdarmyn Siz menin kop nәrsege kozimdi ashtynyz dep zhauap beripti Қazybek bi Әjteke ajtkan sertinen zher dүnie koagalyp ketse de ajnymajtyn adal auyzdyga soz bermejtin sheshen eki iygyna eki kisi mingendej iri nar tulgaly adam eken Tүrkistanga Kүltobege biler kenesine bara zhatyp ta kenesten kele zhatyp ta Әnet babaga kep amandasyp otedi eken Әri batyr әri sheshen әri kosem Әjteke bidi Әnet baba osy kasieti үshin katty syjlajdy eken Sondaj saparynyn birinde Әnet baba Әjteke bige bylaj depti bүgin bir tүs korip oyandym Sol tүsimdi sagan zhorytajyn dep otyrmyn Tүsinizdi Zhүsip pajgambar zhorysyn Alla auzymyzga salsa biz de bilgenimizdi ajtamyz kulagym sizde baba Ajtsam men tүsimde mynadaj nәrseler korippin On lak Alpys akta Zhiyrma kaskyr Zhetpis zhelkildek Otyz zholbarys Seksen selkildek Қyryk tүlki Toksan domalak Elu nokta Bul ne nәrse bolgany bi inim Әjteke kүlipti de bylaj depti Әj kasietinnen ajnalajyn Әnet baba aj bәri durys koj birak alpys akta emes arka edi goj zhetpis zhelkildek emes zhelken edi goj seksen korkem edi goj Toksan torkam edi goj Әjtekezhan aj kudaj konilindi kotersin dep Әnet baba kemsendep zhylap zhiberipti Sojtse bul sozdin sheshui bylaj eken Әnet babanyn On lak degeni on zhasta zharga ojnagan laktaj boldym degeni Zhiyrma kaskyr degeni zhiyrmada pyshak tisti kaskyrdaj boldym degeni Otyz zholbarys degeni otyzda zholbarystaj kajratty Қyryk tүlki degeni kyrkymda tүlkidej ajlaker boldym degeni Elu nokta degeni elude noktalagan attaj boldym degeni Alpys akta degeni alpysta aktalagan attaj boldym degeni Zhetpis zhelkildek degeni zhetpiste kүshim ketip tүndiktej zhelpildek boldym degeni Seksen selkildek degeni seksende buyn buynymnan әli ketip selk selk etip kaltyldak shal boldym degeni Toksan domalak degeni toksanda oz ayagymmen zhүre almaj domalanyp meshel bolyp kaldym degeni eken Sony Әjteke bylaj tүzetken korinedi Әnet baba siz kazak үshin alnysta arka boldynyz zhetpiste zhelkenin kotergen kemedej boldynyz seksende ak sakal shashynyzben askar taudaj basynyzben koz tartar korkem boldynyz toksanda aldyn da artyn da zhәjli zhanyn da zhүrisin de ken torka bolyp otyrsyz degeni eken Әnet babanyn Әjtekezhan kop zhasa dep rahmet ajtu sebebi osyndaj kurmet marapaty үshin eken DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet