Әбжылан - ертедегі аңыздарда, жырларда кездесетін мифологиялық образ. Ежелгі дәуірде жылан тотем болып саналған. Яғни ғажайып тылсым қасиеттердің иесі. Сондықтан жылан қазақи ғұрыптар мен жосын-жоралғылардың және наным-сенімдердің негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, қазақтың әбжыланды жағымды образға айналды. Мысалы, «Әбжылан қабықты жігіт» қиял-ғажайып ертегісінде сәби жылан киімінде туады да, алапат күшке, сиқыршылықка ие болады. Сондай-ақ, батырдың кереметтігін, әйелдің таңгажайып сұлулығын да әбжыланға теңеген тұрақты теңеулер мен сөз орамдары эпикалық жырларда жиі кездеседі. Мысалы,
Әбжыландай толғанып,
Шұбарға қарғып мінеді
(Алпамыс).
Алтында қамшы қолға алып,
Әбжыландай толғанып,
Буралып кетіп барады
(Қыз Жібек).
Түркі халықтарының дәстүрлі мифологиялық түсінігінде жылан төменгі әлемнің өкілі болып саналады, ол алтынды қорып күзетеді, темір мен ұсталық кәсіпті жебеуші рухқа ие. Ертөстік ертегісінде бас кейіпкер жылан Бапыханның еліне саяхат шегеді, оның қызына үйленеді. Жер астындагы жылан патшалығын Шаһмаранның елі деп те атайды. Арбауда мары-мары жылан деген сөз бар, мұндағы мары парсыша «жылан» деген мағынаны береді. Ал әбжылан «үлкен алып жылан» дегенді аңғартады. Сонымен бірге аңыздар мен мифтік әңгімелерде жердің белдеуін әбжылан орап тұрады деген түсінік бар. Тотемдік танымның көмескіленуіне байланысты кейінгі замандарда әбжылан «қаскөй күш» ретінде көрінеді.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әbzhylan ertedegi anyzdarda zhyrlarda kezdesetin mifologiyalyk obraz Ezhelgi dәuirde zhylan totem bolyp sanalgan Yagni gazhajyp tylsym kasietterdin iesi Sondyktan zhylan kazaki guryptar men zhosyn zhoralgylardyn zhәne nanym senimderdin negizgi nysandarynyn biri boldy Әsirese kazaktyn әbzhylandy zhagymdy obrazga ajnaldy Mysaly Әbzhylan kabykty zhigit kiyal gazhajyp ertegisinde sәbi zhylan kiiminde tuady da alapat kүshke sikyrshylykka ie bolady Sondaj ak batyrdyn keremettigin әjeldin tangazhajyp sululygyn da әbzhylanga tenegen turakty teneuler men soz oramdary epikalyk zhyrlarda zhii kezdesedi Mysaly Әbzhylandaj tolganyp Shubarga kargyp minedi Alpamys Altynda kamshy kolga alyp Әbzhylandaj tolganyp Buralyp ketip barady Қyz Zhibek Tүrki halyktarynyn dәstүrli mifologiyalyk tүsiniginde zhylan tomengi әlemnin okili bolyp sanalady ol altyndy koryp kүzetedi temir men ustalyk kәsipti zhebeushi ruhka ie Ertostik ertegisinde bas kejipker zhylan Bapyhannyn eline sayahat shegedi onyn kyzyna үjlenedi Zher astyndagy zhylan patshalygyn Shaһmarannyn eli dep te atajdy Arbauda mary mary zhylan degen soz bar mundagy mary parsysha zhylan degen magynany beredi Al әbzhylan үlken alyp zhylan degendi angartady Sonymen birge anyzdar men miftik әngimelerde zherdin beldeuin әbzhylan orap turady degen tүsinik bar Totemdik tanymnyn komeskilenuine bajlanysty kejingi zamandarda әbzhylan kaskoj kүsh retinde korinedi DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet