Құрманғазы — Солтүстік Каспий қайраңының қазақстандық секторында орналасқан Қазақстандағы мұнай-газ конденсатты кен орны. Ең жақын елді мекен 80 шақырым жерде, бұл Маңғыстау облысының Баутин кемежайы. Құрманғазының ауданы 1632 км².
Құрманғазы судың тереңдігі 5-7 м болатын Қазақстанның қайраң аймағында орналасқан. Түбіндегі жер бедері оңтүстікке қарай су тереңдігі арта келе аздап еңістеу.
Геологиясы
Құрманғазы мұнай-газ құрылымының ең ықтимал мұнайлы-келешегі бар кешені ретінде юра-бор шөгінділері көзге түседі, алайда зерттелетін аумақтағы сейсмикалық барлау деректері бойынша триас шөгінділерінде көмірсутекті кен орындарын табу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Қабаттағы күтілетін қысым 150-230 атм аралығында болып келеді.
Негізгі болашақты қабаттар — юра және бор, 300-ден 1200 метрге дейінгі тереңдікте жатыр. 1200–2000 метр тереңдікте орналасқан триас шөгінділері де ерекше қызығушылық тудырады. Құрманғазы құрылымындағы теңіз тереңдігі орташа есеппен 5 метрге жуық болып келеді.
Құрманғазының геологиялық келешегі Бозащы түбегінің кен орындарымен ұқсастықпен бағаланады. Құрманғазыға ең жақын геологиялық тип - бұл жағалаудағы Қаламқас кен орны. Көрші Қашаған кен орнынан айырмашылығы Құрманғазы тұзүсті болғандығында. Бұл шығыршықтың дамуын айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені ол тұз қабаты арқылы бұрғылауды қажет етпейді.
Келісімшарттық аумақта бірінші барлау ұңғымасының құрылысы бойынша жұмыстар 2006 жылдың 11 маусымында аяқталды.
Алынған зерттеу нәтижелері құрылымның нақты параметрлері жобалық үлгіден ерекшеленетінін анықтауға мүмкіндік берді.
Бұрғылау кезінде алынған мәліметтер Құрманғазы мұнай-газ құрамдас құрылымының геологиялық үлгісін нақтылауға бағытталған кейінгі зерттеулерге негіз болады.
Барлық алынған геологиялы-геофизикалық мәліметтерді талдағаннан кейін екінші барлау ұңғымасын бұрғылауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндетті жұмыс бағдарламасын орындауда барлау жұмыстары жалғасады.
2-ұңғыманы бұрғылау сәтсіз аяқталды. Бейресми деректерге сәйкес, каротаж сынамаларда қалдық мұнай қорының біркелкі іздерінің жоқтығын көрсетті.
Жобаға қатысушылар
Жоба бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыру Ақтау қаласында (Маңғыстау облысы) тіркелген «Құрманғазы Петролеум» ЖШС-не жүктелді. Жобаға қатысушылардың үлесі:
- «РН-Қазақстан» ЖШС атынан «Роснефть» – 50%;
- «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ атынан «ҚазМұнайГаз» – 50%.
Бұл құрылымды әзірлеуді «Роснефть» және «ҚазМұнайГаз» ресейлік және қазақстандық мемлекеттік мұнай-газ компаниялары паритетті (тепе-тең) негізде жүзеге асырмақ. Тараптар жобаны жүзеге асыруға $23 миллиард инвестициялауды жоспарлап отыр. Оны іске асырудан түсетін жалпы пайда $50 миллиард құрайды деп күтілуде.
ӨБК жобасында өндірістің максималды деңгейдегі үш нұсқасы қарастырылған. Ең оптимистік нұсқасы бойынша Құрманғазыдағы мұнай өндіру жылына 64,5 миллион тонна мұнайды құрауы мүмкін. Бұл деңгейде өндіріс жеті жылға дейін созылуы мүмкін. Орташа нұсқа бойынша кен орны он жыл ішінде жылына 31,6 миллион тонна мұнай өндіре алады. Үшінші нұсқа бойынша жыл сайынғы 18,6 миллион тонна өндіруді көздейді, оның ұзақтығы он екі жылға дейін созылады.
Қоры
Құрылымның келешегі бар геологиялық ресурстарын мамандар 6,2 млрд тоннаға бағалап отыр. Алдын ала есептеулер бойынша юра кезеңінің шөгінділерінде 3,9 миллиард тонна, бор кезеңінде 2,3 миллиард тонна орналасқан. Құрманғазы құрылымындағы алынатын мұнай ресурстарын ресейлік мамандар 550 миллионнан 1 800 миллион тоннаға дейінгі көлемде бағалайды. Алдағы барлау жұмыстары геологтардың болжамын растайтын болса, Қазақстан қайраңында 1 миллиард тонна мұнайдың алынатын қоры бар Қашағаннан кейінгі екінші кен орны пайда болады.
Дереккөздер
- «Құрманғазы» кен орнын барлап, ұңғуға 80 миллион доллар жұмсалмақ-Қ.Бозымбаев. «Астана» телеарнасы (22 қараша 2018). Тексерілді, 1 қараша 2024.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қurmangazy Soltүstik Kaspij kajranynyn kazakstandyk sektorynda ornalaskan Қazakstandagy munaj gaz kondensatty ken orny En zhakyn eldi meken 80 shakyrym zherde bul Mangystau oblysynyn Bautin kemezhajy Қurmangazynyn audany 1632 km Қurmangazy sudyn terendigi 5 7 m bolatyn Қazakstannyn kajran ajmagynda ornalaskan Tүbindegi zher bederi ontүstikke karaj su terendigi arta kele azdap enisteu GeologiyasyҚurmangazy munaj gaz kurylymynyn en yktimal munajly keleshegi bar kesheni retinde yura bor shogindileri kozge tүsedi alajda zertteletin aumaktagy sejsmikalyk barlau derekteri bojynsha trias shogindilerinde komirsutekti ken oryndaryn tabu mүmkindigin zhokka shygaruga bolmajdy Қabattagy kүtiletin kysym 150 230 atm aralygynda bolyp keledi Negizgi bolashakty kabattar yura zhәne bor 300 den 1200 metrge dejingi terendikte zhatyr 1200 2000 metr terendikte ornalaskan trias shogindileri de erekshe kyzygushylyk tudyrady Қurmangazy kurylymyndagy teniz terendigi ortasha eseppen 5 metrge zhuyk bolyp keledi Қurmangazynyn geologiyalyk keleshegi Bozashy tүbeginin ken oryndarymen uksastykpen bagalanady Қurmangazyga en zhakyn geologiyalyk tip bul zhagalaudagy Қalamkas ken orny Korshi Қashagan ken ornynan ajyrmashylygy Қurmangazy tuzүsti bolgandygynda Bul shygyrshyktyn damuyn ajtarlyktaj zhenildetedi ojtkeni ol tuz kabaty arkyly burgylaudy kazhet etpejdi Kelisimsharttyk aumakta birinshi barlau ungymasynyn kurylysy bojynsha zhumystar 2006 zhyldyn 11 mausymynda ayaktaldy Alyngan zertteu nәtizheleri kurylymnyn nakty parametrleri zhobalyk үlgiden erekshelenetinin anyktauga mүmkindik berdi Burgylau kezinde alyngan mәlimetter Қurmangazy munaj gaz kuramdas kurylymynyn geologiyalyk үlgisin naktylauga bagyttalgan kejingi zertteulerge negiz bolady Barlyk alyngan geologiyaly geofizikalyk mәlimetterdi taldagannan kejin ekinshi barlau ungymasyn burgylaudy kosa alganda zher kojnauyn pajdalanuga arnalgan kelisimshartta kozdelgen mindetti zhumys bagdarlamasyn oryndauda barlau zhumystary zhalgasady 2 ungymany burgylau sәtsiz ayaktaldy Bejresmi derekterge sәjkes karotazh synamalarda kaldyk munaj korynyn birkelki izderinin zhoktygyn korsetti Zhobaga katysushylarZhoba bojynsha munaj operaciyalaryn zhүzege asyru Aktau kalasynda Mangystau oblysy tirkelgen Қurmangazy Petroleum ZhShS ne zhүkteldi Zhobaga katysushylardyn үlesi RN Қazakstan ZhShS atynan Rosneft 50 ҚazMunajTeniz TMK AҚ atynan ҚazMunajGaz 50 Bul kurylymdy әzirleudi Rosneft zhәne ҚazMunajGaz resejlik zhәne kazakstandyk memlekettik munaj gaz kompaniyalary paritetti tepe ten negizde zhүzege asyrmak Taraptar zhobany zhүzege asyruga 23 milliard investiciyalaudy zhosparlap otyr Ony iske asyrudan tүsetin zhalpy pajda 50 milliard kurajdy dep kүtilude ӨBK zhobasynda ondiristin maksimaldy dengejdegi үsh nuskasy karastyrylgan En optimistik nuskasy bojynsha Қurmangazydagy munaj ondiru zhylyna 64 5 million tonna munajdy kurauy mүmkin Bul dengejde ondiris zheti zhylga dejin sozyluy mүmkin Ortasha nuska bojynsha ken orny on zhyl ishinde zhylyna 31 6 million tonna munaj ondire alady Үshinshi nuska bojynsha zhyl sajyngy 18 6 million tonna ondirudi kozdejdi onyn uzaktygy on eki zhylga dejin sozylady ҚoryҚurylymnyn keleshegi bar geologiyalyk resurstaryn mamandar 6 2 mlrd tonnaga bagalap otyr Aldyn ala esepteuler bojynsha yura kezeninin shogindilerinde 3 9 milliard tonna bor kezeninde 2 3 milliard tonna ornalaskan Қurmangazy kurylymyndagy alynatyn munaj resurstaryn resejlik mamandar 550 millionnan 1 800 million tonnaga dejingi kolemde bagalajdy Aldagy barlau zhumystary geologtardyn bolzhamyn rastajtyn bolsa Қazakstan kajranynda 1 milliard tonna munajdyn alynatyn kory bar Қashagannan kejingi ekinshi ken orny pajda bolady Derekkozder Қurmangazy ken ornyn barlap unguga 80 million dollar zhumsalmak Қ Bozymbaev Astana telearnasy 22 karasha 2018 Tekserildi 1 karasha 2024