Қырым аннексиясы (укр. Анексія Криму) — халықаралық қауымдастықтың көп бөлігі мойындамаған Қырым түбегінде орналасқан, Украинаның құрамдас бөлігі болып табылатын Қырым Автономиялық Республикасы мен қаласының Ресей Федерациясының құрамына қосылуы.
Қырым аннексиясы | |||
Негізгі қақтығыс: Қырым дағдарысы | |||
Қырым Республикасы мен Севастопольды Ресей Федерациясының құрамына қабылдау туралы келісімге қол қою сәті. Солдан оңға: С. Аксёнов, В. Константинов, В. Путин, А. Чалый. | |||
Дата | 2014 жылдың ақпан — наурыз айлары | ||
---|---|---|---|
Орын | |||
Себеп | |||
Нәтиже | Қырым Ресей Федерациясының құрамына енді | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қырым аннексиясының алдында Украинада көп айға созылған президент пен үкіметке қарсы наразылық акциялары орын алды (Еуромайдан). Бұл оқиғалардың нәтижесінде 2014 жылдың ақпанында Виктор Янукович президент мансабынан айырылды. Қырым тұрғындарының біраз бөлігі бұны мемлекеттік төңкеріс ретінде қабылдады. Жаңадан сайланған украин үкіметі мен оның жақтастарының әрекеттері елдегі орыс қоғамдық ұйымдарының жандануына, Қырымдағы орыстардың көп бөлігінің Украинаның жаңа билігіне қарсы жұмылуына әкеп соқтырды. Бұл жағдайдың орын алуына ресейлік бұқаралық ақпараттық құралдардың ақпараттық қысымы мен қоғамдық пікірге әсер етуі көмектесті.
Қырым татар халқының Мәжілісі 21—23 ақпан күндері жаңа украин билігіне қолдау көрсетіп, көп адам жиналған шаралар ұйымдастырды. Қырым Ресей Федерациясының құрамына енгеннен кейін Мәжіліс референдумның қорытындыларын мойындаудан бас тартты.
1990-жылдары Қырымдағы Ресейді қолдайтын күштерге көмек көрсетілмесе, бұл жолы Ресей билігі оларға қол ұшын созды. Украинадағы қоғамдық пікір бойынша, Ресей Қырымға қатысты іс-шараларды 20 ақпан күні, яғни Янукович президент болып тұрған кезде бастаған. Владимир Путиннің айтуынша, «Қырымды қайтару бойынша жұмыстарды» бастауға ол 23 ақпан күні, тақтан тайған Януковичті құтқару операциясынан кейін бұйрық берген екен.
23—24 ақпан күндері Ресейді жақтаған белсенділердің қысымынан кейін Севастопольдағы атқарушы өкімет ауыстырылды. 26 ақпанда Мәжіліс пен жаңа украин үкіметінің жақтастары Қырым парламентінің ғимаратын басып алуға әрекет жасап, оның жұмысын тоқтатты. 27 ақпан күні таңертең ресейлік арнайы күштер (спецназ) Қырым Автономиялық Республикасы билік органдарының ғимараттарын басып алды. Артынша Қырым Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Анатолий Могилев үкіметінің қызметін тоқтатып, Қырымның жаңа үкіметінің басшысы етіп «Орыс бірлігі» («Русское единство») партиясының жетекшісі Сергей Аксеновты тағайындады. Аксенов Украинаның жаңа билігін мойындамайтынын айтып, Ресей билігінен «Қырым Автономиялық Республикасы аумағындағы бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге көмектесуді» сұрады. Бұл әрекеттер Қырым халқының көп бөлігінен қолдау тапты.
1 наурыз күні Ресей Федерация Кеңесі президент Владимир Путиннің ресейлік әскерлерді Украина аумағында қодануға рұқсат сұраған жолдауын қанағаттандырды, бірақ шын мәнінде олар көршілес елдің аумағындағы әрекеттерін ертерек бастап кеткен болатын. Ресейлік әскерилер еріктілердің топтарымен бірігіп Қырымның жаңа үкіметіне бағынудан бас тартқан Украин қарулы күштерінің Қырым тұбегіндегі барлық объектілері мен әскери бөлімдерін бұғаттады. 16 наурыз күні Украина конституциясына қарама-қайшы Қырымның Ресей құрамына қосылуы туралы референдум өткізілді. Оның нәтижесінде 17 наурыз күні тәуелсіз Қырым Республикасы жарияланып, 18 наурыз күні ол Ресейдің құрамына кіру туралы келісімге қол қойды.
Ресейлік заңнама бойынша ел құрамына жаңадан қосылған аймақта Ресейдің құрамдас бөлігі болып саналатын Федерацияның жаңа субъектілері — «Қырым Республикасы» мен «федералды маңызы бар Севастополь қаласы» құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы құжаттары мен Украина заңнамасында Ресейдің қол астындағы Қырым аумағы уақытша басып алынған (оккупацияланған) Украинаның бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Украина мен батыс елдері 2014 жылы ақпан және наурыз айында орын алған жағдайды Ресейдің Қырымды аннексиялауы (басқа мемлекеттің аумағын күштеп қосып алу) деп қарастырады. Ресейлік пікір бойынша, бұл оқиғаларды Қырымның Ресеймен қайта бірігуі деп қабылдау керек.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyrym anneksiyasy ukr Aneksiya Krimu halykaralyk kauymdastyktyn kop boligi mojyndamagan Қyrym tүbeginde ornalaskan Ukrainanyn kuramdas boligi bolyp tabylatyn Қyrym Avtonomiyalyk Respublikasy men kalasynyn Resej Federaciyasynyn kuramyna kosyluy Қyrym anneksiyasyNegizgi kaktygys Қyrym dagdarysyҚyrym Respublikasy men Sevastopoldy Resej Federaciyasynyn kuramyna kabyldau turaly kelisimge kol koyu sәti Soldan onga S Aksyonov V Konstantinov V Putin A Chalyj Data2014 zhyldyn akpan nauryz ajlaryOryn Ukraina Қyrym tүbegiSebepEuromajdanNәtizheҚyrym Resej Federaciyasynyn kuramyna endiҚarsylastar Resej Resejdi zhaktagan kүshter Қyrym Respublikasy Қyrym Autonomiyalyk Respublikasy men Sevastopoldyn bilik organdary Orys birligi partiyasy Orys blogy zhәne t b Ukraina Ukrainany zhaktagan kүshter Қyrym tatar halkynyn Mәzhilisi Bүkilkyrymdyk Ukrain Radasy Euromajdan Қyrym kozgalysy zhәne t b Bul үlgini koru talkylau ondeu Қyrym anneksiyasynyn aldynda Ukrainada kop ajga sozylgan prezident pen үkimetke karsy narazylyk akciyalary oryn aldy Euromajdan Bul okigalardyn nәtizhesinde 2014 zhyldyn akpanynda Viktor Yanukovich prezident mansabynan ajyryldy Қyrym turgyndarynyn biraz boligi buny memlekettik tonkeris retinde kabyldady Zhanadan sajlangan ukrain үkimeti men onyn zhaktastarynyn әreketteri eldegi orys kogamdyk ujymdarynyn zhandanuyna Қyrymdagy orystardyn kop boliginin Ukrainanyn zhana biligine karsy zhumyluyna әkep soktyrdy Bul zhagdajdyn oryn aluyna resejlik bukaralyk akparattyk kuraldardyn akparattyk kysymy men kogamdyk pikirge әser etui komektesti Қyrym tatar halkynyn Mәzhilisi 21 23 akpan kүnderi zhana ukrain biligine koldau korsetip kop adam zhinalgan sharalar ujymdastyrdy Қyrym Resej Federaciyasynyn kuramyna engennen kejin Mәzhilis referendumnyn korytyndylaryn mojyndaudan bas tartty 1990 zhyldary Қyrymdagy Resejdi koldajtyn kүshterge komek korsetilmese bul zholy Resej biligi olarga kol ushyn sozdy Ukrainadagy kogamdyk pikir bojynsha Resej Қyrymga katysty is sharalardy 20 akpan kүni yagni Yanukovich prezident bolyp turgan kezde bastagan Vladimir Putinnin ajtuynsha Қyrymdy kajtaru bojynsha zhumystardy bastauga ol 23 akpan kүni taktan tajgan Yanukovichti kutkaru operaciyasynan kejin bujryk bergen eken 23 24 akpan kүnderi Resejdi zhaktagan belsendilerdin kysymynan kejin Sevastopoldagy atkarushy okimet auystyryldy 26 akpanda Mәzhilis pen zhana ukrain үkimetinin zhaktastary Қyrym parlamentinin gimaratyn basyp aluga әreket zhasap onyn zhumysyn toktatty 27 akpan kүni tanerten resejlik arnajy kүshter specnaz Қyrym Avtonomiyalyk Respublikasy bilik organdarynyn gimarattaryn basyp aldy Artynsha Қyrym Zhogargy Kenesinin deputattary Anatolij Mogilev үkimetinin kyzmetin toktatyp Қyrymnyn zhana үkimetinin basshysy etip Orys birligi Russkoe edinstvo partiyasynyn zhetekshisi Sergej Aksenovty tagajyndady Aksenov Ukrainanyn zhana biligin mojyndamajtynyn ajtyp Resej biliginen Қyrym Avtonomiyalyk Respublikasy aumagyndagy bejbitshilik pen tynyshtykty kamtamasyz etuge komektesudi surady Bul әreketter Қyrym halkynyn kop boliginen koldau tapty 1 nauryz kүni Resej Federaciya Kenesi prezident Vladimir Putinnin resejlik әskerlerdi Ukraina aumagynda kodanuga ruksat suragan zholdauyn kanagattandyrdy birak shyn mәninde olar korshiles eldin aumagyndagy әreketterin erterek bastap ketken bolatyn Resejlik әskeriler eriktilerdin toptarymen birigip Қyrymnyn zhana үkimetine bagynudan bas tartkan Ukrain karuly kүshterinin Қyrym tubegindegi barlyk obektileri men әskeri bolimderin bugattady 16 nauryz kүni Ukraina konstituciyasyna karama kajshy Қyrymnyn Resej kuramyna kosyluy turaly referendum otkizildi Onyn nәtizhesinde 17 nauryz kүni tәuelsiz Қyrym Respublikasy zhariyalanyp 18 nauryz kүni ol Resejdin kuramyna kiru turaly kelisimge kol kojdy Resejlik zannama bojynsha el kuramyna zhanadan kosylgan ajmakta Resejdin kuramdas boligi bolyp sanalatyn Federaciyanyn zhana subektileri Қyrym Respublikasy men federaldy manyzy bar Sevastopol kalasy kuryldy Birikken Ұlttar Ұjymy kuzhattary men Ukraina zannamasynda Resejdin kol astyndagy Қyrym aumagy uakytsha basyp alyngan okkupaciyalangan Ukrainanyn bir boligi retinde karastyrylady Ukraina men batys elderi 2014 zhyly akpan zhәne nauryz ajynda oryn algan zhagdajdy Resejdin Қyrymdy anneksiyalauy baska memlekettin aumagyn kүshtep kosyp alu dep karastyrady Resejlik pikir bojynsha bul okigalardy Қyrymnyn Resejmen kajta birigui dep kabyldau kerek