Егізбаев Қосай Әліқұлұлы (15.12.1928, Жамбыл ауд. а. - 13.2.1995, Алматы) - қоғам және мемлекет қайраткері.
Атқарған қызметтері
Ташкент темір жол көлігі инженериялық институтын бітірген (1949). Сібір темір жол басқармасында бірнеше жыл (1949-1955) қызмет атқарды. Бұдан кейінгі жылдары ол мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік қызметтердің әр саласындағы жетекшілік қызметтерде болды. Қазақстан КП ОК-нің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1960-61), Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Гурьев (Атырау) облысы партия комитетеінің 1-ші хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1963-68) қызметтерін атқарды. 1968-1977 ж. Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болды. Қазақстан кәсіподақтарының жетекшісі және Бүкілодақтық кәсіподақтары Кеңесі төралқасының мүшесі болған кезінде Егізбаевтың басшылығымен республикамызда жаңа санаторийлер мен демалыс үйлері, 14 туристік базалар, 12 қонақүй мейрамханаларымен қоса салынды. Алматы 2 стансасында туристік пойыздарды қабылдау орны, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 1977-84 ж. селолық құрылыс минстрінің, 1984-88 ж. республикалық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Егізбаев Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Марапаттамалары
Октябрь революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Алматы қаласындағы көшеге оның есімі берілген.
- "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Egizbaev Қosaj Әlikululy 15 12 1928 Zhambyl aud a 13 2 1995 Almaty kogam zhәne memleket kajratkeri Atkargan kyzmetteriTashkent temir zhol koligi inzheneriyalyk institutyn bitirgen 1949 Sibir temir zhol baskarmasynda birneshe zhyl 1949 1955 kyzmet atkardy Budan kejingi zhyldary ol memlekettik kogamdyk әleumettik kyzmetterdin әr salasyndagy zhetekshilik kyzmetterde boldy Қazakstan KP OK nin kurylys bolimi mengerushisinin orynbasary 1960 61 Almaty oblystyk partiya komitetinin hatshysy Gurev Atyrau oblysy partiya komiteteinin 1 shi hatshysy Shygys Қazakstan oblysy partiya komitetinin 2 hatshysy 1963 68 kyzmetterin atkardy 1968 1977 zh Қazakstan kәsipodaktary kenesinin toragasy boldy Қazakstan kәsipodaktarynyn zhetekshisi zhәne Bүkilodaktyk kәsipodaktary Kenesi toralkasynyn mүshesi bolgan kezinde Egizbaevtyn basshylygymen respublikamyzda zhana sanatorijler men demalys үjleri 14 turistik bazalar 12 konakүj mejramhanalarymen kosa salyndy Almaty 2 stansasynda turistik pojyzdardy kabyldau orny turgyn үjler pajdalanuga berildi 1977 84 zh selolyk kurylys minstrinin 1984 88 zh respublikalyk halyktyk bakylau komiteti toragasynyn orynbasary boldy Egizbaev Kenester Odagy Zhogargy Kenesinin deputaty MarapattamalaryOktyabr revolyuciyasy 2 ret Enbek Қyzyl Tu Қurmet belgisi ordenderimen birneshe medaldarmen Қazakstan Zhogargy Kenesi Prezidiumynyn Қurmet gramotalarymen marapattalgan Almaty kalasyndagy koshege onyn esimi berilgen Taraz Zhambyl oblysy enciklopediyasy Almaty 2003