Қаршыға Ахмедьяров (25.03.1946 - 06.06.2010) - күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі.
Қаршымбай Ахмедияров | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қызметі | күйші-домбырашы |
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды.
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. Телеканал АЛМАТЫ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты. Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды.
Шығармалары
«Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.
Дереккөздер
- Атыраудағы Шектілер ауылы (қаз.).
- Телеканал АЛМАТЫ Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том. 572 бет.
- Б.Кожиров "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 ж
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarshyga Ahmedyarov 25 03 1946 06 06 2010 kүjshi dombyrashy Қazakstannyn halyk әrtisi Қarshymbaj AhmediyarovTugan kүni25 nauryz 1946 1946 03 25 Tugan zheriAtyrau oblysy Mahambet audany Tandaj auylyҚajtys bolgan kүni6 mausym 2010 2010 06 06 64 zhas Қyzmetikүjshi dombyrashyӨmirbayanyӘlimuly tajpasy Shekti ruynan shykkan Қarshyga Ahmedyarov 1946 zhyly 25 nauryzda Atyrau oblysy Mahambet audany Tandaj auylynda dүniege kelgen 1972 zhyly Almaty memlekettik konservatoriyasyn bitirgen 1967 1991 zhyldar aralygynda Қurmangazy atyndagy kazak akademiyalyk halyk aspaptar orkestrinde dombyrashy kejinnen koncertmejster zheke dombyrashy zhәne dirizher kyzmetterin atkardy Ahmedyarovtyn repertuarynda otandyk kompozitorlardyn kүjleri sondaj ak shetel kompozitorlarynyn shygarmalary bar 1974 zhyldan Almaty memlekettik konservatoriyasynda pedagogtyk kyzmetpen shugyldanyp gylymi zertteu zhumystarymen ajnalysady Қarshyga Ahmedyarov gastroldik saparmen AҚSh Franciya Italiya Үndistan Vengriya t b koptegen elderde boldy Қarshyga Ahmediyaruly kabirindegi kulpytas Almaty Kensaj ziraty Dәulesker kүjshinin zhүregi 2010 zhyly 65 zhasyna karagan shagynda toktady Қarshyga aganyn songy demi tugan zheri Atyrauda shygypty Bojynda Sejtektin synygy Mahabbettin orligi bar Қarshyga agany әrkez halky tamsana tyndajtyn Өnersүjer kauym ony Kүj karshygasy Sanlyk kүjshi Kүj aspanynyn Қarshygasy Ғasyrdyn kүjshisi dep madaktajtyn 1981 zhyly AҚSh ka baryp kүj tartkanda amerikandyktar kazaktyn Қarshygasyn sahnadan zhibermej turyp algany da este Қarshyga Ahmediyarovpen koshtasu Muhtar Әuezov atyndagy akademiyalyk teatrynda otti Telekanal ALMATY Muragattalgan 4 nauryzdyn 2016 zhyly Talantty muzykant gastroldi saparmen dүnie zhүzinin koptegen elderinde bolyp kazaktyn kara dombyrasynyn әsem sazyn tanytty Қazak muzyka onerin damytudagy zhogary shygarmashylyk zhetistikteri үshin Қ Ahmedyarovka 1982 zhyly Қazakstan Respublikasynyn Memlekettik syjlygy 1992 zhyly Қazakstan Respublikasynyn halyk әrtisi ataktary berildi 2000 zhyly Parasat ordeni men marapattaldy Shygarmalary Shashakty najza shalkar kүj atty kitaby Naryn Қuanysh Sagynysh Nurgisa Қyz gumyr Akkajyn Zheldirme Altyn uya t b kүjleri bar Sonymen katar Қurmangazy Dәuletkerej Dina syndy atakty kүjshilerdin kүjlerin zhinap Atyrau degen kүjler zhinagyn zharykka shygardy Saryarka Zhiger Әsem konyr Shynar Tabynu atty kүjler zhinagy zharyk kordi 500 den asa kүjleri radio teledidar muragattarynda saktauly DerekkozderAtyraudagy Shektiler auyly kaz Telekanal ALMATY Muragattalgan 4 nauryzdyn 2016 zhyly Қazakstan ulttyk enciklopediyasy 1 tom 572 bet B Kozhirov Қazak elinin atakty muzyka onerpazdary 2010 zh