Қармақ – ұшы ілгешек болып иілген балық аулау құралы.
Сипаты
Қармақ құрышы қанған болат сымнан жасалады. Балық бұлқынғанда шығып кетпеу үшін қармақтың ұшында кері бағытта иілген «әттік» деп аталатын тілшігі болады. Екінші басында қармақбау байлайтын дөңгелектеніп келген сақина көзі болады. Ұсталатын балықтың түріне қарай қармақтар және қармақтан істелген құрылғылар әр түрлі болып келеді. Қармақтың қарапайым түрі – қармақ сап, жіп бау, қалытқы, батқы және қармақ ілгешектің өзінен тұрады. Қармақпен балық аулау үшін қармаққа жем қыстырып, жемді қапқан балықты ұстайды. Жем ретінде түрлі құрттар, шегіртке сияқты жәндіктер, бұқтырылған дәнді дақылдар, ет түйіршіктері мен бақа және тышқан, металдан жасалған жылтырауықтар қолданылады.
Қармақ атаулары
Қармақтардың пошымына, үлкен кішілігіне қарай түрлі атаулары бар:
- жұтпа қармақ – балық жеммен бірге жұтып қоюға негізделген көлемі әр түрлі қармақтың тобы. Шортан, жайын сияқты жыртқыш балықтарға жұтпаның үлкен түрлерін қолданса, табан, сазан сияқты балықтарға кішкене түрлерін қолданады. Шортан, жайын аулағанда кішірек балықтарды тірідей шаншып қояды, жем балықты қапқанда жұтпа ішіне кетіп қалады да, қайта шықпай қалады;
- тілше қармақ – шегіртке, шылаушын шаншып аулайтын қармақ, мұндай қармаққа әдетте балық аузынан ілігеді;
- ине қармақ – ұсақ қармақтың атауы;
- жұбаднай – қолдан соғылған, ұшты, қызыл балық аулайтын әттікті қармақ;
- қараша қармақ – қолдан соғылған қызыл балық аулайтын үлкендеу келген әттіксіз қармақ.
Қармақ құрылғылары
Қармақтың көмегімен балық ұстау үшін күрделілігі әр түрлі құрылғылар қолданылады:
- желі – қызыл балық аулауға арналған құрылғы. Ұзындығы 60 м-ге жететін желіге, қармақбауын 2 м қылып, 30-ға шейін қармақ байлап, екі шетінен бүйек бау арқылы батқы байланады. Желіні керекті тереңдікте ұстап тұру үшін, бойына арасы 10 м-ден қалытқы орнатылады. Осылайша дайындалған желілерді, балық жүретін жерге 40-60 данасы бірақ қойылады. Желімен бекіре, қорытпа сияқты балықтарды аулайды;
- сүре – 300 м-дей кендір арқанның бойына алты желіні байлаған қосынды құрылғының атауы. Әдетте, теңізде қызыл балық аулағанда қолданылады;
- қарашығармақ – желіге арасы 8-10 см-ден, қармақбауын 30 см – дей етіп қараша қармақ байлап, бүйек бауын 30-40 етіп құрады. Қаршығармақ су түбінде бос жатады, жемделіп жүрген балықтар қармақтың бірнешеуіне денесімен ілініп қалады. Қарашығармақпен балық аулағанда жем салынбайды. Қаршығармақпен бекіре, шоқыр, қорытпа сияқты қызыл балықтарды аулайды;
- жылтырауықпен аулау – қармақтың тұсына жемнің орнына ақ қаңылтырдан арнайы жасалған жылтырауық тағып бауын ұзындау жасап, қармақ сабын сілтегенге ыңғайлап қысқалау қылып, шортан, алабұға сияқты балықтарды аулау құралы.
Қармақпен балық аулау тәсілдері
- Қармаққа жем қыстырып қайықтан немесе жағалаудан балық аулау – балық аулаудың ең қарапайым түрі;
- қыстың күні ойық ойып, мұздың үстінен аулау;
- сүре, қарашығармақ, желінің түрлерімен аулау;
- жылтырауықпен аулау;
- 25-30 м желіге 15-20 қармақ байлап, жем қыстырып, бір басын жағалауға бекітіп, екінші басына батқы байлап, құлаштап барынша алысқа лақтырылып ұстау. Бұл тәсілде желінің жағалауға бекітілген жағына қоңырауша байланылады, балық жемді қапқанда қоңыраушалар сылдырлап белгі береді.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Рыболовство на озере Балхаше // ТС Т.461. Ташкент 1908. С. 48-50;
- Сарачев. Озеро Балхаш в географическом, экономическом и этнографическом отношения // ТС Т.461. Ташкент 1908. С.95-96;
- Досқараев Ж. Арал, Каспий балықшыларының тіліндегі профессионалдық лексиканың материалдары. Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы. 1-шығарылымы. Алматы: Ғылым, 1958. 135-137 бб.;
- Айтазин К. Каспий балықшыларының тіліндегі ау, құрал - сайман аттарымен байланысты кәсіби сөздер. Қазақ диалектологиясы. І шығуы. Алматы, 1965.
- Юсупов М. Табиғат тағлымы. Алматы: Қайнар, 1986;
- Мұқанов С. Таңдамалы. ХҮ том. Халық мұрасы. Тарихи-этнографиялық шолу. Алматы: Жазушы, 19
79.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarmak ushy ilgeshek bolyp iilgen balyk aulau kuraly SipatyҚarmak kuryshy kangan bolat symnan zhasalady Balyk bulkynganda shygyp ketpeu үshin karmaktyn ushynda keri bagytta iilgen әttik dep atalatyn tilshigi bolady Ekinshi basynda karmakbau bajlajtyn dongelektenip kelgen sakina kozi bolady Ұstalatyn balyktyn tүrine karaj karmaktar zhәne karmaktan istelgen kurylgylar әr tүrli bolyp keledi Қarmaktyn karapajym tүri karmak sap zhip bau kalytky batky zhәne karmak ilgeshektin ozinen turady Қarmakpen balyk aulau үshin karmakka zhem kystyryp zhemdi kapkan balykty ustajdy Zhem retinde tүrli kurttar shegirtke siyakty zhәndikter buktyrylgan dәndi dakyldar et tүjirshikteri men baka zhәne tyshkan metaldan zhasalgan zhyltyrauyktar koldanylady Қarmak ataularyҚarmaktardyn poshymyna үlken kishiligine karaj tүrli ataulary bar zhutpa karmak balyk zhemmen birge zhutyp koyuga negizdelgen kolemi әr tүrli karmaktyn toby Shortan zhajyn siyakty zhyrtkysh balyktarga zhutpanyn үlken tүrlerin koldansa taban sazan siyakty balyktarga kishkene tүrlerin koldanady Shortan zhajyn aulaganda kishirek balyktardy tiridej shanshyp koyady zhem balykty kapkanda zhutpa ishine ketip kalady da kajta shykpaj kalady tilshe karmak shegirtke shylaushyn shanshyp aulajtyn karmak mundaj karmakka әdette balyk auzynan iligedi ine karmak usak karmaktyn atauy zhubadnaj koldan sogylgan ushty kyzyl balyk aulajtyn әttikti karmak karasha karmak koldan sogylgan kyzyl balyk aulajtyn үlkendeu kelgen әttiksiz karmak Қarmak kurylgylaryҚarmaktyn komegimen balyk ustau үshin kүrdeliligi әr tүrli kurylgylar koldanylady zheli kyzyl balyk aulauga arnalgan kurylgy Ұzyndygy 60 m ge zhetetin zhelige karmakbauyn 2 m kylyp 30 ga shejin karmak bajlap eki shetinen bүjek bau arkyly batky bajlanady Zhelini kerekti terendikte ustap turu үshin bojyna arasy 10 m den kalytky ornatylady Osylajsha dajyndalgan zhelilerdi balyk zhүretin zherge 40 60 danasy birak kojylady Zhelimen bekire korytpa siyakty balyktardy aulajdy sүre 300 m dej kendir arkannyn bojyna alty zhelini bajlagan kosyndy kurylgynyn atauy Әdette tenizde kyzyl balyk aulaganda koldanylady karashygarmak zhelige arasy 8 10 sm den karmakbauyn 30 sm dej etip karasha karmak bajlap bүjek bauyn 30 40 etip kurady Қarshygarmak su tүbinde bos zhatady zhemdelip zhүrgen balyktar karmaktyn birnesheuine denesimen ilinip kalady Қarashygarmakpen balyk aulaganda zhem salynbajdy Қarshygarmakpen bekire shokyr korytpa siyakty kyzyl balyktardy aulajdy zhyltyrauykpen aulau karmaktyn tusyna zhemnin ornyna ak kanyltyrdan arnajy zhasalgan zhyltyrauyk tagyp bauyn uzyndau zhasap karmak sabyn siltegenge yngajlap kyskalau kylyp shortan alabuga siyakty balyktardy aulau kuraly Қarmakpen balyk aulau tәsilderiҚarmakka zhem kystyryp kajyktan nemese zhagalaudan balyk aulau balyk aulaudyn en karapajym tүri kystyn kүni ojyk ojyp muzdyn үstinen aulau sүre karashygarmak zhelinin tүrlerimen aulau zhyltyrauykpen aulau 25 30 m zhelige 15 20 karmak bajlap zhem kystyryp bir basyn zhagalauga bekitip ekinshi basyna batky bajlap kulashtap barynsha alyska laktyrylyp ustau Bul tәsilde zhelinin zhagalauga bekitilgen zhagyna konyrausha bajlanylady balyk zhemdi kapkanda konyraushalar syldyrlap belgi beredi DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterRybolovstvo na ozere Balhashe TS T 461 Tashkent 1908 S 48 50 Sarachev Ozero Balhash v geograficheskom ekonomicheskom i etnograficheskom otnosheniya TS T 461 Tashkent 1908 S 95 96 Doskaraev Zh Aral Kaspij balykshylarynyn tilindegi professionaldyk leksikanyn materialdary Қazak tilinin tarihy men dialektologiyasy 1 shygarylymy Almaty Ғylym 1958 135 137 bb Ajtazin K Kaspij balykshylarynyn tilindegi au kural sajman attarymen bajlanysty kәsibi sozder Қazak dialektologiyasy I shyguy Almaty 1965 Yusupov M Tabigat taglymy Almaty Қajnar 1986 Mukanov S Tandamaly HҮ tom Halyk murasy Tarihi etnografiyalyk sholu Almaty Zhazushy 19 79