Адамдар өміріндегі театрдың алатын орны ауқымды да мазмұнды. Облыстың қалыптаса бастаған кезеңінен бері қаламен бірге пайда болған театр ұжымдары өздерінің көрермендерінің сенімінен шығуда.
С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры
С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры 1936 жылы құрамында жас кеншілер мен құрылысшылар болған жас жұмыскерлер театры негізінде құрылды.
Театрдың негізін ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері З. Көшкінбаева, Ж. Шашкина, С. Телғараев, З. Жақыповтар қалады. Театр 1932 жылы Ж. Шаниннің «Зәуре» қойылымымен ашылды. Ондағы басты кейіпкердің рөлін Ж. Шашкина ойнады. 1934 жылы театр жаңа әртістермен толықты. Олар Қазақ КСРО-ның халық әртісі Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, М. Сүртібаев Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртістері А. Шаймерденов, М. Бектенов. Жас ұжым өздерінің театрдағы қызметтерін Н.В. Гогольдің «Женитьба» комедиясымен бастады. Театрдың репертуарында Б. Майлиннің «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» сиякты және де басқа қойылымдары болды.
1936 жылы облыс орталығының Қарағанды қаласына көшірілуіне байланысты театр облыстық драма театры деп атала бастады. Театрдың шығармашылық ұжымына ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері М. Әбдікәрімов Ж. Шаймерденова және театрдың алғашқы режиссеры ГИТИС-тің түлегі Н. Камаловтар қосылды. Театрдын белгілі әртістері М. Сүртібаев пен Ж. Шашкина 1936 жылғы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатыскан.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ драма театрының әртістер жауынгерлердің алдында өз өнерлерін көрсетті. Театр репертуары мазмұнында патриотизм, халықтар достығы, Отанға деген махаббат идеясы бар қойылымдармен толықты. Олар: М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыланды», А. Островскийдің «Без вины виноватые» атты қойылымдары. 1944 жылы театрдың 8 артісіне «ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілсе, 6 әртіс ҚазССР Жоғаргы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін театр ұжымына И.В. Сталиннің атынан майданға қаражат жинағаны үшін алғыс телеграмма келді.
1964 жьшы театрға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткер С. Сейфуллиннің есімі берілсе, 1982 жылы театрдың 50-жылдық мерейтойы қарсаңында театр Халықтар достығы орденімен марапатталды.
Бүгінгі күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры республикамыздағы алдыңғы қатарлы театрлардың бірі. Театр бірнеше театр фестивальдерінін жеңімпазы, соның ішінде 2000 жылы Каир (Египет) қаласында өткен Бүкіләлемдік театр фестиваліне қатысып жүлделі орынга ие болып қайтты. Театр сахнасында қазақ драматургтері мен қатар орыс және шетел авторларының шығармалары қойылады.
К. Станиславский атындағы облыстық орыс драма театры
1930 жылы Қазақстанның орталығында Түрксіб құрылысшыларына қызмет көрсететін «Живая газета» атты үгіт бригадасы құрылды. Үш вагонда орналасқан бұл үгіт бригадасы Семейден Ташкентке бағыт алды. Оның құрамындағы әртістер театралды баяндамалар, әзіл-сықақтар, частушкалар литмонтаждар орындады.
Театрдың алғашқы директоры Василий Михайлович Портнов болды. Ол басқарушы ғгана емес, сонымен қатар театрдың көркемдік жетекшісі және қойылымдардың авторы да болды. Ол басшылық еткен 18 жыл ішінде жылжымалы Түрксіб бригадасы кәсіпқой драма театрына айналды. 1948 жылы В.М. Портнов республикалық М.Ю. Лермонтов атындағы драма театрының директоры болып тағайындалды.
Театрдың халыққа қызмет көрсетудегі алғашқы жылдарында Шекспир және Э. Войнич сияқты белгілі жазушылар мен драматургтердің шығармаларын сахнаға дайындай бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қарағандылық әртістер концерттік бригадалар құрамында майдан жауынгерлері және тылдағы шахта және кеніш жұмыскерлері алдында өз өнерлерін көрсетті.
1954 жылы орыс драма театры қазақ драма театрынан бөлінді. 1962 жылы жемісті еңбектерінің арқасында Қарағанды драма театрына орыстың ұлы режиссері К.С. Станиславскийдің есімі берілді.
1981 жылы театр өзінің 50-жылдық мерейтойы қарсаңында халықтар Достығы орденімен марапатталды.
1961-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының халық әртісі Виктор Кириллович Борисов театрдың директоры болды. Оның басшылығымен театр Қазақстандағы ең үздік шығармашылық ұжымдардың бірі болды. В.К. Борисов әртістердің, режиссерлер мен суретшілердің біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберліктерін шыңдауға көп көңіл бөлді. 2003 жылы В.К. Борисов өмірінің соңына дейін тұрған Чкалов көшесіндегі үйге мемориалдық тақта орнатылды.
1997 жылдан 2006 жылға дейін театрға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Г.С. Оганесян басшылык етті.
С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған сазды-драма театры
Жезқазған театры 1972 жылы Аркалық қаласында ашылған. Торғай облыстық қазақ сазды-драма театрының негізін Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесінің 17 түлегі: Ж. Қажиев, Д. Жанботаев, Ш. Байғабьшова, Ш. Есенқұлова, М. Манапов, Т. Рақышева, Р. Қажиевалар қалады.
Щепкин атындағы театр училищесі - Мәскеу кіші театрына әртістер дайындайтын мектеп. Әртістер арасында оны көптеген талантты және атақты әртістерді тәрбиелеп шығарғаны үшін «Островскийдің үйі» деп атайды. Қазақстандық жас әртістерге Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, профессор М.Н. Гладков және В.Н. Смирновтар дәріс оқып, өмірлеріне жолдама берді. 1988 жылы Торғай облысының территориясының өзгеруіне байланысты театр өте қиын кезеңді бастан өткізді. Бұл кезеңдерде сазды-драма театры тарап кету алдында тұрды. ҚазССР Министрлер Кеңесінің шешімімен театр Жезқазған қаласына көшірілді. 1995 жылы Жезқазған қаласында Абайдың 150-жылдық мерейтойына орай режиссер Ж. Қажиев «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» атты қойылым қойып, Бас жүлдені жеңіп алды. 2001 жылы Петропавл қаласында өткен IX Республикалық фестивальде Қ. Әбдірахманованың «Кетбұғы» атты тарихи драмасы ең үздік қойылым деп танылды.
1981 жылы Торғай облыстық сазды-драма театрына сахна майталманы, белгілі мәдениет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың есімі берілді. Бұл театр ұжымының шығармашылық жұмысына берілген үлкен баға және Қазақстан театр өнерінің дамуына көрсетілген зор сенім.
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 1973 жылы 16 қарашада құрылған. Сол кездегі театрдың белгілі әртістері КСРО-ның халық әртісі И.Г. Войнаровский және КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Н. Симонова болды. Театрдың негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және алғашқы директоры - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Е.Л. Пелещук болды.
Облыс әкімшілігінің қолдауымен облыстық мәдениет департаментінің және театрдың ұсынысы бойынша Қарағанды өнер колледжінің негізінде музыка театрының әртістерін дайындайтын және хореография бөлімдер ашылды. Болашақ әртістер сахна шеберлерінен дәріс алады.
2000 жылы театрға ең жоғарғы «Академиялық» деген атақ берілді.
2005 жылы театр 380 (оның ішінде 80-і гастрольдік) спектакльдер қойды.
Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры
Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры 1989 жылы 24 қарашада «Чемодан чепухи или быстро хорошо не бывает» атты Л. Петрушевскийдің пьесасы бойынша режиссер Ю. Сининнің қойылымымен ашылды. Театрда 17 актер жұмыс жасады. Ю.В. Синин театрдың алғашқы директоры болды. Ал театрдың бас суретшісі А.И. Осипенко болды.
Театр репертуарында негізінен балаларға арналған қойылымдар басым Бүгінгі таңда балаларға арналған 16 қойылым көрсетіледі. Олар: «Влюбленный зайчик», «Тысяча вторая ночь Шахерезады», «Пузырь, Соломинка и Лапоть». «Кошкин дом» тағы баасқа.
"Буратино" қуыршақ театры
Балалар сарайының қуыршақ театры 1959 жылы құрылған.
1965 жылдан қазіргі атымен аталады, 1977 жылы театрға халық атағы берілді. Театрда 80 мыңнан артық қойылым қойылды, жыл сайын 20 мың көрермен қабылдайды. Әр жылдары - Андерсеннің «Ақша қар королевасы», И. Колаптын «Жалғанда Фердададан артық ешкім жоқ» т.б. спектакльдер қойылды. Театрдың көркемдік жетекшісі 1959-1979 жылдар аралығында Е.И. Савина, ал В.В. Маленко 1986 жылдан қызмет атқарады.
Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік
1938 жылғы 6 наурызда құрылды. Кейін оған 1990 жылы қазақтың белгілі әншісі Қ. Байжановтың аты берілді. Алғашқы жылдары бұл ұжымда Қ. Байжанов, Ж. Елебеков, М. Хамзин, Н. Әбішев, З. Жұбатова, Р. Қойшыбаева дарынды өнер майталмандары жұмыс жасады.
Филармонияның алғашқы директоры Стародубенко болды. Филармонияның гүлденіп, беделінің өсуіне барлық күш-жігерін, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетін жұмсаған филармонияның кейінгі директоры - П.И. Яповицкий. Ол филармонияға 30 жылдан астам уақыт басшылық етті. Оған табысты еңбегі ушін «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. Одан кейінгі жылдары ұжымға «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері» Я.М. Симановский басшылық етті. Жас таланттарды тәрбиелеуге және облысымызда кәсіби-вокалдық өнердің дамуына Қарағанды филармониясының алғашқы көркемдік жетекшісі, Қазақ ССР-нін халық әртісі, Саратов консерваториясының түлегі Б.А. Орлов көп еңбек сіңірді. Қазіргі уақытта бірлестіктін директоры Қазақстанның еңбек сінірген мәдениет қайраткері З.К. Мейрамбеков.
1956 жылы классикалық музыканы насихаттайтын шекті квартет құрылды. Бұл квартетте В. Якимов, А. Каненов сияқты белгілі музыканттар өнер көрсетті.
Бұл концерттік бірлестіктегі 1995 жылы құрылған ең жас ұжым - «Әуен» ансамблі. Бұл ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М. Рымжанов болды. 1997 жылы ансанбль орындаушыларының бірі Е. Құжиманов Ш. Қалдаяқов атындағы II Халықаралық конкурстың лауреаты атағына ие болды. Ал, 1999 жылы ол «Шабыт» Республикалық жастар шығармашылығы фестивалінде бас жүлдеге ие болып, Президент стипендиаты болды.
Сонымен қатар ансамбль құрамында Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты - Ж. Кемалов, Қ. Байсейітова атындағы Республикалық конкурстың лауреаты, «Вокалшы - 2000» номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері Т. Ыдырысовтар өнер көрсетеді.
1994 жылы И. Андрейченконың басшылығымен «Биг Бенд» джаз оркестры құрылды. Бұл оркестрдің бағдарламасында джаз және белгілі жеңіп сазды композициялар орындалады. Ресейде өткен Халықаралық джаз музыкасы фестивалінің лауреаты. Джаз оркестрінің репертуары жыл сайын қазақ композиторларының шығармаларымен толығып отыратын джаз музыкасына өте бай.
1993 жылы «Аққу» ансамблі құрылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Республикалық эстрада өнері студиясының түлегі Қ. Мұқатова.
Ал кейінгі жылдары «Шыңдауыл» соқпалы аспаптар ансамблі, «Жігер» домбырашылар ансамблі, «Шағала» қобызшылар ансамблі және шекті квартет құрылды.
Музей экспозициясында «Қуаныш», «Искорка», «Вольшебная страна», «Салтанат», «Вдохновение», «Арабески», «Антре», «Шашу» сияқты Қарағанды облысындағы балалардың би ұжымдары көрсетілген. Олар «Айналайын», Бозторғай», «Обзор» (Болгария), «Бодрум» (Түркия) атты Халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған.
Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрі 1988 жылы кұрылды.
1990 жылы қазақтың ұлы күйшісі Тәттімбет Қазанғапұлының аты берілді.
Оркестрдің іргесін қалаған КСРО халық артисті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шамғон Қажығалиев. Оның басшылығымен Республиканың музыка тәжірибесінде тұңғыш рет А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операларының концерттік варианты қазақ оркестрінің орындауында сахнаға шыкты. Сонымен қатар оркестр орыс және шетел композиторларының шығармаларында орындайды.
2000 жылы оркестрге «Академиялық» құрметті атағы берілді. Оркестрдің бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д. Үкібай, директоры Ғ. Әжбағамбетов.
Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы
Жезқаған Мемлекеттік филармониясы 1974 жылы маусымда құрылған. 1990 жылы 15 қарашадағы № 444 қаулысымен филармонияға ақын Тайжан Қалмағамбетовтың есімі берілді. Филармонияның негізін қалаушы, тұңғыш директоры елімізге танымал режиссер С. Елеусізов болды. Филармонияның құрылып, дамуына вокалды-аспапты «Қаракөз», эстрадалық-фольклорлық «Ұлытау» ансамбльдері елеулі үлес қосты.
Бүгінгі таңда филармония құрамында бес шығармашылық ұжым жұмыс жасайды. Олар: «Жезкиік» (1975 ж. тұңғыш көркемдік жетекшісі - Ж.Сейілов), қазіргі көркемдік жетекшісі - Б. Кешенов. «Ән көңілдің ажары» тобы (1984 ж. к.ж. - Ғ. Мұхамедин), «Біздің жанұя» (1997 ж. к.ж. - А. Байбосынов), «Дәуір» жастар эстрадалық тобы (2003 ж. к.ж. А. Мұқышев) және бишілердің «Аэлита» (к.ж. - И. Боровик) тобы жұмыс жасайды.
Филармонияның шығармашылық ұжымдары Германия, Исландия. Франция, Иран, Венгрия және тағы да басқа мемлекеттерге гастрольдік сапарларға шығып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Adamdar omirindegi teatrdyn alatyn orny aukymdy da mazmundy Oblystyn kalyptasa bastagan kezeninen beri kalamen birge pajda bolgan teatr uzhymdary ozderinin korermenderinin seniminen shyguda S Sejfullin atyndagy oblystyk kazak drama teatryS Sejfullin atyndagy oblystyk kazak drama teatry 1936 zhyly kuramynda zhas kenshiler men kurylysshylar bolgan zhas zhumyskerler teatry negizinde kuryldy Teatrdyn negizin ҚazSSR nin enbek sinirgen әrtisteri Z Koshkinbaeva Zh Shashkina S Telgaraev Z Zhakypovtar kalady Teatr 1932 zhyly Zh Shaninnin Zәure kojylymymen ashyldy Ondagy basty kejipkerdin rolin Zh Shashkina ojnady 1934 zhyly teatr zhana әrtistermen tolykty Olar Қazak KSRO nyn halyk әrtisi R Қojshybaeva A Musabekova M Sүrtibaev Қazak SSR nin enbek sinirgen әrtisteri A Shajmerdenov M Bektenov Zhas uzhym ozderinin teatrdagy kyzmetterin N V Gogoldin Zhenitba komediyasymen bastady Teatrdyn repertuarynda B Majlinnin Majdan Taltanbajdyn tәrtibi S Sejfullinnin Қyzyl sunkarlar Zh Shaninnin Arkalyk batyr siyakty zhәne de baska kojylymdary boldy 1936 zhyly oblys ortalygynyn Қaragandy kalasyna koshiriluine bajlanysty teatr oblystyk drama teatry dep atala bastady Teatrdyn shygarmashylyk uzhymyna ҚazSSR nin enbek sinirgen әrtisteri M Әbdikәrimov Zh Shajmerdenova zhәne teatrdyn algashky rezhissery GITIS tin tүlegi N Kamalovtar kosyldy Teatrdyn belgili әrtisteri M Sүrtibaev pen Zh Shashkina 1936 zhylgy Mәskeu kalasynda otken kazak oneri men әdebietinin onkүndigine katyskan Ұly Otan sogysy zhyldarynda kazak drama teatrynyn әrtister zhauyngerlerdin aldynda oz onerlerin korsetti Teatr repertuary mazmunynda patriotizm halyktar dostygy Otanga degen mahabbat ideyasy bar kojylymdarmen tolykty Olar M Әuezovtyn Қara kypshak Қobylandy A Ostrovskijdin Bez viny vinovatye atty kojylymdary 1944 zhyly teatrdyn 8 artisine ҚazSSR nin enbek sinirgen әrtisi atagy berilse 6 әrtis ҚazSSR Zhogargy Kenesinin Қurmet gramotasymen marapattaldy 1945 zhyly sogys ayaktalgannan kejin teatr uzhymyna I V Stalinnin atynan majdanga karazhat zhinagany үshin algys telegramma keldi 1964 zhshy teatrga kazaktyn belgili zhazushysy kogam kajratker S Sejfullinnin esimi berilse 1982 zhyly teatrdyn 50 zhyldyk merejtojy karsanynda teatr Halyktar dostygy ordenimen marapattaldy Bүgingi kүni S Sejfullin atyndagy kazak drama teatry respublikamyzdagy aldyngy katarly teatrlardyn biri Teatr birneshe teatr festivalderinin zhenimpazy sonyn ishinde 2000 zhyly Kair Egipet kalasynda otken Bүkilәlemdik teatr festivaline katysyp zhүldeli orynga ie bolyp kajtty Teatr sahnasynda kazak dramaturgteri men katar orys zhәne shetel avtorlarynyn shygarmalary kojylady K Stanislavskij atyndagy oblystyk orys drama teatry1930 zhyly Қazakstannyn ortalygynda Tүrksib kurylysshylaryna kyzmet korsetetin Zhivaya gazeta atty үgit brigadasy kuryldy Үsh vagonda ornalaskan bul үgit brigadasy Semejden Tashkentke bagyt aldy Onyn kuramyndagy әrtister teatraldy bayandamalar әzil sykaktar chastushkalar litmontazhdar oryndady Teatrdyn algashky direktory Vasilij Mihajlovich Portnov boldy Ol baskarushy ggana emes sonymen katar teatrdyn korkemdik zhetekshisi zhәne kojylymdardyn avtory da boldy Ol basshylyk etken 18 zhyl ishinde zhylzhymaly Tүrksib brigadasy kәsipkoj drama teatryna ajnaldy 1948 zhyly V M Portnov respublikalyk M Yu Lermontov atyndagy drama teatrynyn direktory bolyp tagajyndaldy Teatrdyn halykka kyzmet korsetudegi algashky zhyldarynda Shekspir zhәne E Vojnich siyakty belgili zhazushylar men dramaturgterdin shygarmalaryn sahnaga dajyndaj bastady Ұly Otan sogysy zhyldarynda karagandylyk әrtister koncerttik brigadalar kuramynda majdan zhauyngerleri zhәne tyldagy shahta zhәne kenish zhumyskerleri aldynda oz onerlerin korsetti 1954 zhyly orys drama teatry kazak drama teatrynan bolindi 1962 zhyly zhemisti enbekterinin arkasynda Қaragandy drama teatryna orystyn uly rezhisseri K S Stanislavskijdin esimi berildi 1981 zhyly teatr ozinin 50 zhyldyk merejtojy karsanynda halyktar Dostygy ordenimen marapattaldy 1961 1997 zhyldar aralygynda Қazakstan Respublikasynyn halyk әrtisi Viktor Kirillovich Borisov teatrdyn direktory boldy Onyn basshylygymen teatr Қazakstandagy en үzdik shygarmashylyk uzhymdardyn biri boldy V K Borisov әrtisterdin rezhisserler men suretshilerdin biliktiligin arttyruga zhәne kәsibi sheberlikterin shyndauga kop konil boldi 2003 zhyly V K Borisov omirinin sonyna dejin turgan Chkalov koshesindegi үjge memorialdyk takta ornatyldy 1997 zhyldan 2006 zhylga dejin teatrga Қazakstan Respublikasynyn enbek sinirgen kajratkeri G S Oganesyan basshylyk etti S Қozhamkulov atyndagy Zhezkazgan sazdy drama teatryZhezkazgan teatry 1972 zhyly Arkalyk kalasynda ashylgan Torgaj oblystyk kazak sazdy drama teatrynyn negizin Shepkin atyndagy Mәskeu zhogary teatr uchilishesinin 17 tүlegi Zh Қazhiev D Zhanbotaev Sh Bajgabshova Sh Esenkulova M Manapov T Rakysheva R Қazhievalar kalady Shepkin atyndagy teatr uchilishesi Mәskeu kishi teatryna әrtister dajyndajtyn mektep Әrtister arasynda ony koptegen talantty zhәne atakty әrtisterdi tәrbielep shygargany үshin Ostrovskijdin үji dep atajdy Қazakstandyk zhas әrtisterge Resejdin enbek sinirgen mәdeniet kajratkerleri professor M N Gladkov zhәne V N Smirnovtar dәris okyp omirlerine zholdama berdi 1988 zhyly Torgaj oblysynyn territoriyasynyn ozgeruine bajlanysty teatr ote kiyn kezendi bastan otkizdi Bul kezenderde sazdy drama teatry tarap ketu aldynda turdy ҚazSSR Ministrler Kenesinin sheshimimen teatr Zhezkazgan kalasyna koshirildi 1995 zhyly Zhezkazgan kalasynda Abajdyn 150 zhyldyk merejtojyna oraj rezhisser Zh Қazhiev Erte oyandym ojlandym zhete almadym atty kojylym kojyp Bas zhүldeni zhenip aldy 2001 zhyly Petropavl kalasynda otken IX Respublikalyk festivalde Қ Әbdirahmanovanyn Ketbugy atty tarihi dramasy en үzdik kojylym dep tanyldy 1981 zhyly Torgaj oblystyk sazdy drama teatryna sahna majtalmany belgili mәdeniet kajratkeri Socialistik Enbek Eri Serke Қozhamkulovtyn esimi berildi Bul teatr uzhymynyn shygarmashylyk zhumysyna berilgen үlken baga zhәne Қazakstan teatr onerinin damuyna korsetilgen zor senim Қaragandy akademiyalyk muzykalyk komediya teatryҚaragandy akademiyalyk muzykalyk komediya teatry 1973 zhyly 16 karashada kurylgan Sol kezdegi teatrdyn belgili әrtisteri KSRO nyn halyk әrtisi I G Vojnarovskij zhәne KSRO nyn enbek sinirgen әrtisi N Simonova boldy Teatrdyn negizin kalaushy korkemdik zhetekshisi zhәne algashky direktory Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kajratkeri E L Peleshuk boldy Oblys әkimshiliginin koldauymen oblystyk mәdeniet departamentinin zhәne teatrdyn usynysy bojynsha Қaragandy oner kolledzhinin negizinde muzyka teatrynyn әrtisterin dajyndajtyn zhәne horeografiya bolimder ashyldy Bolashak әrtister sahna sheberlerinen dәris alady 2000 zhyly teatrga en zhogargy Akademiyalyk degen atak berildi 2005 zhyly teatr 380 onyn ishinde 80 i gastroldik spektaklder kojdy Temirtau balalar men zhasospirimder teatryTemirtau balalar men zhasospirimder teatry 1989 zhyly 24 karashada Chemodan chepuhi ili bystro horosho ne byvaet atty L Petrushevskijdin pesasy bojynsha rezhisser Yu Sininnin kojylymymen ashyldy Teatrda 17 akter zhumys zhasady Yu V Sinin teatrdyn algashky direktory boldy Al teatrdyn bas suretshisi A I Osipenko boldy Teatr repertuarynda negizinen balalarga arnalgan kojylymdar basym Bүgingi tanda balalarga arnalgan 16 kojylym korsetiledi Olar Vlyublennyj zajchik Tysyacha vtoraya noch Shaherezady Puzyr Solominka i Lapot Koshkin dom tagy baaska Buratino kuyrshak teatryBalalar sarajynyn kuyrshak teatry 1959 zhyly kurylgan 1965 zhyldan kazirgi atymen atalady 1977 zhyly teatrga halyk atagy berildi Teatrda 80 mynnan artyk kojylym kojyldy zhyl sajyn 20 myn korermen kabyldajdy Әr zhyldary Andersennin Aksha kar korolevasy I Kolaptyn Zhalganda Ferdadadan artyk eshkim zhok t b spektaklder kojyldy Teatrdyn korkemdik zhetekshisi 1959 1979 zhyldar aralygynda E I Savina al V V Malenko 1986 zhyldan kyzmet atkarady Қ Bajzhanov atyndagy koncerttik birlestik1938 zhylgy 6 nauryzda kuryldy Kejin ogan 1990 zhyly kazaktyn belgili әnshisi Қ Bajzhanovtyn aty berildi Algashky zhyldary bul uzhymda Қ Bajzhanov Zh Elebekov M Hamzin N Әbishev Z Zhubatova R Қojshybaeva daryndy oner majtalmandary zhumys zhasady Filarmoniyanyn algashky direktory Starodubenko boldy Filarmoniyanyn gүldenip bedelinin osuine barlyk kүsh zhigerin shygarmashylygy men ujymdastyrushylyk kabiletin zhumsagan filarmoniyanyn kejingi direktory P I Yapovickij Ol filarmoniyaga 30 zhyldan astam uakyt basshylyk etti Ogan tabysty enbegi ushin Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kyzmetkeri atagy berildi Odan kejingi zhyldary uzhymga Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kyzmetkeri Ya M Simanovskij basshylyk etti Zhas talanttardy tәrbieleuge zhәne oblysymyzda kәsibi vokaldyk onerdin damuyna Қaragandy filarmoniyasynyn algashky korkemdik zhetekshisi Қazak SSR nin halyk әrtisi Saratov konservatoriyasynyn tүlegi B A Orlov kop enbek sinirdi Қazirgi uakytta birlestiktin direktory Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kajratkeri Z K Mejrambekov 1956 zhyly klassikalyk muzykany nasihattajtyn shekti kvartet kuryldy Bul kvartette V Yakimov A Kanenov siyakty belgili muzykanttar oner korsetti Bul koncerttik birlestiktegi 1995 zhyly kurylgan en zhas uzhym Әuen ansambli Bul ansambldin negizin kalaushylardyn biri Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kajratkeri M Rymzhanov boldy 1997 zhyly ansanbl oryndaushylarynyn biri E Қuzhimanov Sh Қaldayakov atyndagy II Halykaralyk konkurstyn laureaty atagyna ie boldy Al 1999 zhyly ol Shabyt Respublikalyk zhastar shygarmashylygy festivalinde bas zhүldege ie bolyp Prezident stipendiaty boldy Sonymen katar ansambl kuramynda Қazakstan Zhastar Odagy syjlygynyn laureaty Zh Kemalov Қ Bajsejitova atyndagy Respublikalyk konkurstyn laureaty Vokalshy 2000 nominaciyasy bojynsha oblys әkimi syjlygynyn iegeri T Ydyrysovtar oner korsetedi 1994 zhyly I Andrejchenkonyn basshylygymen Big Bend dzhaz orkestry kuryldy Bul orkestrdin bagdarlamasynda dzhaz zhәne belgili zhenip sazdy kompoziciyalar oryndalady Resejde otken Halykaralyk dzhaz muzykasy festivalinin laureaty Dzhaz orkestrinin repertuary zhyl sajyn kazak kompozitorlarynyn shygarmalarymen tolygyp otyratyn dzhaz muzykasyna ote baj 1993 zhyly Akku ansambli kuryldy Ansambldin korkemdik zhetekshisi Respublikalyk estrada oneri studiyasynyn tүlegi Қ Mukatova Al kejingi zhyldary Shyndauyl sokpaly aspaptar ansambli Zhiger dombyrashylar ansambli Shagala kobyzshylar ansambli zhәne shekti kvartet kuryldy Muzej ekspoziciyasynda Қuanysh Iskorka Volshebnaya strana Saltanat Vdohnovenie Arabeski Antre Shashu siyakty Қaragandy oblysyndagy balalardyn bi uzhymdary korsetilgen Olar Ajnalajyn Boztorgaj Obzor Bolgariya Bodrum Tүrkiya atty Halykaralyk konkurstar men festivalderge katysyp zhүldeli oryndarga ie bolgan Tәttimbet atyndagy halyk aspaptary orkestri 1988 zhyly kuryldy 1990 zhyly kazaktyn uly kүjshisi Tәttimbet Қazangapulynyn aty berildi Orkestrdin irgesin kalagan KSRO halyk artisti Memlekettik syjlyktyn laureaty professor Shamgon Қazhygaliev Onyn basshylygymen Respublikanyn muzyka tәzhiribesinde tungysh ret A Zhubanov pen L Hamididin Abaj E Brusilovskijdin Қyz Zhibek operalarynyn koncerttik varianty kazak orkestrinin oryndauynda sahnaga shykty Sonymen katar orkestr orys zhәne shetel kompozitorlarynyn shygarmalarynda oryndajdy 2000 zhyly orkestrge Akademiyalyk kurmetti atagy berildi Orkestrdin bas dirizhery Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri D Үkibaj direktory Ғ Әzhbagambetov T Қalmagambetov atyndagy Zhezkazgan filarmoniyasyZhezkagan Memlekettik filarmoniyasy 1974 zhyly mausymda kurylgan 1990 zhyly 15 karashadagy 444 kaulysymen filarmoniyaga akyn Tajzhan Қalmagambetovtyn esimi berildi Filarmoniyanyn negizin kalaushy tungysh direktory elimizge tanymal rezhisser S Eleusizov boldy Filarmoniyanyn kurylyp damuyna vokaldy aspapty Қarakoz estradalyk folklorlyk Ұlytau ansamblderi eleuli үles kosty Bүgingi tanda filarmoniya kuramynda bes shygarmashylyk uzhym zhumys zhasajdy Olar Zhezkiik 1975 zh tungysh korkemdik zhetekshisi Zh Sejilov kazirgi korkemdik zhetekshisi B Keshenov Әn konildin azhary toby 1984 zh k zh Ғ Muhamedin Bizdin zhanuya 1997 zh k zh A Bajbosynov Dәuir zhastar estradalyk toby 2003 zh k zh A Mukyshev zhәne bishilerdin Aelita k zh I Borovik toby zhumys zhasajdy Filarmoniyanyn shygarmashylyk uzhymdary Germaniya Islandiya Franciya Iran Vengriya zhәne tagy da baska memleketterge gastroldik saparlarga shygyp oz onerlerin korsetip kajtty