Қаратау шимайлы тастары, Қаратау петроглифтері – қола дәуірі мен орта ғасыр аралығында тастарға шекілген суреттер.
Қаратаудың шатқалдары мен сайларында (Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, , , , Ақсу-Жабағылы қорығы, Қошқарата, , Ранг, , т.б.) көптеп ұшырасады. 20 ғасырдың басында Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері бастаған зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Оларды зерттеуге М.Қадырбаев, А.Н. Марьяшев, З.Самашев, т.б. археологтар көп үлес қосты. Ғылым айналымға енген суреттер саны бірнеше мың. Мысалы, Түркістан облысы Созақ ауданы ауданы Абай қыстағының оңтүстік-батысындағы 7 км жердегі Арпаөзен таңбалы тастарындағы суреттердің саны 3,5 мың. Осы аудандағы Сызған елді мекенінен 8 км оңтүстік-батыстағы Қойбағар таңбалы тастарындағы суреттер саны да осындай. Созақ а-нан 30 км оңтүстікте орналасқан Қошқарата шимайлы тастарындағы, Бурное станциясынан 27 км солтүстік-шығыстағы Габаевка петроглифтері де бірнеше жүз сюжеттерден тұрады. Қаратау шимайлы тастары тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қой тастарға қашап салынған. Олар көшпелі тайпалардың салт-санасын, діни түсініктері мен ырымдарын, әдет-ғұрпын білдіреді. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің символын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері (таутекеге ит қосу, садақпен аңға шығу, құс аулау), батырлар жекпе-жегі (қылыштасу, сойылдасу) басты орын алған. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен таралған. Қаратау шимайлы тастарындағы суреттерде соғыс арбалары 49 жерде кездеседі. Мұндай бедерлер Жетісудағы Таңбалы, Ешкіөлмес, т.б. жерлерде де ұшырасады. Олардың бәрі бір мәнерде, арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, оның екі жағына қойылған тәрізді етіп салынған. Оларға жегілген – аттар, түйелер сирек ұшырасады. Қаратауды мекендеген көшпелі тайпалар аң мен хайуанаттарды ерекше қадір тұтып, оларды киелі деп, тәңірі, пір санағандығын да аңғаруға болады. Қазақ халқының төрт түлік мал иелерін (Шопан ата, Зеңгі Баба, т.б.) пір тұтуы да ежелден келе жатқан наным-сенім екені мәлім. Бұл өлкеде кездесетін көптеген суреттер мал өсірумен тығыз байланысты. Қаратау шимайлы тастары жергілікті халықтың ежелгі рухани өмірін көрсететін ерекше мәдени ескерткіштер ретінде бағаланады.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- “Тараз энциклопедиясы”
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaratau shimajly tastary Қaratau petroglifteri kola dәuiri men orta gasyr aralygynda tastarga shekilgen suretter Қarataudyn shatkaldary men sajlarynda Қojbagar Arpaozen Majdamtal Aksu Zhabagyly korygy Қoshkarata Rang t b koptep ushyrasady 20 gasyrdyn basynda Tүrkistan arheologiya әueskojlary үjirmesinin mүsheleri bastagan zertteu zhumystary әli kүnge dejin zhalgasyn tauyp keledi Olardy zertteuge M Қadyrbaev A N Maryashev Z Samashev t b arheologtar kop үles kosty Ғylym ajnalymga engen suretter sany birneshe myn Mysaly Tүrkistan oblysy Sozak audany audany Abaj kystagynyn ontүstik batysyndagy 7 km zherdegi Arpaozen tanbaly tastaryndagy suretterdin sany 3 5 myn Osy audandagy Syzgan eldi mekeninen 8 km ontүstik batystagy Қojbagar tanbaly tastaryndagy suretter sany da osyndaj Sozak a nan 30 km ontүstikte ornalaskan Қoshkarata shimajly tastaryndagy Burnoe stanciyasynan 27 km soltүstik shygystagy Gabaevka petroglifteri de birneshe zhүz syuzhetterden turady Қaratau shimajly tastary tik kiya zhartastar men irili usakty koj tastarga kashap salyngan Olar koshpeli tajpalardyn salt sanasyn dini tүsinikteri men yrymdaryn әdet gurpyn bildiredi Қaratau shimajly tastarynda andar men hajuanattardyn nobajlary bajlyk pen kүshtin simvolyn bildiretin tүje keskini anshylyk korinisteri tautekege it kosu sadakpen anga shygu kus aulau batyrlar zhekpe zhegi kylyshtasu sojyldasu basty oryn algan Қola dәuiri petroglifterinin arasynda sogys arbasyn bejneleu de keninen taralgan Қaratau shimajly tastaryndagy suretterde sogys arbalary 49 zherde kezdesedi Mundaj bederler Zhetisudagy Tanbaly Eshkiolmes t b zherlerde de ushyrasady Olardyn bәri bir mәnerde arba bolshektelip dongalaktary alynyp onyn eki zhagyna kojylgan tәrizdi etip salyngan Olarga zhegilgen attar tүjeler sirek ushyrasady Қarataudy mekendegen koshpeli tajpalar an men hajuanattardy erekshe kadir tutyp olardy kieli dep tәniri pir sanagandygyn da angaruga bolady Қazak halkynyn tort tүlik mal ielerin Shopan ata Zengi Baba t b pir tutuy da ezhelden kele zhatkan nanym senim ekeni mәlim Bul olkede kezdesetin koptegen suretter mal osirumen tygyz bajlanysty Қaratau shimajly tastary zhergilikti halyktyn ezhelgi ruhani omirin korsetetin erekshe mәdeni eskertkishter retinde bagalanady DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Taraz enciklopediyasy