Қарапайым бөлшектер – заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектері.
Толығырақ
Қарапайым бөлшектердің қасиеттері мен құрылымын зерттеу – қазіргі физиканың негізгі мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде антибөлшектерді қосқанда 200-ге жуық Қарапайым бөлшек белгілі болып отыр. Солардың ішінен атомдар құрамына кіретін электрон, протон және нейтрон ғана. Протон мен нейтрондардан атом ядросы, ал электрондардан атомның электрондық қабықтары түзіледі. Қалған Қарапайым бөлшектер әдетте секундтың өте аз үлесіндей уақыт қана өмір сүреді. Қарапайым бөлшектер зат атомдарымен әсерлесуі нәтижесінде электрондар мен протондарға түрленеді. Электрон, позитрон, протон, антипротон, нейтрино, антинейтрино және фотоннан басқа бөлшектердің барлығы өздігінен ыдырайды. Қарапайым б-дің пайда болу мезеті мен ыдырау мезетінің арасындағы уақыт (тұрақсыз Э. б-дің өмір сүру уақыты деп аталатын) әдетте секундтың миллиондық және миллиардтық үлесіндей болады.
Табиғаттағы тұрақсыз Қарапайым бөлшектер ғарыштық сәулелерде (ғарыштағы үдей қозғалған протондар мен электрондардың атмосферадағы бөлшектерді соққылау кезінде) пайда болады. Алайда ғарыштық сәулелердегі тұрақсыз Қарапайым бөлшектердің қасиеттерін дәлірек зерттеу қиынырақ. Өйткені олардың қарқындылығы өте аз. Сондықтан одан гөрі зарядты бөлшектер үдеткішінде алынған Қарапайым бөлшектер шоғын зерттеу қолайлы. Үдеткіште жылдамдатылған протондардың не электрондардың энергиясы неғұрлым жоғары болған сайын ауыр, тұрақсыз Қарапайым бөлшектер алынады. Қазіргі кезде үдеткіштер бөлшектердің энергиясын 70 ГэВ-ке дейін жеткізе алады.
Қарапайым бөлшектердің мөлшері өте кішкентай (мыс., протонның мөлшері шамамен 10–13 см) болғандықтан, оларды ешқандай оптик. прибордың көмегімен көруге болмайды. Физиктер Қарапайым бөлшектер жөніндегі деректерді Қарапайым бөлшектердің зат арқылы өтуі кезінде пайда болған құбылыстарды зерттеу нәтижесінде алады. Мұндай құбылыстарға қозғалған бөлшектердің фотоэмульсиядағы (қ. Қалың қабатты фотопластинка әдісі) не арнаулы прибордағы (мыс., Вильсон камерасы, Көпіршікті камера, т.б.) іздері, Қарапайым бөлшектердің Черенков – Вавилов сәуле шығаруы, Қарапайым бөлшектер өткен кезде арнаулы санауыштарда пайда болатын разрядтар жатады.
Қарапайым бөлшектерді зерттеу саласында соңғы уақытта ірі табыстарға қол жетті. Қарапайым бөлшектердің құрылымы әзірше айқындалмаса да оларды нағыз элементар деп айтуға болмайды. Қарапайым бөлшектердің күрделі болатындығы олардың бір-бірімен әсерлесетіндігіне байланысты. Қарапайым бөлшектер бір-бірімен әсерлесе отырып басқа бір Қарапайым бөлшектерге түрленеді. Осы түрлену кезінде энергияның, импульстың және қозғалыс мөлшерінің заңдары, сондай-ақ арнаулы заңдар да (мыс, сақталу заңы, ғажаптылықтың сақталу заңы) орындалады.
Қарапайым бөлшектердің фотоннан басқасы лептондар, мезондар және бариондар деп аталатын үш топқа бөлінеді. Әр топтың өздеріне тән кванттық сандары болады. Э. б. гравитац. өзара әсерден басқа – күшті, эл.-магн. және әлсіз өзара әсерге қатысады. Әрбір Қарапайым бөлшектің антибөлшегі бар. Бөлшек пен антибөлшек жұбының қарапайым мысалына электрон мен позитрон жатады. Өзара әсерлесудің әр түріне сәйкес өзінің симметриясы болады. 20 ғ-дың 60-жылдары барлық белгілі Э. б. құ-ралады деп жорамалданатын және адрондардың күшті өзара әсеріне қатысатын – теориясы жасалды (американ физигі М.Гелл-Ман, австрия физигі Г.Цвейг). Кварктердің болатындығы әзірше іс жүзінде дәлелденген жоқ.
Біздерге таныс атом бөлшектері электрон, протон, нейтрон, солармен қатар фотон және нейтринолар Қарапайым бөлшектер болып табылады. Қарапайым бөлшектер қатарына антибөлшектер де кіреді. Электронның антибелшегін позитрон, ал протондікін антипротон деп атайды. Олар бір-бірінен зарядтарының таңбасымен ғана ерекшеленеді. Мысалы, электронның бір теріс элементар заряды бар болса (е ), позитрон бір оң элементар зарядты иеленеді (е+). Дәл осылай протон (р) бір оң элементар зарядты, ал анти-протон (р) бір теріс элементар зарядты иеленеді.
Өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті элементар бөлшек дейміз.
Қарапайым бөлшектер қатарына нуклондар мен электрондарды және басқа да бөлшектерді қосқанымызбен, олардың қаншалықты элементар екенін дәл басып айта алмаймыз. Бір кездері молекулаларды, одан кейін атомдарды дүниенің бөлінбейтін кірпіші, яғни элементар бөлшегі деп айтқан болатын. Ал қазір элементар бөлшектер қатарында 400-ден аса бөлшектер бар. Шынында да, олар элементар бөлшектер ме? Бұл сұрақтың жауабы әзірге ғылыми болжамдар деңгейінен аса алмай отыр. Оған негіз де жоқ емес.
Дереккөздер
- Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет. ISBN 9965-36-700-0
Бұл — физика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarapajym bolshekter zattyn en usak zhәne ishki kurylymy en karapajym dep esepteletin bolshekteri TolygyrakҚarapajym bolshekterdin kasietteri men kurylymyn zertteu kazirgi fizikanyn negizgi mәselelerinin biri Қazirgi kezde antibolshekterdi koskanda 200 ge zhuyk Қarapajym bolshek belgili bolyp otyr Solardyn ishinen atomdar kuramyna kiretin elektron proton zhәne nejtron gana Proton men nejtrondardan atom yadrosy al elektrondardan atomnyn elektrondyk kabyktary tүziledi Қalgan Қarapajym bolshekter әdette sekundtyn ote az үlesindej uakyt kana omir sүredi Қarapajym bolshekter zat atomdarymen әserlesui nәtizhesinde elektrondar men protondarga tүrlenedi Elektron pozitron proton antiproton nejtrino antinejtrino zhәne fotonnan baska bolshekterdin barlygy ozdiginen ydyrajdy Қarapajym b din pajda bolu mezeti men ydyrau mezetinin arasyndagy uakyt turaksyz E b din omir sүru uakyty dep atalatyn әdette sekundtyn milliondyk zhәne milliardtyk үlesindej bolady Tabigattagy turaksyz Қarapajym bolshekter garyshtyk sәulelerde garyshtagy үdej kozgalgan protondar men elektrondardyn atmosferadagy bolshekterdi sokkylau kezinde pajda bolady Alajda garyshtyk sәulelerdegi turaksyz Қarapajym bolshekterdin kasietterin dәlirek zertteu kiynyrak Өjtkeni olardyn karkyndylygy ote az Sondyktan odan gori zaryadty bolshekter үdetkishinde alyngan Қarapajym bolshekter shogyn zertteu kolajly Үdetkishte zhyldamdatylgan protondardyn ne elektrondardyn energiyasy negurlym zhogary bolgan sajyn auyr turaksyz Қarapajym bolshekter alynady Қazirgi kezde үdetkishter bolshekterdin energiyasyn 70 GeV ke dejin zhetkize alady Қarapajym bolshekterdin molsheri ote kishkentaj mys protonnyn molsheri shamamen 10 13 sm bolgandyktan olardy eshkandaj optik pribordyn komegimen koruge bolmajdy Fizikter Қarapajym bolshekter zhonindegi derekterdi Қarapajym bolshekterdin zat arkyly otui kezinde pajda bolgan kubylystardy zertteu nәtizhesinde alady Mundaj kubylystarga kozgalgan bolshekterdin fotoemulsiyadagy k Қalyn kabatty fotoplastinka әdisi ne arnauly pribordagy mys Vilson kamerasy Kopirshikti kamera t b izderi Қarapajym bolshekterdin Cherenkov Vavilov sәule shygaruy Қarapajym bolshekter otken kezde arnauly sanauyshtarda pajda bolatyn razryadtar zhatady Қarapajym bolshekterdi zertteu salasynda songy uakytta iri tabystarga kol zhetti Қarapajym bolshekterdin kurylymy әzirshe ajkyndalmasa da olardy nagyz elementar dep ajtuga bolmajdy Қarapajym bolshekterdin kүrdeli bolatyndygy olardyn bir birimen әserlesetindigine bajlanysty Қarapajym bolshekter bir birimen әserlese otyryp baska bir Қarapajym bolshekterge tүrlenedi Osy tүrlenu kezinde energiyanyn impulstyn zhәne kozgalys molsherinin zandary sondaj ak arnauly zandar da mys saktalu zany gazhaptylyktyn saktalu zany oryndalady Қarapajym bolshekterdin fotonnan baskasy leptondar mezondar zhәne bariondar dep atalatyn үsh topka bolinedi Әr toptyn ozderine tәn kvanttyk sandary bolady E b gravitac ozara әserden baska kүshti el magn zhәne әlsiz ozara әserge katysady Әrbir Қarapajym bolshektin antibolshegi bar Bolshek pen antibolshek zhubynyn karapajym mysalyna elektron men pozitron zhatady Өzara әserlesudin әr tүrine sәjkes ozinin simmetriyasy bolady 20 g dyn 60 zhyldary barlyk belgili E b ku ralady dep zhoramaldanatyn zhәne adrondardyn kүshti ozara әserine katysatyn teoriyasy zhasaldy amerikan fizigi M Gell Man avstriya fizigi G Cvejg Kvarkterdin bolatyndygy әzirshe is zhүzinde dәleldengen zhok Bizderge tanys atom bolshekteri elektron proton nejtron solarmen katar foton zhәne nejtrinolar Қarapajym bolshekter bolyp tabylady Қarapajym bolshekter kataryna antibolshekter de kiredi Elektronnyn antibelshegin pozitron al protondikin antiproton dep atajdy Olar bir birinen zaryadtarynyn tanbasymen gana erekshelenedi Mysaly elektronnyn bir teris elementar zaryady bar bolsa e pozitron bir on elementar zaryadty ielenedi e Dәl osylaj proton r bir on elementar zaryadty al anti proton r bir teris elementar zaryadty ielenedi Өz kurylymy men kuramy bolmajtyn bolshekti elementar bolshek dejmiz Қarapajym bolshekter kataryna nuklondar men elektrondardy zhәne baska da bolshekterdi koskanymyzben olardyn kanshalykty elementar ekenin dәl basyp ajta almajmyz Bir kezderi molekulalardy odan kejin atomdardy dүnienin bolinbejtin kirpishi yagni elementar bolshegi dep ajtkan bolatyn Al kazir elementar bolshekter katarynda 400 den asa bolshekter bar Shynynda da olar elementar bolshekter me Bul suraktyn zhauaby әzirge gylymi bolzhamdar dengejinen asa almaj otyr Ogan negiz de zhok emes DerekkozderFizika zhәne astronomiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Өnd tolykt 2 bas R Basharuly D Қazakbaeva U Tokbergenova N Bekbasar Almaty Mektep baspasy 2009 240 bet ISBN 9965 36 700 0 Bul fizika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet