Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
- 1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
- 2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
- 3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
- 4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:
- 1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
- 2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
- 3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
- Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
- тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
- ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады.
Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған кепілденілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары: 1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу; 3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
- 1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
- 2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
- 3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 3,3 триллион теңгені (аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) - 27,9 миллиард АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37% болды. 2002 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді.
2008 жылы Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге түсті, соның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тура салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)- 1,7 триллион теңге, оның 717,8 миллиард теңгесі (6 миллиард АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау / қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторының кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда)- 16,6 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1,6 миллиард теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін - 66,2 миллиард теңге.
Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2008 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1 миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды.
Ұлттық қорға 2009 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1 миллиард теңге қаржы түсті. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт және 261,5 миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті.
Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге аударылды.
Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2008 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені құрады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2008 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.
Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.
Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады.
2006 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.
Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталған жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.
Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бүл 2003 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен.
Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың кезқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.
Дереккөздер
- Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үkimettin Ұlttyk banktegi shotynda shogyrlandyrylatyn karzhylyk aktivter tүrindegi sondaj ak materialdyk emes aktivterdi kospaganda ozge mүlik tүrindegi memleket aktivteri Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk kory bolyp tabylady Ұlttyk kor memlekettin korlanymdaryn kalyptastyru sonymen birge әlemdik bagalardyn zhagdayatyna respublikalyk zhәne zhergilikti byudzhetterdin tәueldiligin tomendetu maksatynda zhasalynady Ol memlekettin turakty әleumettik ekonomikalyk damuyn kamtamasyz etuge karzhylyk aktivterdi zhәne materialdyk emes aktivterdi kospaganda ozge mүlikterdi zhinaktauga ekonomikanyn munaj sektoryna tәueldiligin zhәne kolajsyz syrtky faktorlardyn ykpalyn tomendetuge arnalgan Ұlttyk kor zhinaktau zhәne turaktandyru funkciyalaryn zhүzege asyrady Zhinaktau funkciyasy materialdyk emes aktivterdi kospaganda karzhylyk aktivter men ozge mүliktin zhinaktaluyn zhәne tәuekeldin kalypty dengejinde uzak merzimdi perspektivada Ұlttyk kor aktivterinin kiristiligin kamtamasyz etedi Turaktandyru funkciyasy Ұlttyk kordyn aktivteri otimdiliginin zhetkilikti dengejin ustap turuga arnalgan Қordyn turaktandyru funkciyasyn zhүzege asyru үshin pajdalanylatyn bir boligi kepildenilgen transfertti kamtamasyz etuge kazhetti molsherde ajkyndalady Ұlttyk kordy kalyptastyru zhәne pajdalanu әlemdik ishki tarau zhәne karzhy rynoktarynyn konyunkturasy memlekettegi zhәne shet elderdegi ekonomikalyk zhagdaj bul rette makroekonomikalyk zhәne fiskaldyk turaktylyk saktala otyryp zhәne Ұlttyk kordyn negizgi maksattary men mindetteri saktalynyp Қazakstannnyn әleumettik ekonomikalyk damu basymdyktary eskerile otyryp ajkyndalady Ұlttyk kordy kalyptastyru zhәne pajdalanu tiimdiligin arttyru zhonindegi sondaj ak ony pajdalanudyn kolemderi men bagyttary bojynsha sheshimderdi Prezident kabyldajdy Ұlttyk kordyn tүsimi men zhumsaluy ulttyk zhәne sheteldik valyutalarmen zhүrgiziledi al onyn operaciyalary bojynsha esepke alu men esepteme ulttyk valyutamen zhүzege asyrylady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn senimgerlik baskarudy Ұlttyk bank pen Үkimet arasynda zhasasylatyn senimgerlik baskaru turaly kelisimsharttyn negizinde Ұlttyk bank zhүzege asyrady Ұlttyk korga zhiberiletin byudzhettik tүsimder Ұlttyk kordy kalyptastyru kozderi bolyp tabylady Bul tүsimder 1 munaj sektory ujymdarynyn tura salyktarynan zhergilikti byudzhetterge esepteletin salyktardy kospaganda turady olarga korporativtik tabys salygy үsteme pajda salygy bonustar pajdaly kazbalardy ondiru salygy onimdi bolu bojynsha үlester eksportka renta salygy zhәne onimdi bolu turaly kelisimshart bojynsha kyzmetti zhүzege asyratyn zher kojnauyn pajdalanushynyn kosymsha tolemi zhatady 2 munaj sektory ujymdary zhүzege asyratyn operaciyalardan tүsetin baska tүsimderden zhergilikti byudzhetterge esepteletin tүsimderdi kospaganda sonyn ishinde munajlyk kelisimsharttar talaptarynyn buzylgany үshin tүsetin tүsimderden zhergilikti byudzhetterge esepteletin tүsimderdi kospaganda 3 respublikalyk menshiktegi zhәne tau ken ondiru men ondeu salalaryna zhatatyn memlekettik mүlikti zhekeshelendiruden tүsetin tүsimderden 4 auyl sharuashylygy arnalymyndagy zher uchaskelerin satudan tүsetin tүsimderden turady Ұlttyk kordyn karazhattary 1 Ұlttyk kordan tүsetin respublikalyk byudzhetke kepildenilgen transfert tүrinde 2 Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti ajkyndajtyn maksattarga Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke beriletin nysanaly transfertter tүrinde 3 Ұlttyk kordy baskaruga zhәne zhyl sajyn audit otkizuge bajlanysty shygystardy zhabuga zhumsalady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk kory Қazakstan Respublikasy Ұlttyk korynyn saktaluyn Ұlttyk kordyn zhetkilikti otimdilik dengejin ustap turudy tәuekel dengeji kalypty bolgan kezde uzak merzimdi perspektivada Ұlttyk kor tabystylygynyn zhogary dengejin uzak merzimdi perspektivada investiciyalyk tabystar aludy kamtamasyz etu maksatynda materialdyk emes aktivterdi kospaganda ruksat etilgen karzhylyk kuraldarga ornalastyrylady Materialdyk emes aktivterdi kospaganda ruksat etilgen karzhylyk kuraldardyn tizbesin Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn baskaru zhonindegi kenestin usynysy bojynsha Үkimet Ұlttyk bankpen birlesip ajkyndajdy Ұlttyk kordy zheke zhәne zani tulgalardy kreditteuge zhәne mindettemelerdin oryndaluyn kamtamasyz etu retinde pajdalanuga bolmajdy Aktivterdi Ұlttyk korga esepteu zhәne Ұlttyk kordy pajdalanu tәrtibin Қazakstan Respublikasynyn Үkimeti ajkyndajdy Ұlttyk korga tүsetin nemese bul kordan alynatyn aktivter Ұlttyk bank belgilegen tәrtippen ajyrbastauga nemese kajta ajyrbastauga zhatady Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke tүsetin kajtarusyz tүsimder osy Қordan kepildenilgen transfert bolyp tabylady Ұlttyk kordan үsh zhyldyk kezenge arnalgan kepildenilgen transfert molsheri respublikalyk byudzhet әzirlenetin zhyl aldyndagy karzhy zhylynyn ayagyndagy zhagdaj bojynsha Ұlttyk kor aktivterinin үshten bir boliginen aspauga tiis ol Үkimet belgilegen tәrtippen ajkyndalady zhәne Қazakstan Respublikasynyn zanymen bekitiledi Esepti karzhy zhyly ishinde Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke audarylmagan kepildenilgen transfert somasyn Respublikalyk byudzhettik komissiyanyn usynysy bojynsha zhәne Үkimet bekitken tәrtipke sәjkes Үkimettin byudzhetti tүzetu arkyly tiisti byudzhettik bagdarlamalar bojynsha tolenbegen tirkelgen mindettemeler somasynan aspajtyn kolemde otken karzhy zhylynyn respublikalyk byudzhetinde bekitilgen byudzhettik damu bagdarlamalaryn karzhylandyru үshin agymdagy karzhy zhylynda pajdalanuga kukygy bar Esepti karzhy zhyly үshin respublikalyk byudzhette Ұlttyk kordan audarylmagan kepildenilgen transfert somalaryn tartu otken karzhy zhylynyn byudzhettik damu bagdarlamalary bojynsha tirkelgen mindettemelerdin tolenbegen boliginin zhәne karzhy zhylynyn basyndagy byudzhettik karazhattar kaldyktary ajyrmasynyn somasynda zhүzege asyrylady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn baskaru zhonindegi kenes Ұlttyk kordy tiimdi pajdalanu zhәne ony materialdyk emes aktivterdi kospaganda sheteldik karzhylyk kuraldarga ornalastyru zhoninde usynystar әzirlejtin Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti zhanyndagy konsultaciyalyk kenesshi organ bolyp tabylady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn baskaru zhonindegi kenestin funkciyalary 1 Ұlttyk kordy kalyptastyru men pajdalanu tiimdiligin arttyru zhoninde usynystar әzirleu 2 Ұlttyk kordy pajdalanu kolemderi men bagyttary zhonindegi usynystardy karau zhәne әzirleu 3 Ұlttyk kordy ornalastyru үshin materialdyk emes aktivterdi kospaganda ruksat etilgen karzhylyk kuraldardyn tizbesi zhoninde usynystardy әzirleu bolyp tabylady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn baskaru zhonindegi kenesti kuru turaly sheshimdi onyn kuramy men ol turaly kagidany Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti bekitedi Ұlttyk kordyn kalyptastyryluy zhәne pajdalanyluy turaly zhyldyk esepti Үkimet Ұlttyk kor auditinin nәtizhelerin kosa otyryp zhyl sajyn esepti zhyldan kejingi zhyldyn 1 sәuirine dejin Ұlttyk bankpen birlesip zhasajdy zhәne ony Ұlttyk bankpen birlese otyryp zhyl sajyn agymdagy zhyldyn 1 mamyrynan keshiktirmej Prezidenttin bekituine usynady Ұlttyk kordyn kalyptastyryluy zhәne pajdalanyluy turaly zhyldyk esepti Prezident bekitkennen kejin Үkimet ony akparat retinde Қazakstan Respublikasynyn Parlamentine usynady Ұlttyk kordy baskaruga bajlanysty kyzmettin ashyktygyn kamtamasyz etu maksatynda zhyl sajyn audit zhүrgiziledi Auditorlyk ujymdy tandau konkurstyk negizde Қazakstan Respublikasynyn zannamasyna sәjkes zhүzege asyrylady Ұlttyk kordyn kalyptastyryluy zhәne pajdalanyluy turaly zhyldyk esep zhәne audit zhүrgizudin nәtizheleri turaly akparat bukaralyk akparat kuraldarynda zhariyalanady Қordyn kalyptastyryluy zhәne pajdalanyluy turaly zhyldyk esepte 1 Ұlttyk kordyn tүsimderi zhәne pajdalanyluy turaly esep 2 Ұlttyk banktin Ұlttyk kordy senimgerlikpen baskaru zhonindegi kyzmeti turaly esep 3 Ұlttyk kordy baskaru zhonindegi ozge mәlimetter boluy tiis Қazakstan Respublikasy Ұlttyk korynyn kalyptastyryluy men pajdalanyluy turaly 2008 zhylgy esep bojynsha 2009 zhylgy 1 kantarga Ұlttyk kordyn taza aktivteri 3 3 trillion tengeni audittelgen karzhylyk eseptemege sәjkes esepteu tәsilimen 27 9 milliard AҚSh dollaryn nemese eldin barlyk altyn valyuta rezervterinin 60 5 yn kurady Қordyn zhinaktau zhәne turaktandyru portfelderinin ara salmagy 63 37 boldy 2002 zhyldyn ayagyna bul soma 1 9 milliard dollar kurap Қordyn zhinaktau zhәne turaktandyru portfelderinin ara salmagy 90 10 bolgan edi 2008 zhyly Ұlttyk korga 1 7 trillion tenge tүsti sonyn ishinde munaj sektory kәsiporyndarynan tүsken tura salyktardyn tүsimderi esebinen zhergilikti byudzhetterge esepke alynatyn salyktardy kospaganda 1 7 trillion tenge onyn 717 8 milliard tengesi 6 milliard AҚSh dollaryna barabar kezekti ajyrbastau kajta ajyrbastau operaciyasyn dәl sol kүni zhүrgizu zholymen Ұlttyk kordyn tiisti shotyna tengemen esepke alyngan sheteldik valyutadagy tүsimder bolyp tabylady munaj sektorynyn kәsiporyndary zhүzege asyratyn operaciyalardan tүsetin baska tүsimder zhergilikti byudzhetterge tүsetin tүsimderdi kospaganda 16 6 milliard tenge auyl sharuashylygy arnalymyndagy zher uchaskelerin satudan tүsetin tүsimder 1 6 milliard tenge Ұlttyk kordy baskarudan tүsetin 66 2 milliard tenge Ұlttyk kordy baskaruga zhәne zhyl sajyn syrtky auditti zhүrgizuge bajlanysty Ұlttyk kordyn shotynan esepti kezende zhalpy somasy 2 7 milliard tengege shygystar zhүrgizildi Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk korynan 2007 2009 zhyldarga arnalgan kepildendirilgen transfert turaly Қazakstan Respublikasy Zanyna sәjkes 2008 zhyly Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke damu byudzhetinin shygystaryn zhabuga kepildendirilgen transfert tүrinde zhosparlangan 461 4 million tengenin 461 4 million tengesi audaryldy Ol zhospardyn 99 9 yn kurajdy Budan baska 2008 zhyly Қazakstan Respublikasy Ұlttyk korynan respublikalyk byudzhetke zhosparlangan 5 1 milliard tengenin 3 5 milliard tengesi audaryldy bul 69 1 dy kurajdy Ұlttyk korga 2009 zhyly zhospardagy 1 394 9 milliard tengenin ornyna 1 378 1 milliard tenge karzhy tүsti Al Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke dagdaryska karsy is kimyl sharalaryn karzhylandyru үshin zhyl ishinde 1 107 5 milliard tenge karzhy audaryldy Atap ajtkanda 843 1 milliard tenge kepildendirilgen transfert zhәne 261 5 milliard tenge maksaty transfert Қoryta ajtkanda 2009 zhyly Ұlttyk kordyn osimi 270 6 milliard tengege zhetip 2010 zhyldyn 1 kantaryndagy esep bojynsha zhalpy molsheri 4 542 8 milliard tengege zhetti Ұlttyk kordyn aktivteri 2020 zhylga karaj 90 milliard dollarga dejin osui tiis munyn ozi IZhӨ nin 30 pajyzdan kem emes molsherin kurajdy Қazir Ұlttyk kordy kalyptastyrudyn zhәne pajdalanudyn zhana tuzhyrymdamasy zhasaluda Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk korynan beriletin 2008 zhylga arnalgan nysanaly transfert turaly Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Zharlygyna sәjkes 2008 zhylgy karasha men zheltoksanda Қazakstan Respublikasy ulttyk ekonomikasynyn bәsekege kabilettiligin zhәne ornykty damuyn kamtamasyz etu zhonindegi sharalardy iske asyru үshin Samuryk Қazyna Ұlttyk әl aukat kory akcionerlik kogamynyn zhargylyk kapitalyn ulgajtuga Ұlttyk kordan respublikalyk byudzhetke nysanaly transfert tүrinde 607 5 million tenge audaryldy Ұlttyk kordyn senimgerlik baskarudyn korytyndylary bojynsha 2008 zhyly alyngan ulttyk valyutada korsetilgen investiciyalyk tabys 66 2 million tengeni kurady Ұlttyk kordy baskaruga bajlanysty kyzmettin kamtamasyz etu maksatynda audittin halykaralyk standarttaryna sәjkes 2008 zhylga auditorlyk tekseru zhүrgizildi Қordyn aktivteri ajryksha sheteldik valyutalarda nominaldandyrylgan sheteldik karzhylyk kuraldarga investiciyalanady Turaktandyru portfeli zhogary kredittik rejtingi bar elderdin aksha rynogynyn senimdi aktivterine investiciyalanady Zhinaktau portfeli әrtaraptandyru zhәne uzak merzimdi perspektivada barshama zhogaryrak tabystylyk alu maksattarynda dүnie zhүzinin damygan elderinde ajnalysta zhүrgen boryshkorlyk sondaj ak үlestik karzhylyk kүraldarga investiciyalanady 2006 zhyldyn 1 shildesinen Orta merzimdi perspektivaga arnalgan Ұlttyk kor karazhattaryn kalyptastyrudyn zhana әdisine koshu zhүzege asyryldy Ұlttyk kor da byudzhettik zhәne makroekonomikalyk turaktylykty kamtamasyz etuge shakyrady al munajlyk tabystardyn үlken boligin Ұlttyk korda zhinaktau anagurlym salmaktalgan zhүrgizuge mүmkindik zhasady Industriyalyk innovaciyalyk damu strategiyasynda kalangan ekonomikany әrtaraptandyru zhonindegi mәselelerdi sheshuge komektesui sondaj ak bolashak urpaktarga Қazakstannyn munajlyk resurstarynyn igilikterin pajdalanuga mүmkindik berui tiis Ұlttyk kor problemasy TMD elderinin tap osy korlar siyakty olardyn karazhattaryn pajdalanu tiimdiligi bolyp tabylady Қor aktivteri shetel bankterinin ABN AMRO Bank State Street Bank Deutche Bank BNP Paribas Citibank HSBC bagaly kagazdaryna ornalastyrylgan Қordyn zhumys istegen bүkil kezeni ishinde kor aktivterinin tabystylygy 6 1 dy kurady bүl 2003 zhyldyn osy korsetkishinen 8 ga tomen El ishinde kreditter bojynsha pajyzdyk molsherlemeler zani tulgalar үshin ortasha eseppen 2008 zhyly 14 8 dy kurasa al zheke tulgalar үshin 18 6 dy kurady Sondyktan ekonomikanyn nakty sektorynyn iri zhobalaryn investiciyalau bojynsha kordyn funkciyalaryn kobejtu oryndy bolady Bul ekonomikalyk kyzmettin shektes tүrlerinde multiplikaciyalyk nәtizhe tudyrady elde kabyldangan industriyalyk innovaciyalyk damu strategiyasyn iske asyruga zhәrdemdesedi Tap osy bagyt әlemdik karzhylyk dagdarys zhagdajlarynda 2009 2010 zhyldarga arnalgan ekonomikany zhәne karzhy zhүjesin turaktandyru zhonindegi zhosparlarda kabyldangan Ұlttyk kor karazhattarynyn zhyldam osuine karamastan onyn kalyptasuynyn turaktylygy shyndap kүmәn tudyrmaj kojmajdy Қor tabysynyn tolymdylygy kobinese kolajly syrtky ekonomikalyk konyunkturamen zhәne uzak uakyt baganyn munajga zhogary boluymen bajlanysty bolyp otyr Byudzhettik kodekske sәjkes Ұlttyk kordy toltyrudyn kozderi respublikalyk byudzhetten tүsetin transfertter shikizat salalarynan byudzhetke tүsetin zhosparlangan tүsimderdin 10 sondaj ak shikizat sektorynan tүsetin nakty tүsimderdin olardyn zhosparlanganynan asyp tүsu kolemi bolyp tabylady Sojtip Қordy kalyptastyru kozderi zhetkilikti siyakty bolganymen birak bul onyn turakty tolymdylygyna kepildik bermejdi Investiciyalyk tabystardyn birde boluy birde bolmaj kaluy mүmkin sondyktan kordyn investiciyalyk tabystary ogan tүsetin tүsimderdin turakty kozi retinde karastyrylmajdy Memlekettik byudzhetten beriletin transfertter siyakty kozine keletin bolsak mүnaj men metaldarga baganyn uzak uakyt tomendeui kezinde olar edәuir kyskarady Bul zhagdajda kerisinshe Ұlttyk kordyn karazhatynan byudzhettin ysyraptaryn oteuge tura keledi Memlekettik menshikti zhekeshelendiruden tүsetin kirister men bonustar birzholgy bolyp tabylady olardy da kordy kalyptastyrudyn turakty kozi dep atauga bolmajdy Saraptaushylardyn kezkarastary bojynsha tap tabigi renta gana kor kiristerinin negizgi kozi boluga tiis zhәne ol ken ondirushi sektor kәsiporyndarynyn salyk auyrtpalygyn arttyrmajdy tabigi rentany alu ken geologiyalyk zhagdajlary әr tүrli kәsiporyndar kyzmetinin zhagdajlaryn tenestiredi DerekkozderҚulpybaev S Yntykbaeva S Zh Melnikov V D Қarzhy Okulyk Almaty Ekonomika 2010 522 bet ISBN 978 601 225 169 2Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet