«Қазақ әдебиетінің тарихы» — қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын баяндайтын 3 томдық 6 кітап. 1960-1967 ж. «Ғылым» баспасы шығарған.
Толығырақ
Бұл басылымдарда қазақ ауыз әдебиетінің және 18-20 ғасырлардағы тарихы кеңінен қамтылып, ғылыми түрде жан-жақты баяндалған. Әуезов 1-томның жалпы редакциясын басқарып, «Айтыс», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Абай Құнанбайұлы», «Ақылбай Құнанбаев», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Еңбекте Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арнайы бөлім беріліп (авторы М. Қаратаев), туындылары кезең-кезеңмен талданған (429-505-беттер). Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық характерін жер жүзі оқушыларына танытты деп, ұлы жазушының ерлікке пара-пар еңбегіне әділ баға берген.
Кітапта ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзия, 20 ғ-дың бас кезіндегі демократияшыл әдебиет, сондай-ақ, кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің 50 жылдық тарихы жанжақты зерттеліп, тұжырымдалған.
1 том
1-кітабы
1-томының 1-кітабы (1960, "Қазақ халқының ауыз әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов) ауыз әдебиетінің ерте заманнан бастап дейінгі тарихын қамтитын тоғыз бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Оған ауыз әдебиеті туралы ғылымның даму тарихы, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, батырлар жыры мен лиро-эпос, тарихи жырлар мен айтыс жайындағы зерттеулер енген.
2-кітабы
2-кітабы (1964 ж., жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) қазақ кеңес фольклорының тарихын әңгімелейтін алты бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Мұнда қазақ фольклортану ғылымның тарихы, онын даму жолдары, фольклор мен әдебиет, фольклор және музыка, айтыс, халықтық дастандар, мақал-мәтелдер, өлең-термелер, ақындық толғау, жұмбақ жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер жайындағы зерттеулер мен ақын, жырау, жыршылар туралы монографиялық тараулар, библиографиялық көрсеткіштер бар.
2 том
1-кітабы
2-томынын 1-кітабы (1961, "ХҮІІІ-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған – Қажым Жұмалиев) 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиетінің даму жолдары мен әр алуан бағыт-кезеңдерін ашып әңгімелейтін шолу тараулармен қатар сол дәуірдегі ақын-жазушылар творчествосын арнайы талдайтын монографиялық зерттеулерден тұрады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы жеке қарастырылып, 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы берілген.
2-кітабы
2-кітабы (1965, "XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған - Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев) 20 ғ-дың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді, сондай-ақ, осы кездегі әдеби процестің дамуын ашатын шолу мен 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне байланысты туған халық поэзиясын талдайтын тараудан және ақын-жазушылардың шығармаларын арнайы қарастыратын монографиялық бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар мұнда 20 ғ-дың басындағы оқу-ағарту жүйесі мен баспасөзге арналған жеке тарау мен сол дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы қамтылған.
3 том
1-кітабы
3-томының 1-кітабы (1967, "Қазақ совет әдебиетінің тарихы" жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі", "Отызыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті", "Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті" деп аталатын шолу тараулармен қатар қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылар: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, І. Жансүгіров, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов шығармашылығы туралы монографиялық бөлімдерден тұрады. Бұдан тыс қазақ кеңес әдебиетінің тарихын бейнелейтін әдеби өмірдің шежіресі де (1917 - 1945) берілген.
2-кітабы
2-кітабы (1967, жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдебиет", "Қазіргі дәуір әдебиеті" атты екі шолу тараудан басқа, қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Қасым Аманжолов туралы моногр. бөлімдерден тұрады. Сондай-ак, кітапта әдеби өмірдің шежіресі де (1946-1965) берілген.
"Қазақ әдебиетінің тарихы" баспаға дайындаған Тіл және Әдебиет (1961 жылдан Әдебиет және өнер) институты. Бұл еңбек ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология фокультетінің оқытушылары мен аспиранттарға, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналған. "Мәдени мұра" мемлмлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша "Қазақ әдебиетінің" 10 томдығы шығарылын жатыр (8 томы жарыққа шыққан).
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, 6 кіт., А., 1960 - 67; Шәменов Қ.
- Халық өнерінің тарихы. "Қазақстан мүғалімі", 1960, №12; Садырбаев С.
- Совет дәуіріндегі фольклор тарихы. "Қазақ әдебиеті" 1964, 2 окт„ №40; Қ а р а е в М.
- Кең сауырлы әдебиет тарихы. "Жұлдыз", 1966, №8; Жәмішев Ә.
- Ғасырлар әдебиеті ғылым айнасында, "Жұлдыз", 1968, №7.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak әdebietinin tarihy kazak әdebietinin kalyptasu tarihyn bayandajtyn 3 tomdyk 6 kitap 1960 1967 zh Ғylym baspasy shygargan Қazak әdebietinin tarihy koptomdygynyn mukabasyTolygyrakBul basylymdarda kazak auyz әdebietinin zhәne 18 20 gasyrlardagy tarihy keninen kamtylyp gylymi tүrde zhan zhakty bayandalgan Әuezov 1 tomnyn zhalpy redakciyasyn baskaryp Ajtys Ertegiler Қozy Korpesh Bayan sulu Қyz Zhibek Abaj Қunanbajuly Akylbaj Қunanbaev Magauiya Қunanbaev taraularyn zhazdy Enbekte Әuezovtyn omiri men shygarmashylyk kyzmetine arnajy bolim berilip avtory M Қarataev tuyndylary kezen kezenmen taldangan 429 505 better Әuezov zhasagan asyl tuyndylar kazak әdebietin ozyk әdebietterdin kataryna kosyp kazak halkynyn tarihyn omirin mәdenietin talantyn ulttyk harakterin zher zhүzi okushylaryna tanytty dep uly zhazushynyn erlikke para par enbegine әdil baga bergen Kitapta ezhelgi dәuir әdebieti kazak handygy tusyndagy zhyraulyk poeziya 20 g dyn bas kezindegi demokratiyashyl әdebiet sondaj ak kenestik kezendegi kazak әdebietinin 50 zhyldyk tarihy zhanzhakty zerttelip tuzhyrymdalgan 1 tom1 kitaby 1 tomynyn 1 kitaby 1960 Қazak halkynyn auyz әdebieti zhalpy redakciyasyn baskargan Muhtar Omarhanuly Әuezov auyz әdebietinin erte zamannan bastap dejingi tarihyn kamtityn togyz bolim men birneshe taraudan turady Ogan auyz әdebieti turaly gylymnyn damu tarihy turmys salt zhyrlary sheshendik sozder makal mәtelder men zhumbaktar batyrlar zhyry men liro epos tarihi zhyrlar men ajtys zhajyndagy zertteuler engen 2 kitaby 2 kitaby 1964 zh zhalpy redakciyasyn baskargan Muhamedzhan Қozhasbajuly Қarataev kazak kenes folklorynyn tarihyn әngimelejtin alty bolim men birneshe taraudan turady Munda kazak folklortanu gylymnyn tarihy onyn damu zholdary folklor men әdebiet folklor zhәne muzyka ajtys halyktyk dastandar makal mәtelder olen termeler akyndyk tolgau zhumbak zhanyltpashtar otirik olender zhajyndagy zertteuler men akyn zhyrau zhyrshylar turaly monografiyalyk taraular bibliografiyalyk korsetkishter bar 2 tom1 kitaby 2 tomynyn 1 kitaby 1961 HҮIII XIX gasyrlardagy kazak әdebieti zhalpy redakciyasyn baskargan Қazhym Zhumaliev 18 19 g dagy kazak әdebietinin damu zholdary men әr aluan bagyt kezenderin ashyp әngimelejtin sholu taraularmen katar sol dәuirdegi akyn zhazushylar tvorchestvosyn arnajy taldajtyn monografiyalyk zertteulerden turady Sondaj ak kazak әdebietinin shygys әdebietimen bajlanysy zheke karastyrylyp 18 19 g dagy kazak әdebieti tarihy zhajyndagy materialdardyn kyskasha bibliografiyasy berilgen 2 kitaby 2 kitaby 1965 XX gasyrdyn basyndagy kazak әdebieti zhalpy redakciyasyn baskargan Yskak Tәkimuly Dүjsenbaev 20 g dyn bas kezindegi sayasi әleumettik ekonomikalyk ozgeristerdi sondaj ak osy kezdegi әdebi procestin damuyn ashatyn sholu men 1916 zhylgy ult azattyk koterilisine bajlanysty tugan halyk poeziyasyn taldajtyn taraudan zhәne akyn zhazushylardyn shygarmalaryn arnajy karastyratyn monografiyalyk bolimderden turady Sonymen katar munda 20 g dyn basyndagy oku agartu zhүjesi men baspasozge arnalgan zheke tarau men sol dәuirdegi kazak әdebieti tarihy zhajyndagy materialdardyn kyskasha bibliografiyasy kamtylgan 3 tom1 kitaby 3 tomynyn 1 kitaby 1967 Қazak sovet әdebietinin tarihy zhalpy redakciyasyn baskargan Muhamedzhan Қozhasbajuly Қarataev Қazak sovet әdebietinin algashky dәuiri Otyzynshy zhyldardagy kazak sovet әdebieti Ұly Otan sogysy kezindegi kazak әdebieti dep atalatyn sholu taraularmen katar kazak kenes әdebietinin negizin salushylar Sәken Sejfullin Bejimbet Zharmagambetuly Majlin I Zhansүgirov Muhtar Omarhanuly Әuezov Sәbit Mukanuly Mukanov shygarmashylygy turaly monografiyalyk bolimderden turady Budan tys kazak kenes әdebietinin tarihyn bejnelejtin әdebi omirdin shezhiresi de 1917 1945 berilgen 2 kitaby 2 kitaby 1967 zhalpy redakciyasyn baskargan Muhamedzhan Қozhasbajuly Қarataev Ұly Otan sogysynan kejingi dәuirdegi әdebiet Қazirgi dәuir әdebieti atty eki sholu taraudan baska kazak kenes әdebietinin kornekti kajratkerleri Ғabit Mahmutuly Mүsirepov Askar Tokmagambetov Ғabiden Mustafin Tajyr Zharokov Әbdilda Tәzhibaev Ғali Ormanov Қasym Amanzholov turaly monogr bolimderden turady Sondaj ak kitapta әdebi omirdin shezhiresi de 1946 1965 berilgen Қazak әdebietinin tarihy baspaga dajyndagan Til zhәne Әdebiet 1961 zhyldan Әdebiet zhәne oner instituty Bul enbek gylymi kyzmetkerlerge zhogary oku oryndary filologiya fokultetinin okytushylary men aspiranttarga studentter men kopshilik okyrmandarga arnalgan Mәdeni mura memlmlekettik bagdarlamasynyn kitap seriyalary bojynsha Қazak әdebietinin 10 tomdygy shygarylyn zhatyr 8 tomy zharykka shykkan DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 096 6 Muhtar Әuezov enciklopediyasy Almaty Atamura baspasy 2011 zhyl ISBN 978 601 282 175 8 Қazak әdebietinin tarihy 3 tom 6 kit A 1960 67 Shәmenov Қ Halyk onerinin tarihy Қazakstan mүgalimi 1960 12 Sadyrbaev S Sovet dәuirindegi folklor tarihy Қazak әdebieti 1964 2 okt 40 Қ a r a e v M Ken sauyrly әdebiet tarihy Zhuldyz 1966 8 Zhәmishev Ә Ғasyrlar әdebieti gylym ajnasynda Zhuldyz 1968 7 Bul makala kazak әdebieti turaly bastama makala Ony tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz