Қазақ ұлықтарының Ор өзені бойындағы кездесулері – 18 ғасырда Ресей үкіметі әкімдері өткізген мәжілістер. Бірнеше рет өткен.
1738 жылы тамызда Орынбор шекара комиссиясының төрағасы В.Н. Татищев Кіші және Орта жүз билеушілерімен кездесу өткізді. Оған Кіші жүзден Әбілқайыр хан мен оның ұлы Ерәлі сұлтан, Орта жүзден Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан шақырылды. Бірақ Әбілмәмбет пен Абылай кездесуге келген жоқ, ал Орта жүзден келген билер мен рубасыларының ресми кездесуде әлдебір шешім қабылдауға құқықтары шектеулі болды. Сондықтан Татищев тек Әбілқайырмен келіссөз жүргізді. Онда Әбілқайыр бастаған Кіші жүз билері орыс патшасына екінші рет ант берді және қолға түскен қалмақ тұтқындарын қайтаруға, қазақ даласы арқылы өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенді. Екінші кездесуді Орынбор комиссиясы төрағасы В.А. Урусов 1740 жылы Орск бекінісінде өткізді. Оған Кіші жүзден Нұралы және Ерәлі сұлтандар бастаған 70-тен астам би, Орта жүзден Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қатынасты. Еділ қалмақтары мен қазақтар арасындағы әскери қақтығыстар, орыс тұтқындарын қайтару, керуен саудасы, т.б. мәселелер қаралды. Кездесудегі басты оқиға – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге қосылу туралы ант беруі болды. Осының нәтижесінде Орта жүздің солтүстік-шығыс бөлігі Ресей бодандығын мойындады. 1742 жылы өткен үшінші кездесуді Орынбор комиссиясы төрағасы И.И. Неплюев ұйымдастырды. Оған Кіші жүзден Әбілқайыр бастаған бір топ адам (Ерәлі, Дербісәлі сұлтандар және Орта жүзден Жәнібек батыр) қатынасты. Кездесуде қазақтар мен жоңғарлар және Еділ қалмақтары арасындағы қарым-қатынастар, орыс және башқұрт тұтқындарын қайтару мәселелері қаралды. Оған жоңғар билеушісінің және қарақалпақтардың елшілері де қатынасты. Кездесуден кейін қазақтармен даулы мәселелерді шешу үшін жоңғарларға, қарақалпақтарға, елшіліктер аттандырылды.
Жалпы бұл кездесулер Ресей үкіметінің қазақ даласындағы, соның ішінде, ең алдымен, Кіші жүзде саяси ықпалын арттыру мақсатында жүргізілді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak ulyktarynyn Or ozeni bojyndagy kezdesuleri 18 gasyrda Resej үkimeti әkimderi otkizgen mәzhilister Birneshe ret otken 1738 zhyly tamyzda Orynbor shekara komissiyasynyn toragasy V N Tatishev Kishi zhәne Orta zhүz bileushilerimen kezdesu otkizdi Ogan Kishi zhүzden Әbilkajyr han men onyn uly Erәli sultan Orta zhүzden Әbilmәmbet han men Abylaj sultan shakyryldy Birak Әbilmәmbet pen Abylaj kezdesuge kelgen zhok al Orta zhүzden kelgen biler men rubasylarynyn resmi kezdesude әldebir sheshim kabyldauga kukyktary shekteuli boldy Sondyktan Tatishev tek Әbilkajyrmen kelissoz zhүrgizdi Onda Әbilkajyr bastagan Kishi zhүz bileri orys patshasyna ekinshi ret ant berdi zhәne kolga tүsken kalmak tutkyndaryn kajtaruga kazak dalasy arkyly otetin sauda keruenderinin kauipsizdigin kamtamasyz etuge mindettendi Ekinshi kezdesudi Orynbor komissiyasy toragasy V A Urusov 1740 zhyly Orsk bekinisinde otkizdi Ogan Kishi zhүzden Nuraly zhәne Erәli sultandar bastagan 70 ten astam bi Orta zhүzden Әbilmәmbet han men Abylaj sultan katynasty Edil kalmaktary men kazaktar arasyndagy әskeri kaktygystar orys tutkyndaryn kajtaru keruen saudasy t b mәseleler karaldy Kezdesudegi basty okiga Әbilmәmbet han men Abylaj sultannyn Resejge kosylu turaly ant berui boldy Osynyn nәtizhesinde Orta zhүzdin soltүstik shygys boligi Resej bodandygyn mojyndady 1742 zhyly otken үshinshi kezdesudi Orynbor komissiyasy toragasy I I Neplyuev ujymdastyrdy Ogan Kishi zhүzden Әbilkajyr bastagan bir top adam Erәli Derbisәli sultandar zhәne Orta zhүzden Zhәnibek batyr katynasty Kezdesude kazaktar men zhongarlar zhәne Edil kalmaktary arasyndagy karym katynastar orys zhәne bashkurt tutkyndaryn kajtaru mәseleleri karaldy Ogan zhongar bileushisinin zhәne karakalpaktardyn elshileri de katynasty Kezdesuden kejin kazaktarmen dauly mәselelerdi sheshu үshin zhongarlarga karakalpaktarga elshilikter attandyryldy Zhalpy bul kezdesuler Resej үkimetinin kazak dalasyndagy sonyn ishinde en aldymen Kishi zhүzde sayasi ykpalyn arttyru maksatynda zhүrgizildi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 V tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet