Шығыс Жетібай мұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымындағы мұнай кен орны. Құрылым 1963-1964 жылдары анықталып, 1965 жылы іздестіру жұмыстары басталды. 1967 жылы кен орны ашылды.
Географиялық орны
Маңғыстау облысында, Ақтау қаласының оңтүстік-шығысында 110 км жерде орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Кен сыйыстырушы көтерілім Өзен-Жетібай антиклин өңірінде орныққан. Сеноман жікқабатының табанымен (тұйықтаушы изогипса -400 м) құрылымының өлшемдері 2,8x1,4 км, амплитудасы 10 м; неоком жікқабатының табаны бойынша оның өлшемдері 4,2x1,6 км-ге, амплитудасы 25 м-ге дейін жетеді. Ортаңғы юра таужыныстарында 7 өнімді горизонт бөлінген, олардың 5-еуі байос, 2-еуі аален жікқабатының шөгінділерінен орын алған.
Қанығу сипаты
Жинауыштары кеуекті, литологиялық құрамы жөнінен құмтастар мен алевролиттерден құралған, ашық кеуектілігі 17-18%, өтімділігі 0,059-0,118 мкм2. Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 3,2-68 м-ге дейін өзгереді, тиімді қалыңдығы 2,1-37 м-ге дейін, мұнайға қаныққаны 1,3-2,5 м-ге дейін жетеді. Мұнайға қанығу коэффициенттері 0,58-0,63-ті құрайды. Газға қанығу коэффициенттері 0,5-0,59. Бір жатын шомбал, екіншісі - қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған, қалғандарынікі - қойнауқаттық күмбездік. Төрт жатын мұнайлы, үшеуі - газды мұнайлы (газ бүркемесімен үстемеленген). Мұнайлы бөлік жатындарының биіктігі 10-12 м-ден 31-38 м-ге, газды жатындардың биіктігі 7-9 м-ге дейін ауытқиды. Су-мұнай жапсарлары -1952-2195 м-ге дейінгі абсолют белгілерде орналасқан, бір су-мұнай жапсары көлбеу екені анықталды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 21,5 МПа-дан 24,5 МПа-га, температура 89-98°С-қа дейін жетеді. 7 мм-лік штуцердегі мұнайдың бастапқы шыгымдары 1,1-20 м3/тәулікке, газдыкі 32-49 мың м3/тәулікке дейінгі шаманы құрайды. Бір өнімді горизонттың бастапқы газдық факторы 57 м3/м3, өзге жатындарынікі 90 м3/м3 болды.
Тығыздығы, құрамы
Жоғарғы горизонттардың мұнайы ауыр, тығыздығы 895 кг/м3, аз күкіртті (0,15%), мол парафинді (19%), силикагель шайырлардың мөлшері жоғары (32,4%-га дейін), асфальтендер 3,8%-ды құрайды. Тереңірек орналасқан жатындар мұнайының тығыздығы 862-865 кг/м3, бұларда парафин мөлшері жоғарылап, 28,3%-ға жетеді, силикагель шайырлардың мөлшері төмендеп, 19,3%-ға дейін кемиді, сонымен қатар асфальтендер мөлшері жоғарылап, 18,9%-ға дейін өседі.
Еріген газдар құрамында метан басымырақ, тереңдеген сайын оның мөлшері біраз төмендейді (81,05-84,68%-дан 79,04%-ға дейін). Ауыр көмірсутектер 13,3%-дан 16,7%-ға дейін. Тереңдеген сайын этан мен пропан мөлшерінің жоғарылауы байқалады, 2-4% азот, 0,12-0,86% көмір қышқыл газы және бейтарап газдар бар. Газды тақиялардың газдарында 85% метан, 8,6-15% ауыр көмірсутектер бар. Хлоркальцийлі типті қойнауқат суларының тығыздығы 1110 кг/м3, минералдылығы 160 г/л.
Су құрамында аз мөлшерде йод, бром, бор бар. Жатындардың режимі серпінді суарынды. Кен орны 1978 жылдан бері игерілуде.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shygys Zhetibaj munaj ken orny Ontүstik Mangystau ojysymyndagy munaj ken orny Қurylym 1963 1964 zhyldary anyktalyp 1965 zhyly izdestiru zhumystary bastaldy 1967 zhyly ken orny ashyldy Geografiyalyk ornyMangystau oblysynda Aktau kalasynyn ontүstik shygysynda 110 km zherde ornalaskan Geologiyalyk kurylymyKen syjystyrushy koterilim Өzen Zhetibaj antiklin onirinde ornykkan Senoman zhikkabatynyn tabanymen tujyktaushy izogipsa 400 m kurylymynyn olshemderi 2 8x1 4 km amplitudasy 10 m neokom zhikkabatynyn tabany bojynsha onyn olshemderi 4 2x1 6 km ge amplitudasy 25 m ge dejin zhetedi Ortangy yura tauzhynystarynda 7 onimdi gorizont bolingen olardyn 5 eui bajos 2 eui aalen zhikkabatynyn shogindilerinen oryn algan Қanygu sipatyZhinauyshtary keuekti litologiyalyk kuramy zhoninen kumtastar men alevrolitterden kuralgan ashyk keuektiligi 17 18 otimdiligi 0 059 0 118 mkm2 Өnimdi gorizonttardyn zhalpy kalyndygy 3 2 68 m ge dejin ozgeredi tiimdi kalyndygy 2 1 37 m ge dejin munajga kanykkany 1 3 2 5 m ge dejin zhetedi Munajga kanygu koefficientteri 0 58 0 63 ti kurajdy Gazga kanygu koefficientteri 0 5 0 59 Bir zhatyn shombal ekinshisi kojnaukattyk litologiyalyk turgydan kalkalangan kalgandaryniki kojnaukattyk kүmbezdik Tort zhatyn munajly үsheui gazdy munajly gaz bүrkemesimen үstemelengen Munajly bolik zhatyndarynyn biiktigi 10 12 m den 31 38 m ge gazdy zhatyndardyn biiktigi 7 9 m ge dejin auytkidy Su munaj zhapsarlary 1952 2195 m ge dejingi absolyut belgilerde ornalaskan bir su munaj zhapsary kolbeu ekeni anyktaldy Bastapky kojnaukattyk kysym 21 5 MPa dan 24 5 MPa ga temperatura 89 98 S ka dejin zhetedi 7 mm lik shtucerdegi munajdyn bastapky shygymdary 1 1 20 m3 tәulikke gazdyki 32 49 myn m3 tәulikke dejingi shamany kurajdy Bir onimdi gorizonttyn bastapky gazdyk faktory 57 m3 m3 ozge zhatyndaryniki 90 m3 m3 boldy Tygyzdygy kuramyZhogargy gorizonttardyn munajy auyr tygyzdygy 895 kg m3 az kүkirtti 0 15 mol parafindi 19 silikagel shajyrlardyn molsheri zhogary 32 4 ga dejin asfaltender 3 8 dy kurajdy Terenirek ornalaskan zhatyndar munajynyn tygyzdygy 862 865 kg m3 bularda parafin molsheri zhogarylap 28 3 ga zhetedi silikagel shajyrlardyn molsheri tomendep 19 3 ga dejin kemidi sonymen katar asfaltender molsheri zhogarylap 18 9 ga dejin osedi Erigen gazdar kuramynda metan basymyrak terendegen sajyn onyn molsheri biraz tomendejdi 81 05 84 68 dan 79 04 ga dejin Auyr komirsutekter 13 3 dan 16 7 ga dejin Terendegen sajyn etan men propan molsherinin zhogarylauy bajkalady 2 4 azot 0 12 0 86 komir kyshkyl gazy zhәne bejtarap gazdar bar Gazdy takiyalardyn gazdarynda 85 metan 8 6 15 auyr komirsutekter bar Hlorkalcijli tipti kojnaukat sularynyn tygyzdygy 1110 kg m3 mineraldylygy 160 g l Su kuramynda az molsherde jod brom bor bar Zhatyndardyn rezhimi serpindi suaryndy Ken orny 1978 zhyldan beri igerilude